Кеппра® (1000 мг)

МНН: Леветирацетам
Производитель: ЮСБ Фарма С. А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Levetiracetam
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014390
Информация о регистрации в РК: 15.10.2014 - 15.10.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 300 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Кеппра®

  •  
  • Халықаралық патенттелмеген атауы

    Леветирацетам

  •  
  • Дәрілік түрі

    Үлбірлі қабықпен қапталған 250 мг, 500 мг, 1000 мг таблеткалар

Құрамы

белсенді зат 250 мг леветирацетам,

қосымша заттар: натрий кроскармеллозасы, макрогол 6000, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты,

Опадрай 85F20694 көк қабығының құрамы: FD&C көк №2 бояғышы /индигокармин алюминий лагы (E132), макрогол/полиэтиленгликоль 3350, поливинил спирті, ішінара гидролизделген, тальк, титанның қостотығы (E171).

  •  
  • Бір 500 мг таблетканың құрамында

    белсенді зат - 500 мг леветирацетам,

    қосымша заттар: натрий кроскармеллозасы, макрогол 6000, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты,

    Опадрай 85F32004 сары қабығының құрамы: темірдің сары тотығы (E172), макрогол/полиэтиленгликоль 3350, поливинил спирті, ішінара гидролизделген, тальк, титанның қостотығы (E171).

  • Бір 1000 мг таблетканың құрамында

    белсенді зат - 1000 мг леветирацетам,

    қосымша заттар: натрий кроскармеллозасы, макрогол 6000, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты,

    Опадрай 85 F 18422 ақ қабығының құрамы: макрогол/полиэтиленгликоль 3350, поливинил спирті, ішінара гидролизделген, тальк, титанның қостотығы (E171).

Сипаттамасы

250 мг таблеткалар

Ұзынша пішінді, сындыру үшін сызығы бар, таблетканың бір жағында «ucb» және «250» саны таңбаланған көгілдір түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

500 мг таблеткалар

Ұзынша пішінді, сындыру үшін сызығы бар, таблетканың бір жағында «ucb» және «500» саны таңбаланған сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

1000 мг таблеткалар

Ұзынша пішінді, сындыру үшін сызығы бар, таблетканың бір жағында «ucb» және «1000» таңбаланған ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Эпилепсияға қарсы препараттар. Эпилепсияға қарсы басқа да препараттар. Леветирацетам.

  • ATХ коды N03АX14

Фармакологиялық қасиеттері

  • Фармакокинетикасы

    Сіңуі

    Ішке қабылдағаннан кейін леветирацетам асқазан-ішек жолынан жылдам сіңеді. Сіңуі толық және дозаға байланысты сипат алады, бұл сарысудағы препарат концентрациясын мг/кг дене салмағы бойынша көрсетілген леветирацетамның қабылданған дозасы негізінде жорамалдауға мүмкіндік береді. Сіңу дәрежесі дозаға және ас ішуге тәуелді емес. Биожетімділігі 100 %-ға жуық құрайды. Сарысудағы ең жоғары концентрациясына (Cmax) 1000 мг дозаны ішу арқылы қолданғаннан кейін 1,3 сағаттан соң жетеді және 31 мкг/мл құрайды; қайталанған дозасынан кейін – 43 мкг/мл. Тепе-тең жағдайына 2 күннен соң жетеді, концентрациясы 270 нг/мл құрайды; 1000 мг дозаны қайталап қолданғаннан кейін – 308 нг/мл. Тұрақты концентрацияларына тәулігіне екі мәрте қолданған кезде 2 күннен соң жетеді.

    Балалардағы леветирацетамның фармакокинетикасы күніне 20-60 мг/кг дозалар аралығында дозаға байланысты сипатқа ие; Cmax 0,5-1 сағаттан соң жетеді.

    Таралуы

    Леветирацетам мен оның негізгі метаболитінің қан плазмасы ақуыздарымен байланысу дәрежесі 10 %-дан аз. Таралу көлемі (Vd) шамамен 0,5-0,7 л/кг құрайды, ол организм сұйықтығының жалпы көлеміне сәйкес.

    Метаболизмі

    Леветирацетам адам организмінде экстенсивті метаболизденбейді. Метаболизмінің негізгі механизмі (24 %) метаболиттері қан денешіктерін қоса, көптеген тіндерде анықталатын ацетамидті топтың ферментті гидролизі болып табылады. Фармакологиялық белсенді емес негізгі метаболиттің (ucb L057) түзілуі бауырдың Р450 цитохромының қатысуынсыз жүреді.

    In vitro леветирацетам және оның алғашқы метаболиттері Р450 цитохромалары изоформаларымен (CYP3A4, 2A6, 2C9, 2C19, 2D6, 2E1, 1A2), глюкуронидтрансферазалармен (UGT1A1, UGT1A6) және эпоксид гидроксолазамен бәсеңдетілмейді. Леветирацетам вальпрой қышқылының глюкуронизациясына әсер етпейді.

    Гепатоциттердің жасушалық өсірінділерінде леветирацетам CYP2B6 мен CYP3A4-ке өте төмен әсер ету дәрежесін иеленген немесе иеленбеген. Леветирацетам мен ішке қабылдауға арналған контрацептивтер, варфарин және дигоксин арасында айтарлықтай өзара әрекеттесу күтілмейді. Осылайша леветирацетамның басқа субстанциялармен өзара әрекеттесу мүмкіндігі төмен.

    Шығарылуы

    Ересектердегі жартылай шығарылу кезеңі (T½) 7 ± 1 сағат құрап, енгізу тәсіліне және қолдану режиміне байланысты емес. Орташа жүйелі клиренсі 0,96 мл/мин/кг құрайды. Препараттың 95 % бүйрекпен шығарылады. Нәжіспен шығарылуы қабылданған дозадан 0,3 % жуықты құрайды. Леветирацетам мен оның алғашқы метаболиттерінің несеппен жинақталып шығарылуы негізінен алғашқы 48 сағат ішінде қабылданған дозадан 24-66 % құрайды. Леветирацетам мен оның метаболитінің бүйректік клиренсі, тиісінше, 0,6 және 4,2 мл/мин/кг-ге тең.

    Қайталап қабылдағаннан кейін клиренсінің өзгеруі байқалмайды.

    Жынысы, нәсілі

    Жынысы мен нәсілі леветирацетамның фармакокинетикасына әсер етпейді.

    Егде пациенттер

    Егде пациенттерде T½ осы топ пациенттеріндегі бүйрек функциясының нашарлауына орай, 40 % (10-11 сағатқа дейін) артады.

    Бүйрек функциясының бұзылуы

    Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде леветирацетам мен оның негізгі метаболитінің клиренсі креатинин клиренсімен өзара байланысады, сондықтан бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны креатинин клиренсімен сәйкес іріктеу ұсынылады. Бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы ересектерде T½ диализ сеанстары арасындағы кезеңде 25 сағат және диализ кезінде 3,1 сағат құрайды. Диализдің 4 сағаттық сеансы ішінде леветирацитам 51 % дейін шығарылады.

    Бауыр функциясының бұзылуы

    Бауыр функциясының әлсіз немесе орташа бұзылулары бар пациенттерде леветирацетам клиренсінің елеулі өзгерістері байқалмайды. Көптеген жағдайларда бауыр функциясының ауыр бұзылуларында және қатарлас бүйрек жеткіліксіздігінде леветирацетам клиренсі, негізінен, бүйрек клиренсінің нашарлауынан 50 % азаяды.

    Балалар

    Балаларда (6-дан 12 жасқа дейін) бір реттік 20 мг/кг дозаны ішу арқылы қабылдағаннан кейін T½ 5-6 сағатқа жуық құрайды. Балалардағы жүйелі клиренс, ересектердегіден гөрі, шамамен 30 % жоғары, әрі дене салмағына тіке байланысты. Эпилепсиясы бар (6-дан 12 жасқа дейінгі) балаларда ішке қайталап қабылдаудан кейін (20-дан 60 мг/кг/тәулік) леветирацетам жылдам сіңеді. Препаратты қабылдағаннан кейін плазмадағы концентрациясының шыңы 0,5 -тен 1,0 сағатқа дейін байқалады. Плазмадағы және қисық астындағы аудан концентрациясы шыңының дозаға байланысты және дозаға пропорционалды жоғарылауы байқалған. Жартылай шығарылу кезеңі шамамен 5 сағатты құрайды. Айқын клиренсі 1,1 мл/мин/кг құрайды.

    Фармакодинамикасы

    Леветирацетам, Кеппра® препаратының әсер етуші заты, құрылымы жағынан эпилепсияға қарсы белгілі препараттардан ерекшеленетін пирролидон туындысы (α-этил-2-оксо-1-пирролидинацетамидтің S-энантиомері) болып табылады. Леветирацетамның әсер ету механизмі толығымен зерттелмеген, бірақ қолданымдағы эпилепсияға қарсы дәрілердің әсер ету механизмдерінен нақты ерекшеленеді.

    Іn vitro және in vivo зерттеулерінің деректері леветирацетам негізгі жасушалық сипаттамаларға және қалыпты нейротрансмиссияға ықпал етпейді деп жорамалдауға мүмкіндік береді.

    Іn vitro зерттеулерінде леветирацетамның нейрондардағы Ca2+ иондарының концентрациясына ықпал ететіні, N-түріндегі өзектер арқылы Ca2+ ағымын ішінара кедергілейтіні және кальцийдің нейронішілік деподан босап шығуын бәсеңдететіні көрсетілген. Бұдан басқа, леветирацетам цинк және β-карболиндер әсерімен бәсеңдейтін ГАМК- және глицин-тәуелді өзектер арқылы өтетін ағымды ішінара қалыпқа келтіреді.

    Жорамалданатын әсер ету механизмдерінің бірі ми мен жұлынның сұр затында болатын SV2A синаптикалық везикулаларының гликопротеинмен қосылуының дәлелденген байланысына негізделеді. Нейрондық белсенділіктің асқын синхрондалуды болдырмау түрінде көріністелетін құрысуға қарсы әсері жорамалды түрде осымен түсіндіріледі.

    Ол өз алдына, леветирацетам ГАМК- және глицин рецепторларына ықпал етіп, оларды әртүрлі эндогенді қосылыстар арқылы модулдейді. Леветирацетам қалыпты нейротрансмиссияға әсер етпейді, бірақ ГАМК агонисі бикукуллинмен индукцияланған эпилепсия түріндегі нейроналды ұстамаларды, сондай-ақ глутамат рецепторларының қозуын бәсеңдетеді. Препараттың әрі фокальді, әрі жайылған эпилепсия ұстамаларына қатысты белсенділігі (эпилепсия түріндегі көріністер/фотопароксизмалық реакция) дәлелденген.

Қолданылуы

Монотерапия ретінде:

-эпилепсия алғаш диагностикаланған ересектер мен 16 жастағы және одан үлкен жасөспірімдердегі екіншілік жайылуы бар және онсыз парциальді ұстамаларды емдегенде

Қосымша ем ретінде:

- эпилепсиясы бар ересектер, жасөспірімдер мен 1 жастан асқан балалардағы екіншілік жайылуы бар және онсыз парциальді ұстамаларды емдегенде;

- ересектер мен ювенильді миоклонустық эпилепсиясы бар 12 жастан асқан балалардағы миоклонустық құрысуларды емдегенде;

- идиопатиялық жайылған эпилепсиясы бар ересектер мен 12 жастан асқан балалардағы алғашқы жайылған тонустық-миоклонустық ұстамаларды емдегенде.

Жұту актісінің қиындауымен пациенттерде препаратты инъекция түрінде қолдануға болады (ересектер мен 4 жастан асқан балалар).

Қолдану тәсілі және дозалары

Ем көктамырішілік немесе пероральді енгізілуден басталуы мүмкін. Енгізудің басқа түріне ауысу тікелей, дозаны титрлеусіз жүргізілуі керек. Жалпы тәуліктік дозаны және енгізу жиілігін ұстану керек.

Кеппра® препаратын ас ішуге байланыссыз, ішу арқылы қабылдайды.

Тәуліктік дозаны екі бірдей қабылдауға бөледі. Таблеткаларды судың жеткілікті мөлшерімен ішеді.

Монотерапия

Ересектер мен 16 жастан асқан жасөспірімдерді емдеуді екі қабылдауға бөлінген (күніне 2 рет ½ таблеткадан 500 мг) тәуліктік доза 500 мг-ден бастайды. 2 аптадан соң доза 1000 мг бастапқы емдік дозаға дейін (тәулігіне екі мәрте 500 мг-ден) жоғарылатуы мүмкін. Кейіннен емге клиникалық жауапқа байланысты доза әрбір 2 аптада 250 мг жоғарылатуы мүмкін. Ең жоғары тәуліктік доза 3000 мг (тәулігіне екі мәрте 1500 мг-ден) құрайды.

Қосымша ем ретінде

18 жастағы және одан асқан жасөспірімдер мен ересектер және 12-ден 17 жасқа дейінгі дене салмағы 50 кг немесе жоғары жасөспірімдер

Емді екі қабылдауға бөлінген (тәулігіне екі рет 500 мг-ден) 1000 мг тәуліктік дозадан бастау керек. Бұл доза курстің бірінші күні тағайындалуы керек.

Клиникалық жауапқа және препараттың көтерілімділігіне байланысты, доза тәулігіне екі рет тағайындалатын 1500 мг дейін жоғарылатуы мүмкін. Күніне екі рет 500 мг адыммен дозаны түзетуді (азайту немесе жоғарылату) әрбір 2-4 аптада жүргізуге болады.

  • Балалар

    Дәрігер препаратты пациенттің дене салмағына, жасына және қажетті емдік дозасына қарай сәйкес келетін дәрілік түрінде және дозасында тағайындауы керек.

    Препараттың таблетка түрін 6 жасқа толмаған балаларда қолдануға болмайды. Сондай-ақ препараттың таблетка түрін дене салмағы 25 кг дейінгі балаларға, жұту акттысының қиындығымен пациенттерге, немесе 250 мг төмен дозасын тағайындау көрсетілімдегілерге тағайындауға болмайды. Барлық жоғарыда аталған жағдайларда препаратты ішуге арналған ерітінді түрінде қабылдау керек.

    Монотерапия

    Кеппраның® 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде монотерапия ретінде тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.

    Дене салмағы 50 кг дейінгі балалар мен жасөспірімдер үшін қосымша ем

    Бастапқы доза күніне екі рет дене салмағына 10 мг/кг құрайды. Клиникалық жауапқа және препараттың көтерілімділігіне байланысты дозаны тәулігіне екі рет дене салмағына 30 мг/кг дейін жоғарылатуға болады. Түзету үшін дозаның қадамы әрбір 2 аптада тәулігіне екі рет дене салмағына 10 мг/кг аспауы керек. Ең төмен тиімді дозаны қабылдау керек. Дене салмағы 50 кг және жоғары балаларда препарат дозасы ересектердегідей.

    Балалар және жасөспірімдерге арналған дозалау бойынша ұсыныстар

    Салмағы

    Старттық доза:

    10 мг/кг күніне екі рет

    Ең жоғары доза: 30 мг/кг күніне екі рет

    25 кг(1)

    250 мг күніне екі рет

    750 мг күніне екі рет

    50 кг(2) бастап

    500 мг күніне екі рет

    1500 мг күніне екі рет

    (1)- дұрысы, салмағы 25 кг дейін немесе азырақ балаларға емдеуді ішке қабылдауға арналған 100 мг/мл леветирацетам ерітіндісімен бастау

    (2)- салмағы 50 кг басталатын немесе одан астам балалар мен жасөспірімдерге арналған дозалау дәл ересектердегідей.

    Егде жастағы пациенттер

    Бүйрек функциясы бұзылған жағдайда дозаны түзету ұсынылады.

    Бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттер

    Тәуліктік доза бүйрек дисфункциясы дәрежесіне сәйкес жекелей тағайындалуы керек.

    Леветирацетам бүйрекпен шығарылатындықтан, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны креатинин клиренсіне қарай іріктеу қажет.

    Дене салмағы 50 кг жоғары ересектер мен жасөспірімдер үшін креатинин клиренсін (КК) сарысудағы креатинин концентрациясының негізінде келесі формула бойынша есептеуге болады:

    [140 – жасы (жылдар)] × дене салмағы (кг)

    КК (мл/мин) = ----------------------------------------------------

    72 × сарысулық КК (мг/дл)

    Креатинин клиренсі әйелдерде алынған мәнді 0,85-ке көбейту арқылы есептеледі.

    Дене беткейі ауданына (ДБА) қарай реттеу келесі формула бойынша жүргізіледі:

    КК (мл/мин)

    КК (мл/мин/1,73 м²) = --------------------------x 1,73

    Пациент ДБА (м²)

    Дене салмағы 50 кг және одан көп бүйрек бұзылуы бар ересектер мен жасөспірімдер үшін дозалау сызбасы

    Бүйрек жеткіліксіздігі

    КК (мл/мин)

    (мл/мин/1,73 м²)

    Дозалау сызбасы

    Бүйректің қалыпты функциясы

    > 80

    500-1500 мг күніне екі мәрте

    Жеңіл дәрежедегі бұзылу

    50-79

    500-1000 мг күніне екі мәрте

    Орташа дәрежедегі бұзылу

    30-49

    250-750 мг күніне екі мәрте

    Ауыр дәрежедегі бұзылу

    < 30

    250-500 мг күніне екі мәрте

    Терминальді сатысы – диализдегі пациенттер*

    < 10

    500-1000 мг күніне бір рет **

    * Емдеудің бірінші күні 750 мг қанықтыратын дозаны қабылдау ұсынылады

    ** Диализден кейін 250-500 мг қосымша дозаны қабылдау ұсынылады.

    Бауыр жеткіліксіздігі

    Бауыр функциясының әлсіз және орташа бұзылуларында дозаны түзету талап етілмейді. Бауыр функциясының бұзылуы ауыр пациенттерде креатинин клиренсінің төмендеуі бүйрек функциясының бұзылу дәрежесін толық көлемде көрсете алмауы мүмкін, сондықтан креатинин клиренсі <60 мл/мин/1,73 м2 пациенттерге тәуліктік дозаны 50 % төмендету ұсынылады.

    Бүйрегінің бұзылулары бар балаларда леветирацетам дозасын бүйрек жеткіліксіздігінің дәрежесіне сай ретке келтіру қажет.

    Жасөспірімдер, балалар мен сәбилердегі мл/мин/1,73 м2 креатинин клиренсін (КК) креатининнің сарысулық (мг/дл) деңгейі негізінде келесі формула бойынша (Шварц формуласы) есептеуге болады:

    Бойы (см) x ks

    КК (мл/мин/1, 73 м2) = ------------------------------------

    Сарысу креатинині (мг/дл)

    13 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірім қыз балалар жағдайында ks=0,55; жасөспірім ұлдар жағдайында ks=0,7.

    Бүйрек функциясы бұзылған дене салмағы 50 кг-ден аз балалар және жасөспірімдерде дозалау сызбасы

    Сатысы

    Креатинин клиренсі (мл/мин/1,73 м2)

    Дозасы және қолдану жиілігі

    дене салмағы 50 кг-ден аз балалар және жасөспірімдер

    Бүйректің қалыпты функциясы

    > 80

    10-30 мг/кг күніне екі мәрте

    Жеңіл дәрежедегі бұзылу

    50-79

    10-20 мг/кг күніне екі мәрте

    Орташа дәрежедегі бұзылу

    30-49

    5-15 мг/кг күніне екі мәрте

    Ауыр дәрежедегі бұзылу

    < 30

    5-10 мг/кг күніне екі мәрте

    Диализде жүрген бүйрек жеткілік-

    сіздігінің терминальді сатысындағы пациенттер

    --

    10-20 мг/кг күніне бір рет (1) (2)

    (1) Леветирацетамды қолданған алғашқы күні 15 мг/кг жүктеме дозасын қабылдау ұсынылады.

    (2) Диализден кейін 5-10 мг/кг қосымша дозаны қабылдау ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялар бейіні 3416 пациентті қамтумен плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеулердің деректерін талдауға негізделген. Назофарингит, шаршау, бас ауыруы, ұйқышылдық, бас айналуы жиірек кездесетін жағымсыз реакциялар болды.

Төменде көрсетілген жағымсыз реакциялар, ағзалар мен ағзалар жүйесінің зақымдануы және пайда болу жиілігіне қарай берілген. Пайда болу жиілігі келесідегідей анықталады: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 және <1/10), жиі емес (≥ 1/1 000 және < 1/100), сирек (≥ 1/10 000 және < 1/1 000), өте сирек (< 1/10 000).

Өте жиі

- назофарингит

- ұйқышылдық

- бас ауыруы

Жиі

- анорексия (жиі топираматпен қатар тағайындағанда )

- депрессия, озбырлық, мазасыздану, ұйқысыздық, жүйке тозуы, ашуланшақтық, эмоциялық ауытқушылық/көңіл-күй құбылуы,

- құрысулар, тепе теңдіктің бұзылуы, бас айналуы, летаргия, тремор

- вертиго

- жөтел

- іштің ауыруы, диарея, диспепсия, жүрек айнуы, құсу

- бөртпе

- астения/шаршағыштық

Жиі емес

- лейкопения/тромбоцитопения

- дене салмағының төмендеуі/жоғарылауы

- суицидке әрекет жасау, суицидальді ойлар, психикалық бұзылыстар, мінез-құлықтың ауытқуы, елестеулер, ызалану, сананың шатасуы, үрейлі шабуыл, эмоциялық ауытқушылық/көңіл-күй құбылуы, қозу

- амнезия, жадының нашарлауы, атаксия/ қимыл-үйлесімінің бұзылуы, парестезиялар, зейіннің бұзылуы

- диплопия, көру бұлыңғырлығы

- бауыр сынамаларының патологиялық нәтижелері

- алопеция (препаратты қабылдауды тоқтатқанда регрессия), экзема, қышыну

- бұлшықет әлсіздігі, миалгия

- жарақаттар

Сирек

- инфекциялар

- панцитопения (кейбір жағдайларда сүйек кемігінің миелосупрессиясымен қатар жүрді), нейтропения, агранулоцитоз

- эозинофилия және жүйелі реакциялар түріндегі дәрілік реакциялар (DRESS)

- гипонатриемия

- суицид, патологиялық ойлар, тұлғалық бұзылыс,

- хореоатетоз, дискинезия, гиперкинезия

- панкреатит

- бауыр жеткіліксіздігі, гепатит

- уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема

4-тен 16 жасқа дейінгі 645 балаларды емдеуде алынған деректерді салыстырғанда балаларда жоғары жиілікте кездесетін мінез құлықтық және психиатриялық бұзылыстардан басқа балалар мен ересектер арасындағы жағымсыз реакциялар бейінінің ұқсастығы анықталды.

Аталған топта келесі жағымсыз реакциялар ересектерге қарағанда жиі кездеседі: құсу, үрейлену, көңіл күйдің құбылуы, орнықсыздық, озбырлық, әдеттегіден тыс мінез құлық, летаргия.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- леветирацетамға, пирролидонның басқа туындыларына немесе препараттың кез келген қосымша компонентіне аса жоғары сезімталдық

- 6 жасқа дейінгі балалар (препаратты ішуге арналған ерітінді түрінде қолдану ұсынылады)

- 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік кезең (250 мг дозалы таблеткалар үшін)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Эпилепсияға қарсы препараттар

Леветирацетам белгілі эпилепсияға қарсы препараттардың (фенитоин, карбамазепин, вальпрой қышқылы, фенобарбитал, ламотриджин, топирамат, габапентин және примидон) қан сарысуындағы концентрациясына әсер етпейді.

Ересектердегідей балалардың популяциясында Кеппра® препаратын тәулігіне 60 мг/кг дозада тағайындағанда дәрілік препараттың айтарлықтай өзара әрекеттесуі байқалған жоқ.

Эпилепсиямен балалар мен жасөспірімдерде (4-17 жас) фармакокинетикасы көрсеткіштерін бағалау көрсеткендей, Кеппра® препаратымен қосымша ем ішке қабылдаған кезде леветирацетаммен бір мезгілде қабылданатын карбамазепин және вальпроат препараттарының концентрациясына әсер еткен жоқ. Әйтсе де, эпилепсияға қарсы ферментпен индукцияланатын дәрілер қабылдаған балаларда леветирацетам клиренсі мұндай препараттар қабылдамаған балаларға қарағанда 20 % жоғары болды. Дозаны түзету керек емес.

Пробенецид

Пробенецид (бүйректік өзекшелік сөлініс блокаторы) тәулігіне төрт рет 500 мг-ден қолданылғанда леветирацетамның өзін емес, алғашқы метаболитінің бүйректік клиренсін тежейді. Әйтсе де аталған метаболиттің концентрациясы төмен болып қалады. Белсенді тубулярлық сөлініс жолымен шығарылатын басқа дәрілік заттар метаболиттің ренальді клиренсін де төмендетуі мүмкін екені күтіледі. Леветирацетамның пробенецид пен қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер, сульфонамидтер және метотрексат сияқты белсенді секрецияланатын басқа препараттардың фармакокинетикасына әсері белгісіз.

Оральді контрациптивтер, дигоксин мен варфарин

Кеппра® препараты 1000 мг тәуліктік дозада ішу арқылы қабылданатын контрацептивтердің (этинилэстрадиол мен левоноргестрел) фармакокинетикасына әсер етпейді.

Кеппра® препараты 2000 мг тәуліктік дозада дигоксин мен варфариннің фармакокинетикасына әсер етпейді.

Дигоксин, ішу арқылы қабылданатын контрацептивтер мен варфарин леветирацетамның фармакокинетикасына әсер етпейді.

Антацидтер

Антацидтердің леветирацетамның сіңуіне әсер етуі жөнінде деректер жоқ.

Іш жүргізетіндер

Осмостық іш жүргізгіш макроголмен бір мезгілде қабылдағанда леветирацетамның тиімділігі төмендейді, осыған байланысты макроголды Кеппра® препаратын қабылдағанға дейін 1 сағат бұрын немесе қабылдағанннан кейін 1 сағаттан соң қабылдау керек.

Тағам және алкоголь

Ас ішу леветирацетамның сіңу дәрежесіне ықпал етпейді, дегенмен сіңу жылдамдығы біршама баяулайды. Кеппра® препаратының алкогольмен өзара әрекеттесуі жөнінде деректер жоқ.

  • Айрықша нұсқаулар

  • Препаратты тоқтату

    Ағымдағы клиникалық тәжірибеге сәйкес препаратты тоқтату қажет болған жағдайда оны біртіндеп (дене салмағы 50 кг жоғары пациенттерде әр 2-4 аптада бір реттік дозаны 500 мг-ге азайтумен) жүргізу қажет. Дене салмағы 50 кг төмен балалар мен жасөспірімдерде дозаны төмендету әрбір 2 аптада күніне екі рет дене салмағына 10 мг/кг аспауы керек .

    Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі

    Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігімен пациенттерге Кеппра® препаратын тағайындағанда препарат дозасын реттеу қажет болуы мүмкін. Ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігімен пациенттерде емді бастамас бұрын бүйрек функциясына бағалау жүргізу ұсынылады.

    Депрессия/суицидальді ойлар

    Леветирацетамды қоса, эпилепсияға қарсы препараттарды қолдану аясында суицид жағдайлары, өзіне-өзі қол жұмсау ниеттері мен әрекеттері жөнінде алынған хабарламаларға сүйене отырып, пациенттерге және оларды күтетін адамдарға депрессия немесе өзіне-өзі қол жұмсау ниеттерінің қандай да бір симптомдарының білінуі жөнінде емдеуші дәрігерге хабарлауы қажет екенін ескерту керек.

    Эпилепсияға қарсы препараттарды қолдану аясында аталған бұзылыстардың жоғарылау қаупін бағалау көрсеткендей, қауіп дәрежесі аз ғана жоғарыласа да, өзіне-өзі қол жұмсау ниеттері мен әрекеттерінің пайда болуын бақылау үшін пациент медициналық бақылауда болуы керек. Аталған қауіптердің пайда болу механизмі белгісіз.

    Балалар

    Кеппра® препаратының таблетка түрін 6 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.

    Препаратты балаларда қолдануға қатысты бар деректер дамуы мен өсіп жетілуіне қандай-да болмасын жағымсыз әсерлерді көрсетпейді.

    Алайда препаратты қолданудың оқып-үйрену қабілетіне, интеллектуалдық дамуға, өсуге, эндокриндік бездер функциясына, жыныстық жетілуге және фертильділікке кейіннен білінетін зардапты нәтижелері белгісіз қалумен келеді.

    Леветирацетамның екіншілік жайылуы бар және онсыз парциальді ұстамалары бар 1 жасқа дейінгі балаларда емдеуде қосымша ем ретінде тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталған жоқ.

    Леветирацетамның ювенильді миоклонустық эпилепсия немесе идиопатиялық жайылған эпилепсиясы бар 12 жасқа дейінгі балаларды емдеуде қосымша ем ретінде тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталған жоқ.

    Жүктілік және лактация кезеңі

    Фертильділік

    Жануарларға жүргізілген зерттеулер фертильділікке әсер етпейтінін көрсетеді. Клиникалық деректер жоқ, адам үшін әлеуетті қаупі белгісіз.

    Жүктілік

    Маркетингтен кейінгі проспективті регистрлерде препаратты жүктілерде бірінші триместрде қолдану жағдайлары сипатталған. Осы деректердің нәтижесі бойынша жалпы туа біткен аномалиялар жиілігінің жоғарылауы байқалмаса да, тератогендік қаупі жоққа шығарылмайды. Бірнеше эпилепсияға қарсы препараттарды бір мезгілде тағайындағанда туа біткен аномалиялар қаупі артады, сондықтан монотерапияны қарастырған жөн.

    Жануарларға жүргізілген зерттеулер ұрпақ өрбітуге уыттылығын көрсетті. Кеппра® препаратын жүкті әйелдерде және контрацепция әдістерін қолданбайтын бала туатын жастағы әйелдерде клиникалық қажеттілік жағдайларынан басқа жағдайда қолдануға болмайды.

    Жүктілік кезеңінде болатын физиологиялық өзгерістер эпилепсияға қарсы басқа препараттар секілді леветирацетамның концентрациясына (қансарысуындағы деңгейінің төмендеуі) ықпал етуі мүмкін. Үшінші триместрінде айқынырақ (бастапқы концентрациясының 60 %-ына дейін) төмендеуі байқалады.

    Жүктілік кезінде леветирацетам қабылдаған әйелдер сәйкес клиникалық тексерілумен қамтамасыз етілуі керек. Эпилепсияға қарсы дәрілермен емдеудегі үзілістер аурудың асқынуына әкелуі мүмкін, ол ана мен ұрықтың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

    Лактация кезеңі

    Леветирацетам емшек сүтімен шығарылады. Емделу кезеңінде бала емізу ұсынылмайды. Әйтсе де егер Кеппра® препаратын бала емізетін аналардың қолдануы қажет болған жағдайда препаратты қабылдау/ тоқтатудың пайдасы мен қаупін бағалауды жүргізу ұсынылады.

    Кеппра® препаратын егер клиникалық қажеттілік болмаса жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.

    Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

    Кеппра® препаратының автокөлік басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері арнайы зерттелмеген. Дегенмен орталық жүйке жүйесі жағынан препаратқа әртүрлі жеке сезімталдықтың болуына орай, әсіресе емнің басында немесе дозаны жоғарылатқанда автокөлік басқарудан және зейінді жоғары жұмылдыру мен мен психомоторлық реакциялар жеделдігін талап ететін қауіпті болуы ықтимал жұмыстардан бас тартқан жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: ұйқышылдық, қозу, сананың көмескіленуі, тыныстың тарылуы, кома.

Емі: жедел кезеңде – жасанды құстыру және әрі қарай белсенділендірілген көмір қолданумен асқазанды шаю. Леветирацетам үшін арнайы у қайтарғы жоқ. Қажет болса, клиникада гемодиализ қолданумен симптоматикалық ем қамтамасыз етеді (диализ тиімділігі леветирацетам үшін – 60 %, оның негізгі метаболиті үшін – 74 %).

  •  
  • Шығарылу түрі және қаптамасы

    250 мг, 500 мг, 1000 мг үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

    Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан салынған. 3 немесе 6 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

  •  
  • Сақтау шарттары

    Құрғақ жерде, 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

    Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

  •  
  • Сақтау мерзімі

    3 жыл

    Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

  •  
  • Дәріханалардан босатылу шарттары

    Рецепт арқылы

  •  
  • Өндіруші

  • ЮСБ Фарма С.А., Бельгия

  • Chemin du Foriest, B-1420 Braine l’Alleud, Belgium

Тіркеу куәлігінің иесі

ГлаксоСмитКляйн Экспорт Лтд., Ұлыбритания

980 Great West Road, Brentford, Middlesex, TW8 9GS, UK

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ГлаксоСмитКляйн Экспорт Лтд Қазақстандағы өкілдігі

050059, Алматы қ-сы, Фурманов көшесі, 273

Телефон нөмірі: +7 727 258 28 92, +7 727 259 09 96

Факс нөмірі: + 7 727 258 28 90

Электрондық поштасы: kaz.med@gsk.com

Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтың бекітілген нұсқасын

www.dari.kz сайтынан да қараңыз

Прикрепленные файлы

729357701477976656_ru.doc 123 кб
552879721477977815_kz.doc 143 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники