Катаксол

МНН: Азапентацен
Производитель: К.О. Ромфарм Компани С.Р.Л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний глаз
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019065
Информация о регистрации в РК: 21.02.2018 - 21.02.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Катаксол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

0,015% көз тамшы дәрісі, 15 мл

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат - 0,15 мг натрий полисульфонатының азапентацені,

қосымша заттар: бор қышқылы, натрий тетраборатының декагидраты, калий хлориді, тиомерсал, метилгидроксибензоат, пропилгидроксибензоат, натрий гидроксиді, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ашық-қызыл түсті мөлдір ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Басқа көз ауруларын емдеуге арналған препараттар

АТЖ коды S01XA

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданған кезде жүйелі сіңуі төмен.

Фармакодинамикасы

Катаксол - офтальмологиялық препарат, ол катаракта кезінде қолданылады. Азапентацен көз бұршағының сульфгидрильді топтарын тотығудан қорғайды және көз бұршағының мөлдір емес ақуыздарының таралуына ықпал етеді. Көздің алдыңғы камерасының сулы ылғалындағы протеолитикалық ферменттеріне белсенді әрекет етеді. Препарат тек үдемелі катарактаға қарсы профилактикалық зат ретінде ғана емес, сондай-ақ мөлдір емес протеиндерді ерітетін зат ретінде де қолданылуы мүмкін.

Қолданылуы

- қарттық катарактада

- туа біткен катарактада

- жарақаттық катарактада

- екіншілік катарактада

Қолдану тәсілі және дозалары

Тек жергілікті қолдануға ғана арналған.

Катаксол препаратын тәулігіне 3-5 рет 2 тамшыдан зақымданған көздің конъюнктива қабына тамызады.

Қолданғаннан кейін қабақты жабу және мұрын-жас өзегін басу ұсынылады, ол дәрілік препараттың жүйелік сіңірілуін төмендетеді, нәтижесінде оның жағымсыз әсерлері төмендейді.

Жылдам жақсару кезінде де емді үзуге болмайды. Ем ұзақ болуы керек.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- шымылдату, қабақ тұсының қышуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың қандай да бір компоненттеріне жоғары сезімталдықта.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Катаксол препаратының басқа дәрілік заттармен дәрілік өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Егер емделуші жанаспалы линза тақса оған Катаксол көз тамшыларын қолданбаған жөн, өйткені консервант жұмсақ жанаспалы линзаларға жинақталып қалуы және көз тініне жағымсыз әсер етуі мүмкін. Тамшылатқыштың ұшына және бетіне тиюге тыйым салынады, өйткені бұл ерітіндіні ластауы мүмкін.

Педиатрияда қолданылуы

Балаларға қолдану қауіпсіздігі анықталмаған.

Жүктілік және лактация кезеңі

Катаксол көз тамшыларын жүкті әйелдерге қолдану тек дәрігердің қатаң бақылауымен ғана рұқсат етіледі. Емделу уақытында бала емізуді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралдары мен аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Катаксолды тамызғаннан кейін емделушілерде қысқа мерзімді бұлыңғырлану және автокөлік жүргізу, күрделі техника, станокпен немесе көру дәлдігін талап ететін басқа да жабдықпен жұмыс жасау қабілетіне ықпал етуі мүмкін көрудің нашарлауы пайда болуы мүмкін.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалануы туралы мәліметтер жоқ.

Байқаусызда артық дозаланған жағдайда көп мөлшердегі сумен шаю керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 мл препараттан тамшылатқыш-тығыны және сақтандырғыш сақинамен жабдықталған бұралатын қорғаушы қақпақшасы бар пластик құтыға құяды.

1 құтыдан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15º С -ден 25º С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құтыны ашқаннан кейін препаратты 4 апта ішінде пайдалану керек.

Сақтау мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Сауда белгісінің және тіркеу сертификатының иесі «УОРЛД МЕДИЦИН ОФТАЛЬМИКС», Ұлыбритания компаниясы болып табылады

Дайындаған «Ромфарм Компани С.Р.Л.», Ероилор к-сі, 1А, Отопень, Румыния

(“Rompharm Company S.R.L.”, Eroilor street 1 A, Otopeni, Romania).

«УОРЛД МЕДИЦИН ОФТАЛЬМИКС», Ұлыбритания үшін

Тіркеу куәлігінің иесі

Қазақстан Республикасы аумағында өнім (тауар) сапасы бойынша тұтынушылардан шағым қабылдайтын ұйым мекенжайы

ҚР, Алматы қ., Сүйінбай к-сі, 222 Б

Тел/факс: 8(7272)529090

www.worldmedicine.kz

 

Прикрепленные файлы

825545691477977073_ru.doc 40.5 кб
422739241477978238_kz.doc 52 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники