Кискали™ (200 мг)

МНН: Рибоциклиб
Производитель: Novartis Singapore Pharmaceutical Manufacturing Pte. Ltd.
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023757
Информация о регистрации в РК: 04.07.2022 - 04.07.2032

Инструкция

Саудалық атауы

КискалиТМ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Рибоциклиб

Дәрілік түрі, дозасы

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 200 мг

Фармакотерапиялық тобы

Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Антинеопластикалық препараттар. Антинеопластикалық басқа препараттар. Протеинкиназа тежегіштері. Рибоциклиб.

АТХ коды L01XE42

Қолданылуы

- гормональді рецепторлар (HR+) бойынша оң және адамның 2-ші типті (HER2-) эпидермальді өсу факторының рецепторлары бойынша теріс, сүт безінің таралған немесе метастаздық обыры бар әйелдерді емдеу үшін ароматаза тежегішімен немесе фулвестрантпен біріктірілімде.

- лютеиндейтін гормонның (LHRH) рилизинг-фактор агонисімен біріктірілімде эндокриндік ем ретінде әйелдерді пре- немесе перименопауза кезінде емдеу үшін.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың белсенді затына немесе қосымша заттарына жоғары сезімталдық

  • арахиске немесе сояға жоғары сезімталдық

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге қолдану

Бүйрек функциясының ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі бұзылулары бар пациенттерде препаратты қолданғанда дозаны түзету қажет емес.

Бүйрек функциясының бұзылуы ауыр дәрежедегі пациенттерде препаратты қолдану тәжірибесінің жоқтығы салдарынан, осы санаттағы пациенттерге Кискалитм препаратын қолданғанда сақтық таныту қажет.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге қолдану

Бауыр функциясы ауырлығы жеңіл дәрежеде (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша А класы) бұзылған пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Бауыр функциясы орташа және ауыр дәрежедегі бұзылған (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша, сәйкесінше, В және С класы) пациенттерде дозаны түзету қажет, ұсынылатын бастапқы доза 400 мг құрайды. Кискалитм препараты бауыр функциясы орташа және ауыр дәрежеде бұзылған, сүт безінің обыры бар пациенттерде зерттелген жоқ.

18 жастағы және одан кіші пациентерге қолдану

18 жастағы және одан кіші пациенттерде Кискалитм препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмады. Деректер жоқ.

65 жастағы және одан үлкен пациенттерге қолдану

65 жастағы және одан үлкен пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Қан плазмасында рибоциклибтің концентрациясын арттыруы мүмкін дәрілік заттар

Рибоциклибтің метаболизмін қамтамасыз ететін негізгі фермент CYP3A4 болып табылады. CYP3A4 ферментінің белсенділігіне ықпалын тигізуі мүмкін дәрілік препараттар рибоциклибтің фармакокинетикасын өзгертуі мүмкін. CYP3A4 күшті индукторы ритонавирді (14 күн бойы тәулігіне 100 мг) рибоциклибпен (тәулігіне 400 мг) бір мезгілде қолдану, рибоциклибті (400 мг) монотерапия түрінде қолданумен салыстырғанда, рибоциклибтің AUCinf және Cmax, сәйкесінше, 3,2 және 1,7 есеге артуына әкелді. Cmax және AUClast LEQ803 (бастапқы зат экспозициясының 10%-дан азын құрайтын рибоциклибтің негізгі метаболиті), сәйкесінше, 96%-ға және 98%-ға азайды.

Келесі препараттарды: кларитромицин, индинавир, итраконазол, кетоконазол, лопинавир, ритонавир, нефазодон, нелфинавир, позаконазол, саквинавир, телапревир, телитромицин, верапамил және вориконазолды (бірақ мұнымен шектелмей) қоса, CYP3A4 күшті тежегіштерін бір мезгілде пайдалануға жол бермеген жөн. CYP3A4 тежеу қабілеті азырақ білінетін альтернативті дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану мүмкіндігін қарастыру және дамуы рибоциклибті қолданумен байланыстырылатын ЖДР-ді пациенттерде бақылау қажет.

Егер Кискалитм препаратын CYP3A4 күшті тежегішімен бір мезгілде қабылдауға жол бермеу мүмкін болмаса, онда Кискалитм препаратының дозасын азайтқан жөн. Әр адамда жекелей өзгерушілігіне байланысты, дозаға ұсынылатын түзету барлық пациенттерде бірдей оңтайлы болуы мүмкін емес, сондықтан рибоциклибты қабылдаумен байланысты ЖДР-ді мұқият бақылау ұсынылады. Кискалитм препаратының уыттылығымен байланысты көріністерде дозаны өзгерту немесе уыттылық қайтқанша емдеуді уақытша тоқтату керек.

Рибоциклибтың 600 мг дозасын қабылдағанда CYP3A4 орташа тежегіші (эритромицин) тепе-тең жағдайда рибоциклибтің Cmax және AUC, сәйкесінше, 1,2 және 1,3 есеге арттыруы мүмкін. Рибоциклиб дозасы тәулігіне бір реттік 400 мг дейін азайтылған пациенттерде рибоциклибтің тепе-тең жағдайда Cmax және AUC, сәйкесінше, 1,4 және 2,1 есеге артқаны байқалды. Тәулігіне бір рет 200 мг препаратты қабылдағанда артуы, сәйкесінше, 1,7 және 2,8 есені құрады. Емдеуді CYP3A4 жеңіл немесе орташа тежегіштерімен бастағанда рибоциклибтің дозасын түзету қажет емес. Сонымен қатар дамуы рибоциклиб қабылдаумен байланыстырылатын ЖДР бақылау ұсынылады.

Пациенттерге грейфрутты немесе грейфрут шырынын және басқа да өнімдерді қолдануға жол бермеу қажеттілігін алдын ала ескерткен жөн. Бұл өнімдер CYP3A4 изоферменттерінің тежегіштері болып табылады және рибоциклибтің экспозициясын арттыруы мүмкін.

Қан плазмасында рибоциклибтің концентрациясын төмендетуі мүмкін дәрілік заттар

CYP3A4 күшті индукторы рифампицинді (14 күн бойы күніне 600 мг) рибоциклибпен (күніне 600 мг) бір мезгілде қолдану, рибоциклибті (600 мг) монотерапия түрінде қолданумен салыстырғанда, рибоциклибтің AUCinf және Cmax, сәйкесінше, 89%-ға және 81%-ға төмендеуіне әкелді. Сәйкесінше, LEQ803 Cmax 1,7 есеге артты, ал AUCinf 27%-ға азайды. Препаратты CYP3A4 күшті индукторларымен бір мезгілде қолдану экспозицияның төмендеуіне және, соның салдары ретінде, тиімділігінің жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Фенитоинды, рифампицинді, карбамазепинді және шайқурайды (Hypericum perforatum) қоса, бірақ мұнымен шектелмей, CYP3A4 күшті индукторларын бір мезгілде қабылдауға жол бермеген жөн. CYP3A4-ке өте аз тежегіш әсері бар немесе мұндай әсері жоқ альтернативті қатар жүргізілетін емді қолдану мүмкіндігін қарастырған жөн.

CYP3A4 орташа тежегішінің рибоциклибтің экспозициясына әсері зерттелген жоқ. CYP3A4 орташа тежегішін (эфавиренц) тағайындау рибоциклибтің Cmax тепе-тең жағдайда және AUC, сәйкесінше, 51%-ға және 70%-ға азаюына әкелуі мүмкін деп болжам жасауға мүмкіндік береді. Препаратты CYP3 A4 орташа индукторларымен бір мезгілде қолдану әсіресе рибоциклибтің 400 мг немесе 200 мг дозасын тәулігіне бір рет қабылдаған пациенттерде экспозицияның төмендеуіне және, осының салдары ретінде, тиімділігінің жеткіліксіздігі қаупіне әкелуі мүмкін.

Рибоциклиб қан плазмасындағы концентрациясын өзгертуі мүмкін дәрілік заттар

Рибоциклиб, CYP3A4 орташа немесе күшті тежегіші CYP3A4 жәрдемімен метаболизденетін дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі мүмкін, бұл бір мезгілде қабылданатын дәрілік препараттың қан сарысуындағы деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Мидазоламды (CYP3A4 субстраты) Кискалитм препаратының (400 мг) көп реттік дозаларымен бір мезгілде қолданғанда, тек мидазоламның біреуін ғана қабылдаумен салыстырғанда, дені сау ерікті адамдарда мидазоламның экспозициясы 280%-ға (3,80 есеге) артады. Кискалитм препаратын клиникалық тұрғыдан маңызды 600 мг дозада тағайындау, мидазоламның AUC 5,2 есеге арттырады. Рибоциклибті басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде енгізгенде, оны басқа дәрілік препараттағы медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта берілген CYP3A4 тежегіштерімен бір мезгілде енгізу жөніндегі нұсқауларды білу керек. Кискалитм препаратын және емдік индексі тар CYP3A4 субстраттарын қолданғанда сақтық таныту ұсынылады. Алфентанилді, циклоспоринді, эверолимусты, фентанилді, сиролимусты және такролимусты қоса, емдік индексі тар сезімтал CYP3A4 субстратының дозасын азайту қажет болуы мүмкін, өйткені рибоциклибтің олардың экспозициясын арттыру қабілеті бар, бірақ бұлармен шектелмейді.

Рибоциклибтің 600 мг дозасын келесі CYP3A4 субстраттарымен: алфузозин, амиодарон, цизаприд, пимозид, хинидин, эрготамин, дигидроэрготамин, кветиапин, ловастатин, симвастатин, силденафил, мидазолам және триазоламмен бір мезгілде қолдануға жол бермеген жөн.

Кофеинді (CYP1A2 субстраты) Кискалитм (400 мг) препаратының көп реттік дозаларымен бір мезгілде қолданғанда дені сау ерікті адамдарда кофеиннің экспозициясы, тек бір ғана кофеинді қабылдаумен салыстырғанда, 20%-ға (1,20 есеге) артты. Клиникалық тұрғыдан маңызды 600 мг дозада, PBPK-үлгіні пайдалана отырып, үлгілеу CYP1A2 субстраттарына рибоциклибтің әлсіз ғана тежегіш ықпалы бар деп болжам жасауға мүмкіндік береді (AUC артуы 2 еседен азырақ).

Тасымалдаушылардың субстраттары болып табылатын дәрілік заттар

Рибоциклибтің P-гликопротеин, BCRP, OATP1B1/1B3, OCT1, OCT2, MATE1 және BSEP дәрілік тасымалдаушыларының белсенділігін тежеу потенциалы бар. Препаратты емдік индексі тар осы тасымалдаушылардың сезімтал субстраттарымен, дигоксин, питавастатин, правастатин, розувастатин және метформинді қоса, бірге қолданғанда сақтық таныту және уыттылық белгілеріне мониторинг жүргізуді жүзеге асыру ұсынылады.

Дәрілік препараттың тағаммен өзара әрекеттесуі

Кискалитм препаратын тамақпен бірге немесе ашқарынға қабылдай беруге болады.

Асқазанның рН ортасын жоғарылататын дәрілік препараттар

Рибоциклиб pH 4,5 немесе одан төмен болғанда және биологиялық ортада (pH 5,0 және 6,5 болғанда) ерігіштігінің жоғарылығымен сипатталады. Кискалитм препаратын асқазанның рН-ын арттыратын дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану рибоциклиб сіңірілуінің бұзылуына ықпал етпейді.

Рибоциклиб пен летрозолдың дәрілік өзара әрекеттесуі

Рибоциклиб пен летрозол арасындағы дәрілік өзара әрекеттесу олардың бір уақытта қолданғанда болмады.

Рибоциклиб пен анастрозол арасындағы дәрілік өзара әрекеттесуі

Рибоциклиб пен анастрозол арасындағы дәрілік өзара әрекеттесу олардың бір уақытта қолданғанда болмады.

Рибоциклиб пен фулвестрант арасындағы дәрілік өзара әрекеттесуі

Рибоциклиб пен фулвестрант арасындағы дәрілік өзара әрекеттесу олардың бір уақытта қолданғанда болмады.

Рибоциклиб пен тамоксифен арасындағы дәрілік өзара әрекеттесуі

Тамоксифеннің дәірілік өзара әрекеттесуі рибоциклибті тамоксифенмен бір уақытта қолданғанда шамамен 2 есе ұлғаяды.

Рибоциклиб пен оральді контрацептивтер арасындағы дәрілік өзара әрекеттесуі

Рибоциклиб пен оральді контрацептивтер арасында дәрілік өзара әрекеттесу болмады.

Болжамды дәрілік өзара әрекеттесу

Аритмияға қарсы препараттар және QT аралығын ұзартуға қабілетті басқа да дәрілік заттар

Кискалитм препаратын QT аралығын ұзарту қабілеті белгілі аритмияға қарсы дәрілер сияқты (амиодаронды, дизопирамидті, прокаинамидті, хинидинді және соталолды қоса, бірақ олармен шектелмей) дәрілік препараттармен, QT аралығын ұзарту қабілеті белгілі, хлорохин, галофантрин, кларитромицин, ципрофлоксацин, левофлоксацин, азитромицин, галоперидол, метадон, моксифлоксацин, бепридил, пимозид және ондансетронды (в/і) қоса, бірақ мұнымен шектелмей, басқа да дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға жол бермеген жөн. Кискалитм препаратын тамоксифенмен бір уақытта қолдану ұсынылмайды.

Арнайы ескертулер

Ішкі ағзалардың қатер шегіндегі ауруы

Ішкі ағзалардың өте қиын ауруы бар пациенттерде рибоциклибті қолданудың тиімділігі және қауіпсіздігі зерттелген жоқ.

Нейтропения

Нейтропенияның ауырлығын ескеріп, Кискалитм препаратын қабылдауды уақытша тоқтату, препарат дозасын азайту немесе қабылдауды толық тоқтату қажет болуы мүмкін.

Гепатобилиарлы уыттылық

Кискалитм препаратымен емдеуді бастар алдында бауырға функциялық тестілер (БФТ) жүргізу қажет. Емдеуді бастағаннан кейін БФТ нәтижелеріне бақылау жүргізіледі.

Трансаминазалардың жоғарылауын ескеріп, Кискалитм препаратын қабылдауды уақытша тоқтату, дозасын азайту немесе препарат қабылдауды толық тоқтату қажет болуы мүмкін. Бастапқы АСТ/АЛТ > 3-ші дәрежеде жоғарылаған пациенттер үшін нұсқаулар белгіленген жоқ.

QT аралығының ұзаруы

QTcF аралығының бастапқы деңгейден >60 мс ұлғаюы Кискалитм препаратын және тамоксифен қабылдаған 16,1 % пациентте және  Кискалитм препаратын және ароматазаның стероидты емес тежегішін (NSAI) қабылдаған 7,3 % пациентте байқалды. Кискалитм препаратын тамоксифенмен біріктіріп қолдану ұсынылмайды.

Емдеуді бастағанға дейін, алғашқы 6 циклдің басында және содан кейін клиникалық көрсетілімдеріне сәйкес, электролиттердің (калийді, кальцийді, фосфаттарды және магнийді қоса) мөлшеріне тиісінше мониторинг жүргізген жөн. Кискалитм препаратымен емдеуді бастар алдында кез келген өзгерістерге түзету жүргізу қажет.

Кискалитм препаратын QTc аралығы ұзарған немесе ұзаруының елеулі қаупі бар пациенттерге қолдануға жол бермеген жөн. Бұған мына пациенттер жатады:

QT аралығының ұзару синдромы бар;

жүректің бақыланбайтын немесе клиникалық тұрғыдан маңызды ауруы, соның ішінде миокард инфарктісі, жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі, тұрақсыз стенокардиясы және брадиаритмиясы бар;

электролиттер мөлшері өзгерген.

Кискалитм препаратын QTc аралығын ұзартуға қабілетті және/немесе CYP3A4 күшті тежегіштері болып табылатын дәрілік заттармен бірге қолдануға жол бермеу керек, өйткені бұл QTcF аралығының клиникалық тұрғыдан маңызды ұзаруына әкелуі мүмкін.

Егер QT аралығының ұзаруы байқалса, Кискалитм препаратын қабылдауды уақытша тоқтату, дозасын азайту немесе қабылдауды толық тоқтату қажет болуы мүмкін.

Терінің ауыр реакциялары

Уытты эпидермальді некролиз (УЭН) Кискалитм препаратымен емдеу кезінде тіркелген. Күрделі тері реакциялары (мысалы, жиі күлдіреуікпен немесе шырышты қабықтың зақымдануымен үдемелі тері бөртпесі) туралы куәландыратын белгілер немесе симптомдар пайда болса, Кискалитм препаратын қабылдауды дереу тоқтату керек.

Интерстициальді өкпе ауруы / пневмониттер

Кискалитм препаратын қоса алғанда, CDK4/6 тежегіштерін қолдану кезінде өкпенің интерстициальді ауруы/пневмонит жағдайлары туралы хабарланды. III фазаның үш клиникалық зерттеулерінде (MONALEESA-2 [A2301], MONALEESA-7 [E2301-NSAI] және MONALEESA-3 [F2301]) плацебо емдеу тобындағы жағдайларсыз Кискалитм препаратымен емдеу тобында өкпенің интерстициальді ауруы (3-дәреже 0,1 % қоса алғанда, 0,3% кез келген дәреже) хабарланды. Пневмонит Кискалитм препаратымен емдеу топтарында да, плацебо тобында да хабарланды (3 немесе 4 дәрежесіз емдеу топтарының ешқайсысында 0,4% кез келген дәреже).

Өлімге әкелуі мүмкін өкпенің интерстициальді ауруының / пневмониттің ауырлық дәрежесіне байланысты, Кискалитм препараты 5-кестеде сипатталғандай дозаны тоқтатуды, азайтуды немесе уақытша тоқтатуды талап етуі мүмкін.

Пациенттерді гипоксияны, жөтелді және ентігуді қамтуы мүмкін өкпенің интерстициальді ауруын/пневмонитті көрсететін өкпе симптомдары тұрғысынан бақылау керек, ал дозаны өзгертуді 5-кестеге сәйкес жүргізген жөн.

CYP3A4 субстраттары

Препараттың 600 мг дозасын қабылдағанда рибоциклиб CYP3A4 күшті тежегіші және 400 мг қабылдағанда CYP3A4 орташа тежегіші болып табылады. Сонымен, рибоциклиб CYP3A4 жәрдемімен метаболизденетін дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі мүмкін, бұл CYP3A4 субстраттарының жоғары деңгейіне әкелуі мүмкін. Препаратты емдік индексі тар, CYP3A4 сезімтал субстраттарымен бір мезгілде абайлап қолдану ұсынылады. Препаратты CYP3A4 тежегіштерімен бір мезгілде қолдану жөніндегі нұсқауларды басқа препараттағы медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.

Соя лецитині

Кискалитм препаратының құрамында соя лецитині бар. Арахиске немесе сояға жоғары сезімталдығы бар пациенттер Кискалитм препаратын қабылдамағандары жөн.

Бала тууға қабілетті жастағы әйелдер/әйелдерге арналған контрацепция

Кискалитм препаратымен емді бастағанға дейін пациенттер өздерінің жүкті емес екеніне көз жеткізуі керек.

Кискалитм препаратын қабылдайтын бала тууға қабілетті жастағы әйелдер Кискалитм препаратымен емделу кезінде және емді тоқтатқаннан кейін кемінде 21 күн контрацепцияның тиімді тәсілдерін (мысалы, қосарлы бөгеттік контрацепция тәсілдері) пайдалануы тиіс.

Педиатрияда қолдану

18 жастан кіші балалар мен жасөспірімдерге Кискалитм препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Алынған деректер негізінде, Кискалитм препараты жүкті әйелдерге қолданғанда шарананың зақымдануын туындатуы мүмкін. Кискалитм препаратын жүктілік кезінде және контрацепция пайдаланбаған бала тууға қабілетті жастағы әйелдер қолданбағаны жөн.

Рибоциклиб ана сүтінде бар ма, анықталмаған. Рибоциклибтің емшектегі сәбиге немесе сүт түзілу үдерісіне әсері туралы деректер жоқ. Кискалитм препаратын қабылдайтын пациенттер соңғы дозаны қабылдағаннан кейін кемінде 21 күн бойы емшек емізбеуі тиіс.

Рибоциклибтің ұрпақ өрбіту функциясына әсері туралы клиникалық деректер жоқ. Алынған деректер негізінде рибоциклиб бала тудыруға қабілетті ұрпақ өрбіту функциясының бұзылуына әкелуі мүмкін.

Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Кискалитм препараты көлік құралдарын және/немесе механизмдерді басқару қабілетіне аздап ықпалын тигізуі мүмкін. Препаратты қолдану кезінде қатты қажығыштық, бас айналуы немесе вертиго дамуы мүмкін екендігін ескеріп, пациенттер көлік құралдарын және/немесе механизмдерді басқарғанда сақтық танытқандары жөн.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Кискалитм препаратымен емдеуді ісікке қарсы препараттармен жұмыс жасау тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен ғана жүргізген жөн.

Ішке қабылдау үшін Кискалитм препаратының ұсынылатын дозасы 21 күн бойы тәулігіне 1 рет 600 мг (үлбірлі қабықпен қапталған 200 мг 3 таблетка) құрайды, кейін препаратты қабылдауда 7 күн бойы үзіліс жасалады. Толық цикл 28 күнді құрайды. Препаратпен емдеуді клиникалық әсері сақталғанға дейін, немесе уыттылығы ұлғаймағанға дейін жалғастырады.

Кискалитм препаратын 2,5 мг дозада летрозолмен немесе басқа ароматаза тежегішімен немесе 500 мг дозада фулвестрантпен бір уақытта қабылдау керек. Кискалитм препаратын ароматаза тежегіштерімен біріктіріп бір уақытта қолданғанда ароматаза тежегіштерін бүкіл 28-күндік цикл бойына тәулігіне 1 рет қабылдау керек. Ароматаза тежегішін медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысып шығу керек.

Кискалитм препаратын фулвестрантпен біріктіріп қабылдағанда фулвестрантты 1, 15 және 29 күндері және осыдан кейін айына бір рет бұлшықет ішіне енгізеді. Қосымша ақпаратты фулвестрантты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.

Менопауза алдында және перименопауза кезеңінде әйелдерді Кискалитм препаратының мақұлданған біріктірілімдерімен емдеуге жергілікті клиникалық практикаға сәйкес LHRH агонистерін қосу керек.

Препараттың тағайындалған дозаларын күн сайын белгілі бір уақытта, дұрысы, таңертең қабылдау қажет.

Кискалитм препаратын қолдану тамақ ішуге байланысты емес. Кискалитм препаратын қолданғаннан кейін немесе кезекті қабылдауды өткізіп алған кезде пациент құсқан жағдайда бұл күні препараттың қосымша дозасын қабылдамаған жөн. Тағайындалған келесі дозаны әдеттегі уақытта қабылдау қажет. Кискалитм препаратының таблеткаларын бүтіндей жұтқан жөн (шайнамау, сындырмау және жұтар алдында бөлмеу керек). Бүлінген (сынған, жарылған немесе басқа да бүліну белгілері бар) таблеткаларды қабылдамау керек.

Дозаны түзету

Ауыр немесе жақпайтын жағымсыз дәрілік реакцияларды (ЖДР) түзету үшін Кискалитм препаратын қабылдауды уақытша тоқтату, дозасын азайту немесе толық тоқтату қажет болуы мүмкін. ЖДР кезінде ұсынылатын дозаны (қажет болғанда) төмендету жөніндегі нұсқаулар 1 кестеде берілген.

1 кесте. ЖДР кезінде ұсынылатын дозаны өзгертуге қатысты нұсқаулар

Кискалитм препараты

Доза

Таблеткалар саны

Бастапқы доза

Тәулігіне 600 мг

200 мг таблеткалар × 3

Дозаны алғашқы төмендету

Тәулігіне 400 мг

200 мг таблеткалар × 2

Дозаны екінші төмендету

Тәулігіне 200 мг*

200 мг таблеткалар × 1

* Егер дозаны әрі қарай тәулігіне 200 мг-ден азға төмендету қажет болса, препарат қабылдауды тоқтатқан жөн

2, 3, 4 және 5 кестелерде жеке ЖДР түзету үшін Кискалитм препаратын қабылдауды уақытша тоқтату, дозасын азайту немесе толық тоқтату жөнінде нұсқаулар берілген. Клиникалық жағдайларға сәйкес шешім қабылдай отырып, емдеуші дәрігер әрбір жекелеген жағдайда пайда/қаупі арақатынасына берілген бағаны ескеріп, әрбір пациентте жүргізілетін ем жоспарын басшылыққа алуы тиіс.

Кискалитм препаратымен емдеуді бастар алдында қанға жалпы талдау (ҚЖТ) жүргізу қажет. Кискалитм препаратымен емдеуді бастағаннан кейін кезекті 4 циклдың әрқайсысының басында, сосын клиникалық көрсетілімдер бойынша алғашқы 2 цикл ішінде 2 апта сайын ҚЖТ бақылап отыру керек.

2 кесте. Гематологиялық уыттылықта дозаны өзгерту және қолдану Нейтропения

1 немесе 2 дәреже

(Нейтрофилдердің абсолюттік саны (НАС) 1000/мм3 – < қалыптың төменгі шегі (ҚТШ))

3 дәреже

(НАС 500 - <1000/мм3)

Фебрильді нейтропения 3 дәрежесі*

4 дәреже

(НАС <500/мм3)

Дозаны түзету қажет емес.

2 дәрежеге дейінгі қалпына келгенше уақытша тоқтату.

Қабылдауды сол дозада қайта жаңғырту керек.

3 дәрежедегі нейтропения қайтадан дамыған кезде, ≤ 2 дәрежеге қайта қалпына келгенше емдеуді тоқтата тұру, содан кейін 1 деңгейге азайтылған дозада қабылдауды қайта жаңғырту керек.

Нейтропения көрсеткіштері ≤2 дәрежеге дейінгі қалпына келгенше уақытша тоқтату. Келесі деңгейге дейін азайтылған дозада қабылдауды қайта жаңғырту керек.

Көрсеткіштер ≤2 дәрежеге дейінгі қалпына келгенше қабылдауды уақытша тоқтату.

Келесі деңгейге дейін азайтылған дозада қабылдауды қайта жаңғырту керек.

* CTCAE 4.03 нұсқасына сай уыттылық дәрежесінің градациясы CTCAE (Жағымсыз құбылыстарға арналған критерийлердің жалпы терминологиясы).

** Бір сағаттан астам бойы немесе инфекциямен қатар жүретін >38,3ᵒC (немесе 38ᵒC-ден жоғары) жалғыз ғана қызба көрінісі бар 3 дәрежедегі нейтропения

НАС = нейтрофилдердің абсолюттік саны; ҚТШ = қалыптың төменгі шегі.

Кискалитм препаратымен емді бастар алдында бауырға функционалдық тесттер (БФТ) жүргізу қажет. Кискалитм препаратымен емдеуді бастағаннан кейін алдыңғы 2 цикл ішінде әрбір 2 апта сайын, кейінгі 4 циклдің әрқайсысының басында, содан кейін клиникалық көрсетілімдері бойынша БФТ нәтижелерін бақылау керек. Ауырлығы ≥2-дәрежедегі патологиялық құбылыстар болса жиірек бақылау ұсынылады.

3 кесте. Гепатобилиарлы уыттылықта дозаны өзгерту және қолдану

Жалпы билирубиннің2-ден аспайтын концентрациясы × қалыптың жоғарғы шегі (ҚЖШ) болатын бастапқы деңгеймен** салыстырған-да АСТ және/немесе АЛТ белсенділігі-нің жоғарылауы*

1 дәреже*

(>ҚЖШ – 3 × ҚЖШ)

2 дәреже*

(>3-тен 5 дейін × ҚЖШ)

3 дәреже*

(>5-тен 20 дейін × ҚЖШ)

4 дәреже*

(>20 × ҚЖШ)

Дозаны түзету қажет емес.

Бастапқы <2 дәреже:

Бастапқы дәрежеге дейін азайғанға дейін қабылдауды уақытша тоқтату, содан кейін қабылдауды сол дозада қайта жаңғырту керек. 2 дәрежедегі уыттылық қайтадан дамыған кезде, келесі деңгейге дейін азайтылған дозада қабылдауды қайта жаңғырту керек.

-----------------------

Бастапқыда – 2 дәреже:

Препарат қабылдауды үзбеу керек.

Бастапқы ≤ дәрежеге дейін азайғанға дейін қабылдауды уақытша тоқтату, содан кейін келесі деңгейге дейін азайтылған дозада қабылдауды қайта жаңғырту керек.

3 дәрежедегі уыттылық қайтадан дамыған кезде препарат қабылдауды тоқтатқан жөн.

Препа-

рат қабыл-дауды тоқта-ту

Холестаз дамуы жоқ кездегі жалпы билирубин концентрациясының артуымен бірге АСТ және/немесе АЛТ белсенділігі-нің бірігіп жоғарылауы

Егер жалпы билирубин концентрациясының >2 x ҚЖШ артуымен қатар, АЛТ және/немесе АСТ белсенділігі >3 x ҚЖШ деңгейіне дейін артса, бастапқы дәрежесіне қарамай-ақ препарат қабылдауды тоқтатқан жөн.

*CTCAE 4.03 нұсқасына сай уыттылық дәрежесінің градациясы CTCAE (Жағымсыз құбылыстарға арналған критерийлердің жалпы терминологиясы).

**Бастапқы деңгей = емдеуді бастағанға дейін.

ҚЖШ = қалыптың жоғарғы шегі.

Кискалитм препаратымен емдеуді бастағанға дейін ЭКГ жасау қажет. Ем басталғаннан кейін қайталама ЭКГ-ны шамамен бірінші циклдың 14-күні және екінші циклдың басында, әрі қарай – клиникалық көрсетілімдер бойынша жүргізу керек. QTcF аралығы ұзарған жағдайда емдеу кезінде ЭКГ жиірек бақылау ұсынылады.

4 кесте. QТ аралығы ұзарғанда дозаны өзгерту және қолдану

ЭКГ-де QTcF >480 мсек

Кискалитм препаратын қабылдауды уақытша тоқтату керек.

Егер QTcF аралығы <481 мсек дейін азайса, қабылдауды келесі төмендеген дозада қайта жаңғыртқан жөн;

Егер QTcF аралығы ≥481 мсек дейін қайтадан артса, Кискалитм препаратын қабылдауды QTcF аралығы <481 мсек дейін азайғанға дейін уақытша тоқтату керек; содан кейін келесі деңгейге дейін азайтылған дозада қабылдауды қайта жаңғыртқан жөн.

ЭКГ-де QTcF >500 мсек

Егер QTcF аралығы, 500 мсек асып кетсе: Кискалитм препаратын қабылдауды QTcF аралығы <481 мсек азайғанға дейін уақытша тоқтату, содан кейін келесі деңгейге дейін азайтылған дозада қабылдауды қайта жаңғырту керек.

Егер QTcF аралығының ұзақтығы 500 мсек шамасынан асып кетсе немесе «пируэт» типті қарыншалық тахикардиямен немесе полиморфты қарыншалық аритмиямен немесе ауыр дәрежедегі аритмияның даму симптомдарымен/белгілерімен біріккен бастапқы шамасымен салыстырғанда, 60 мсек шамасынан көбірекке ұзарғаны байқалса, Кискалитм препаратын қабылдауды үзілді-кесілді тоқтатқан жөн.

 

5 кесте . Өкпенің интерстициальді ауруы/пневмонит кезіндегі дозаны өзгерту және қолдану

Өкпенің интерстициальді ауруы/пневмонит

1 дәреже* (симптомсыз)

2 дәреже* (симптомды)

3 немесе 4 дәреже* (ауыр)

Дозаны түзету қажет емес.

Тиісті дәрі-дәрмек емін бастаңыз және клиникалық көрсеткіштерге сәйкес мониторинг жасаңыз

Препаратты қабылдауды ≤1-ші дәрежеге дейін қалпына келтіргенше уақытша тоқтату, содан кейін келесі деңгейге дейін азайтылған дозада Кискалитм қабылдауды қайта бастау

.**

Кискалитм препаратын қабылдауды тоқтату

CTCAE 4.03 нұсқасына сәйкес уыттылық дәрежесінің градациясы (CTCAE = жағымсыз құбылыстарға арналған критерийлердің жалпы терминологиясы).

** Кискалитм қайта бастау туралы мәселені қарау кезінде пайда мен қауіпке жеке баға беру керек.

6 кесте. Дозаны өзгерту және уыттылықтың басқа көріністері кезінде қолдану *

Уыттылықтың басқа да көріністері

1 немесе 2 дәреже

3 дәреже

4 дәреже

Дозаны түзету қажет емес.

Тиісті дәрі-дәрмек емін бастау және клиникалық көрсеткіштерге сәйкес мониторинг жасау.

Кискалитм препаратын қабылдауды ≤1 дәрежеге дейін қалпына келтіргенше уақытша тоқтату, содан кейін қабылдауды сол дозада қайта бастау.

Егер 3 дәрежедегі уыттылық қайта дамыса, келесі деңгейге дейін азайтылған дозада қабылдауды қайта бастау.

Препарат қабыл-дауды тоқтату

*гематологиялық уыттылықты, гепатобилиарлы уыттылықты және QT аралығының ұзаруын қоспағанда.

CTCAE 4.03 нұсқасына сәйкес уыттылық дәрежесінің градациясы CTCAE=жағымсыз құбылыстарды бағалау өлшемдерінің жалпы терминологиясы.

CYP3A изоферментінің күшті тежегіштерімен бірге пайдаланғанда Кискалитм препаратының дозасын өзгерту

Кискалитм препаратын CYP3A изоферментінің күшті тежегіштерімен бір мезгілде қолдануға жол бермеген жөн, CYP3A изоферментінің күші төмендеу тежегіштерімен біріктірілген альтернативті емдеу мүмкіндігін қарастыру қажет. CYP3A күшті тежегішін бір мезгілде қолдану қажет болғанда Кискалитм препаратының дозасын тәулігіне бір рет 400 мг дейін азайтқан жөн.

Рибоциклибтің дозасы тәулігіне бір рет 400 мг дейін азайтылған және Кискалитм препаратын CYP3A күшті тежегіштерімен бір мезгілде қолдануға жол бермеу мүмкін болмайтын пациенттерде доза тағы да 200 мг-ге азайтылады.

Рибоциклибтің дозасы тәулігіне бір рет 200 мг дейін азайтылған және Кискалитм препаратын CYP3A күшті тежегіштерімен бір мезгілде қолдануға жол бермеу мүмкін болмайтын пациенттерде Кискалитм препаратымен емдеуді доғарған жөн.

Әр адамда жекелей өзгергіштігіне байланысты, дозаға қатысты ұсынылатын түзету барлық пациенттер үшін оңтайлы болуы мүмкін емес, сондықтан уыттылық белгілерін мұқият бақылау ұсынылады. Күшті тежегішті қабылдауды тоқтатқан кезде Кискалитм препаратының дозасын CYP3A күшті тежегішін қолдануды бастар алдында пайдаланылған дозаға дейін (CYP3A күшті тежегішінің жартылай шығарылуының кем дегенде 5 кезеңіне сәйкес аралықтан кейін) өзгерткен жөн.

Енгізу әдісі мен жолы

Кискалитм препаратын тәулігіне бір рет күнделікті бір мезгілде тамақпен бірге немесе оған қарамай қабылдау керек. Кискалитм препаратының таблеткаларын бүтіндей жұтқан жөн, шайнамау, сындырмау және жұтар алдында бөлмеу керек. Бүлінген, сынған, жарылған немесе басқа да бүліну белгілері бар таблеткаларды қабылдамау керек..

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Кискалитм препаратының тіркелген артық дозалану жағдайларымен жұмыс істеу тәжірибесі шектеулі.

Симптомдары:Артық дозаланған жағдайда жүректің айнуы және құсу сияқты симптомдар туындауы мүмкін. Бұдан басқа, гематологиялық уыттылық (мысалы, нейтропения, тромбоцитопения) дамуы және QTc аралығы ұзаруы мүмкін.

Емі: Артық дозаланған жағдайда демеуші және симптоматикалық ем қолданылады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну жөніндегі нұсқаулар

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін дәрігерге немесе фармацевке кеңес алуға жүгініңіз

Дәрілік препаратты стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар

Жағымсыз реакциялар абсолюттік жиілігі бойынша әр көрсетілімге төменде атап көрсетілген. Жиіліктер өте жиі (≥1/10); жиі ( ≥1/100-ден <1/10 дейін); жиі емес ( ≥1/1000-нан <1/100 дейін); сирек ( ≥1/10 000-нан <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10 000); белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес) ретінде анықталады.

Өте жиі

- инфекциялар

- нейтропения, лейкопения, анемия,

- тәбеттің төмендеуі

- бас ауыруы, бас айналуы

- ентігу, жөтел

- жүрек айнуы, диарея, құсу, іш қатуы, стоматит, іш ауыруы

- алопеция, бөртпе, қышыну

- арқаның ауыруы

- әлсіздік, шеткері ісінулер, астения, дене температурасының жоғарылауы

- бауырдың функционалдық сынамаларының ауытқуы

Жиі

- лимфопения, тромбоцитопения, фебрильді нейтропения

- гипокальциемия, гипокалиемия, гипофосфатемия

- вертиго

- көп жас ағуы, көздің құрғап кетуі

- естен тану

- дисгевзия, диспепсия

- гепатотоуыттылық

- эритема, терінің құрғап кетуі, витилиго

- ауыздың құрғауы, ауызжұтқыншақтың ауыруы

- қандағы креатинин мөлшерінің жоғарылауы, ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы

Белгісіз

- уытты эпидермальді некролиз (УЭН)

Күтілетін дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 254,40 мг рибоциклиб сукцинаты (200 мг рибоциклибке баламалы),

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, төмен орын басылған гидроксипропилцеллюлоза, кросповидон (А типі), магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы.

Үлбірлі қабық: ақ түсті негізгі жабын қоспа, қара түсті негізгі жабын қоспа, қызыл түсті негізгі жабын қоспа.

«Ақ түсті негізгі жабын қоспа» құрамы: ішінара гидролизденген поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), тальк, соя лецитині, ксантан шайыры.

«Қара түсті негізгі жабын қоспа» құрамы: ішінара гидролизденген поливинил спирті, темірдің қара тотығы (Е 172), тальк, соя лецитині, ксантан шайыры.

«Қызыл түсті негізгі жабын қоспа» құрамы: ішінара гидролизденген поливинил спирті, темірдің қызыл тотығы (Е 172), тальк, соя лецитині, ксантан шайыры.

Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ашық сұр-күлгін түсті, үлбірлі қабықпен қапталған, кертігі бар, сыртқы беті иілген, дөңгелек пішінді, бір жақ бетінде «RIC» және екінші жақ бетінде «NVR» өрнегі бар таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

21 таблеткадан поливинилхлоридті, полихлортрифторэтиленмен ламинацияланған үлбірден және алюминий фольгадан немесе бір жақ беті полиамидпен ламинацияланған алюминийден, басқа жақ беті поливинилхлоридтен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

30ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәлімет

Новартис Сингапур Фармасьютикал Маньюфактуринг Пте Лтд

10 Туас Бей Лейн 637461

Сингапур

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Новартис Фарма АГ

Лихтштрассе 35

4056 Базель, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Новартис Фарма Сервисэз АГ компаниясының Қазақстан Республикасындағы филиалы

050022 Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 95

тел.: (727) 258-24-47 

факс: (727) 244-26-51

e-mail: drugsafety.cis@novartis.com

Прикрепленные файлы

Кискали_Инструкция.docx 0.07 кб
Кискали_ЛВ_02.09_.2020_каз_.docx 0.08 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники