Кефентек

МНН: Кетопрофен
Производитель: Jeil Pharmaceutical Co. Ltd
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ketoprofen
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018707
Информация о регистрации в РК: 08.09.2023 - 08.09.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Кефентек

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кетопрофен

Дәрілік түрі

Бұласыр, 30 г (10 см х 7 см)

Құрамы

1 бұласыр құрамында

белсенді заттар - 30.0 мг кетопрофен,

қосымша заттар: сұйық парафин, изопропилмиристат, сокен2 токоферол ацетаты3 , концентрацияланған глицерин, дегидратацияланған этанол, мата жолағы.

2 –алкилакрилат кополимері және винилацетат ерітіндісі

3 – dl –α-токоферол ацетаты

Сипаттамасы

Бұласыр жұқа қағаздан жасалған үлбірлі жабынмен қапталған мата негізіндегі түссіз, мөлдір паста болып табылады.

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппараттары ауруларын жергілікті емдеуге арналған препараттар. Жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидтық емес препараттар.

АТХ коды М02АА10

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кетопрофен теріге бұласырды жапсырғаннан кейін жылдам сіңіріледі. Тереңірек орналасқан тіндерге өтуі қанмен жүйелі қамтылуы арқылы жүзеге асады. Плазма ақуыздарымен экстенсивті (99,1%) байланысқан. Топикалық тағайындалғаннан кейін кетопрофеннің жоғары концентрациялары синовиальді сұйықтықтан, буын капсуласынан және майдан табылған. 24 сағат қолданылғаннан кейін сіңірілген кетопрофен мөлшері 11,21 ± 3,09 мг (барлық мөлшерінің 37,4%-ы) болды. Бұласыр арқылы кетопрофеннің жалпы жүйелі биожетімділігі ішу арқылы қабылдауға тағайындалған кетопрофеннің жүйелі биожетімділігінің 10%-ынан асқан жоқ. Бұласырдан баратын кетопрофеннің плазмалық концентрациялары қолданылғаннан кейін 24 сағатқа дейін 120 нг/мл деңгейінде ұсталып тұрды. Кетопрофен өт пен несеп арқылы шығарылады. Кетопрофеннің негізгі шығарылу жолы – бұл глюкуронидтердің ренальді шығарылуы.

Фармакодинамикасы

Кефентек – бұл қабынуға қарсы стероидтық емес дәрі (ҚҚСД), қабынуға қарсы, ыстық түсіруші және ауыруды басушы әсер көрсетеді. Белсенді зат - кетопрофен сүйектің кері сіңірілуінің тиімді депрессоры. Оның механизмі зақымданған жасушалардан немесе шеміршек тәрізді тіннен босап шығатын химиялық медиаторларды синтездейтін циклооксигеназаны қайтымсыз тежеуімен белгілі.

Препарат қозғалыс кезіндегі және тыныштықтағы буындардың ауыруын, «таңғы сіресу» белгілерінің азаюын туындатады, қимыл-әрекет көлемінің ұлғаюына ықпал етеді.

Қолданылуы

- остеоартриттерді, соның ішінде ревматоидтық түрін емдеуде

- жұмсақ тіндердің зақымдануларында (жарақаттық контузиялар және спортпен айналысу кезінде болатын жедел болымсыз зақымданулар)

- созылмалы қабыну ауруларымен (буын маңындағы және одан тыс ревматологиялық аурулармен) байланысты жергілікті ауыруларда

- қаңқа-бұлшықеттік немесе миофасциальді ауыру синдромында

Қолдану тәсілі және дозалары

Бұласыр күніне екі рет зақымдалған бөлікке (таңертең және кешке) қолданылады. Ұсынылатын емдеу ұзақтығы – бірнеше күннен бастап, 2 айға дейін. Кефентек бұласырларын қосымша ем ретінде қабынуға қарсы стероидтық емес ішілетін препараттармен бірге пайдалануға болады.

Жағымсыз әсерлері

- іштің ауыруы, диспепсия, бауыр қызметінің бұзылуы

- ұйқысыздық, қозу, жүйкенің тозуы, депрессия, астения

- құлақтың шыңылдауы, анық көрмеу

- артериялық қысымның көтерілуі

- ісіну синдромы

- тері бөртпесі (соның ішінде, эритематоздық, есекжем), тері қышымасы, ринит, ангионевротикалық ісіну

- терлеудің күшеюі

Сирек

- дәм сезудің бұрмалануы, шөлдеу

- сананың шатасуы немесе естен тану, жадының бұзылуы, бас сақинасы, шеткергі нейропатия

- конъюнктивит, көздің шырышты қабығының құрғауы, көздің ауыруы, гиперемия, конъюнктивалар, естудің нашарлауы, бас айналу

- тахикардия

- агранулоцитоз, анемия, гемолитикалық анемия, тромбоцитопения,

лейкопения

- гематурия, цистит, уретрит, бүйрек қызметінің бұзылуы, интерстициальді

нефрит, нефротикалық синдром

- бронх түйілуі, эксфолиативтік дерматит, анафилактикалық шок

- миалгиялар, бұлшықет тартуы

- ентігу, фотосенсибилизация

- эритема, қышыну, күйдіру түріндегі жергілікті реакциялар

- буллезді немесе фликтенулезді экзема (жайылған немесе таралған)

- өте жоғары сезімталдық реакциялары.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- кетопрофенге, қосымша ингредиенттерге жоғары сезімталдық және оларды көтере алмаушылық

- фенофибратқа, тиапрофен қышқылына, ацетилсалицил қышқылына, немесе басқа да ҚҚСД өте жоғары сезімталдық реакциялары - ашық жарақат, сыдырылған жерлердің жұқпалануы, жаралар мен күйіктер, суланған дерматоздар, экзема

- ойық жаралы колит, ойық жаралы аурудың өршуі

- айқын бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі

- 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік кезең

- жүктілік және лактация кезеңі

- сыртартқысындағы фотосенсиблизация реакциялары

- кетопрофенге, тиапрофен қышқылына, фенофибратқа, УФ-сәулелері бөгегіштеріне немесе или парфюмерияға терінің аллерогиялық реакциялары

- емдеу кезеңінде және ем тоқтатқаннан 2 аптадан кейін күн инсоляциясын, тіпті бұлтты-бұлыңғыр күндері, солярий қолдануға болмайды.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кефентек бұласырын басқа ҚҚСД-мен бір мезгілде пайдалануға болады.

Ацетилсалицил қышқылын бір мезгілде қабылдау кетопрофеннің плазма ақуыздарымен байланысу дәрежесін азайтады. Кетопрофен несеп айдаушы дәрілердің әсерін әлсіретеді. Кефентек қандағы метотрексат концентрациясын жоғарылатады (оның жағымсыз әсерінің күшеюі).

Айрықша нұсқаулар

Препаратты теріге әрбір жаққаннан кейін қолды мұқият жуу керек. Құрамында октокрилен бар косметикалық заттарды қолданудан кейінгі тері реакцияларын қоса алғандағы кез келген тері реакциялары дамуында ем дереу тоқтатылуы тиіс.

Егер емдеу курсынан кейін емделушінің ахуалы жақсармаса, емдеуді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Анықталмаған

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары байқалған жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Жұқа қағаздан жасалған үлбірлі қорғағыш жабынмен қапталған мөлшері 10х7 см 7 бұласырдан алюминий-қағаз конвертке салады.

20 конверттен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші-ұйымның атауы мен елі

Jeil Pharmaceutical Co.Ltd, Корея, 117-1, Keunkog-ri, Baegam-myun, Cheoin-gu, Yongin-si, Kyunggi-do Брюфармэкспорт sprl үшін, 14 Рю де ля Грот, 1020, г.Брюссель, Бельгия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Брюфармэкспорт c.п.р.л., Брюссель, Бельгия

Қаптаушы-ұйымның атауы мен елі

Jeil Pharmaceutical Co. Ltd, Корея, Брюфармэкспорт c.п.р.л. үшін, Брюссель, Бельгия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Казфармпромоушн» ЖШС

Алматы қ., Бөгенбай батыр к-сі, 142, 724 кеңсе

тел.:+7 (727) 250-72-70;

e-mail: alma02@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

608416121477977179_ru.doc 56 кб
056268811477978338_kz.doc 66.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники