Кламер

МНН: Кларитромицин
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clarithromycin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025932
Информация о регистрации в РК: 12.07.2022 - 12.07.2027

Инструкция

Саудалық атауы

Кламер

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кларитромицин

Дәрілік түрі, дозасы

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолданылатын бактерияға қарсы препараттар. Макролидтер, линкозамидтер және стрептограминдер. Макролидтер. Кларитромицин.

АТХ коды J01F A09

Қолданылуы

Кларитромицинге сезімтал микроорганизмдер туындатқан жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі инфекцияларды емдеу үшін Кламер келесілерде көрсетілген:

- жоғарғы тыныс жолдарының инфекцияларында: Streptococcus pyogenes туындатқан фарингит/тонзиллит; Haemophilus influenzae, Moraxella catarrhalis немесе Streptococcus pneumoniae туындатқан жедел синусит.

- төменгі тыныс жолдарының инфекцияларында: Haemophilus influenzae, Haemophilus parainfluenzae, Moraxella catarrhalis немесе Streptococcus pneumoniae туындатқан созылмалы бактериялық бронхиттің өршуі; Haemophilus influenzae, Mycoplasma pneumoniae, Streptococcus pneumoniae немесе Chlamydia pneumoniae (TWAR) туындатқан ауруханаішілік пневмония.

- тері және жұмсақ тіндер инфекциялары: терінің және жұмсақ тіндердің Staphylococcus aureus немесе Streptococcus pyogenes туындатқан асқынбаған инфекциялары. Абсцесс әдетте хирургиялық дренаждауды қажет етеді.

- Mycobacterium avium немесе Mycobacterium intracellulare туындатқан диссеминацияланған және локализацияланған микобактериялық инфекцияларда, сонымен қатар Mycobacterium chelonae, Mycobacterium fortuitum және Mycobacterium kansasii туындатқан ошақталған инфекцияларда.

- 1 мм3-те 100 аспайтын CD4 лимфоциттері (Т-хелперлік лимфоциттер) бар АИТВ инфекциясы бар пациенттерде Mycobacterium avium (MAC) кешенінен туындаған инфекциялар таралуының профилактикасы;

- он екі елі ішектің ойықжаралы ауруының қайталануын азайту үшін H. pylori эрадикациялау

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- келесі препараттардың біреуін бір мезгілде қолдану: астемизол, цизаприд, домперидон ,пимозид, терфенадин (бұл QT аралығының ұзаруын және қарыншалық тахикардияны, қарыншалардың фибрилляциясын және пируэттік қарыншалық тахикардияны (torsade de pointes) қоса алғанда, жүрек аритмиясының дамуын туындатуы мүмкін)

- қастауыш алкалоидтарымен (эрготаминмен немесе дигидроэрготаминмен) бір мезгілде қолдану, себебі бұл қастауыштың уыттылығын туындатуы мүмкін

- кларитромицин мен пероральді мидазоламды бір мезгілде қабылдау

- "пируэт" типті қарыншалық тахикардияны қоса алғанда, анамнезінде QT аралығының ұзаруы немесе жүректің қарыншалық аритмиясы бар пациенттер

- гипокалиемия (QT аралығының ұзару қаупі)

-бүйрек функциясының жеткіліксіздігімен қатар жүретін бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі

- ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерімен (статиндер), оның ішінде рабдомиолизді қоса алғанда, миопатияның даму қаупінің жоғарылауына байланысты CYP3A4 қарқынды метаболизденетін ловастатинмен немесе симвастатинмен бір мезгілде қолдану

- бүйрек немесе бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде колхицин мен CYP3A4 күшті тежегішін (мысалы, кларитромицин) бір мезгілде қолдану

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамында хинолинді сары Е104 болуына байланысты

Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары

H. pylori инфекциясын емдеу үшін кез келген микробқа қарсы емді, мысалы, кларитромицинді қолдану препаратқа төзімді организмдердің көбеюіне әкелуі мүмкін.

Кларитромицинді басқа баламалы емдеу әдістері қолданылмайтын клиникалық жағдайларды қоспағанда, жүкті әйелдерде қолдануға болмайды. Егер жүктілік осы препаратты қабылдау кезінде басталса, пациентке шаранаға келетін ықтимал зияны туралы хабарлау керек. Кларитромициннің жүктілік ағымына және/немесе маймылдарда, егеуқұйрықтардағы, тышқандардағы және үй қояндарындағы адам үшін ең жоғары дозадан 2-17 есе асатын дозалар енгізілгенде эмбриондық дамуға жағымсыз әсері анықталды.

Басқа антибиотиктер сияқты ұзақ уақыт қолдану сезімтал бактериялар мен зеңдердің көбеюіне әкелуі мүмкін. Суперинфекциялар пайда болған жағдайда тиісті ем жүргізу қажет.

Кларитромицин мен триазолобензодиазепиндерді, мысалы, триазолам мен мидазоламды вена ішіне бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек.

QT ұзару қаупіне байланысты жүректің ишемиялық ауруы, жүректің ауыр жеткіліксіздігі, гипомагниемия, брадикардия (< 50 соққы/мин) немесе кларитромицинді және QT ұзаруына байланысты басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдау кезінде сақ болу керек.

Кларитромицинді QT туа біткен немесе расталған жүре пайда болған ұзаруы немесе анамнезінде қарыншалық аритмиясы бар пациенттерде қолдануға болмайды.

Жалған жарғақшалы колит

Жалған жарғақшалы колит барлық дерлік бактерияға қарсы препараттарды, соның ішінде макролидтерді қолданғанда байқалады және ауырлық дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін - жеңілден өмірге қауіп төндіретінге дейін. Сондықтан, бактерияға қарсы препараттарды тағайындамас бұрын, диареяға шалдыққан пациенттерде осы диагноздың бар-жоғын бағалау керек.

Clostridium difficile (CDAD) астасқан диарея кларитромицинді қоса алғанда, барлық дерлік бактерияға қарсы препараттарды қолданғанда байқалады және жеңілден ауыр дәрежеге дейін болуы, кейде өліммен аяқталуы мүмкін. Бактерияға қарсы препараттармен емдеу тоқішектің қалыпты флорасын өзгертеді, бұл C. difficile шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін. Антибиотикпен емнен кейін диарея дамыған барлық пациенттерде CDAD қарастыру керек. Анамнезін мұқият жинау қажет, өйткені қолда бар мәліметтерге сәйкес, CDAD бактерияға қарсы препараттарды қабылдағаннан кейін екі айдан соң пайда болуы мүмкін.

Жалған жарғақшалы колит диагнозын қойғаннан кейін емдеуді дереу бастау керек. Жалған жарғақшалы колиттің жеңіл жағдайлары әдетте препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін кетеді. Орташа және ауыр жағдайларда электролиттік теңгерімді түзету керек, Clostridium difficile тудырған колитті емдеуде тиімді ақуыз препараттары мен бактерияға қарсы препараттарды енгізу керек.

Кларитромицин қабылдаған кезде пациенттерде миастения гравис симптомдарының өршігені хабарланды.

Бүйрек және бауыр функцияларының жеткіліксіздігі

Кларитромицин негізінен бауыр арқылы шығарылады. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде кларитромицин қолданғанда сақ болу керек. Кларитромицинді қолданғанда бауыр ферменттерінің жоғарылағаны және сарғаю және/немесе гепатоцеллюлярлық және/немесе холестаздық гепатитті қоса алғанда, бауыр дисфункциясы туралы хабарланды. Бауыр дисфункциясы ауыр болуы мүмкін және әдетте қайтымды болады. Кейбір жағдайларда, әдетте, негізгі аурумен және/немесе препараттарды бір мезгілде қабылдаумен байланысты өлімге әкелетін бауыр функциясының жеткіліксіздігі туралы хабарланды. Кларитромицинді анорексия, сарғаю, күңгірт несеп, қышу немесе іштің ауыруы сияқты гепатиттің белгілері мен симптомдары пайда болған кезде дереу тоқтату керек.

Сондай-ақ бүйрек функциясының орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге кларитромицин қабылдаған кезде сақ болу керек. Алайда, бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі және бауыр функциясының жеткіліксіздігі немесе онсыз байқалатын жағдайларында дозасын азайту немесе препаратты қабылдау арасындағы аралықты арттырған орынды болуы мүмкін.

Колхициннің уыттылығы

Кларитромицинмен бір мезгілде қолданғанда колхициннің уыттылығы туралы хабарламалар бар, әсіресе егде жастағы пациенттерде, олардың кейбіреулері бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде пайда болған. Кейбір ондай пациенттердің өлімі туралы хабарланды. Кларитромицин мен колхицин бір мезгілде қолданылуы тиіс жағдайларда пациенттер колхициннің уыттылығының клиникалық симптомдары тұрғысынан бақылауда болуы тиіс. Кларитромицинді бір мезгілде қабылдайтын барлық пациенттерде колхицин дозасы төмендетілуі тиіс. Кларитромицин мен колхицинді бүйрек немесе бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге бірге қолдануға болмайды.

Макролидті антибиотиктер

Линкомицин және клиндамицин жағдайындағыдай кларитромициннің басқа макролидті антибиотиктермен айқаспалы резистенттілігінің ықтималдығын да ескеру керек. Кларитромицинді басқа отоуытты препараттармен, әсіресе аминогликозидтермен бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек. Емдеу кезінде және одан кейін вестибулярлық және есту функциясына мониторинг жүргізу керек.

Пероральді гипогликемиялық препараттар/инсулин

Кларитромицинді және пероральді гипогликемиялық дәрілерді және/немесе инсулинді бір мезгілде қолдану елеулі гипогликемияға әкелуі мүмкін. Натеглинид, пиоглитазон, репаглинид және росиглитазон сияқты кейбір гипогликемиялық дәрілермен бір мезгілде қолданғанда кларитромицин CYP3A ферментінің тежелуін және соның салдарынан гипогликемияны туындатуы мүмкін. Мұндай жағдайларда қант деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.

Пероральді антикоагулянттар

Кларитромицинді варфаринмен бір мезгілде қолданғанда қан кетудің елеулі қаупі және INR, протромбин уақытының арту қаупі бар. Кларитромицинді антикоагулянттармен бір мезгілде қолданған кезде ХҚҚ мен протромбин уақытын жиі бақылау қажет.

HMG-CoA редуктаза тежегіштері (статиндер)

Кларитромицинді ловастатинмен немесе симвастатинмен бір мезгілде қабылдауға болмайды, өйткені статиндер айтарлықтай дәрежеде CYP3A4 метаболизденеді және қан плазмасындағы концентрацияның артуы есебінен рабдомиолизді қоса алғанда, миопатияның даму қаупін арттырады. Осы препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде рабдомиолиз туралы хабарланды. Кларитромицин қабылдауды болдырмау мүмкін болмаған жағдайларда ловастатинмен немесе симвастатинмен емдеуді тоқтату керек.

Кларитромицинді статиндермен бірге қолданғанда сақ болу керек. Кларитромицин мен статиндерді бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайларда статиннің ең аз дозасын қолдану ұсынылады. CYP3A метаболизміне тәуелді емес статинді (мысалы, флувастатин) қолдану мүмкіндігін қарастыруға болады.

Кларитромицинді CYP3A4 цитохромы ферментін индукциялайтын препараттармен бір мезгілде қолданған кезде сақ болу керек.

Пневмония

Streptococcus pneumoniae макролидтерге төзімділігінің дамуына байланысты ауруханаішілік пневмония кезінде кларитромицин тағайындағанда сезімталдыққа тест жүргізген маңызды. Ауруханаішілік пневмония кезінде кларитромицинді басқа тиісті антибиотиктермен бірге қолдану керек.

Тері мен жұмсақ тіндердің ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа инфекциялары

Бұл инфекцияларды көбінесе Staphylococcus aureus және Streptococcus pyogenes туындатады, олардың екеуі де макролидтерге төзімді болуы мүмкін. Сондықтан сезімталдыққа тест жүргізген маңызды. Бета-лактамды антибиотиктерді қолдану мүмкін болмаған жағдайларда (мысалы, аллергия), бірінші таңдау препараты басқа антибиотиктер, мысалы, клиндамицин болуы мүмкін. Қазіргі уақытта макролидтер терінің және жұмсақ тіндердің кейбір инфекцияларында ғана тиімді деп саналады, мысалы Corynebacterium minutissimum туындатқан инфекцияларда (эритразма), acne vulgaris және тілме кезінде, сондай-ақ пенициллинмен емдеу мүмкін емес жағдайларда.

Анафилаксия, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, DRESS синдромы және Шонлейн-Генох пурпурасы сияқты аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары туындаған жағдайда кларитромицинмен емдеуді дереу тоқтатып, тиісті емдеуді шұғыл бастау керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Дәрілік өзара әрекеттесудің ауыр салдарының ықтимал дамуына байланысты келесі препараттарды қолдануға болмайды

Цизаприд, пимозид, астемизол және терфенадин

Кларитромицинмен бір мезгілде қабылдаған кезде пациенттерде цизаприд деңгейінің жоғарылағаны хабарланды. Бұл QT аралығының ұзаруын және жүрек аритмиясын, соның ішінде қарыншалық тахикардияны, қарыншалар фибрилляциясын және torsades de pointes, әсіресе жүрек аурулары бар пациенттерде туындатуы мүмкін. Ондай жағымсыз әсерлер кларитромицин мен пимозидті бір мезгілде қабылдаған пациенттерде байқалған.

Макролидтер терфенадиннің метаболизмін өзгертеді, бұл терфенадин деңгейінің жоғарылауына әкеп соқтырады, бұл кейде QT ұзаруы, қарыншалық тахикардия, қарыншалар фибрилляциясы және torsades de pointes сияқты жүрек аритмияларымен астасады. Дені сау 14 еріктінің бір зерттеуінде кларитромицин мен терфенадинді бір мезгілде қабылдау қан сарысуындағы терфенадиннің қышқыл метаболиті деңгейінің 2-3 есе артуына және QT аралығының ұзаруына әкелді, бұл қандай да бір клиникалық анықталатын әсерге әкеп соқтырған жоқ. Ондай әсерлер астемизол мен басқа макролидтерді бір мезгілде қолданғанда да білінген.

Қастауыш алкалоидтары

Постмаркетингтік есептерге сәйкес кларитромицинді эрготаминмен немесе дигидроэрготаминмен бірге қабылдау орталық жүйке жүйесін қоса алғанда, аяқ-қолдың және басқа тіндердің вазоспазмымен және ишемиясымен сипатталатын қастауыштың жедел уыттылығымен байланысты болды. Кларитромицинді және қастауыш алкалоидтарын бір мезгілде қабылдауға болмайды.    

Этравирин

Кларитромициннің әсері этравириннің әсерінен төмендейді; алайда белсенді метаболиттің, 14-OH-кларитромициннің концентрациясы артты. 14-OH-кларитромициннің Mycobacterium avium complex (MAC) қатысты белсенділігі төмендегендіктен, осы қоздырғышқа қатысты жалпы белсенділігі өзгеруі мүмкін; сондықтан MAC емдеу үшін кларитромицинге баламаларды қарастыру керек.

Басқа дәрілік препараттардың кларитромицинге әсері

CYP3A индукторлары болып табылатын препараттар

CYP3A индукторлары болып табылатын препараттар (мысалы, рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шайқурай) кларитромицин метаболизміне әсер етуі мүмкін. Бұл кларитромициннің субтерапиялық деңгейін туындатуы мүмкін, салдарынан тиімділігі төмендейді. Бұдан басқа, қан плазмасындағы CYP3A индукторының деңгейін бақылау талап етілуі мүмкін, оның жоғарылауы CYP3A кларитромициннің тежелуіне байланысты болуы мүмкін. Рифабутин мен кларитромицинді бір мезгілде қабылдау рифабутин деңгейінің жоғарылауына және қан сарысуындағы кларитромицин деңгейінің төмендеуіне, сондай-ақ увеиттің даму қаупінің жоғарылауына әкелді.

Кларитромицин концентрациясына әсер етуі мүмкін немесе болжамды ықпал етуі мүмкін препараттар (кларитромицин дозасын түзету немесе емдеудің баламалы әдістерін қарастыру қажет болуы мүмкін)

Эфавиренз, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин

Эфавиренз, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин сияқты Р450 цитохромы метаболизмінің күшті индукторлары кларитромицин метаболизмін жеделдетуі мүмкін, осылайша қан плазмасындағы кларитромицин деңгейін төмендетіп, сонымен бірге микробиологиялық белсенді болып табылатын метаболиттің 14-(R)-гидрокси-кларитромицин (14-OH-кларитромицин) деңгейін жоғарылатуы мүмкін. Кларитромицин мен 14-OH-кларитромициннің микробиологиялық белсенділігі әртүрлі бактериялар үшін әртүрлі болғандықтан, кларитромицин мен ферменттер индукторларын бір мезгілде қабылдағанда болжамды емдік әсер бұзылмауы мүмкін.

Флуконазол

Дені сау еріктілерге күніне 200 мг флуконазолды және 500 мг кларитромицинді күніне екі рет 21 мг бір мезгілде қабылдау кларитромициннің орташа тұрақты ең төменгі концентрациясының (Cmin) және қисық астындағы ауданының (AUC) тиісінше 33% және 18% - ға артуына әкелді. Флуконазолды бір мезгілде қабылдау 14-OH-кларитромициннің белсенді метаболитінің тұрақты концентрациясына айтарлықтай әсер еткен жоқ. Кларитромицин дозасын түзету қажет емес.

Ритонавир

Бір зерттеуде әр сегіз сағат сайын 200 мг ритонавирді және әр 12 сағат сайын 500 мг кларитромицинді бір мезгілде қабылдау кларитромицин метаболизмінің айтарлықтай тежелуіне әкелді. Кларитромициннің Cmax 31% - ға өсті, Cmin 182% - ға өсті, ал ритонавирді бір мезгілде қабылдаған кезде AUC 77% - ға өсті. 14-OH-кларитромицин түзілуінің іс жүзінде толық тежелгені білінді. Кларитромицин үшін үлкен емдік диапазонына байланысты бүйрек функциясы бұзылмаған пациенттерде дозасын төмендету қажеттілігі болмауы тиіс. Алайда бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозасын келесідей түзету қажет: КК 30-дан 60 мл/мин дейінгі пациенттер үшін кларитромицин дозасын 50% - ға төмендету тиіс. КК < 30 мл/мин пациенттер үшін кларитромицин дозасы 75%-ға төмендетілуі тиіс. Кларитромициннің тәулігіне 1 гм артық дозасын ритонавирмен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Атазанавир мен саквинавирді қоса алғанда, АИТВ протеазасының басқа тежегіштерімен ритонавирді фармакокинетикалық күшейткіш ретінде қолданғанда бүйрек функциясы төмендеген пациенттерде дозалардың ұқсас түзетілуін ескеру керек.

Кларитромициннің басқа дәрілік препараттарға әсері

Аритмияға қарсы препараттар

Кларитромицинді хинидинмен немесе дизопирамидпен бір мезгілде қолданғанда torsade de pointes туындағаны туралы маркетингтен кейінгі хабарламалар бар. Кларитромицинді осы препараттармен бір мезгілде қабылдағанда QTc аралығының ұзаруына электрокардиограмманы бақылау керек. Кларитромицинмен емдеу кезінде осы препараттардың қан сарысуындағы деңгейін бақылау керек.

CY3A4 негізіндегі өзара әрекеттесу

CYP3A тежейтіні белгілі кларитромицинді және негізінен CYP3A метаболизденетін препаратты бір мезгілде қабылдау препарат концентрациясының жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін, бұл қатарлас препараттың емдік және жағымсыз әсерін күшейтуі немесе ұзартуы мүмкін. Кларитромицинді CYP3A ферментінің субстраттары деп аталатын басқа препараттармен ем қабылдап жүрген пациенттерде, әсіресе, егер CYP3A субстратының қауіпсіздік шегі шамалы болса (мысалы, карбамазепин) және/немесе субстратты осы фермент қарқынды метаболиздесе, сақтықпен қолдану керек. Дозаны түзету мүмкіндігін қарастыруға болады және мүмкіндігінше кларитромицинді бір мезгілде қабылдаған кезде пациенттерде CYP3A басым метаболизденетін препараттардың сарысулық концентрациясын мұқият бақылау керек.

Келесі препараттар немесе препараттар кластары сол бір CYP3A изозимімен метаболизденетіні белгілі немесе болжанады: альфентанил, бромоцириптин, альпразолам, астемизол, карбамазепин, цилостазол, цисаприд, циклоспорин, дизопирамид, қастауыш алкалоидтары, ловастатин, метилпреднизолон, мидазолам, омепразол, пероральді антикоагулянттар (мысалы, варфарин), пимозид, хинидин, рифабутин, силденафил, симвастатин, сиролимус, такролимус, терфенадин, триазолам, винбластин, фенитоин, гексобарбитал, теофиллин және вальпроат. Бұл тізім толық емес.

Теофиллин, карбамазепин

Клиникалық зерттеулердің нәтижелері осы препараттардың кез келгенін кларитромицинмен бір мезгілде қабылдаған кезде қан сарысуындағы теофиллин немесе карбамазепин деңгейінің орташа, бірақ статистикалық елеулі (p≤0,05) жоғарылағанын айғақтайды. Дозаны азайту қажет болуы мүмкін.

Омепразол

Кларитромицинді дені сау еріктілер әр 8 сағат сайын омепразолмен біріктірілімде қабылдады. Кларитромицинді бір мезгілде қабылдаған кезде қан плазмасындағы омепразолдың тұрақты концентрациясы жоғарылады (Cmax, AUC0 - 24 және t1/2 тиісінше 30%, 89% және 34% - ға артты). Омепразолды бөлек қабылдаған кезде асқазанның рН орташа 24 сағаттық мәні 5,2 және омепразолды кларитромицинмен бір мезгілде қабылдаған кезде 5,7 құрады.

Ранитидин висмут цитраты

Ранитидин висмут цитратын кларитромицинмен бірге қолдану клиникалық тұрғыдан елеусіз болса да, қан плазмасында ранитидин, висмут және 14-гидроксикарритмицин концентрациясының жоғарылауына әкелді.

Силденафил, тадалафил және варденафил

Фосфодиэстераза тежегіштерінің әрқайсысы, ең болмағанда, ішінара CYP3A метаболизденеді және CYP3A кларитромицинді бір мезгілде қабылдаған кезде тежелуі мүмкін. Кларитромицинді силденафилмен, тадалафилмен немесе варденафилмен бір мезгілде қабылдау фосфодиэстераза тежегіші әсерінің артуына әкелуі мүмкін. Осы препараттарды кларитромицинмен бір мезгілде қабылдағанда силденафил, тадалафил және варденафил дозасын азайту керек.

Толтеродин

Толтеродин метаболизмінің негізгі жолы - P450 (CYP2D6) цитохромының 2D6 изоформасы арқылы. Алайда, CYP2D6-дан айырылған популяцияның бір бөлігінде метаболизмнің анықталған жолы - CYP3A арқылы. Халықтың осы тобында CYP3A тежелуі толтеродиннің сарысулық концентрациясының елеулі жоғарылауына әкеледі. CYP3A тежегіштері, мысалы, CYP2D6 баяу метаболизмі бар пациенттерде қолданылатын кларитромицин болған кезде толтеродин дозасын төмендету қажет болуы мүмкін.

Триазолобензодиазепиндер (мысалы, алпразолам, мидазолам, триазолам)

Мидазоламды кларитромицин таблеткаларымен (күніне екі рет 500 мг) бір мезгілде қабылдағанда мидазоламның AUC мидазоламды вена ішіне енгізгеннен кейін 2,7 есе және пероральді қабылдағаннан кейін 7 есе артты. Пероральді мидазолам мен кларитромицинді бір мезгілде қабылдаудан аулақ болу керек. Мидазоламды кларитромицинмен бір мезгілде вена ішіне енгізгенде дозаны түзету үшін пациент мұқият бақылауда болуы тиіс. Осы сақтық шаралары CYP3A метаболизденетін басқа бензодиазепиндерге де, соның ішінде қолданылуы тиіс. Шығарылуы CYP3A-ға (темазепам, нитразепам, лоразепам) тәуелді емес бензодиазепиндер үшін кларитромицинмен клиникалық маңызды өзара әрекеттесу ықтималдылығы аз. Кларитромицин мен триазоламды бір мезгілде қолданғанда дәрілік өзара әрекеттесуі және орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) тарапынан әсерлер (мысалы, ұйқышылдық және сананың шатасуы) туралы постмаркетингтік хабарламалар бар. ОЖЖ тарапынан фармакологиялық әсерлердің күшею тұрғысынан пациентті бақылау ұсынылады.

Басқа дәріліқ өзара әрекеттесулер

Колхицин: колхицин CYP3A үшін де, эффлюкс тасымалдаушысы үшін де, Р-гликопротеин (Pgp) үшін де субстрат болып табылады. Кларитромицин және басқа макролидтер CYP3A және Pgp тежейтіні белгілі. Кларитромицин мен колхицинді бірге қабылдаған кезде Pgp және/немесе CYP3A кларитромицинмен тежелуі колхицин әсерінің артуына әкелуі мүмкін. Пациенттер колхицин уыттылығының клиникалық симптомдары тұрғысынан бақылауда болуы тиіс. Егер колхицин бүйрек және бауыр функциясы бұзылмаған пациенттерде кларитромицинмен біріктірілімде қолданылса, колхицин дозасы төмендетілуі тиіс. Кларитромицин мен колхицинді бүйрек немесе бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге бірге қолдануға болмайды.

Дигоксин:дигоксин P-гликопротеиннің (Pgp) эффлюкс тасымалдаушысы үшін субстрат деп саналады. Кларитромициннің Pgp тежейтіні белгілі. Кларитромицин мен дигоксинді бірге қабылдаған кезде кларитромициннің Pgp тежеуі дигоксин әсерінің артуына әкелуі мүмкін. Кларитромицин мен дигоксинді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде қан сарысуындағы дигоксиннің жоғары концентрациясы туралы да постмаркетингтік бақылау барысында хабарланды. Кейбір пациенттерде ықтимал өлімге әкелетін аритмияларды қоса, дигоксиннің уыттылығына сәйкес келетін клиникалық белгілер байқалды. Дигоксин мен кларитромицинді бір мезгілде қабылдайтын пациенттердің қан сарысуындағы дигоксин концентрациясын мұқият бақылау қажет.

Зидовудин: АИТВ-инфекцияланған ересек пациенттердің кларитромицин мен зидовудинді бір мезгілде пероральді қабылдауы зидовудиннің тұрақты концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Кларитромицин бір мезгілде пероральді қабылданатын зидовудиннің сіңуіне кедергі келтіретіндіктен, бұл өзара әрекеттесуді кларитромицин мен зидовудин дозалары арасындағы аралық 4 сағат болған кезде болдырмауға болады. Бұл өзара әрекеттесу кларитромицин суспензиясын зидовудинмен немесе дидезоксиинозинмен қабылдайтын педиатриялық АИТВ-инфекцияланған пациенттерде байқалмайды. Бұл өзара әрекеттесу кларитромицинді вена ішіне инфузия жолымен енгізгенде екіталай болады.

Фенитоин және вальпроат: кларитромицинді қоса алғанда, CYP3A тежегіштерінің CYP3A метаболизденбейді деп есептелетін препараттармен (мысалы, фенитоин және вальпроат) өзара әрекеттесуі туралы өздігінен келіп түскен немесе жарияланған хабарламалар бар. Кларитромицинмен бір мезгілде қабылдаған кезде осы препараттардың қан сарысуындағы деңгейін анықтау ұсынылады. Сарысулық темір деңгейінің жоғарылауы туралы хабарланды

Кларитромициннің келесі препараттармен өзара әрекеттесуі туралы in vivo деректері  жоқ: апрепитант, элетриптан, галофантрин және зипрасидон. Алайда, кларитромицинді осы препараттармен біріктіріп қолданған кезде сақ болу керек, өйткені in vitro деректері бұл препараттардың CYP3A субстраттары болып табылатындығын көрсетеді. Элетриптанды кларитромицин сияқты CYP3A тежегіштерімен қолдануға болмайды.

Кларитромицинді, циклоспоринді, такролимусты, метилпреднизолонды, винбластинді және цилостазолды қоса алғанда, CYP3A тежегіштерінің өзара әрекеттесуі туралы өздігінен келіп түскен немесе жарияланған хабарламалар бар.

Екі бағытты дәрілік өзара әрекеттесу

Атазанавир

Кларитромицин де, атазанавир де CYP3A субстраттары және тежегіштері болып табылады және екі бағытты дәрілік өзара әрекеттесудің дәлелі бар. Кларитромицинді (күніне екі рет 500 мг) атазанавирмен (күніне бір рет 400 мг) бір мезгілде қабылдау кларитромицин экспозициясының 2 есе артуын және 14-OH-кларитромицин экспозициясының 70% төмендеуін туындатты, бұл ретте атазанавирдің AUC 28%-ға артты. Кларитромициннің үлкен емдік диапазонына байланысты бүйрек функциясы бұзылмаған пациенттерде дозаны төмендетудің қажеті болмауы тиіс. Бүйрек функциясы бұзылуының орташа дәрежесі бар пациенттер үшін (креатинин клиренсі 30-дан 60 мл/мин дейін) кларитромицин дозасы 50%-ға төмендеуі тиіс. Креатинин клиренсі < 30 мл/мин пациенттер үшін кларитромицин дозасын 75%-ға азайту керек. Кларитромициннің күніне 1000 мг асатын дозалары протеаза тежегіштерімен бір мезгілде қолданылмауы тиіс.

Кальций өзекшелерінің блокаторлары

Гипотензияның даму қаупіне байланысты кларитромицинді және CYP3A4 метаболизденетін кальций өзекшелерінің блокаторларын (мысалы, верапамил, амлодипин, дилтиазем) бір мезгілде қабылдаған кезде сақ болу ұсынылады. Кларитромицин мен кальций өзекшелерінің блокаторларының плазмалық концентрациясы өзара әрекеттесуіне байланысты жоғарылауы мүмкін. Гипотония, брадиаритмия және сүтқышқылды ацидоз кларитромицин мен верапамилді бір мезгілде қабылдаған пациенттерде байқалды.

Итраконазол

Кларитромицин де, итраконазол да CYP3A субстраттары мен тежегіштері болып табылады, бұл екі бағытты дәрілік әрекеттесуге әкеледі. Кларитромицин итраконазолдың плазмалық деңгейін жоғарылатуы мүмкін, ал итраконазол кларитромициннің плазмалық деңгейін жоғарылатуы мүмкін. Итраконазол мен кларитромицинді бір мезгілде қабылдайтын пациенттер фармакологиялық әсерлерді күшейту немесе ұзарту белгілерін немесе симптомдарын анықтау үшін мұқият бақылауда болуы тиіс.

Саквинавир

Кларитромицин де, саквинавир де CYP3A субстраттары және тежегіштері болып табылады және екі бағытты дәрілік өзара әрекеттесудің дәлелі бар.

12 дені сау еріктінің кларитромицинді (күніне екі рет 500 мг) және саквинавирді (жұмсақ желатинді капсулалар, күніне 3 рет 1200 мг) бір мезгілде қабылдауы саквинавирдің AUC және Cmax тұрақты мәндеріне әкелді, олар бір саквинавирді қабылдағанға қарағанда 177% және 187% жоғары болды. Кларитромициннің AUC және Cmax мәндері тек кларитромицин қабылдағанға қарағанда шамамен 40% жоғары болды. Осы екі препаратты зерттелген дозаларда/препараттарда шектеулі уақыт ішінде бір мезгілде қолданған кезде дозаны түзету талап етілмейді. Жұмсақ желатинді капсуланы қолданумен дәрілік өзара әрекеттесуді зерттеу барысында алынған бақылаулар саквинавирдің қатты желатинді капсуласын қолдану кезінде байқалатын әсерлерге сәйкес келмеуі мүмкін. Тек саквинавирді қолданумен жүргізілген дәрілік өзара әрекеттесуді зерттеу барысында алынған бақылаулар саквинавирмен/ритонавирмен емдеу кезінде байқалатын әсерлерді көрсетпеуі мүмкін. Саквинавирді ритонавирмен бір мезгілде қабылдаған кезде ритонавирдің кларитромицинге ықтимал әсерін ескеру керек.

Диданозин

АИТВ-инфекцияланған ересек пациенттерде Кламер препаратын диданозинмен бір мезгілде қабылдау диданозин фармакокинетикасының статистикалық мәнді өзгеруіне әкелген жоқ.

Арнайы сақтандырулар

Педиатрияда қолдану

Кламерді балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде құрамында хинолинді сары Е104 бояғышының болуына байланысты қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препаратты жүктілік кезінде қолдану туралы деректер жеткіліксіз болып табылады. Осылайша, Кламер препаратын пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағаламай, жүкті әйелдерде қолдану ұсынылмайды.

Бала емізу

Кларитромицинді бала емізу кезінде қолдану қауіпсіздігі анықталмаған. Кларитромицин емшек сүтімен бірге бөлініп шығады.

Фертильділік

Фертильділікке және репродуктивтік уыттылығына жүргізілген зерттеулерде тәулігіне 150-160 мг / кг дозаны енгізу фертильділікке, тууға және ұрпақтардың санына, сондай-ақ еркек және ұрғашы егеуқұйрықтардың өміріне жағымсыз әсер етпеді

Қосымша заттар туралы ерекше ақпарат

Препарат құрамында бір реттік дозада 1 ммольден (23 мг) аз натрий бар, яғни іс жүзінде натрий жоқ. Кламер құрамында хинолинді сары Е104 бояғышы бар, осыған байланысты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсері туралы деректер жоқ. Жүйке жүйесі тарапынан құрысулар, бас айналу, сананың шатасуы, бағдардан адасу жағымсыз реакцияларының даму мүмкіндігін ескере отырып, көлік құралын басқару немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс жүргізу кезінде сақ болу керек.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Ересектер

Дозалау режимі кестеде берілген

ИНФЕКЦИЯЛАР

Әр 12 сағат сайын

Ұзақтығы (күн)

Жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары

250 мг

Ауыр инфекциялар кезінде 500 мг

  • - 14

  • Фарингит/тонзиллит

    Жоғарғы жақсүйектің жедел синуситі

    250 мг

    Ауыр инфекциялар кезінде 500 мг

    6 - 14

    Төменгі тыныс жолдарының инфекциялары

    250 мг

    Ауыр инфекциялар кезінде 500 мг

    6 - 14

    Келесі штамдар туындатқан созылмалы бронхиттің өршуі

    - S. Pneumoniae

    250 мг

    7 - 14

    - M. Catarrhalis

    250 мг

    7 - 14

    - H. İnfluenzae

    500 мг

    7 - 14

    Келесі қоздырғыштар туындатқан пневмония

    - S. Pneumoniae

    250 мг

    7 - 14

    - M. Pneumoniae

    250 мг

    7 - 14

    Тері мен жұмсақ тіндердің асқынбаған инфекциялары

    250 мг

    6 - 14

    Микобактериялық инфекциялар: микобактериялық инфекциялары бар ересек пациенттер үшін ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне екі рет 500 мг құрайды. 3-4 апта ішінде емдеудің клиникалық немесе бактериологиялық тиімсіздігі жағдайында дозаны тәулігіне 2 мг-ге дейін арттыруға болады. Диссеминацияланған MAC-инфекцияларын емдеуді клиникалық және микробиологиялық әсерге қол жеткізгенге дейін жалғастыру керек. Кларитромицинді микробқа қарсы басқа препараттармен біріктіріп қолдану керек.

    Туберкулездік емес микобактериялық инфекцияларды емдеу дәрігердің шешіміне сәйкес жүргізілуі тиіс.

    MAC профилактикасы: ересектерге ұсынылатын доза күніне екі рет 500 мг құрайды.

    H. pylori эрадикациялау: H. pylori эрадикациялау үшін мынадай дозалар ұсынылады:

    Үштік ем

    500 мг кларитромицинді тәулігіне екі рет 1000 мг амоксициллинмен тәулігіне екі рет және 30 мг лансопразолмен тәулігіне екі рет 10 күн бойы қолданылады.

    500 мг кларитромицин тәулігіне екі рет 1000 мг амоксициллинмен тәулігіне екі рет және 20 мг омепразолмен тәулігіне екі рет 10 күн бойы қолданылады.

    Қабылдау жиілігі мен ұзақтығы

    Емдеудің әдеттегі ұзақтығы 7-ден 14 күнге дейін, кейбір жағдайларда 6-14 күнді құрайды, жоғарғы тыныс жолдарының инфекцияларын және тері мен жұмсақ тіндердің асқынбаған инфекцияларын емдеуде.

    Пациенттердің ерекше топтары

    Балалар

    Кламерді балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде құрамында хинолинді сары Е104 бояғышының болуына байланысты қолдануға болмайды.

    Егде жастағы пациенттер

    Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар егде пациенттерде дозаны түзету мүмкіндігін қарастыру керек.

    Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

    Кламер бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеу кезінде сақтықпен қолданған жөн.

    Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

    Бүйрек функциясының орташа бұзылуы бар пациенттерде (креатинин клиренсі 30-60 мл/мин) дозаны түзету талап етілмейді.

    Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) тәуліктік дозаны екі есе азайту керек. Бұл пациенттерде ең жоғары тәуліктік доза 500 мг құрайды.

    Тәулігіне 500 мг-ден аз дозаны төмендеткенде ондай пациенттерде кларитромициннің басқа түрлерін (мысалы, ішуге арналған суспензия) қолдануды қарастыруға болады. Ондай пациенттерде емдеуді 14 күннен артық жалғастырмау керек.

    Енгізу әдісі мен жолы

    Ішке қабылдауға арналған.

    Таблеткаларды тамақ ішуге қарамастан, күн сайын бір уақытта қабылдау керек.

    Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

    Кларитромициннің жоғары дозасын ішке қабылдаған кезде асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар көріністерін күтуге болады. 8 г кларитромицин қабылдаған анамнезінде биполярлық бұзылысы бар бір пациентте психикалық жағдайдың өзгеруі, параноидтық мінез-құлық, гипокалиемия және гипоксемия байқалды. 

    Артық дозаланумен қатар жүретін құбылыстарды төмендету үшін сіңірілмеген препаратты тез элиминациялау үшін шаралар қабылдау керек, сондай-ақ симптоматикалық ем жүргізу ұсынылады.  Басқа макролидтердегідей, қан сарысуындағы кларитромицин концентрациясына гемодиализ немесе перитонеальді диализ әсер етпейді.  

    Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

    Препаратты өткізіп алған қабылдаудың орын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдауға болмайды.

    Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну жөніндегі нұсқаулар.

    Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгіну керек.

    ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар 

    Кларитромицин емімен байланысты ересектерде де, балаларда да жиі кездесетін және таралған жағымсыз реакциялар - іштің ауыруы, диарея, жүрек айну, құсу және дәм сезудің өзгеруі. Бұл жағымсыз реакциялар әдетте шамалы білінеді және макролидті антибиотиктердің белгілі қауіпсіздік бейініне сәйкес келеді. Кларитромицинді клиникалық зерттеу кезінде микобактериялық инфекциялары болған немесе болмаған пациенттер топтары арасында асқорыту жүйесі тарапынан осы жағымсыз реакциялар жиілігінде елеулі айырмашылықтар анықталған жоқ.

    Жиі ( ≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін)

    - ұйқысыздық

    - дисгевзия (дәм сезу сезімталдығының бұзылуы), бас ауыру, дәм сезудің өзгеруі

    - диарея, құсу, диспепсия, жүрек айну, іштің ауыруы

    - бауыр функциясының бұзылуы (бауыр функциясы зертханалық көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы)

    - бөртпе, гипергидроз

    Жиі емес (≥1/1000-нан, < 1/100 дейін),

    - ауыз қуысының кандидозы, қынаптық инфекциялар

    - лейкопения, нейтропения, эозинофилия

    - аса жоғары сезімталдық

    - анорексия, тәбеттің төмендеуі

    - үрейлілік

    - бас айналу, тремор

    - вестибулярлық бас айналу, есту қабілетінің бұзылуы, құлақ шулау

    - QT аралығының ұзаруы, жүректің жиі соғуы

    - гастрит, стоматит, глоссит, іш қату, іш кебу, ауыздың құрғауы, кекіру, метеоризм

    - холестаз, гепатит, АЛТ, АСТ, ГГТ4 деңгейінің жоғарылауы

    - қышыну, есекжем

    - әлсіздік, астения, кеуденің ауыруы, қалтырау, шаршау

    - қандағы сілтілік фосфатаза, лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы

    Белгісіз* (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес)

    - жалған жарғақшалы колит, тілме қабынуы

    - агранулоцитоз, тромбоцитопения

    - анафилаксиялық реакциялар

    - гипогликемия

    - психоздар, сананың шатасуы, деперсонализация, депрессия, бағдардан жаңылу, елестеулер, түнгі қорқынышты түстер, мания

    - құрысулар, агевзия (дәмдік сезімталдықты жоғалту), паросмия, аносмия,

    - кереңдік

    - қарыншалық тахикардия

    - қан құйылу

    - жедел панкреатит, тілдің түссізденуі, тістің түссізденуі

    - бауыр функциясының жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлық сарғаю

    - Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен білінетін дәрілік бөртпе (DRESS синдромы), акне, Шонлейн-Генох пурпурасы

    - миопатия

    - бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит

    - халықаралық қалыптасқан арақатынастың жоғарылауы, протромбин уақытының артуы, несеп түсінің өзгеруі.

    * Осы реакциялар туралы хабарламалар саны белгісіз популяциядан ерікті түрде келіп түсетіндіктен, олардың жиілігін сенімді бағалау немесе препараттың әсерімен себеп-салдарлық байланысты орнату әрдайым мүмкін бола бермейді. Бағалау бойынша кларитромициннің пациенттерге әсері 1 миллиард күннен астам емдеуді құрайды.

    Кларитромицинмен бір мезгілде қолданғанда колхициннің уыттылығы туралы постмаркетингтік хабарламалар бар, әсіресе егде жастағы пациенттерде, кейбіреулері бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде туындаған. Кейбір ондай пациенттердің өлімі туралы хабарланды.

    Иммунитеті төмен балалар жасындағы пациенттер

    Микобактериялық инфекцияларды емдеу үшін ұзақ уақыт бойы кларитромициннің жоғары дозаларын қабылдайтын ЖИТС-пен ауыратын пациенттерде және иммунитеті төмен басқа пациенттерде, әдетте, кларитромицин қабылдаумен байланысты жағымсыз құбылыстарды АИТВ-ның негізгі ауруының немесе қатарлас аурулардың симптомдарынан ажырату қиын.

    Кларитромицинді жалпы тәуліктік 1000 мг және 2000 мг дозаларда қабылдаған ересек пациенттерде көбінесе келесі жағымсыз реакциялар байқалды: жүрек айну, құсу, дәм сезудің бұрмалануы, іштің ауыруы, диарея, бөртпе, метеоризм, бас ауыруы, іш қату, есту қабілетінің бұзылуы, АСТ және АЛТ деңгейінің жоғарылауы. Өте сирек кездесетін жағымсыз реакцияларға ентігу, ұйқысыздық және ауыздың құрғауы кірді. Бұл жағдайлар 1000 мг және 2000 мг қабылдаған пациенттер үшін салыстырмалы болды, бірақ кларитромициннің 4000 мг жалпы тәуліктік дозасын қабылдаған пациенттерде 3-4 есе жиірек байқалды.

    Иммунитеті төмен осы пациенттерде зертханалық көрсеткіштерді бағалау белгілі бір тест үшін белгіленген деңгейден (яғни шектен жоғары немесе төмен) шыққан мәндерді талдау жолымен жүргізілді. Осы критерийлерге сүйене отырып, күн сайын 1000 мг немесе 2000 мг кларитромицин қабылдаған пациенттердің шамамен 2-3%-ында АСТ және АЛТ деңгейінің едәуір жоғарылағаны, сондай-ақ лейкоциттер мен тромбоциттердің өте төмен мөлшері байқалды. Осы екі дозалық топтағы пациенттердің аз пайызында қандағы мочевина азоты деңгейі де жоғарылаған. Тәулігіне 4000 мг қабылдаған пациенттерде лейкоциттерден басқа барлық параметрлер бойынша аномалиялық мәндердің біршама жоғары жиілігі байқалды.

    Зертханалық зерттеулердің нәтижелеріндегі өзгерістер: Төменде клиникалық маңызы бар зертханалық көрсеткіштердің өзгерістері берілген:

    Бауыр сынамалары: SGPT (ALT) < 1%; SGOT (AST) < 1%; GGT < 1%; сілтілік фосфатаза < 1%; LDH < 1%; жалпы билирубин < 1% жоғарылауы.

    Қан көрсеткіштері: лейкоциттер санының < 1% төмендеуі; протромбин уақытының 1% жоғарылауы.

    Бүйрек функциясының көрсеткіштері: BUN 4% жоғарылауы; сарысулық креатининнің жоғарылауы < 1%.

    Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

    http://www.ndda.kz

    Қосымша мәліметтер

    Дәрілік препараттың құрамы

    Бір таблетканың құрамында

    белсенді зат – кларитромицин, 500 мг

    қосымша заттар: повидон К 30, микрокристалды целлюлоза (рН 102), натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, тальк, тазартылған су**

    үлбірлі жабыны: Шеффкоат сары***, метиленхлорид**,

    метанол**

    * * - соңғы өнімнің құрамында жоқ

    * * * қабық құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, титанның қостотығы Е171, полиэтиленгликоль, хинолинді сары алюминий лагы Е104, темірдің сары тотығы Е172.

    Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

    Сопақша пішінді, екі жақ беті дөңес, ашық сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

    Шығарылу түрі және қаптамасы

    7 таблеткадан поливинихлорид (ПВХ) үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

    2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге УК-лакпен қапталған картон қорапшаға салынады.

    Сақтау мерзімі

    4 жыл.

    Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

    Сақтау шарттары

    Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын бөлме температурасында сақтау керек

    Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

    Дәріханалардан босатылу шарттары

    Рецепт арқылы

    Өндіруші туралы мәліметтер

    Атабай Илач Фабрикасы А.С.

    Acibadem, Koftuncu sok. No:1

    34718 Kadıkoy, Стамбул, Түркия

    тел: +90 (216) 326 69 65

    факс: +90 (216) 340 13 77

    info@atabay.com

    Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

    АТАБАЙ КИМЬЯ САН. ВЕ ТИДЖ. А.С

    Acibadem, Koftuncu sok. No:1

    34718 Kadıkoy, Стамбул, Түркия

    тел: +90 (216) 326 69 65

    факс: +90 (216) 340 13 77

    info@atabay.com

    Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

    «Управляющая компания WHITE SAIL» ЖШС

    Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 1 ш. а., 61/1 үй

    Тел/факс: +7 777 727 27 07

    Электронды пошта: whitesail20@mail.ru

    Прикрепленные файлы

    Кламер_таб_ЛВ.docx 0.08 кб
    Кламер_таб_ЛВ_каз_(2).docx 0.07 кб

    Отправить прикрепленные файлы на почту

    Источники

    Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники