Кетоплюс
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Кетоплюс
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Сусабын, 60 мл және 150 мл
Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: кетоконазол 20 мг,
ұсақталған 48 % мырыш пиритионы, 10 мг мырыш
пиритионына баламалы,
қосымша заттар: алюминий және магний силикаты, коллоидты кремнийдің қостотығы, концентрацияланған хлорсутек қышқылы, гипромеллоза 50 СРS, имидомочевина, Кармоизин Супра IH бояғышы, швейцариялық гүл шоғы хош иістендіргіші Р3043, пропиленгликоль, сусабынның таза маржан негізі, тазартылған су.
Сипаттамасы
Жағымды иісі бар қызғылт түсті тұтқыр сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Тері ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Емдік әсері бар сусабындар. Емдік әсері бар басқа да сусабындар.
ATХ коды D11AС30
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жергілікті қолданғанда кетоконазол және мырыш пиритионы аз ғана сіңеді. Сусабынды ұзақ уақыт қолданғанда қанда белсенді заттар анықталмайды, сондықтан препараттың жүйелі әсері жоқ.
Фармакодинамикасы
Кетоконазол – имидазол-диоксоланның синтетикалық туындысы, Trichophyton spp., Epidermophyton spp., Microsporum spp. сияқты дерматофиттерге және Candida spp. және Malassezia furfur (Pityrosporum ovale) сияқты ашытқы тәрізді зеңдерге қатысты зеңдерге қарсы әсерге ие.
Мырыш пиритионы эпителий жасушаларында антипролиферативтік әсер етеді және терінің шамадан тыс қабыршықтануын туындататын Pityrosporum ovale және Pityrosporum orbiculare қатысты зеңге қарсы белсенділігін байқатады.
Кетоплюс сусабыны әдетте қайызғақпен және себореялық дерматитпен астасатын бас терісінің қабыршықтануы және қышынуын азайтады.
Қолданылуы
- бастың шашты бөлігінің зеңдік зақымданулары: себореялық дерматитте, кебек тәріздес теміреткіде
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа қолдануға арналған.
Қолдану тәсілі:
1. Суға салып шашты және бастың шашты бөлігінің терісін сулау керек.
2. Шашты және бастың шашты бөлігі терісін жуу үшін сусабынның жеткілікті мөлшерін көбіктенгенше жағу керек.
3. Сусабынды бір минут бойы уқалап қимылдай отырып, шашқа және бастың шашты бөлігінің терісіне бөлу керек.
4. Сусабынды жылы сумен жуып тастайды. Үдерісті қайталап, сусабынды шашта және бастың шашты бөлігінің терісінде 3 минутқа қалдырып қояды.
5. Жылы сумен жуып тастап, шашты сүлгімен немесе фенмен кептіру керек.
Сусабынды әр 3 күн сайын аптасына екі рет 4 апта бойы пайдаланады. Алдын алу үшін – аптасына бір рет 1 ай бойы.
Жағымсыз әсерлері
Сирек
- жергілікті тітіркену, қышыну немесе жанаспалы дерматит (тітіркену немесе аллергиялық реакция салдарынан)
- шаштың майлылығы немесе құрғақтығының артуы
- шаш түсуінің күшеюі
Өте сирек
- аса жоғары сезімталдық реакциялары, есекжем
- терінің құрғауы
- жекелеген жағдайларда, негізінен химиялық зақымданған немесе ақ шашты емделушілерде шаш түсінің өзгеруі байқалған.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
– кетоконазолға, басқа да азоль туындыларына, мырыш пиритионына, препараттың қосымша компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Зерттелмеген
Айрықша нұсқаулар
-
Көзге тигізуден сақтану керек. Сусабын көзге тиіп кеткен кезде сумен жуу қажет
-
Сусабынды ұдайы қолданудан кейін жай-күйі нашарлағанда немесе жақсаруы болмаған кезде, дәрігермен кеңесу қажет.
-
Сусабынды қолданғанда химиялық бұйралаудан зақымданған шаштардың түсуі мүмкін.
-
Жағымсыз реакциялар немесе тітіркенулер пайда болған кезде сусабын қолдануды тоқтату қажет.
-
Сыртартқыда пиритионға аллергиялық реакциялары немесе консерванттарға, бояғыштарға аллергиялар болған кезде дәрігерге хабарлаған жөн.
Жергілікті қолдануға арналған глюкокортикостероидтарды (ГКС) қолданатын емделушілерде препаратты пайдаланған кезде, тоқтату синдромын болдырмас үшін ГКС-ны Кетоплюс сусабынымен үйлестіре қолдануды жалғастыру ұсынылады, содан соң ГКС-ны 2-3 апта ішінде біртіндеп тоқтату керек.
Себореялық дерматит және қайызғақтың шаштың қатты түсуімен қатар жүруі жиі болады. Кетоплюс сусабынын қолданғанда шаштың қатты түсуі сирек жағдайларда байқалған.
Жүктілік және лактация кезеңі
Сыртқа қолданғаннан кейін кетоконазол мен мырыш пиритионы тері арқылы болмашы ғана сіңетіндіктен, Кетоплюс сусабынын жүктілік және лактация кезеңінде пайдалануға болады. Бірақ сусабынды, егер анасы үшін болжамды пайдасы ұрық пен нәрестеге төнетін ықтимал қауіптен асып түсетін болса, қатаң көрсетілімдер бойынша қолданған жөн.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Кетоплюс сусабыны автомобиль басқару және техникамен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Кетоплюс сусабынын пайдаланғанда артық дозалану болады деп жорамалданбайды, өйткені препарат тек сыртқа қолдануға арналған. Кездейсоқ ішке қабылдануы жағдайында арнайы шаралар қажет етілмейді. Аспирацияны болдырмау үшін құстыртуға немесе асқазанды шаюды пайдалануға тыйым салынады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
60 мл немесе 150 мл сусабын пластик құтыда. 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Гленмарк Фармасьютикалз Лтд, ПЛОТ № Е 37,39, МИДС Ареа, Сатпур, Насик – 422007, Махараштра, Үндістан.
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
Гленмарк Фармасьютикалз Лтд, Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Гленмарк Фармасьютикалз ЛТД ҚР өкілдігі, 050005, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы,7, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, 4 А блок, 7 кеңсе.
тел: + 7(727) 311 04 41.