Клабел® 250

МНН: Кларитромицин
Производитель: Компания "НОБЕЛ АЛМАТИНСКАЯ ФАРМАЦЕВТИЧЕСКАЯ ФАБРИКА"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clarithromycin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018468
Информация о регистрации в РК: 16.10.2014 - 16.10.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 40.23 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

КЛАБЕЛ® 250

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кларитромицин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 250 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 250.00 мг кларитромицин,

қосымша заттар: натрий кроскармеллозасы, желатинделген крахмал, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), повидон, стеарин қышқылы, магний стеараты, тальк, микрокристалды целлюлоза

үлбірлі қабық: қабыққа арналған материал (Опадри ақ 26Н280000), пропиленгликоль

үлбірлі қабық құрамы Опадри ақ 26Н280000: НРМС 2910/гипромеллоза 15 ср, НРМС 2910/гипромеллоза 6 ср, титанның қостотығы Е 171, пропиленгликоль, гидроксипропилцеллюлоза, полисорбат 80, сорбин қышқылы ҒСС, ванилин.

Сипаттамасы

Клабел® 250 – ұзынша пішінді, бір жағында сызығы және екінші жағында «NOBEL» деген жазуы бар, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Макролидтер, линкозамидтер және стрептограминдер. Макролидтер. Кларитромицин.

АТХ коды J01F А09

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кларитромицин және оның негізгі белсенді 14-ОН-метаболиті организмнің барлық тіндері мен сұйық орталарына жақсы таралады. Тіндердегі концентрациясы, әдетте, қан сарысуындағыдан бірнеше есе жоғары. Ең көп концентрациясы – бауырда және өкпеде. Төменде тіндердегі және қан сарысуындағы концентрация мәндері берілген:

КОНЦЕНТРАЦИЯ

(әр 12 сағат сайын 250 мг енгізуден кейін)

Тін түрі

Тін

(мкг/г)

Қан сарысуы

(мкг/мл)

Бадамша бездер

1.6

0.8

Өкпе

8.8

1.7

Препаратты таблеткалар түрінде ішке қолданудан кейін кларитромицин асқазан-ішек жолынан тез және жақсы сіңіріледі. Микробиологиялық белсенді 14-гидроксикларитромицин метаболиті алғаш өту метаболизмі жолымен түзіледі. Кларитромицинді ас ішуге байланыссыз қолдануға болады, өйткені тамақ кларитромицин таблеткаларының абсолютті биожетімділігіне ықпал етпейді. Күніне екі рет 250 мг қолданғанда өзгермеген 15-20% препарат несеппен шығарылады. Күніне екі рет 500 мг дозада препараттың несеппен шығарылуы ауқымды шаманы құрайды (шамамен 36%). 14-гидроксикларитромицин енгізілген дозадан 10-15% мөлшерде несеппен шығарылатын негізгі метаболит болып табылады. Доза қалдығының үлкен бөлігі нәжіспен, көбінесе өтпен шығарылады. Нәжіспен бастапқы 15-20% қосылыс табылады.

Күніне үш рет 500 мг кларитромицин қолданылғанда қан плазмасындағы кларитромицин концентрациялары күніне екі рет 500 мг дозамен салыстырмалы артады.

Ең жоғары концентрациялары тонзиллярлы және өкпе тіндерінде байқалады. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы - 80%.

Кларитромицин асқазанның шырышты қабығына өтеді. Кларитромициннің асқазан шырышты қабығы мен тініндегі мөлшері кларитромицинді омепразолмен бірге қолданғанда кларитромицинмен монотерапия кезіндегіден жоғары.

Фармакодинамикасы

Клабел® – макролидтер тобына жататын жартылай синтетикалық антибиотик. Кларитромициннің бактерияға қарсы әсері оның сезімтал 50S-рибосомалық суббірлігімен байланысуымен және ақуыз биосинтезін бәсеңдетуімен анықталады. Препарат, ауруханалық штаммдарды қоса, аэробты және анаэробты грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің кең ауқымына қарсы жоғары тиімділік табады. Кларитромициннің ең төменгі тежегіш концентрациялары (ЕТК), әдетте, эритромицин ЕТК мәнінен екі есе төмен.

КЛАБЕЛ® Legionella pneumophila және Mycoplasma pneumonie қарсы жоғары тиімді. H. Pylori қарсы бактерицидті әсер етеді, бейтарап рН тұсындағы КЛАБЕЛ® белсенділігі қышқыл рН тұсындағыдан жоғары. Enterobacteriaceae және Pseudomonas штаммдары, лактоза өндірмейтін грамтеріс бактериялар сияқты, КЛАБЕЛ® препаратына сезімтал емес.

Препарат микроорганизмдердің келесі ауқымына қатысты бактерияға қарсы белсенділік танытады (клиникалық тәжірибеде):

Аэробты грам-оң микроорганизмдер: Staphylococcus aureus, Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes, Listeria monocytogenes.

Аэробты грам-теріс микроорганизмдер: Haemophilus influenzae, Haemophilus parainfluenzae, Moraxella catarrhalis, Neisseria gonorrhоeae,

Legionella pneumophila.

Басқа да микроорганизмдер: Mycoplasma pneumoniae, Chlamydia pneumonia (TWAR).

Микобактериялар: Mycobacterium leprae, Mycobacterium kansasii, Mycobacterium chelonae, Mycobacterium fortuitum, Mycobacterium avium, Mycobacterium intracellulare қамтылатын Mycobacterium avium сomplex (MAC).

Микроорганизмдердің бета-лактамазалары КЛАБЕЛ® тиімділігіне ықпал етпейді.

Көптеген стафилококктардың метициллинге және оксациллинге төзімді штаммдары КЛАБЕЛ® препаратына сезімтал емес.

Helicobacter: Helicobacter pylori

КЛАБЕЛ® төменде тізбеленген микроорганизмдердің көптеген штаммдарына қатысты in vitro белсенді, алайда оны қолданудың клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.

Аэробты грамоң микроорганизмдер: Streptococcus agalactiae, Streptococci (C,F,G топтары) Viridans group streptococci.

Аэробты грамтеріс микроорганизмдер: Bordetella pertussis,

Pasteurella multocida.

Аэробты грам-оң микроорганизмдер: Clostridium perfringens,

Peptococcus niger, Propionibacterium acnes.

Анаэробты грам-теріс микроорганизмдер:: Bacteriodes melaninogenicus.

Спирохеттер: Borrelia burgdorferi, Treponema pallidum.

Кампилобактериялар: Campylobacter jejuni.

КЛАБЕЛ® бактериялардың бірнеше штаммдарына қарсы бактерицидті әсер көрсетеді: Haemophilus influenzae, Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes, Streptococcus agalactiae, Moraxella (Branhamella) catarrhalis, Neisseria gonorrhoeae, H. Pylori, Campylobacter spp.

Қолданылуы

- тыныс алу жолдарының төменгі бөлімінің инфекцияларында (бронхит, пневмония және т.б.);

- тыныс алу жолдарының жоғарғы бөлімінің инфекцияларында (синусит, фарингит және т.б.);

- тері мен жұмсақ тіндер инфекцияларында (ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі аурулар - фолликулиттер, целлюлиттер, эризипелоид және т.б.);

- Mycobacterium avium немесе Mycobacterium leрrae туғызған диссеминацияланған немесе шоғырланған микобактериялық инфекцияларда;

- CD4-лимфоциттердің ≤ 100/мм3 санымен, АИТВ жұқтырған пациенттерде Mycobacterium avium кешені (МАК) туғызған диссеминацияланған инфекциялар профилактикасы үшін;

- он екі елі ішегінің ойық жарасы бар пациенттерде омепразол немесе ланзопразол тудыратын тұз қышқылы секрециясының бәсеңдеуінде H. pylori эрадикациясы үшін (бейтарап рН тұсындағы H. Pylori қарсы кларитромицин белсенділігі қышқыл рН тұсындағыдан жоғары).

Кларитромицин, әдетте, пробиркада келесі организмдерге қарсы белсенді:

- грамоң бактериялар: Staphylococcus aureus (метициллинге төзімді); Streptococcus pyogenes (А тобындағы бета-гемолиздік стрептококк); альфа-гемолиздік стрептококктар (viridans тобы); Streptococcus (Diplococcus) pneumoniae; Streptococcus agalactiae; Listeria monocytogen.

- грамтеріс бактериялар: гемофильді таяқша; Haemophilus influenzae; Haemophilus parainfluenzae; Moraxella (Branhamella) catarrhalis; Neisseria gonorrhoeae; Legionella pneumophila; Bordetella pertussis; Helicobacter pylori; Campylobacter jejuni.

Mикоплазмалар: Mycoplasma pneumoniae; Ureaplasma urealyticum.

Басқа да организмдер: Chlamydia trachomatis; Mycobacterium avium; Mycobacterium leprae.

Анаэробтар: макролидке сезімтал Bacteroides fragilis; Clostridium perfringens; Peptococcus species; Peptostreptococcus species; Propionibacterium acnes.

Кларитромициннің, Haemophilus influenzae; Streptococcus pneumoniae; Streptococcus pyogenes; Streptococcus agalactiae; Moraxella (Branhamella) catarrhalis; Neisseria gonorrhoeae; H. pylori және Campylobacter spp. қоса, бірнеше бактериялық штаммдарға қатысты бактерицидті белсенділігі бар.

Қолдану тәсілі және дозалары

Тыныс алу жолдарының төменгі бөлімінің, тыныс алу жолдарының жоғарғы бөлімінің инфекцияларында, тері және жұмсақ тіндер инфекцияларында ересектер мен 12 жастан асқан балаларға ұсынылатын КЛАБЕЛ® препаратының дозасы күніне екі рет 250 мг құрайды, ауырлау инфекцияларда дозаны күніне екі рет 500 мг дейін арттырады.

Ересектер үшін әдеттегі емдеу ұзақтығы 5-14 күн құрайды (ауруханадан тыс пневмония және синуситтер үшін курс 6-14 күн құрайды).

КЛАБЕЛ® препаратын ас ішуге байланыссыз қолдануға болады.

Он екі елі ішегінің ойық жарасы бар пациенттерде (ересектер) H. pylori эрадикациясы үшін:

Емдеу ұзақтығы 6-дан 14 күнге дейін құрайды.

Үштік ем. Кларитромицин (500 мг) күніне екі рет, лансопразол 30 мг күніне екі рет және амоксициллин 1000 мг күніне екі рет.

Үштік ем. Кларитромицин (500 мг) күніне екі рет, амоксициллин 1000 мг күніне екі рет және күніне 20 мг омепразол.

Қосарлы ем. Кларитромицин (500 мг) күніне үш рет 14 күн бойы. Омепразол 40 мг күніне бір рет, артынан омепразол 20 мг немесе 40 мг күніне бір рет - 14 күнге созылатын демеуші ем.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану: бүйрек жеткіліксіздігі ауыр пациенттерге (креатинин клиренсі < 30 мл/мин.) дозаны түзету талап етіледі. Дозаны екі есе азайту керек, яғни күніне бір рет 250 мг немесе ауырлау инфекцияларда күніне екі рет 250 мг. Емдеу ұзақтығы 14 күннен аспауы тиіс.

Препаратты 12 жасқа толмаған балаларда суспензия түрінде қолдану ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Төменде ересектер мен балаларды кларитромицинмен емдеу кезіндегі жағымсыз реакциялар берілген, олар іштің ауыруы, диарея, жүрек айну, құсу және дәм сезудің бұрмалануы болып табылады. Жағымсыз реакциялар, әдетте, сәл айқын білінеді және макролидтік антибиотиктер қауіпсіздігінің белгілі бейінімен үйлеседі. Жағымсыз реакциялар пайда болу жиілігіне қарай былайша белгіленген: 10%-дан аса – өте жиі, 1-10% –

жиі, 0,1-1% – жиі емес.

Жиі

- ұйқысыздық

- бас ауыру

- дисгевзия (дәм сезу қабілетінің бұзылуы), дәм сезудің бұрмалануы

- жүрек айну, іштің ауыруы, құсу, диспепсия, диарея

- бауырдың функциялық тестілерінің қалып шегінен ауытқуы

- бөртпе, тершеңдік

Жиі емес

- целлюлит1, ауыз қуысы кандидозы, гастроэнтерит2

- инфекция3, қынаптық инфекциялар

- лейкопения, нейтропения4, тромбоцитемия3, эозинофилия4

- анафилактоидты реакциялар1, аса жоғары сезімталдық

- анорексия, тәбеттің төмендеуі

- үрейлену, күйгелектік3, айғайлай беру

- естен тану1, дискинезия1, бас айналу, ұйқышылдық, тремор

- бас айналу, естудің нашарлауы, құлақтың шыңылдауы

- жүректің тоқтап қалуы1, жүрекшелер фибрилляциясы1, ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы, экстрасистолия1, пальпитация

- демікпе1, мұрыннан қан кету2, өкпе тамырлары эмболиясы1

- эзофагит1, гастроэзофагеальді рефлекс ауруы2, гастрит, прокталгия2, стоматит, глоссит, іштің кебуі4, іш қату, ауыздың кеберсуі, кекіру, метеоризм

- холестаз4, гепатит4, АЛТ, АСТ, ГГТ деңгейінің жоғарылауы4

- буллезді дерматит1, қышыну, есекжем, макулопапулёзді бөртпе3

- бұлшықеттердің түйілуі3, қаңқа-бұлшықет сіресуі1, миалгия2

- қан креатининінің жоғарылауы1, қан мочевинасының жоғарылауы1

- дімкәстану4, қызба3, астения, кеуденің ауыруы4, қалтырау4, шаршау4

- альбумин-глобулин қатынасының өзгеруі1, қан сарысуында сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы4, қан сарысуында лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы4

Бірлі-жарым хабарламалар

1,2,3,4 Аталған жағымсыз реакциялар түрінде препараттарды: 1 – инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ, 2 – ұзақ әсер ететін таблеткалар, 3 – суспензиялар, 4 – дереу босап шығатын таблеткалар түрінде қолдану кезінде ғана хабарланды.

Постмаркетингтік хабарламалар (тәжірибеде қолданғанда)

Кейбір жағымсыз реакциялар жиілігі белгісіз, өйткені бұл реакциялар туралы пациенттердің айқындалмаған қауымынан ерікті сипатта хабарланды. Олардың жиілігін немесе препаратты қабылдаумен себептік байланысын нақты анықтау үнемі мүмкін бола бермейді. Кларитромицин қолданудың жалпы тәжірибесі 1 миллиард пациент-күннен аса құрайды.

- жалған жарғақшалы колит, тілмелі қабыну, эритразма

- агранулоцитоз, тромбоцитопения

- анафилаксиялық реакциялар

- гипогликемия

- психоздар, сананың шатасуы, өзін-өзі танымау, депрессия, бағдардан жаңылу, елестеулер, қорқынышты түстер көру

- құрысулар, агевзия (дәм сезу қабілетінен айрылу), паросмия, аносмия, парестезия

- естімей қалу

- пируэтті қарыншалық тахикардия (torsade de pointes), қарыншалық тахикардия

- қан құйылу

- жедел панкреатит, тіл түсінің өзгеруі, тіс түсінің өзгеруі

- бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлы сарғаю, холестаздық сарғаю

- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, эозинофилиямен және жүйелі көріністермен (DRESS) қатар жүретін дәрі-дәрмектік тері реакциясы, акне, Шенлейн-Генох ауруы

- рабдомиолиз2 (рабдомиолиз туындауы туралы кейбір хабарламаларда кларитромицин рабдомиолизбен астасатыны белгілі басқа дәрілік препараттармен (статиндер, фибраттар, колхицин немесе алопуринол сияқты) бір мезгілде қолданылған), миопатия

- бүйрек жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит

- халықаралық қалыптасқан қатынастың артуы, протромбин уақытының ұзаруы, несеп түсінің өзгеруі

Иммундық жүйесі бұзылған пациенттер (иммунитеті төмендеп кеткен пациенттер) ЖИТС-пен науқастарда және микобактериялық инфекцияларды емдеу үшін ұзақ уақыт бойы кларитромициннің жоғары дозаларын қолданған, басқа да иммунитетінің төмендеп кету жағдайлары бар пациенттерде препаратты қолданумен байланысты жағымсыз реакцияларды және негізгі немесе қатар жүретін аурулар симптомдарын үнемі ажырату мүмкін бола бермейді.

Тәуліктік 1000 мг дозада Клабел® алған ересек науқастардағы ең жиі жағымсыз әсерлері жүрек айну, құсу, дәм сезудің бұрмалануы, іштің ауыруы, диарея, бөртпе, іштің кебуі, бас ауыру, іш қату, естудің нашарлауы, қан сарысуында АСТ және АЛТ мөлшерінің жоғарылауы болды.

Жиі емес: диспноэ, ұйқысыздық және ауыздың кеберсуі. Иммунитеті төмендеп кеткен жағдайлары бар пациенттерде қалыпты шамалардан едәуір өзгешеленетін аталған зертханалық көрсеткіштер мәндері талданды, пациенттердің 2-3 %-ның күніне 1000 мг кларитромицин алғаны туралы деректер болды, қандағы АСТ және АЛТ деңгейлерінің елеулі жоғарылауы және лейкоциттер мен тромбоциттер санының едәуір төмендеуі байқалды. Пациенттердің шағын санында қандағы мочевина мөлшерінің жоғарылауы да байқалды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- Макролидтер тобының антибиотиктеріне немесе қосымша заттарының біріне аса жоғары сезімталдық

- Келесі препараттармен бірге тағайындау: астемизол, цизаприд, пимозид, терфенадин (бұл QT аралығының ұзаруына және, қарыншалық тахикардияны, қарыншалар фибрилляциясын және пируэтті қарыншалық тахикардияны (torsade de pointes) қоса, жүрек аритмияларының дамуына әкелуі мүмкін), эрготамин немесе дигидроэрготамин (бұл эргоуыттылыққа әкелуі мүмкін), ловастатин, симвастатин (рабдомиолизді қоса, миопатияның жоғары қаупіне байланысты)

- бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге колхицин және Р-гликопротеин немесе CYP3A4 күшті тежегішін бір мезгілде қолдану

- анамнездегі QT аралығының ұзаруы, қарыншалық жүрек аритмиясы (екі бағытты тахикардияны қоса)

- гипокалиемия (QT аралығының ұзару қаупі)

- галактоза жақпаушылықтың тұқым қуалайтын түрлері, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактозаның мальабсорбция синдромы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз)

- 12 жасқа дейінгі балаларға

- лактация (бала емізу) кезеңі

Сақтықпен: жүктілік кезінде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кларитромицин ішуге арналған контрацептивтермен өзара әрекеттеспейді.

Өзара әрекеттесудің ауыр зардаптарының дамуы мүмкін екендіктен, келесі препараттарды қолдану қатаң түрде қарсы көрсетілімді.

Цизаприд, пимозид, терфенадин, астемизолды кларитромицинмен қатарлас қолдану жүрек ырғағының бұзылуына (QT аралығының ұзаруы, қарыншалық тахикардия, жүрекшелер фибрилляциясы және torsade de pointes) әкелуі мүмкін.

Кларитромицин мен эрготамин немесе дигидроэрготаминді бір мезгілде қолдану жедел эрготизм белгілерімен астасады, бұл вазоспазммен және аяқ-қол мен орталық жүйке жүйесін қамтитын басқа тіндер ишемиясымен сипатталады.

HMG-CoA-редуктаза тежегіштері (статиндер)

Кларитромицинді ловастатинмен немесе симвастатинмен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді, өйткені статиндер CYP3A4 арқылы кеңінен метаболизденеді және кларитромицинмен бір мезгілде қолдану олардың плазмадағы концентрациясын арттырады, бұл рабдомиолизді қоса миопатияның даму қаупін арттырады. Егер кларитромицинмен емдеуді тоқтата тұру мүмкін болмаса, ловастатин немесе симвастатин қабылдауды тоқтату керек.

Кларитромицинді статиндермен қатарлас қолданбауға болмайтын жағдайларда статиннің төмен дозасын тағайындау ұсынылады.  Пациенттерде миопатия белгілері мен симптомдарының бар-жоғы тексерілуі тиіс.

Басқа дәрілік заттардың кларитромицин фармакокинетикасына әсері.

CYP3A индукторлары болып табылатын дәрілік заттар (мысалы, рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шайқурай препараттары) кларитромицин метаболизмін индукциялауы мүмкін. Бұл кларитромициннің субтерапиялық деңгейлеріне және оның тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұдан бөлек, кларитромицинмен CYP3A тежелісіне орай жоғарылауы мүмкін CYP3A индукторының плазмалық деңгейіне мониторинг өткізу қажет болады (сәйкесті CYP3A4 индукторын медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты да қараңыз). Бір мезгілде рифабутин мен кларитромицинді қолдану увеиттің туындау қаупінің бір мезгілде жоғарылауымен қан сарысуында рифабутин деңгейлерінің жоғарылауына және кларитромицин деңгейлерінің төмендеуіне әкелген.

Эфавиренц, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин кларитромицин метаболизмін, оның қан плазмасындағы концентрациясын азайта отырып, жеделдетуі мүмкін – күтілетін емдік әсеріне жетпей қалуы мүмкін.

Этравирин Кларитромицин әсері этравиринмен әлсіреген; алайда, 14-ОН-кларитромицин белсенді метаболитінің концентрациялары жоғарылаған. 14-ОН-кларитромициннің Mycobacterium avium complex (MAC) қарсы белсенділігі төмен екендіктен, осы патогенге қарсы жалпы белсенділік өзгеруі мүмкін. Cондықтан МАС емі үшін кларитромицинге баламалы дәрілік заттар қолдануды қарастыру керек.

Флюконазол - кларитромицин дозасын өзгерту қажет емес.

Ритонавир. Ритонавир мен кларитромицин қолдану кларитромицин метаболизмінің елеулі бәсеңдеуіне алып келеді. Кларитромицин Cmax 31 %, Cmin 182 % және AUC 77 % артады. 14-ОН-кларитромицин түзілуінің толық бәсеңдеуі білінген. Ауқымды емдік өрісіне орай, бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде кларитромицин дозасын азайту қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету қажет: кларитромицин дозасын 30-60 мл/мин CLCR тұсында 50 % ; CLCR < 30 мл/мин болғанда 70% азайту қажет. Күніне 1 г-ден асып кететін кларитромицин дозасын ритонавирмен бірге қолдануға болмайды.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде, атазанавир мен саквинавирді қоса, ритонавирді басқа АИТВ-протеаза тежегіштерімен бірге фармакокинетикалық күшейткіш ретінде қолдану кезінде де дозаны осылай түзету керек.

Кларитромициннің басқа дәрілік заттар фармакокинетикасына әсері.

Аритмияға қарсы дәрілер. Кларитромицинді хинидинмен және дизопирамидпен бір мезгілде қолдану кезінде пайда болған пируэтті қарыншалық тахикардияның дамуы жөнінде хабарламалар бар. QT аралығының ұзаруын дер мезгілінде анықтау үшін ЭКГ-мониторинг өткізу ұсынылады. Клабел® емі кезінде осы препараттардың қан сарысуындағы концентрацияларын қадағалау керек.

CYP3A.

CYP3A ферментінің белгілі тежегіші - кларитромицинді және негізінен CYP3A арқылы метаболизденетін препаратты бірге қолдану соңғысының қан плазмасындағы концентрациясының артуына әкеліп, өз кезегінде, бұл оның емдік әсерін және жағымсыз реакциялардың туындау қаупін күшейтуі немесе ұзартуы мүмкін.

Кларитромицинді дәрілік заттар – CYP3A субстраттарымен ем алатын пациенттерде қолданғанда, әсіресе, егер CYP3A-субстраттың емдік диапазоны тар болса (мысалы, карбамазепин) және/немесе осы энзиммен экстенсивті метаболизденсе, сақ болу керек.

Бір мезгілде кларитромицин қолданатын пациенттерде дозаны өзгерту және, мүмкіндігінше, CYP3A арқылы метаболизденетін дәрілік заттың сарысулық концентрацияларына мұқият мониторинг керек болуы мүмкін.

Келесі дәрілік препараттардың немесе препараттар тобының сол бір ғана CYP3A изоферментімен метаболизденетіні мәлім (немесе болжанады): альпразолам, астемизол, карбамазепин, цилостазол, цизаприд, циклоспорин, дизопирамид, қара бидай алкалоидтары, ловастатин, метилпреднизолон, мидазолам, омепразол, ішуге арналған антикоагулянттар (мысалы, варфарин), пимозид, хинидин, рифабутин, силденафил, симвастатин, такролимус, терфенадин, триазолам және винбластин. Осындай өзара әрекеттесу механизмі Р450 цитохромы жүйесінің басқа изоферментімен метаболизденетін фенитоин, теофиллин және вальпроатты қолданғанда білінген.

Омепразол

Дені сау ересек еріктілерде кларитромицинді (әр 8 сағат сайын 500 мг) омепразолмен (күніне 40 мг) біріктіріп қолдану омепразол тепе-тең концентрацияларының жоғарылауына алып келді (Cmax, AUC0-24 және t½, тиісінше, 30 %, 89 % және 34 % ұлғайды). Тек омепразол қолданылғанда асқазан сөліндегі рН орташа мәні 24 сағат ішінде өлшегенде 5.2, омепразолды кларитромицинмен бірге қолданғанда – 5.7 құрады.

Фосфодиэстераза (силденафил, тадалафил және варденафил) тежегіштерінің плазмалық концентрациялары оларды кларитромицинмен бірге қолданғанда ұлғаюы ықтимал, бұл фосфодиэстераза тежегіштерінің дозасын азайтуды талап етуі мүмкін.

Оларды кларитромицинмен бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы теофиллин немесе карбамазепин концентрацияларының болымсыз ұлғаюы болады. Оны кларитромицинмен қолданғанда толтеродин дозасын азайту қажет болуы мүмкін. Триазолбензодиазепиндер (мысалы, альпразолам, мидазолам, триазолам)және кларитромицин таблеткаларын (күніне екі рет 500 мг) бірге қолданғанда дозаны дер мезгілінде түзету үшін пациентті мұқият мониторингтен өткізу керек. Ішуге арналған мидазоламды Клабелмен® біріктіріп қолданбау керек. Элиминациясы CYP3A тәуелденбейтін бензодиазепиндер (темазепам, нитразепам, лоразепам) үшін кларитромицинмен клиникалық мәнді өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.

Басқа өзара әрекеттесу түрлері

Аминогликозидтер: Басқа отоуытты препараттармен, әсіресе, аминогликозидтермен бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек.

Колхицин: кларитромицин мен колхицин бір мезгілде қолданылғанда колхицин экспозициясы жоғарылауы мүмкін. Колхицин уыттылығының клиникалық симптомдарын анықтау үшін пациенттердің жағдайын қадағалау қажет.

Дигоксин: дигоксинмен бірге кларитромицин алатын пациенттердің қан сарысуында дигоксин концентрациясы жоғарылауы мүмкін. Кейбір пациенттерде дигиталистік уыттану белгілері, соның ішінде өлім ықтималдығы зор аритмиялар белгілері дамыған. Оны кларитромицинмен қолданғанда пациенттердің қан сарысуында дигоксин концентрациясын мұқият бақылап отыру керек.

Зидовудин: қан сарысуында зидовудиннің тепе-тең концентрациялары төмендеуі мүмкін.

Фенитоин және вальпроат

Кларитромицинді қоса, CYP3A тежегіштерінің CYP3A арқылы метаболизденеді деп саналмайтын дәрілік заттармен (мысалы, фенитоин және вальпроат) өзара әрекеттесуі туралы өздігінен келіп түскен немесе жарияланған хабарламалар болды. Олар кларитромицинмен бір мезгілде тағайындалғанда осы дәрілік заттардың қан сарысуындағы деңгейлерін анықтау ұсынылады. Қан сарысуында олардың деңгейлерінің жоғарылауы хабарланды.

Клабел® мен атазановир, интраконазол, саквинавир арасында екі бағытты дәрілік өзара әрекеттесу де болуы мүмкін.

Верапамил: кларитромицин мен верапамил бірге қолданылғанда артериялық гипотензияның, брадиаритмия мен лактоацидоздың дамуы хабарланған.

Айрықша нұсқаулар

Бактерияға қарсы дәрілердің бәрін дерлік қолдану кезінде жалған жарғақшалы колит жағдайлары хабарланады және ауырлығына қарай жеңілден өмірге қатерлі дәрежеге дейін болуы мүмкін. Демек, бактерияға қарсы дәрі қабылдаудан кейін диареяға шалдығатын пациенттерде осы диагнозға көңіл бөлу маңызды.

Бактерияға қарсы барлық дерлік препараттар, соның ішінде кларитромицин қолданылғанда Clostridium difficile (CDAD) тудырған ауырлығы жеңіл дәрежеден өліммен аяқталатын колитке дейінгі диареяның дамуы хабарланды. КЛАБЕЛ® алатын пациенттерде myasthenia gravis симптомдары күшеюі мүмкін.

Кларитромицин мен колхицинді бірге қолданғанда, әсіресе, егде жастағы пациенттерде, соның ішінде бүйрек жеткіліксіздігі аясында колхицинмен уыттанудың (соның ішінде өліммен аяқталған) дамуы хабарланды.

QT аралығының ұзару қаупіне орай, КЛАБЕЛ® денсаулық жағдайы QT аралығы ұзаруының және torsades de pointes даму үрдісінің жоғары екенімен байланысты болатын пациенттерге сақтықпен қолданылу керек.

Макролидтерге Streptococcus pneumoniae төзімділігі болуы мүмкін екендіктен, КЛАБЕЛ® ауруханалық емес пневмонияны емдеуге тағайындалғанда сезімталдыққа тест өткізу маңызды. Ауруханалық пневмония жағдайында кларитромицинді басқа да тиісті антибиотиктермен біріктіріп қолдану керек.

QT ұзарып кету қаупіне орай, кларитромицин ишемиялық жүрек ауруы, ауыр жүрек жеткіліксіздігі, гипомагниемия, брадикардиясы (< 50 рет соғу) бар пациенттерде немесе QT аралығының ұзаруын туындататын басқа дәрілік заттармен бірге енгізгенде абайлап пайдаланылу керек. Кларитромицин анамнезінде QT аралығының ұзаруы немесе қарыншалық аритмиясы бар пациенттерге тағайындалмауы тиіс.

Препарат бауыр функциясы бұзылған пациенттерге сақтықпен тағайындалады. Бауырдың созылмалы аурулары болғанда қан сарысуы ферменттеріне жүйелі бақылау жүргізу қажет. Бауыр жеткіліксіздігі бар және бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде кларитромицинді дозасын түзетпей-ақ қолдануға болады. Алайда пациентте қатар жүретін бауыр жеткіліксіздігінен тыс ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) болса, дозаны екі есе азайту (күніне бір рет 250 мг немесе ауырлау инфекцияларда күніне екі рет 250 мг) немесе препаратты қабылдаулар арасындағы үзілістерді ұзарту керек. Емдеу ұзақтығы 14 күннен аспауы тиіс.

Ішуге арналған гипогликемиялық дәрілер/Инсулин

КЛАБЕЛ® мен ішуге арналған гипогликемиялық дәрілерді және/немесе инсулинді біріктіріп қолдану айқын гипогликемияны тудыруы мүмкін. Натеглинид, пиоглитазон, репаглинид және розиглитазон сияқты гипогликемиялық дәрілермен бір мезгілде қолданғанда кларитромицин СYP3A энзимін тежеп, бұл гипогликемияны туындатуы мүмкін. Глюкоза деңгейіне мұқият мониторинг жасау ұсынылады.

Ішуге арналған антикоагулянттар

Кларитромицинді варфаринмен бірге қолданғанда күрделі қан кетудің, ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) көрсеткіші мен протромбин уақытының едәуір артуының туындау қаупі бар. Пациенттер кларитромицин мен ішуге арналған антикоагулянттарды бір мезгілде қабылдап біткенше ХҚҚ көрсеткіші мен протромбин уақытын жиі бақылап отыру қажет. ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері

Кларитромицинді ловастатинмен немесе симвастатинмен біріктіріп қолдану қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайларын» қараңыз).

Басқа да макролидтер сияқты, кларитромицин ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері концентрациясының жоғарылауына әкелді. Осы дәрілік заттарды бірге қолданғанда пациенттерде рабдомиолиздің дамуы сирек хабарланған. Пациенттерде миопатия белгілері мен симптомдарының бар-жоғын қадағалау қажет.

Кларитромицинді аторвастатинмен немесе розувастатинмен бірге қолданғанда пациенттерде рабдомиолиздің дамуы сирек хабарланған. Бір мезгілде қолданған жағдайда аторвастатин немесе розувастатин дозасын барынша азайту қажет. Статин дозасын түзетуге немесе шығарылуы CYP3A метаболизміне байланысты емес статинді (мысалы, флувастатин немесе правастатин) қолдануға қатысты тиісті шешім қабылдануы тиіс. Жүктілік және емшекпен қоректендіру

Кларитромициннің жүктілік және емшекпен қоректендіру кезіндегі қауіпсіздігі анықталмаған. Тышқандарға, егеуқұйрықтарға, үй қояндарына және маймылдарға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде алынған деректер негізінде эмбриондық дамуға қолайсыз әсер ету мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Жүктілік кезінде пайда-қауіп арақатынасын мұқият таразылаусыз пайдалануға кеңес берілмейді.

Бала емізу

Бала емізу кезінде пайдалану үшін кларитромицин қауіпсіздігі анықталмаған. Кларитромицин емшек сүті арқылы бөлінеді.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерін ескеріп, автокөлікті және аса қауіпті механизмдерді басқару кезінде сақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: асқазан-ішек жолы тарапынан болатын жағымсыз әсерлердің күшеюі.

Емі: кларитромицин қолдануды тоқтату және сәйкесті симптоматикалық емді бастау. Гемодиализдің және перитонеальді диализдің қан сарысуындағы кларитромицин мөлшеріне елеулі ықпал ету ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада үлбірлі қабықпен қапталған 5 немесе 7 таблеткадан.

Пішінді 1 (7 таблеткадан) немесе 2 (5 немесе 7 таблеткадан) қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Шевченко к-сі, 162 Е.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды поштасы nobel@nobel.kz

Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды поштасы nobel@nobel.kz

Прикрепленные файлы

815787681477976651_ru.doc 135 кб
569116431477977805_kz.doc 166.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники