Класт® 4

МНН: Монтелукаст
Производитель: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Montelukast
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№019641
Информация о регистрации в РК: 13.07.2016 - 13.07.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 119.73 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

КЛАСТ® 4

Халықаралық патенттелмеген атауы

Монтелукаст

Дәрілік түрі

Шайнайтын 4 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 4.160 мг натрий монтелукасты (4.000 мг монтелукастқа баламалы)

қосымша заттар: маннитол, микрокристалды целлюлоза РН 102, гидроксипропилцеллюлоза SSL (HPC-SSL), натрий кроскармеллозасы, аспартам, магний стеараты, темірдің III қызыл тотығы (Е172), шие хош иістендіргіші.

Сипаттамасы

Қызыл шие иісі бар, екі жақ беті дөңес, қызғылт түсті сопақша пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған препараттар. Тыныс жолдарының обструкциялық ауруларын емдеу үшін жүйелік пайдалануға арналған басқа да препараттар. Лейкотриен рецепторларының антагонистері. Монтелукаст.

АТХ коды R03DC03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі. Монтелукаст пероралді қолданудан кейін тез сіңіріледі. Ересектерде үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг доза таблеткаларды ашқарынға қабылдағанда, қан плазмасында орташа ең жоғары концентрацияға (Cmax) препаратты қабылдағаннан кейін (Tmax) 3 сағаттан соң жетті. Пероральді түрде қолданғанда орташа биожетімділігі 64% құрайды. Әдеттегідей тамақ ішу пероральді түрде қолданғанда биожетімділігіне және Cmax–ға ықпалын тигізген жоқ. Қауіпсіздігі мен тиімділігі клиникалық зерттеулерде үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг таблеткаларды, тамақ ішуге қарамай-ақ, қолданғанда айғақталды.

Ересектерде ашқарынға қабылдағаннан кейін шайнайтын 5 мг таблеткалар 2 сағаттан соң Cmax жетті. Пероральді түрде қолданғанда орташа биожетімділігі 73% құрады және стандартты тамақпен бірге қабылдағанда 63%-ға дейін төмендеді.

2-ден 5 жасқа дейінгі пациенттер ашқарынға шайнайтын 4 мг таблеткаларды қабылдағаннан кейін Cmax –ға енгізуден кейін 2 сағаттан соң жетеді. 10 мг таблеткаларды қабылдап жүрген ересектерге қарағанда, орташа Cmax 66%-ға жоғары, ал орташа Cmin төмен болады.

Таралуы. Монтелукаст қан плазмасының ақуыздарымен 99%-дан астамға байланысады. Монтелукастың таралу көлемі тепе-тең жағдайда, орта есеппен, 8-11 литрді құрайды. Радиоактивті-таңбаланған монтелукасты қолданып жүргізілген зерттеулер гематоэнцефалдық бөгет арқылы енген кезде таралуы өте төмен болатындығын көрсетті. Бұдан басқа, радиоактивті-таңбаланған заттың концентрациялары дозаны қабылдағаннан кейін 24 сағаттан соң барлық басқа тіндерде барынша өте төмен болды.

Метаболизмі. Монтелукаст белсенді түрде метаболизденеді. Емдік дозаларда қолданған кезде қан плазмасында монтелукаст метаболиттерінің концентрациялары ересектер мен балаларда тепе-тең жағдайда анықталған шектен төмен болады. Монтелукастың метаболизмі негізінен P450 2C8 цитохромы жүйесі арқылы жүреді. CYP3A4 тежегіші болып табылатын итраконазолды тағайындаса да, CYP 3A4 және 2C9 аздаған ықпалын тигізеді, тәулігіне 1 рет 10 мг монтелукаст қабылдаған дені сау еріктілерде монтелукастың фармакокинетикасы өзгерген жоқ. Адамның in vitro бауыр микросомаларына жүргізілген клиникалық зерттеулер қан плазмасындағы монтелукастың емдік концентрациялары P450 3A4, 2C9, 1A2, 2A6, 2C19 және 2D6 цитохромдарын тежемейтіндігін көрсетті. Монтелукастың емдік әсерінде метаболиттердің рөлі барынша өте төмен болып табылады.

Шығарылуы. Дені сау ересектерде монтелукастың плазмалық клиренсі орта есеппен минутына 45 мл құрайды. Радиоактивті-таңбаланған монтелукасты пероральді түрде қолданғаннан кейін радиоактивтіліктің 86%-ы 5 күн ішінде нәжіспен бірге және 0.2%-дан азы несеппен бірге шығарылады, бұл монтелукаст пен оның метаболиттерінің өт арқылы іс жүзінде толық шығарылатынын көрсетеді.

Пациенттердің әртүрлі топтарындағы фармакокинетикасының ерекшеліктері. Егде жастағы немесе бауыр функциясының ауырлығы жеңілден орташаға дейінгі бұзылулары бар пациенттерде дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттердің қатысуымен зерттеулер жүргізілген жоқ. Монтелукаст пен оның метаболиттері өтпен шығарылатын болғандықтан, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде монтелукастың дозасын түзету қажет болады деп болжам жасалмайды. Бауыр функциясының ауыр түрдегі бұзылулары бар (Чайлд-Пью шкаласы бойынша >9) пациенттерде монтелукастың фармакокинетикасына қатысты деректер жоқ.

Монтелукастың жоғары дозаларын (ересектер үшін ұсынылған дозадан 20 және 60 еседен асатын) қолданғанда қан плазмасында теофиллин концентрацияларының төмендегені байқалды. Бұл әсер препаратты тәулігіне 1 рет ұсынылған 10 мг дозада қолданғанда байқалған жоқ.

Фармакодинамикасы

Цистеинді лейкотриендер (LTC4, LTD4, LTE4) қабыну эйкозаноидтары болып табылады, олар толық жасушаларды және эозинофилдерді қоса, әртүрлі жасушалардан бөлініп шығады. Осы продемікпелік медиаторлардың әсері адамның тыныс жолдарында болатын цистеинді лейкотриен рецепторлары (CysLT) арқылы жүзеге асырылады және бронхтың түйілуімен, шырыштың бөлініп шығуымен, қантамырлар өткізгіштігінің жоғарылауымен және эозинофилдердің миграциясымен көрініс береді.

Монтелукаст белсенді қосылыс болып табылады, ол жоғары іріктелуімен және химиялық ұқсастығымен CysLT1-рецепторларды бәсекелі түрде байланыстырады. Клиникалық зерттеулер монтелукаст 5 мг дозада тағайындалғанның өзінде LTD4 деммен өкпеге түсуімен туындаған бронхтың түйілуін басатынын және ішке қабылдағаннан кейін 2 сағат ішінде бронходилатацияны туындататынын анықтады. Монтелукаст сондай-ақ β-агонистерінің әсеріне аддитивтік әсер береді. Монтелукастпен емдеу ерте сатыда да, сонымен қатар кеш сатыда да бронхтың түйілуін басып, антигендерге реакциясын төмендетеді. Монтелукаст, плацебомен салыстырғанда, ересектер мен балалардағы шеткері қанда эозинофилдер мөлшерін төмендетеді. Монтелукастпен емдеу тыныс жолдарында (қақырықты талдау арқылы айғақталды) эозинофилдердің мөлшерін едәуір төмендетеді. Ересектер мен 2-ден 14 жасқа дейінгі балаларда монтелукастпен емдеу, бронх демікпесінің клиникалық барысын бақылауды жақсартып, плацебомен салыстырғанда, шеткері қанда эозинофилдердің мөлшерін айтарлықтай төмендетеді.

Қолданылуы

- қажет етілуіне орай, ингаляциялық кортикостероидтармен және қысқа әсерлі β-агонистерімен емдеудің клиникалық әсері жеткіліксіз болғанда, ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі персистерлеуші демікпесі бар 2-5 жастағы пациенттер үшін бронх демікпесінің базалық еміне қосымша ретінде

- жеңіл дәрежедегі персистерлеуші демікпесі бар пациенттерде ингаляциялық кортикостероидтарды төмен дозаларының орнына 2-5 жастағы пациенттерге арналған демікпені емдеудің баламалы тәсілі (пероральді кортикостероидтарды қабылдауды қажет ететін, сондай-ақ ингаляциялық кортикостероидтар жақпаған кездегі бронх демікпесінің күрделі ұстамаларынсыз)

- 2 жастағы пациенттерде дене жүктемесімен байланысты бронхтың түйілу ұстамаларының профилактикасы үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Балалар дәріні ересектердің бақылауымен қабылдауы қажет. Таблетканы шайнай алмайтын балалар үшін.

2-ден 5 жасқа дейінгі балалар үшін кешке тәулігіне 1 рет қабылданатын шайнайтын 4  мг 1 таблетканы құрайды. Класт® препаратын тамақ ішуден 1 сағат бұрын немесе тамақтанудан кейін 2 сағаттан соң қабылдаған жөн. Осы жас тобында дозаны түзетудің қажеттілігі жоқ. Шайнайтын 4 мг таблеткаларды 2 астан кіші балаларға тағайындау ұсынылмайды.

Жалпы нұсқаулар. Класт® препаратының бронх демікпесі барысының көрсеткішін өзгертетін емдік әсері 1 күн ішінде дамиды. Пациенттерге Класт® препаратын, тіпті демікпені бақылауға қол жеткізілсе де, сондай-ақ демікпе барысының нашарлау кезеңінде де қабылдау керек екендігін айтқан жөн.

Бүйрек функциясының бұзылуы немесе бауыр функциясының ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бұзылулары бар пациенттер үшін дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бауыр функциясы бұзылуының ауыр түрі бар пациенттерге қатысты деректер жоқ. Ұл және қыз балалар үшін дозалануы бірдей.

Класт® препаратын ауырлығы жеңіл дәрежедегі персистерлеуші демікпеде ингаляциялық кортикостероидтардың төмен дозаларының орнына емдеудің баламалы тәсілі ретінде қолдану. Класт® препараты ауырлығы орташа дәрежедегі персистерлеуші демікпесі бар пациенттер үшін монотерапия ретінде ұсынылмайды. Монтелукастты ауырлығы жеңіл дәрежедегі персистерлеуші демікпесі бар балаларда төмен дозалы ингаляциялық кортикостероидтарға балама ретінде қолдануды пероральді кортикостероидтарды қолдануды қажет ететін және ингаляциялық кортикостероидтарды пайдалануға қабілетсіз пациенттер үшін ғана қарастырған жөн. Ауырлығы жеңіл дәрежедегі персистирлеуші демікпе аптасына 1 реттен жиі, бірақ күніне 1 реттен сирек демікпе симптомдарының пайда болуымен, айына 2 реттен жиі, бірақ аптасына 1 реттен сирек түнгі симптомдардың пайда болуымен, көріністер арасында өкпе функциясының қалыпты болуымен анықталды. Егер бақылау кезінде демікпені жеткілікті бақылауға (әдетте 1 ай бойына) қол жеткізілмесе, демікпені емдеудің бірізді жүйесіне негіздей отырып, қабынуға қарсы қосымша немесе басқа емнің қажеттілігін анықтаған жөн. Демікпені бақылауға қатысты пациентердің жағдайын мезгіл-мезгіл бағалап отыру керек.

Класт® препаратын 2-ден 5 жасқа дейінгі пациенттерде дене жүктемесінен болған демікпенің профилактикасы үшін қолдану.

2-ден 5 жасқа дейінгі пациенттерде дене жүктемесімен индукцияланған бронхтың түйілуі персистирлеуші демікпенің негізгі көрінісі болуы мүмкін, ол ингаляциялық кортикостероидтарды қолдануды қажет етеді. Монтелукастпен 2-4 апта емдегеннен кейін пациенттің жағдайына баға беру қажет. Егер қанағаттанарлықтай нәтиже алынбаса, қосымша емді немесе емдеу сызбасын қарастыру қажет.

Демікпені емдеудің басқа әдістеріне байланысты, Класт® препаратымен емдеу

Егер ингаляциялық кортикостероидтармен емдеген кезде Класт® препаратын қосымша ем ретінде қолданса, ингаляциялық кортикостероидтарды Класт® препаратымен бірден алмастырмаған жөн.

15 жастағы және одан үлкен жастағы ересек пациенттер үшін Класт® препараты 10 мг таблетка түрінде тағайындалады. 6-дан 14 жасқа дейінгі балалар үшін Класт® препараты шайнайтын 5 мг таблетка түрінде тағайындалады.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлері олардың пайда болу жиілігі бойынша топтап берілген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10000, <1/1000), өте сирек (<1/10000).

Жиі (≥1/100, <1/10)

  • бас ауыру

  • шөлдеу

  • іштің ауыруы

Постмаркетингтік зерттеулердің деректер

Өте жиі (≥1/10)

- жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары*

Жиі (≥1/100, <1/10)

-диарея**, жүректің айнуы**, құсу**

-бөртпе**

-трансаминазалар (АЛТ және АСТ) деңгейлерінің жоғарылауы

-пирексия*

Жиі емес (≥1/1000, <1/100)

-анафилаксияны қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары

-қорқынышты түстер көруді қоса патологиялық ұйқылар, ұйқысыздық, сомнамбулизм, қозу, озбырлықты және өшігушілікті қоса ажитация, депрессия, ашушаңдықты қоса психомоторлық гиперреактивтілік, мазасыздық, тремор***

-бас айналу, ұйқышылдық, парестезия/гипестезия, құрысулар

-мұрыннан қан кету

-ауыз ішінің құрғауы, диспепсия

-қанталаулар, есекжем, қышыну

-артралгия, миалгия, бұлшықет түйілулерін қоса

-астения/шаршау, ісіну

-балаларда энурез

Сирек (≥1/10000, <1/1000)

-қанағыштыққа бейімділік

-зейінді жұмылдырудың нашарлауы, жадының бұзылыстары

-пальпитация

-ангионевроздық ісіну

Өте сирек (<1/10000)

-бауырда эозинофильді инфильтраттар

-елестеулер, бағдардан адасу, суицидтік ниет және мінез-құлық (суицид әрекетін қоса)

-Чердж-Стросс синдромы

-гепатит, холестаздықты, гепатоцеллюлярлықты қоса және аралас генезді бауырдың зақымдануы

-мультиформалы эритема, түйіндік эритема

-тромбоцитопения

* Осы жағымсыз құбылыстар клиникалық зерттеулерде монтелукаст қабылдап жүрген пациенттерде де, сонымен қатар плацебо қабылдаған пациенттер тобында да бірдей «өте жиі» жиілікпен кездесті.

** Осы жағымсыз құбылыстар клиникалық зерттеулерде монтелукаст қабылдап жүрген пациенттерде де, сонымен қатар плацебо қабылдаған пациенттер тобында да бірдей «жиі» жиілікпен кездесті.

*** «Сирек» жиілікпен кездесті.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • фенилкетонурия

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Класт® препаратын әдетте бронх демікпесінің профилактикасы және емі үшін пайдаланылатын басқа препараттармен бірге қолдануға болады.

Класт® препараты жағымсыз әсерлерінің күшеюінсіз демікпенің профилактикасы және ұзақ емі үшін басқа препараттармен бірге қолданылуы мүмкін. Дәрілік өзара әрекеттесуіне жүргізілген зерттеулер кезінде Класт® препараты ұсынылған дозада келесі препараттардың фармакокинетикасында клиникалық тұрғыдан маңызды өзгерулерді туындатқан жоқ: теофиллин, преднизон, преднизолон, ішілетін контрацептивтер (1 мг норэтиндрон/ 35 мкг этинилэстрадиол), терфенадин, дигоксин, варфарин.

Монтелукастың қан плазмасындағы концентрациясының қисығы астындағы аудан (AUC) бір мезгілде фенобарбитал қабылдаған пациенттерде шамамен 40%-ға төмендеді. Монтелукаст CYP 3A4, 2C8 және 2C9 арқылы метаболизденетін болғандықтан, монтелукасты, әсіресе балаларға, фенитоин, фенобарбитал және рифампицин сияқты CYP 3A4, 2C8 және 2C9 индукторларымен бір мезгілде сақтықпен тағайындаған жөн.

Іn vitro зерттеулер монтелукаст CYP 2C8 күшті тежегіші болып табылатындығын көрсетті. Алайда препараттармен өзара әрекеттесуіне жүргізілген, монтелукаст пен росиглитазонды (маркерлі субстрат, көбіне CYP 2C8 арқылы метаболизденетін препараттар өкілі) қолдануды зерттеген клиникалық зерттеу деректері, монтелукастың in vivo CYP 2C8 тежемейтіндігін көрсетті. Сондықтан монтелукаст осы фермент арқылы метаболизденетін препараттардың (мысалы, паклитаксел, росиглитазон және репаглинид) метаболизміне айқын әсер етеді деп күтілмейді.

Зертханалық зерттеулер монтелукастың CYP 2C8 үшін, және аз дәрежеде 2C9 және 3A4 үшін субстрат болып табылатындығын көрсетті. Монтелукастың және гемфиброзилдің (CYP 2C8-дің де, сонымен қатар 2C9-дың да тежегіші) қатысуымен дәрілік өзара әрекеттесуді білуге жүргізілген зерттеу деректері монтелукастың сенсибилизациясын гемфиброзилдің 4.4 есе арттыратындығын көрсетті. Монтелукаст үшін дозаны түзету оны гемфиброзилмен немесе басқа да потенциалды CYP 2C8 тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда қажет болмайды, бірақ дәрігерлер жағымсыз реакциялардың артуы мүмкін екендігін ескеруі керек. CYP 2C8 белгілі басқа тежегіштерімен (мысалы, триметоприммен) клиникалық тұрғыдан маңызды дәрілік өзара әрекеттесу болады деп жорамалданбайды. Бұдан басқа, монтелукасты CYP3A4 күшті тежегіші болып табылатын тек итраконазолмен ғана бір мезгілде қолдану монтелукастың жүйелік сенсибилизациясының айтарлықтай жоғарылауына әкелмейді.

Айрықша нұсқаулар

Пациенттер және олардың ата-аналары/қамқоршылары пероральді түрде қолдануға арналған монтелукасты демікпенің жедел ұстамаларын емдеу үшін ешқашан пайдаланылмайтындығын білуі тиіс, сондай-ақ олар өзімен бірге әрдайым шұғыл жәрдем үшін тиісті препаратты ала жүруі керек. Жедел ұстамада қысқа әсерлі ингаляциялық β-агонистерді пайдаланғаны жөн. Пациенттер, егер олар қысқа әсерлі β-агонисті әдеттегіден көп мөлшерде керек етсе, мүмкіндігінше дәрігерден тезірек кеңес алуы тиіс.

Монтелукаст ингаляциялық немесе пероральді кортикостероидтарды бірден алмастырмауы тиіс.

Пероральді кортикостероидтардың дозасы монтелукастпен бір мезгілде қолданғанда төмендетілуі мүмкін екендігін айғақтайтын деректер жоқ.

Класт® препаратын қоса, демікпеге қарсы препараттармен ем қабылдап жүрген пациенттерде жүйелік эозинофилия, кейде Чердж–Стросс синдромына (жүйелік кортикостероидтармен ем жиі жүргізілетін жағдай) тән васкулиттің клиникалық көріністерімен бірге пайда болуы мүмкін. Кейде бұл жағдайлар пероральді кортикостероидтарды тоқтатумен немесе дозасын төмендетумен байланысты. Лейкотриен рецепторларының антагонистерімен емдеу мен Чердж-Стросс синдромының пайда болуы арасындағы байланысты жоққа шығаруға немесе айғақтауға болмайды. Дегенмен, эозинофилия, васкулярлық бөртпе, өкпе симптомдарының нашарлауы, кардиологиялық асқынулар және/немесе нейропатия сияқты симптомдар пайда болған жағдайда қосымша тексеру жүргізу және емдеу тактикасын қайта қарау қажет.

Аспиринге сезімтал демікпесі бар пациенттерде монтелукастпен емдеу аспиринді немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарды қолдану қажеттілігіне ықпалын тигізбейді.

Жүйке-психикалық бұзылыстар. Психика тарапынан бұзылулар Класт® препаратын қабылдаған ересектерде, жасөспірімдерде және балаларда байқалды. Психика тарапынан бұзылулар қозу, озбыр мінез-құлық, өшігушілік, үрейлену, депрессия, бағдардан адасу, зейінді жұмылдырудың нашарлауы, патологиялық түстер, елестеулер, ұйқысыздық, ашушаңдық, жадының бұзылуы, мазасыздық, сомнамбулизм, суицидтік ойлар мен әрекеттер (суицидті қоса) және тремор сияқты жағымсыз әсерлерді қамтиды. Постмаркетингтік есеп деректері дәрі-дәрмекпен емдеу барысында алынған клиникалық деректермен ұқсас. Пациенттер және медицина қызметкерлері жағымсыз құбылыстардың пайда болуы мүмкін екендігін білгені жөн. Пациенттер өзінің емдеуші дәрігерін осы жағымсыз әсерлердің пайда болғанынан хабардар етуі керек. Осы жағымсыз құбылыстар пайда болған кезде Класт® препаратымен емдеуді жалғастыру үшін пайда/қаупі арақатынасына баға бергені жөн.

Класт® препаратының құрамында фенилаланиннің көзі болып табылатын аспартам бар. Фенилкетонуриясы бар пациенттер әрбір шайнайтын 4 мг таблеткада 0.674 мг доза фенилаланинге баламалы мөлшерде фенилаланин бар екендігін ескеруі қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік: Қолда бар мәліметтер Класт® препаратын қолдану мен, бүкіләлемдік постмаркетингтік қолдану тәжірибесі барысында сирек мәлімделген, мальформациялардың (аяқ-қол кемістіктері сияқты) туындауы арасында себеп-салдарлық өзара байланысты көрсеткен жоқ. Монтелукастың емшек сүтіне енетін-енбейтіні белгісіз.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік препараттың ықпал ету ерекшеліктері

Автокөлікті немесе қозғалыстағы механизмдерді басқару қабілетіне тікелей ықпалы анықталған жоқ. Алайда сирек жағдайларда жекелеген пациенттерде бас айналу және ұйқышылдық пайда болуы мүмкін.

Артық дозалануы

Көптеген жағдайларда артық дозаланғанда жағымсыз реакциялар туындаған жоқ.

Симптомдары: абдоминальді ауыру, ұйқышылдық, шөлдеу, бас ауыру, құсу және психомоторлы аса жоғары белсенділік.

Емі: препаратты тоқтату, симптомдық ем. Перитонеальді диализде немесе гемодиализде монтелукастың шығарылатыны-шығарылмайтыны белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий форматурадан және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 14 таблеткадан салынған.

Пішінді 1 немесе 2 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші-фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды поштасы nobel@nobel.kz

Прикрепленные файлы

380434441477976203_ru.doc 86.5 кб
042559061477977452_kz.doc 123.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники