Катария®

МНН: Натрия цитрат
Производитель: Кусум Хелткер Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения урологических заболеваний
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020313
Информация о регистрации в РК: 29.02.2024 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Катария®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Түйіршіктер, 4.0 г/5.6 г

Құрамы

Бір саше құрамында

белсенді зат натрий цитраты 4.0 г,

қосымша заттар: сахароза, натрий сахарині, мүкжидек дәмдік қоспасы 1911121.

Сипаттамасы

Жағымды иісі бар, сусымалы, ақ немесе ақ дерлік түйіршіктер.

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды G04BХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакодинамикасы

Натрий цитраты цистит кезінде байқалатын дизурия регрессиясына әсер ететін бикарбонатқа метаболизденеді, сілтіленуді туындата отырып несептің қышқылдығын азайтады.

Қолданылуы

- әйелдерде цистит симптомдарын жеңілдетуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Әйелдер (ересектер)

Бір саше ішіндегісін бір стақан суда еріту керек.

1 сашеден тәулігіне 3 рет 48 сағат бойы ішке қабылдау керек.

Дайындалған ерітіндіні бірден пайдалану қажет.

Ерлер және балалар

Ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Бірлі-жарым жағдайларда

– тері бөртулері, іштің ауыруы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

- натрий цитраты және препараттың қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

- қант диабеті

- жүрек аурулары, артериялық гипертензия

- бүйрек аурулары немесе тұзы аз емдәм ұстанып жүрген емделушілерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

Егер симптомдар емнің екі күнінен кейін де сақталатын болса, дәрігерге көріну қажет.

Жүктілік және лактация

Жүктілік және бала емізу кезінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Анықталмаған.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалануы жағдайында симптоматикалық ем жүргізу қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5.6 г-ден сашеде.

6 саше медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Кусум Хелткер Пвт. Лтд.,

СП 289 (А), Риико Индл. Ареа, Чопанки, Бхивади (Радж.), Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Кусум Хелткер Пвт. Лтд.» Үндістан серіктестігінің ҚР-дағы өкілдігі

Алматы қ., Достық д-лы, 117/6, «Хан Тәңірі» БО.

Телефон: 295-26-50, 295-26-51 (54), Факс: 295-26-55 

электронды поштасы: Office@kusumhealthcare.kz

 

Прикрепленные файлы

536382821477976805_ru.doc 44.5 кб
598258771477977960_kz.doc 62.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники