Кетиап® (25 мг)

МНН: Кветиапин
Производитель: Фармацевтический завод Польфарма АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Quetiapine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018809
Информация о регистрации в РК: 27.03.2012 - 27.03.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Кетиап®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кветиапин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 25 мг, 100 мг, 150 мг, 200 мг немесе 300 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат - кветиапин фумараты (25 мг, 100 мг, 150 мг, 200 мг немесе 300 мг кветиапинге баламалы),

қосымша заттар: повидон К30, микрокристалды целлюлоза, кальций гидрофосфатының дигидраты, натрий крахмалының гликолаты (С типі), кремнийдің коллоидты сусыз қостотығы, магний стеараты,

қабықтың құрамы: Опадри II қызғылт 33G34413: гипромеллоза 6 cP (2910) (E464), титанның қостотығы E171, лактоза моногидраты, макрогол 3350, триацетин, темірдің (III) қызыл тотығы E172, темірдің (III) сары тотығы E172 (25 мг доза үшін),

Опадри II сары 33G32578: гипромеллоза 6 cP (2910) (E464), титанның қостотығы E171, лактоза моногидраты, макрогол 3350, триацетин, темірдің (III) сары тотығы E172 (100 мг доза үшін),

Опадри II сары 33G32605: гипромеллоза 6 cP (2910) (E464), титанның қостотығы E171, лактоза моногидраты, макрогол 3350, триацетин, темірдің (III) сары тотығы E172 (150 мг доза үшін),

Опадри II ақ 33G28523: гипромеллоза 6 cP (2910) (E464), титанның қостотығы E171, лактоза моногидраты, макрогол 3350, триацетин (200 мг және 300 мг доза үшін).

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (25 мг доза үшін)

Дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (100 мг доза үшін)

Дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес, крем түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (150 мг доза үшін)

Дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (200 мг доза үшін)

Сопақша пішінді, бір жағында бөлу сызығы бар, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (300 мг доза үшін)

Фармакотерапиялық тобы

Нейролептиктер (антипсихотиктер). Дибензодиазепиндер және олардың туындылары.

ATЖ коды N05AH04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішу арқылы енгізгенде кветиапин жақсы сіңеді және белсенді метаболизденеді. Ас ішу кветиапин биожетімділігіне елеулі әсерін тигізбейді. Кветиапин қан плазмасы ақуыздарымен шамамен 83% байланысады. Белсенді N-дезалкил-кветиапин метаболитінің ең жоғары молярлы концентрациялары тепе-тең жағдайда кветиапинде байқалған концентрациялардың 35%-ын құрайды. Кветиапин мен N-дезалкил-кветиапиннің жартылай шығарылу кезеңі, тиісінше, 7 және 12 сағатқа жуық құрайды.

Кветиапин мен N-дезалкил-кветиапин фармакокинетикасы мақұлданған дозалар кеңдігінде дозаға байланысты болады. Ерлер мен әйелдерде кветиапин кинетикасының айырмашылығы жоқ.

Егде жастағы емделушілерде кветиапиннің орташа клиренсі, 18-65 жас аралығындағы ересек емделушілермен салыстырғанда, шамамен 30-50% төмен.

Бүйрек қызметінің ауыр бұзылуы бар тұлғаларда (креатинин клиренсі 30 мл/мин/1,73 м2 аз) кветиапиннің орташа плазмалық клиренсі шамамен 25% төмен, дегенмен клиренстің жекелеген көрсеткіштері дені сау тұлғаларға тән кеңдікпен сәйкес болды.

Несеппен шығарылған бос кветиапин мен белсенді N-дезалкил-кветиапин метаболитінің орташа молярлы дозалық фракциясы <5% құрады.

Кветиапин бауырмен белсенді метаболизденеді; радиоактивті изотоппен таңбаланған кветиапинді енгізгеннен кейін бастапқы препарат үлесіне несеп пен нәжістегі препаратпен байланысқан өзгеріссіз материалдың 5%-дан азы тиесілі болады. Бауыр қызметінің бұзылуы дәлелденген тұлғаларда (бауырдың тұрақты алкогольді циррозы) кветиапиннің орташа плазмалық клиренсі шамамен 25% төмендеді. Кветиапин бауырда белсенді метаболизденетіндіктен, бауыр қызметі бұзылған емделушілер популяциясында препараттың плазмалық деңгейінің жоғарылауы болады. Мұндай емделушілерде дозаны реттеу қажет болуы мүмкін.

Радиоактивтілігінің шамамен 73%-ы несеппен, 21%-ы нәжіспен шығарылды. Іn vitro зерттеулерінде CYP3A4-тің P450 цитохромымен оқшауланған кветиапин метаболизміне жауап беретін бастапқы фермент екені анықталды. N-дезалкил-кветиапин бірінші кезекте түзіледі және CYP3A4 арқылы шығарылады.

Кветиапин және оның бірқатар метаболиттерінің (N-дезалкил-кветиапинді қоса) адамдағы P450 1A2, 2C9, 2C19, 2D6 және 3A4 цитохромы белсенділігінің әлсіз тежегіштері болып табылатыны іn vitro анықталды. CYP in vitro тежелуі препарат тәулігіне 300 мг-ден басталатын доза кеңдігінде тағайындалғанда адамдағы концентрациясынан 5-50 есе асып кететін концентрациялар кезінде ғана болды. Осы in vitro нәтижелерін негізге ала отырып, кветиапинді басқа препараттармен бірге енгізудің өзге препарат метаболизмінің P450 цитохромымен оқшауланатын клиникалық елеулі тежелуіне әкелу ықтималдығының төмен екені жөнінде қорытынды жасауға болады. Спецификалық өзара әрекеттесуді зерттеу деректері бойынша, психозы бар емделушілерде кветиапинді енгізгеннен кейін P450 цитохромы белсенділігінің жоғарылауы болған жоқ.

Фармакодинамикасы

Кетиап – мидың нейротрансмиттерлік рецепторларының үлкен санына антагонистік әсерлерін тигізетін атипиялық антипсихотикалық препарат. Кветиапин мен оның белсенді метаболиті - норкветиапиннің серотониндік (5-HT1A және 5-HT2), допаминдік D1 және D2, гистаминдік (H1) және адренергиялық α1 және α2-рецепторларымен тектестігі бар. Допаминдік D1 және D2- рецепторларынан гөрі, 5-HT2-рецепторларының ең күшті тежегіші болып табылады. Кветиапиннің гистаминдік (H1) және α1–адренорецепторларымен жоғары тектестігі де бар, ал α2–адренорецепторларымен тектестігі төмендеу. М-холинорецепторлар мен бензодиазепин рецепторларымен тектестігі жоқ. Кветиапиннің әсер ету механизмі, басқа антипсихотикалық дәрілер сияқты, белгісіз. Препараттың антипсихотикалық және сирек экстрапирамидалық әсерлері рецепторларға антагонистік әсерінің ерекше біріктірілімімен жорамалды байланысқан. Кветиапинді қабылдаған кезде ұйқышылдықтың күшеюін оның гистамин (H1) рецепторларына жоғары тектестігімен түсіндіруге болады. Кветиапинді қабылдау кезінде ортостатикалық гипотензияның дамуы оның α1-адренорецепторларымен жоғары тектестігімен түсіндіріледі.

Экстрапирамидалық жағымсыз әсерлер (ЭЖӘ) болжанатын клиникаға дейінгі тестілердің деректері бойынша, кветиапин стандартты антипсихотикалық дәрілерге ұқсас емес және атипиялық бейін иеленген. Ұзақ уақыт енгізгенде кветиапин дофаминдік D2-рецепторларына асқын сезімталдық туғызбайды.

Кветиапин қан плазмасындағы пролактин деңгейі жоғарылауының ұзаққа созылуын туындатпайды Бекітілген дозалармен жүргізілген клиникалық зерттеулерде Кветиапинді немесе плацебоны пайдаланған кезде пролактин деңгейіндегі айырмашылықтар анықталған жоқ.

Қолданылуы

- жедел және созылмалы психоздар, шизофренияны қоса

- биполярлық бұзылыстар құрылымындағы маниакальді көріністер

Қолдану тәсілі және дозалары

Кетиап, ас ішуге байланыссыз, тәулігіне 2 рет ішке қабылдауға тағайындалады.

Ересектер

Шизофренияны қоса, жедел және созылмалы психоздарды емдеу: емдеудің алғашқы 4 күніндегі тәуліктік доза: 1-ші күні - 50 мг, 2-ші күні - 100 мг, 3-ші күні - 200 мг, 4-ші күні - 300 мг құрайды.

4-ші күннен бастап әріқарай доза, әдетте, тәулігіне 300-ден 450 мг-ге дейінгі шектерде тиімдісіне дейін таңдалуы тиіс. Жеке емделушідегі клиникалық тиімділікке және әркімнің көтере алуына қарай дозаны тәулігіне 150-ден 750 мг-ге дейінгі кеңдікте ретке келтіруге болады. Ұсынылатын ең жоғары тәуліктік дозасы 750 мг құрайды.

Биполярлық бұзылыстармен байланысты маниакальді көріністерді емдеу: Кетиап монотерапия немесе нормотимиктерге қосымша ем ретінде қолданылады. Емдеудің алғашқы төрт күніндегі жалпы тәуліктік дозасы: 1-ші күні - 100 мг, 2-ші күні - 200 мг, 3-ші күні - 300 мг, 4-ші күні - 400 мг құрайды. Әріқарай емнің 6-шы күніне таман препараттың тәуліктік дозасын 800 мг-ге дейін көбейтуге болады. Тәуліктік дозаны арттыру тәулігіне 200 мг-ден аспауы тиіс. Дозаны, емделушінің жеке көтере алуына және клиникалық тиімділігіне қарай тәулігіне 200-ден 800 мг-ге дейінгі кеңдікте реттеуге болады. Жалпы тиімді дозасы тәулігіне 400-ден 800 мг-ге дейін құрайды.

Биполярлық бұзылыстар құрылымындағы депрессиялық көріністерді емдеу:

Кетиап тәулігіне бір рет түнге қарай тағайындалады. Емдеудің алғашқы 4 тәулігіне арналған тәуліктік дозасы: 1-ші тәулікте – 50 мг, 2-ші тәулікте – 100 мг, 3-ші тәулікте – 200 мг, 4-ші тәулікте – 300 мг. Ұсынылатын доза тәулігіне 300 мг құрайды. Кетиаптың ұсынылатын ең жоғары тәуліктік дозасы 600 мг құрайды.

Егде жастағылар

Кетиапты егде жастағы емделушілерде, әсіресе, емдеудің басында абайлап қолдану керек. Егде емделушілерде Кетиаптың бастапқы дозасы тәулігіне 25 мг құрайды. Дозаны күн сайын, жастау емделушілердегіден гөрі азырақ болатын тиімді дозаға жеткенше, 25-50 мг-ге арттыру керек.

Балалар мен жасөспірімдер

Кетиаптың балалар мен жасөспірімдердегі қауіпсіздігі мен тиімділігі бағаланған жоқ.

Бүйрек және бауыр қызметі бұзылған емделушілер

Бүйрек пен бауыр қызметі бұзылған емделушілерде ішке қабылдаған кезде Кетиап клиренсі шамамен 25% төмендеген. Кетиап бауырда белсенді метаболизденеді, сондықтан да бауыр қызметінің бұзылуы дәлелденген емделушілерде сақтықпен қолданылуы тиіс.

Бауыр мен бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде Кетиаппен емдеу тәулігіне 25 мг дозадан басталуы тиіс. Дозаны күн сайын тиімді дозаға жеткенше 25-50 мг-ге арттыру керек.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (>10%)

- ұйқышылдық, бас айналу, бас ауыру

Жиі (1% және 10%)

- ауыздың кеберсуі

- «тоқтату» синдромы

- гиперпролактинемия

- тахикардия, ортостатикалық гипотензия, естен тану

- ринит

- іш қату, диспепсия, тәбеттің артуы, дене салмағының көбеюі

- жеңіл астения

- шеткергі ісінулер

- бауыр трансаминазалары (АСТ, АЛТ) белсенділігінің жоғарылауы

- гипергликемия

- лейкопения

Жиі емес (0,1% - 1%)

- эозинофилия

- асқын сезімталдық реакциялары

- құрысулар, шаршаған аяқтар синдромы

- дисфагия

- гаммаглутаминотрансфераза (ГГТ) белсенділігінің жоғарылауы

- триглицеридтер, жалпы холестерин (ең алдымен, тығыздығы төмен холестерин липопротеидтері – ТТЛП) концентрацияларының жоғарылауы

Сирек (0,01 - 0,1%)

- сарғаю

- приапизм

- қатерлі нейролептикалық синдром

Өте сирек (<1/10000)

- анафилактикалық реакциялар

- қант диабеті

- кешеуілді дискинезия

- гепатит

- ангионевротикалық ісіну, Стивенс-Джонсон синдромы

Нейролептиктерді қолданған кезде QTаралығының ұзаруы, қарыншалық аритмиялар, кенеттен өлу, жүректің тоқтап қалуы және пируэтті тахикардия жағдайлары болды, бұл белгілер аталған класс препараттарының жағымсыз әсерлері болып саналады.

Жиілігі белгісіз

- нейтропения

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді затына немесе құрамдас бөліктерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- Р450 цитохромы тежегіштерімен бір мезгілде қолдану (мысалы, АИВ протеазасы тежегіштері, азол туындылары класының зеңге қарсы препараттары, эритромицин, кларитромицин және нефазодон)

- 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік кезең (қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кетиапты орталықтан әсер ететін басқа препараттармен біріктіргенде және алкогольмен сақтықпен қолдану керек.

P450 цитохромы (CYP) 3A4 – бұл, бірінші кезекте, P450 цитохромымен оқшауланған кветиапин метаболизмі үшін жауап беретін фермент. Дені сау еріктілердегі өзара әрекеттесу зерттеулерінің деректері бойынша, кветиапин (25 мг дозада) мен кетоконазолды (CYP3A4 тежегіші) қатарлас енгізудің кветиапиннің AUC көрсеткішінің 5-8-есе ұлғаюын туындататыны көрсетілген. Осы деректер жүзінде, кветиапинді CYP3A4 тежегіштерімен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді. Бұдан басқа, кветиапинді грейпфрут шырынымен қабылдау ұсынылмайды.

Карбамазепинмен (бауыр ферменттерінің белгілі индукторы) емдеуге дейін және емдеу кезінде тағайындалған кветиапин фармакокинетикасын бағалау үшін дозалардың көп рет енгізілуін зерттеулерде карбамазепинді бірге тағайындаудың кветиапин клиренсін елеулі арттыратыны көрсетілген. Клиренстің осылайша жоғарылауы кветиапиннің жүйелі экспозициясын (AUC деректері бойынша) кветиапинді оқшаулай енгізген кездегі көрсеткіштің 13%-ына дейін орташа төмендетті; кейбір емделушілерде айқын көріністі әсері болды. Осындай өзара әрекеттесу салдарынан препараттың төмен плазмалық концентрацияларына жетуге болады, бұл кветиапинмен емдеу тиімділігіне ықпал етуі мүмкін. Кветиапин мен фенитоинды (микросомалық ферменттердің басқа индукторы) бірге енгізу кветиапин клиренсінің едәуір жоғарылауын (шамамен 450%) туындатты.

Бауыр ферменттерінің индукторларын алатын емделушілерде, егер дәрігер осындай емдеудің пайдасы бауыр ферменттерінің индукторын тоқтату қаупінен артық болады деп тапқан жағдайда ғана, кветиапинмен емдеуді бастауға болады. Препараттардың - микросомалық ферменттер индукторларының дозасын өзгерту біртіндеп жүзеге асады; қажет болса, оларды бауыр ферменттерін индукциялау әсері жоқ препараттармен (мысалы, натрий вальпроаты) алмастырады.

Имипрамин (белгілі CYP 2D6 тежегіші) немесе флуоксетин (CYP 3A4 және CYP 2D6 тежегіші) антидепрессантын бірге енгізу кветиапин фармакокинетикасына елеулі әсерін тигізбейді.

Рисперидон немесе галоперидол антипсихотикалық дәрілерін бірге енгізу кветиапин фармакокинетикасын елеулі өзгерткен жоқ. Кветиапин мен тиоридазинді бірге қолдану кветиапин клиренсінің шамамен 70% ұлғаюына әкелді.

Циметидинді бірге тағайындау кветиапин фармакокинетикасын өзгерткен жоқ.

Кветиапинді бірге тағайындау литий препараттарының фармакокинетикасын өзгертпейді.

Кветиапин мен натрий вальпроатын бірге енгізу екі препараттың да фармакокинетикасына клиникалық елеулі ықпалын тигізген жоқ.

Жүрек-қантамыр жүйесіне әсер ететін кең таралымды препараттармен дәрілік өзара әрекеттесудің арнаулы зерттеулері жүргізілмеген.

Кветапинді электролит теңгерімсіздігін немесе QTc аралығының ұзаруын туындататын препараттармен бірге тағайындағанда сақтық шараларын қадағалау керек.

Айрықша нұсқаулар

Ұйқышылдық

Кетиаппен емделген кезде ұйқышылдық және онымен байланысты белгілер, мысалы, тыныштану болуы мүмкін. Қатты ұйқышылдық болған кезде биполярлық бұзылыстар құрылымындағы депрессиясы бар емделушілерге ұйқышылдық пайда болған сәттен бастап немесе белгілердің айқындылығы азайғанша 2 апта бойы дәрігерге жиірек қаралу қажет болады.

Жүрек-қантамыр жүйесі

Кетиапты жүрек-қантамыр жүйесінің анықталған аурулары бар, ми тамырлары зақымданған немесе гипотензияның дамуы жорамалданатын басқаша ахуалдағы емделушілерде сақтықпен қолдану керек. Кетиап, әсіресе, дозаны титрлеудің бастапқы кезеңінде ортостатикалық гипотензияның дамуын туындатады; сондықтан гипотензия дамыған кезде дозаны азайту немесе оны біртіндеп барып титрлеу талап етіледі.

Кветиапинді, басқа антипсихотикалық препараттар сияқты, QT аралығының ұзаруы бұрын болған жүрек-қантамыр аурулары бар емделушілерге тағайындағанда сақ болу керек. Сонымен қатар Кетиап препаратын QTс аралығын ұзартатын препараттармен, әсіресе, егде жастағы тұлғаларда, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге және туа біткен QT аралығының ұзару синдромы бар емделушілерге бір мезгілде тағайындағанда абайлаған дұрыс.

Құрысулар

Сыртартқысында құрысулары бар емделушілерді емдегенде сақтық шараларын қадағалау керек.

Кешеуілдеген дискинезия

Кешеуілдеген дискинезияның нышандары мен белгілері дамығанда препарат дозасын азайту немесе оны біртіндеп тоқтату мәселесін қарастыру керек.

Қатерлі нейролептикалық синдром

Кетиап қамтылатын антипсихотикалық дәрілермен емдегенде қатерлі нейролептикалық синдром дамуы мүмкін. Осы синдромның клиникалық көріністері гипертермияны, сана жай-күйінің өзгеруін, бұлшықет сіресуін, автономды жүйке жүйесінің орнықсыздығын және креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауын қамтиды. Осындай жағдайларда Кетиаппен емдеу тоқтатылып, тиісті дәрі-дәрмектік ем тағайындалу керек.

Айқын нейтропения

Кветиапиннің клиникалық зерттеулерінде айқын нейтропенияның (нейтрофильдер деңгейі < 0,5 х 109/л) кездесуі жиі емес.

Көпшілік жағдайларда айқын нейтропения кветиапинмен емдеу басталғаннан кейін екі ай ішінде дамыды. Постмаркетингтік қолдану тәжірибесінің деректері бойынша, кветиапинді тоқтатқаннан кейін лейкопенияның және/немесе нейтропенияның кері дамуы байқалды.

Нейтропенияның болжамды қауіп факторлары осының алдындағы лейкопенияны және бұрын болған дәрілік нейтропения жөніндегі деректерді қамтиды. Кветиапинмен емдеуді нейтрофильдер деңгейі <1,0 х109/л төмен емделушілерде тоқтату керек. Емделушілер нейтрофильдер деңгейі жоғарылағанша (1,5 х 109/л) жұқпалардың белгілері мен нышандарының дамуы тұрғысынан қадағалануы тиіс.

Гипергликемия

Препаратты қабылдау аясында сыртартқысында қант диабеті бар емделушілерде гипергликемияның дамуы немесе қант диабетінің асқынуы мүмкін. Қант диабеті бар емделушілерді және қант диабетінің қауіпті даму факторлары бар емделушілерді клиникалық қадағалау ұсынылады.

Липидтер деңгейі

Препаратты қабылдау аясында триглицеридтер мен холестерин концентрацияларының жоғарылауы, сондай-ақ ТЖЛП концентрациясының төмендеуі мүмкін. Сондықтан липидтер деңгейін бақылаған дұрыс.

Препаратты тоқтатумен байланысты жедел реакциялар

Препаратты күрт тоқтатқанда жүрек айну, құсу, ұйқысыздық, бас ауыру, бас айналу сияқты жедел реакциялар дамуы мүмкін. Психотикалық белгілердің оралуы білінеді, сондай-ақ еріктен тыс қимыл-әрекет бұзылыстарының пайда болуы жөнінде хабарланған. Осыған орай, препаратты тоқтатуды біртіндеп жүргізу ұсынылады.

Деменциясы бар егде жастағы емделушілер

Кетиап деменциямен байланысты психоздарды емдеу үшін көрсетілмеген.

Суицидтік ойлар немесе клиникалық нашарлау

Биполярлық бұзылыс кезіндегі депрессия суицидтік ойлардың, өзіне-өзі зақым келтіру мен суицидтің (суицидпен байланысты оқиғалардың) пайда болуының жоғары қаупімен байланысты болады. Аталған қауіп айқын ремиссияның басталу сәтіне дейін сақталады. Жалпы қабылданған клиникалық тәжірибе деректері бойынша, суицид қаупі ремиссия басталуының ерте сатыларында жоғарылайды.

Осылайша, депрессиялық көрінісі бар емделушілерді емдеу кезінде қолданылатын сақтану шаралары басқа психикалық бұзылыстары бар емделушілерді емдегенде де қабылдануы тиіс.

Сыртартқысында суицидтік оқиғалары бар емделушілер, сондай-ақ емдеудің басында суицидтік ойларын анық баяндайтын емделушілер суицидтік ниеттер мен суицидтік әрекеттердің жоғары қауіп тобына жатады және емдеу үдерісінде мұқият қадағалануы тиіс.

Қосымша ақпарат

Орташа немесе ауыр маниакальді көріністер кезінде кветиапинді дивалпроекспен немесе литий препараттарымен қолдану жөніндегі деректер шектеулі; сонымен бірге, біріктірілген ем жақсы көтерімді болды. Алынған деректер 3-ші аптаға қарай аддитивті әсердің болатынын көрсетті. Екінші зерттеу 6-шы аптаға қарай аддитивті әсердің дамуын көрсеткен жоқ. Кетиап құрамында лактоза бар. Галактозаны көтере алмаушылықпен, еркек жыныстыларда лактоза жетіспеушілігімен, немесе глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуымен байланысты сирек тұқым қуалаған аурулары бар емделушілер бұл препаратты қабылдамауы тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті әйелдерде Кетиаптың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Сондықтан, жүкті кезде Кетиапты әйел үшін күтілетін пайда ұрыққа төнетін зор қатерден артық болғанда ғана қолдануға болады.

Кветиапиннің ана сүтімен шығарылу дәрежесі белгісіз. Әйелдерге Кетиапты қабылдаған кезде бала емізуді қоя тұруға кеңес беру қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Кетиап ұйқышылдық пен бас айналуын туғызады, сондықтан емделу кезеңінде емделушілерге қауіпті саналатын механизмдермен жұмыс істеу ұсынылмайды, соның ішінде көлік құралдарын басқаруға кеңес берілмейді.

Артық дозаланғанда

Белгілері: ұйқышылдық, седация, тахикардия және артериялық қысымның төмендеуі.

Емдеу: арнайы у қайтарғылары жоқ. Тыныс алу қызметін және жүрек-қантамыр жүйесін ұстап тұруға, талапқа сай оттегілендіру және желдетумен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүргізу ұсынылады. Белгісіне қарай емдеу. Асқазанды шаю және белсенділендірілген көмір мен іш жүргізетін дәрілерді тағайындау сіңірілмеген кветиапиннің шығарылуына ықпал етеді, алайда бұл шаралардың тиімділігі зерттелмеген.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилдихлоридті үлбірден (ПВДХ) және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

3 (25 мг доза үшін), 6 және 9 (100 мг, 150 мг, 200 мг және 300 мг доза үшін) пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Польфарма» АҚ фармацевтикалық зауыты

Пельплиньска к-сі 19, 83-200 Старогард Гданьски, Польша

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында өнім, тауар сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронлық пошта: standart@santo.kz

 

Прикрепленные файлы

561983541477977086_ru.doc 109 кб
412078961477978249_kz.doc 121.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники