Кетотоп® гель (2,5%)

МНН: Кетопрофен
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ketoprofen
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013341
Информация о регистрации в РК: 27.03.2012 - 27.03.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Кетотоп®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кетопрофен

Дәрілік түрі

2,5% 30 г гель

Құрамы

1 г гельдің құрамында

белсенді зат – 0,0250 г кетопрофен,

қосымша заттар: карбомер 940, полиэтиленоксид 400, пропиленгликоль, нероль майы, натрий бензоаты, 96% этил спирті, тазартылған су.

Сипаттамасы

Нероль майына тән иісі бар тұтқыр консистенциялы, біркелкі, мөлдір дерлік, түссіз гель массасы.

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Кетопрофен.

ATХ коды М02АА10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына жету уақыты (Tmax) тері бетіне қолданғанда 5-8 сағат. Сыртқа қолданғанда кетопрофен өте баяу сіңеді және іс жүзінде организмде жинақталмайды. Биожетімділігі шамамен 5%-ды құрайды, ол басқа ағзаларға әсер етпей жергілікті әсерге жетуге мүмкіндік береді (тері бетіне жапсырғанда 50-150 мг доза 5-8 сағаттан соң қан плазмасында 0,08-0,15 мкг/мл деңгейіне жетеді).

Фармакодинамикасы

Кетотоп® гелі қабынуға қарсы жергілікті, антиэкссудативті және ауыруды басушы әсер етеді.

Кетопрофен - Кетотоп® гелі препаратының құрамына кіретін белсенді зат, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерге (ҚҚСД) жатады.

Арахидон қышқылы метаболизмінің циклооксигеназалы және липооксигеназалы шоғырына әсер ете отырып, кетопрофен простагландиндер, лейкотриендер мен тромбоксандар синтезін тежейді. Кетопрофен лизосомалар жарғақшаларын тұрақтандырады, лизосомалы ферменттердің босап шығуын баяулатады, антибрадикининді әсері бар, тромбоциттер агрегациясына кедергі етеді, ревматоидты артриті бар науқастарда нейтрофилдер белсенділігінің едәуір тежелуін туындатады, қантамырлар өткізгіштігін азайтады.

Кетотоптың ауыруды басатын айқын әсері орталықтан және шеткергі әсер ету механизмдерінен туындаған.

Кетотоп гель түрінде буындар, сіңірлер, байламдар, бұлшықеттер, тері, көктамырлар, лимфатикалық қантамырлар мен лимфатикалық түйіндердің зақымдануында жергілікті емдеуді қамтамасыз етеді. Буын синдромында артралгияның тыныш күйдегі және қимыл кезіндегі әлсіреуін, буындардың таңертеңгі сіресуі мен буындар домбығуы азаюын туындатады.

Қолданылуы

- ревматоидты артрит, шорбуынданған спондилоартритте кешенді ем құрамында

- остеоартрозда

- бурсит, тендовагинитте

- невралгия, миалгия және қабыну мен ауыру синдромымен қатар жүретін қимыл-тірек аппаратының басқа да ауруларында

- тері жабындарының бүтіндігі бұзылмаған сіңірлер, байламдар, бұлшықеттер мен буындардың жарақаттанып зақымдауынуда (созылулар, шығарып алу, соғылулар)

- миозитте

Қолдану тәсілі және дозалары

Тек сыртқа қолдануға арналған.

Кетотоп® гелін тері бетіне күніне 2-4 рет абайлап ысқылау қимылдарымен терінің қабынған немесе ауырған жерлеріне жұқалап жағады.

Таңғыш қоймаған жөн.

Емдеу курсының ұзақтығы 14 күннен аспауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

- эритема, қышыну, күйдіру, тері гиперемиясы түріндегі жергілікті реакциялар

- аса жоғары сезімталдық реакциялары, фотосенсибилизация

Сирек

- бронх түйілуі, шокты қоса, жүйелі анафилактикалық реакциялар

- интерстициальді нефрит, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде бүйрек қызметінің бұзылуы

- буллезді немесе фликтенулезді экзема (жайылған немесе таралған)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- кетопрофенге және препараттың басқа компоненттеріне, фенофибратқа, тиапрофен қышқылына, ацетилсалицил қышқылы немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерге аса жоғары сезімталдық

- кетопрофенге, тиапрофен қышқылына, фенофибратқа, УК-сәулелер тежегіштері немесе парфюмерияға терінің аллергиялық реакциялары

- сыртартқысында салицилаттар қабылдауға аллергиялық реакциялар болуы немесе аллергиялық аурулар мен бронх демікпесіне бейімділік, фотосенсибилизация реакциялары

- емдеу кезеңінде және емді тоқтатқаннан кейінгі 2 аптада күн бұлтты болса да, күн инсоляциясы, солярий қолданылмауы тиіс

- ылғалданатын дерматоздар, экзема, жұқпаланған сыдырулар мен жаралар

- жүктілік және лактация кезеңі

- 15 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа да қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен (ҚҚСД), глюкокортикостероидтермен (ГКС), этанол, кортикотропинмен бірге қабылдау ойық жаралар түзілуі мен асқазан-ішек жолдарынан қан кетуге әкеп соқтыруы мүмкін. Ішу арқылы қабылданатын антикоагулянттармен, гепарин, тромболитиктер, антиагреганттар, цефаперазон, цефамандол, цефотетан және моксалактаммен бір мезгілде тағайындау қан кету қаупін арттырады. Натрий вальпроатымен бірге қолдану тромбоциттер агрегациясы бұзылуын туындатады.

Несеп айдағыш дәрілердің әсерін әлсіретеді. Кетотоп® пен ілгекті диуретиктерді бір мезгілде тағайындағанда екі препараттың нефроуытты әсері де күшейеді.

Кетотоп пен варфаринді немесе литий тұздарын бір мезгілде тағайындағанда емделушілер дәрігердің қатаң қадағалауында болулары керек (оның бүйрекпен шығарылуының төмендеуі есебінен қан плазмасында литий концентрациясының уыттылыққа дейін артуы). Кетотоп® метотрексаттың қандағы концентрациясын арттырады (оның жағымсыз әсерінің күшеюі).

Трамадол ерітіндісімен фармацевтикалық үйлесімсіз.

Кетотоп® антигипертензивті дәрілердің (бета-адренобөгегіштер, АӨФ тежегіштерін, диуретиктерді) әсерін азайтып, ішу арқылы қабылданатын гипогликемиялайтын препараттар – сульфонилмочевина туындыларының әсерін күшейтуі мүмкін.

Верапамил және нифедипиннің қан плазмасындағы концентрациясын жоғарылатады.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты теріге жаққаннан кейін қолды әрдайым мұқият жуу керек. Ашық жараға немесе терінің зақымданған жерлеріне жағу ұсынылмайды. Гельдің шырышты қабықтар мен көзге түсуіне жол бермеу керек.

Құрамында октокрилен бар косметикалық дәрілерді қолданғаннан кейінгі тері реакцияларын қоса, кез келген тері реакциялары дамуы кезінде емдеу дереу тоқтатылуы тиіс.

Фотосенсибилизация қаупінің алдын алу үшін емдеу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін 2 апта бойы тікелей күн сәулесінен және ультракүлгін сәуледен (УКС) аулақ болу керек.

Терінің ауқымды беттеріне ұзақ уақыт бойы жаққанда жүйелі жағымсыз әсерлер даму қаупі артады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын жүргізуге және қауіптілігі зор механизмдерді басқаруға әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: тітіркену, эритема, қышыну.

Емі: гель жағатын жерді ағын сумен мұқият шаю керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г медициналық жақпамайларға арналған, іші лакпен жабындалған бушоны бар алюминий сықпаға салынған. Әрбір сықпа қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, ҚАЗАҚСТАН,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 561342

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz

Прикрепленные файлы

539196981477977093_ru.doc 53 кб
722502151477978253_kz.doc 64.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники