Кислота аскорбиновая с глюкозой

МНН: Аскорбиновая кислота, Декстроза
Производитель: Эйкос-Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Аскорбиновая кислота в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015550
Информация о регистрации в РК: 13.03.2017 - 13.03.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Глюкоза қосылған аскорбин қышқылы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: аскорбин қышқылы – 50 мг

глюкоза моногидраты – 483 мг

(100% 439 мг глюкозаға шаққанда)

қосымша заттар: картоп крахмалы, тальк, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Дөңгелек, тегіс ақ түсті жиектері қиғашталған, бір жағында сызығы бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа препараттармен біріктірілген аскорбин қышқылы.

ATХ коды A11GB

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін аскорбин қышқылы асқазан-ішек жолында толық сіңіріледі және организм тіндеріне кеңінен таралады. Аскорбин қышқылының қан плазмасындағы концентрациясы қалыпты жағдайда шамамен 10-20 мкг/мл құрайды. Организмдегі қор деңгейі шамамен 1,5 г құрайды. Лейкоциттердегі және тромбоциттердегі аскорбин қышқылының концентрациясы эритроциттер мен плазмаға қарағанда жоғары. Тапшылық жағдайында лейкоциттердегі концентрация кешірек және баяу төмендейді және плазмадағы концентрацияға қарағанда тапшылықты бағалаудың үздік критерийі ретінде қарастырылады.

Плазма ақуыздарымен байланысу шамамен 25% құрайды.

Аскорбин қышқылы дегидроаскорбин қышқылының түзілуімен қайтымды қышқылданады, бір бөлігі белсенді емес және несепппен шығатын аскорбат-2-сульфаттың түзілуімен метаболизденеді.

Көп мөлшерде қабылданған аскорбин қышқылы өзгермеген күйде несеппен тез шығарылады, әдетте бұл тәуліктік дозаны асырғанда болады.

Аскорбин қышқылының сіңірілуі балғын жеміс және көкөніс шырындарымен және сілтілік сусынмен бірге қабылдаған кезде азаяды.

Глюкоза жеңіл сіңіріледі және организмнің барлық тіндеріне тез таралады. Метаболизмнің негізгі жолдары гликолиз және көмірқышқыл газына және суға дейін аэробты қышқылдану болып табылады, салдарынан АТФ және басқа макроэргиялық байланыстар пайда болады.

Фармакодинамикасы

Аскорбин қышқылы тотығу-тотықсыздану реакцияларына, тирозин метаболизміне, фолий қышқылының фолиний қышқылына айналуына, липидтер мен ақуыздар синтезіне, темір метаболиміне, жасушалық тыныс алу үрдістеріне, қанның ұю үрдісіне, капиллярлардың өткізгіштігінің қалыптануына қатысады, инфекцияларға төзімділіктің қалыптасуына көмектеседі. В1, В2, А, Е витаминдерінің, фолий қышқылының, пантотен қышқылының қажеттілігін азайтады, организмнің қарсыласуын арттыруға көмектеседі; редукцияланған түрде қордың жиналуына көмектесе отырып, темірдің сіңірілуін жақсартады, антиоксиданттық қасиеттерге иеленген. Аскорбин қышқылы жасушаішілік коллагеннің түзілуі үшін қажет, тіс, сүйек және капилляр қабырғалары құрылымын нығайтуға қажет.

Глюкоза сутектік және энергиялық алмасуға қатысады, осылайша бірқатар функцияларды оңтайландыра отырып организмнің уытсыздану потенциалын жақсартады. Глюкозаның тіндердегі метаболизмі кезінде организмнің тіршілігіне қажетті энергияның айтарлықтай мөлшері бөлінеді.

Қолданылуы

Гипо- және С витаминінің авитаминозын емдеу және профилактикасы. Организмнің С витамині және глюкоза жоғары қажеттілігін қамтамасыз ету:

- өсу кезеңі

- жүктілік және лактация

- ауыр физикалық және ақыл-ой жүктемесі

- қатты шаршау

- ұзақ, ауыр аурулардан кейінгі сауығу кезеңі

- операциядан кейінгі кезеңде

- күйделіс жағдайында

Қыс кезінде инфекциялық аурулардың даму қаупі жоғары болған кезде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, тамақтан кейін.

С гиповитаминозының профилактикасы үшін – ересектерге тәулігіне 50-100 мг (1-2 таблетка).

Балаларға: 6-14 жас – тәулігіне 50 мг (1 таблетка), 14-18 жас – тәулігіне 75 мг (1.5 таблетка).

Жүктілік және лактация кезеңінде – тәулігіне 300 мг (6 таблетка) 10-15 күн ішінде, сосын тәулігіне 100 мг (2 таблетка) лактация кезеңінде. Емдік мақсатпен: балаларға 50-100 мг (1-2 таблетка) күніне 2-3 рет, ересектерге 50-100 мг (1-2 таблетка) 2 апта бойы күніне 3-5 рет. Ең жоғарғы тәуліктік доза ересектерге 1000 мг (20 таблетка). Емдеу мерзімі ауру сипаты мен ағымына тәуелді.

Жағымсыз әсерлері

- гипергликемия

- глюкозурия, гликоген синтезін басу

- артериялық гипертензия

- жүрек айну, құсу, қыжыл, диарея, эпигастриядағы түйіліп ауырулар

- бас ауыру, шаршау сезімі

- тері бөртпесі

- несеп рН транзиторлық төмендеуі

- ұйқы безі инсулярлық аппараты функциясының бәсеңдеуі

- бүйрек функциясының бәсеңдеуі

- аллергиялық реакциялар

- гипервитаминоз

- жоғары дозада ұзақ қолданған жағдайда – ОЖЖ қозуының артуы, ұйқының бұзылуы

Зертханалық көрсеткіштер

- тромбоцитоз

- гиперпротромбинемия

- эритропения

- нейтрофильді лейкоцитоз

- гипокалиемия

- бүйректе несеп, цистинді және оксалатты тастардың пайда болуы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық

- қан ұюының жоғарылығы

- тромбофлебиттер, тромбоздарға бейімділік

- қант диабеті

- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның тапшылығы

- бүйрек жеткіліксіздігі

- гемохроматоз

- талассемия

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Құрамында алюминий бар антацидтер

Құрамында алюминий бар антацидтермен және аскорбин қышқылын бір уақытта қолдану ұсынылмаған, себебі сүйек тіндерінде және орталық жүйке жүйесінде уыттылықтың жиналуына әкелуі мүмкін.

Салицилаттар

Қандағы салицилаттар концентрациясын арттырады және оксалатурияның даму қаупін көбейтеді.

Дисульфирам

Жекелеген жағдайларда, аскорбин қышқылы этанолдық дисульфираммен өзара әрекеттесу симптомдарын жою үшін арнайы антидоты ретінде пайдаланылуы мүмкін. Аскорбин қышқылымен бір уақытта қолдану абстинентті синдромы бар пациенттерде қолдану кезінде дисульфирам тиімділігін тежеуін күтуге болады.

Несептің қышқылдығына әсер ететін препараттар (мысалы, амфетамин, мексилетин)

Несеп қышқылдығын аскорбин қышқылымен арттыру цистеиннің, несеп қышқылының немесе оксалатты тастардың шөгуін тудыруы мүмкін және бір уақытта қолданылатын кейбір басқа препараттардың эскрециясын өзгертеді. Кейбір препараттарды бөлу несеп қышқылдығының артуы есебінен болуы мүмкін. Пациенттің жағдайын үнемі бақылау қажет. Өзара әрекеттесу реакциясы байқалса, аскорбин қышқылын тоқтату немесе дозасын түзету мәселесін шешу қажет.

Варфарин

Аскорбин қышқылының жоғары дозалары варфарин антикоагулянтының тиімділігін азайтады. Күнделікті 5 г немесе одан да жоғары дозада аскорбин қышқылын қабылдайтын пациенттерде коагуляция көрсеткіштерін бақылау және варфарин дозасын тиісті таңдау қажет.

Этинилэстрадиол, тетрациклин және пеницилиннің сіңірілуін арттыру.

Темірдің сіңірілуіне және оның қалпына келтіруші түрінде қордың жиналуына көмектеседі

Амфетамин / декстроамфетамин / бензфетамин

Аскорбин қышқылын декстроамфетамин, амфетамин немесе бензфетаминмен бірге пайдалану осы препараттардың әсерін төмендетуі мүмкін. Дәрігердің кеңесінсіз препараттарды пайдалануды тоқтатпау керек.

Аскоринбин қышқылы және біріктірілген пероральді контрацептивтер бір-бірінің концентрациясын өзара төмендетеді.

Дефероксаминмен бір уақытта қолданған кезде оның тиімділігін күшейтеді және темірдің экскрециясын арттырады.

Темекі шегу және этил спирті аскорбин қышқылының метаболизмін жеделдетеді және организмдегі оның мөлшерін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Аскорбин қышқылының кортикостероидтарды гормондар синтезін ынталандырушы әсеріне байланысты бүйрек асты безі функциясын және артериялық қысымды қадағалау қажет.

Жоғары дозаларды ұзақ уақыт қолданған кезде ұйқы безі инсулярлық аппаратын басуы мүмкін, сондықтан емдеу кезінде оны тұрақты түрде бақылау қажет.

Аскорбин қышқылы темірдің сіңірілуін арттыратындықтан, оны жоғары дозада қолдану гемохроматозы, таллассемиясы, полицитемиясы, лейкемиясы, сидеробластты анемиясы бар пациенттерде қауіпті болуы мүмкін. Организмінде темір мөлшері жоғары пациенттерде аскорбин қышқылын ең төмен дозада қабылдау қажет. Аскорбин қышқылын жоғары дозада қолдану орақ жасушалы анемияның асқынуын тудыруы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде сақтықпен қолдану, себебі С витаминінің тәулігіне 1 г жоғары дозалары эстрогендердің жоғары синтезі үшін түсік түсуін тудыруы мүмкін. Жүктілік және лактация кезеңінде дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолдану керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдік дозаларда Глюкоза қосылған аскорбин қышқылы автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айну, құсу, демікпе, артериялық қысымның төмендеуі, аритмиялар, сол жақ жүрекшенің жедел жеткіліксіздігі (СЖЖЖ).

Емі: асқазанды шаю, бүйрек функциясын және артериялық қысымды бақылау, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан полимер жабыны бар қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға салынған. Пішінді ұяшықсыз қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа (топтық қаптама) салынады. Нұсқаулықтар саны қаптама санына сәйкес болуы тиіс. 50 таблеткадан полипропилен қақпағы бар полиэтиленнен жасалған банкілерге салынған. 250 пішінді қаптамадан немесе 20 банкадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Эйкос-Фарм» ЖШС, Қазақстан, Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті, 71 разъезд.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Эйкос-Фарм» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

Алматы қ-сы, Нүсүпбеков к-сі, 32

тел: 397 64 29, факс: 250 71 78

е-mail: pharm@eikos.kz

Прикрепленные файлы

248956981477976491_ru.doc 63.5 кб
249621921477977659_kz.doc 70 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники