Касгин (50 мг)

МНН: Каспофунгин
Производитель: Гланд Фарма Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Caspofungin
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022785
Информация о регистрации в РК: 17.05.2022 - 17.05.2032
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 77 266.1 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Касгин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Каспофунгин

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ, 50 мг және 70 мг

Құрамы

Бір құтының ішінде:

белсенді зат 54.6 мг немесе 75.6 мг каспофунгин ацетаты

(сусыз негіз түрінде, тиісінше, 50.0 мг және 70.0 мг каспофунгинге баламалы),

қосымша заттар: маннитол, сахароза, ацетат сірке қышқылы.

Сипаттамасы

Дөңгелек түріндегі ақ немесе ақ дерлік лиофилизацияланған ұнтақ немесе кеуекті масса немесе бос сусымалы ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған зеңге қарсы препараттар. Жүйелі пайдалануға арналған басқа да зеңге қарсы препараттар. Каспофунгин.

АТХ коды J02АХ04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Таралуы Бір реттік вена ішіне салатын инфузиядан соң 1 сағат ішінде плазмадағы каспофунгин концентрациясы көп фазалы сипатта төмендейді. Инфузиядан кейін бірден қысқа -фаза басталады, ол бейіннің басты сипаты болып, инфузиядан кейін 6 және 48 сағат арасында айқын логарифмдік-желілі тәуелділікте болатын 9-дан 11 сағатқа дейінгі жартылай шығарылу кезеңімен (Т1/2) -фазаға ұласады. Осы кезеңде плазмадағы препарат концентрациясы елеулі төмендейді. Сонымен қатар, Т1/2 40-тан 50 дейін созылатын қосымша -фаза болады. Плазмалық клиренске ықпал ететін басым механизм негізінен экскреция немесе биотрансформация емес, таралуы болып табылады. Каспофунгин эритроциттерге тым аз өткенде ақуыздармен қарқынды байланысады (шамамен 97 %).

Метаболизмі Каспофунгин гидролиз және N-ацетилдену арқылы баяу метаболизденеді және ашық сақиналы пептидті қосылысқа дейін өздігінен болатын химиялық ыдырауға ұшырайды.

Шығарылуы Организмнен препараттың 75 % жуығы: 41 % несеппен және 34 % нәжіспен шығарылады. Бастапқы препараттың бүйректік клиренсі төмен және шамамен 0.15 мл/мин құрайды.

Пациенттердің жекелеген топтары

Жынысы Плазмадағы каспофунгин концентрациясы жынысқа тәуелденбейді.

Бауыр функциясының бұзылуы Ауырлығы жеңіл дәрежедегі (Чайлд-Пью бойынша 5-6 балл) бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде бір реттік дозаны енгізуден кейін қан сарысуындағы 70 мг каспофунгин концентрациясы, дені сау сыналушыларға қарағанда, шамамен 55 %-дан аса жоғары. Препаратты көп рет енгізгенде (1-ші күні 70 мг, кейіннен күнделікті 50 мг енгізумен) ауырлығы жеңіл дәрежеде бауыр функциясы бұзылған пациенттердің плазмасында оның концентрациясы, дені сау сыналушылармен салыстырғанда, 7 және 14 күні орташа жоғарылаған (19-25 %) болды.

Балалар Тәулігіне 50 мг/м2 каспофунгин қабылдаған барлық жас топтарындағы балалар мен жасөспірімдерде (тәулігіне ең жоғары 70 мг), плазмадағы каспофунгин AUC0-24 сағ. жалпы тәулігіне 50 мг каспофунгин қабылдаған ересек пациенттерде байқалуымен салыстырмалы болды.

Касгин тиімділігі мен қауіпсіздігі жаңа туған нәрестелер мен жастарда тиісті үлгіде зерттелмеген, жасы 12 айға толмағандарда жеткіліксіз зерттелген.

Фармакодинамикасы

Касгин Glarea lozoyensis ферментациясы өнімінен синтезделген жартылай синтетикалық липопептидті қосылыс (эхинокандин) түрінде болады.

Касгин көптеген рифомицеттер мен ашытқылардың жасуша қабырғасының маңызды компоненті – β-(1,3)‑D‑глюкан синтезін тежейтін зеңге қарсы препараттардың жаңа класының бірінші өкілі болып табылады.

Касгиннің Aspergillus (Aspergillus fumigatus, Aspergillus flavus, Aspergillus niger, Aspergillus nidulans, Aspergillus terreus және Aspergillus candidus қоса) және Candida (Candida albicans, Candida dubliniensis, Candida glabrata, Candida guilliermondii, Candida kefyr, Candida krusei, Candida lipolytica, Candida lusitaniae, Candida parapsilosis, Candida rugosa және Candida tropicalis қоса) текті әртүрлі патогенді зеңдерге қарсы белсенділігі бар.

Әр алуан Candida түрлеріне қарсы каспофунгин үшін Еуропалық микробқа қарсы сезімталдықты тестілеу комитетінің (EUCAST) әдісін қолданумен анықталған қатер шекті нүктелер жоқ.

EUCAST ашытқылы зеңдер үшін микробқа қарсы препараттар әсеріне сезімталдықты сынаудың стандартты әдістерін анықтады. Әр алуан Aspergillus түрлері мен басқа да мицелиальді зеңдер үшін әсерге сезімталдықты сынаудың cтандартты әдістерін немесе түсіндірілетін қатер шекті нүктелерді CLSI немесе EUCAST анықтады.

Айқаспалы төзімділігі Каспофунгин ацетаты флуконазол, амфотерицин В немесе флуцитозинге олардың әртүрлі әсер ету механизмдеріне сәйкес бастапқы немесе жүре пайда болған төзімділігі бар Candida штаммдарына қарсы белсенді.

Дәрілік затқа төзімділігі Каспофунгин әсеріне төзімді Candida штаммдары емдеу барысындағы сирек жағдайларда анықталды (Клиникалық және зертханалық стандарттар институты бекіткен ЕТК сынаудың стандартты әдістерін қолданумен > 2 mг/мл каспофунгин үшін ЕТК). Осы штаммдардың кейбірінде FKS1/FKS2 геніндегі мутациялар болды. Туындау жиілігі сирек болса да, әдетте, ондай жағдайлар аурудың жайсыз аяқталуымен байланыстырылады.

Кейбір алуан Aspergillus түрлерінде каспофунгинге in vitro төзімділіктің дамуы анықталған. Клиникалық зерттеулер барысында инвазиялық аспергиллезі бар пациенттерде дәрілік затқа төзімділік жағдайлары кездескен. Әсер ету механизмі анықталмаған.

Әр алуан Candida және Aspergillus түрлерінде дәрілік затқа төзімділіктің туындау жиілігі сирек болады.

Қолданылуы

  • зеңді инфекцияға күдік туындағанда фебрильді нейтропениясы бар пациенттердегі эмпириялық ем

  • нейтропениясы бар және онсыз пациенттердегі инвазиялық кандидоз (соның ішінде кандидемия)

  • инвазиялық аспергиллез (басқа емге рефрактерлі немесе жақпаушылығы бар пациенттерде)

  • эзофагеальді кандидоз (флуконазолды қоса, басқа зеңге қарсы емге жауап бермейтін пациенттерде)

  • орофарингеальді кандидоз (флуконазолды қоса, басқа зеңге қарсы емге жауап бермейтін пациенттерде)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересек пациенттерге арналған жалпы нұсқаулар

Касгиннің тәуліктік дозасы тәулігіне 1 рет вена ішіне баяу инфузия арқылы (≥ 1 сағат) енгізіледі.

Эмпириялық ем Бірінші күні бір реттік 70 мг жүктеме дозасы енгізіледі, емдеудің екінші және одан кейінгі күндері тәуліктік доза тәулігіне 50 мг құрайды. Емдеу ұзақтығы препараттың клиникалық және микробиологиялық тиімділігіне байланысты. Эмпириялық ем нейтропения белгілері басылған соң 72 сағат ішінде нейтропения толық басылғанша жалғасуы тиіс (ANC≥500). Зеңді инфекция расталғанда препарат кемінде 14 тәулік қабылдануы тиіс; Касгинмен емделуді клиникалық көріністер мен нейтропения басылған соң кемінде 7 тәулік жалғастырған жөн. Касгин қауіпсіздігі мен жағымдылығына қатысты ағымдағы деректер, егер 50 мг тәуліктік дозаның пациентке жағымдылығы жақсы болып, бірақ күтілетін клиникалық әсерді бермесе, тәуліктік дозаны 70 мг дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Инвазиялық кандидоз Бірінші күні бір реттік 70 мг жүктеме дозасы енгізіледі, емдеудің екінші және одан кейінгі күндері тәуліктік доза тәулігіне 50 мг құрайды. Инвазиялық кандидозды емдеу ұзақтығы клиникалық әсер мен микробиологиялық тиімділік бойынша белгіленеді. Стерильді гемоөсірінді алудан соң кемінде 14 тәулік зеңге қарсы емді жалғастыру жалпы ереже болып табылады.

Персистирленетін нейтропениясы бар пациенттерге нейтропения басылғанша ұзағырақ емдеу қажет болуы мүмкін.

Инвазиялық аспергиллез Бірінші күні бір реттік 70 мг жүктеме дозасы енгізіледі, емдеудің екінші және одан кейінгі күндері тәуліктік доза тәулігіне 50 мг құрайды. Емдеу ұзақтығы негізгі аурудың ауырлығына, иммуносупрессиядан кейін пациенттің қалыпқа келу дәрежесіне, жүргізілген емнің клиникалық және микробиологиялық әсеріне байланысты.

Егер 50 мг тәуліктік дозасының пациентке жағымдылығы жақсы болса, бірақ күтілімді клиникалық әсер бермесе, Касгиннің тәуліктік дозасын 70 мг дейін арттыру керек. Қауіпсіздік деректерінде дозаны тәулігіне 70 мг дейін арттырудың жағымдылығы жақсы екені анықталған. Инвазиялық аспергиллезі бар пациенттерде 70 мг-ден жоғары дозасын қолдану тиімділігі тиісінше зерттелмеген.

Эзофагеальді және орофарингеальді кандидоз Тәуліктік доза барлық емделу күндері тәулігіне 50 мг құрайды.

Инвазиялық кандидамикоздарды емдеу ұзақтығы пациенттің клиникалық және микробиологиялық жауап реакциясына байланысты. Инвазиялық кандидамикоздың белгілері және симптомдары басылып, өсірінділер анықталатын талдау теріс нәтиже көрсеткен соң зеңге қарсы препараттармен ішу арқылы емдеуге ауысу мәселесін қарастыруға болады. Жалпы зеңге қарсы ем өсірінділер талдауының соңғы оң нәтижесінен кейін, кем дегенде, 14 күн жалғасуы тиіс.

Инвазиялық аспергиллезді емдеу ұзақтығы жеке негізде белгіленеді және пациенттің негізгі ауруының ауырлығына, иммуносупрессиядан кейінгі қалыпқа келуге және клиникалық реакцияға байланысты. Жалпы, емдеуді симптомдар басылған соң, кем дегенде, 7 күн жалғастыру қажет.

4 аптадан артық емдеу курсы кезінде қолдану қауіпсіздігі туралы ақпарат жеткіліксіз. Алайда, қолда бар деректер ұзаққа созылатын емдеу курстары кезінде (ересек пациенттерде 162 күнге дейін және балаларда 87 күнге дейін) каспофунгиннің жағымдылығы жақсы деп жорамалдауға негіз береді.

Бүйрек функциясының бұзылуында қолдану Бүйрек жеткіліксіздігінде дозаны түзету қажет емес.

Жынысы, нәсілі Жынысына немесе нәсіліне қарай дозаны түзету қажет емес.

Егде жастағы пациенттерде қолдану Егде жастағы (65 жастағы немесе одан асқан) пациенттерде препарат дозасын түзету қажет емес.

Бауыр функциясының бұзылуында қолдану Ауырлығы жеңіл дәрежедегі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 5-6 балл) бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттер үшін препарат дозасын түзету қажет емес. Функция орташа дәрежеде бұзылғанда (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 7-ден 9 балл дейін) Касгиннің демеуші тәуліктік дозасы тәулігіне 35 мг дейін азаяды, алайда, егер тиісті көрсетілімдері болса, емдеудің алғашқы тәуліктерінде 70 мг екпінді дозасы сақталады. Бауыр жеткіліксіздігі ауыр (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 9 баллдан аса) пациенттерде препаратты қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ.

Дене салмағы 80 кг-ден көп пациенттерде қолдану

Кандидамикозға шалдыққан ересек пациенттерде талдау жасалғанда салмақтың каспофунгин фармакокинетикасына әсері білінбеген. Салмағы көп адамдарда плазмадағы концентрациясы аз болды. Салмағы 80 кг деп жорамалданған ересек пациенттерде орташа әсер ету қарқындылығы салмағы 60 кг ересек пациенттердегіден 23 % төмен болды.

Вена ішіне салатын инфузиялар үшін Касгин ерітіндісін дайындау

Құрамында декстроза (A‑D‑глюкоза) бар еріткіштер пайдаланылмайды, өйткені құрамында декстроза бар инфузиялық ерітінділерде КАСГИН КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАРМЕН БІР МЕЗГІЛДЕ АРАЛАСТЫРЫЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛМЕЙДІ.

Дайын инфузиялық ерітіндіні оның жүзінді бөлшектері мен түс өзгерісінің жоқ екеніне көз жеткізу үшін қарап тексеру қажет.

Ересек пациенттерге арналған ерітіндіні дайындау

1 саты. Құтыдағы бастапқы ерітіндіні дайындау. Касгин ұнтағы бар салқын құтыны сұйылтар алдында бөлме температурасына жеткізіп, асептика қадағаланған жағдайларда инъекцияға арналған 10.5 мл 0.9% натрий хлориді ерітіндісін, инъекцияға арналған стерильді суды, метилпарабен және пропилпарабен қосылған инъекцияға арналған бактериостатикалық суды немесе 0.9% бензил спиртімен инъекцияға арналған бактериостатикалық суды қосу қажет. Бастапқы ерітіндідегі препарат концентрациясы 7.2 мг/мл (70 мг құты) немесе 5.2 мг/мл (50 мг құты) құрады.

Ақ немесе ақ дерлік шөгінді толық еріп кетуі тиіс. Құтының ішіндегісін мөлдір ерітінді алынғанша абайлап араластыру керек. Бастапқы ерітіндіні жүзінді шөгіндісінің немесе түс өзгерісінің жоқ екеніне көз жеткізу үшін қарап тексеру қажет.

2 саты. Касгин соңғы инфузиялық ерітіндісін дайындау. Инфузияға арналған ерітінді асептика қадағаланатын жағдайларда дайындалады. Еріткіштер ретінде инфузияға арналған стерильді физиологиялық ерітінді немесе лактатты Рингер ерітіндісі пайдаланылады. Пациентке енгізуге арналған соңғы инфузиялық ерітіндіні дайындау үшін сыйымдылығы 250 мл пластик инфузиялық қалтаға немесе инфузиялық ерітіндісі (инфузияға арналған стерильді физиологиялық ерітінді немесе лактатты Рингер ерітіндісі) бар құтыға қалыпқа келтірілген Касгин ерітіндісінің 1 сатысында дайындалған тиісті мөлшері қосылады (төмендегі кестеде көрсетілгендей). Медициналық қажеттілік болғанда, 50 мг немесе 35 мг тәуліктік дозасы үшін инфузияның 100 мл азайтылған мөлшерін пайдалануға болады.

Инфузияға арналған осындай ерітіндіні 25 ºC және одан төмен температурада немесе 2-8 ºC температурада сақталғанда 24 сағат ішінде пайдалануға болады. Егер ол бұлыңғыр болса немесе онда шөгінді болса, ерітінді пайдаланылмайды.

Касгин вена ішіне баяу инфузия арқылы шамамен 1 сағат ішінде енгізілу қажет.

Касгин соңғы инфузиялық ерітіндісін дайындау

Касгин дозасы*

В/і инфузияға арналған еріткіші бар ыдысқа қосуға арналған Касгин баcтапқы ерітіндісінің көлемі

Стандартты сұйылту

(бастапқы Касгин ерітіндісі + 250 мл еріткіш) соңғы инфузиялық ерітіндінің концентрациясы

Азайтылған көлемде сұйылту

(бастапқы Касгин ерітіндісі + 100 мл еріткіш)

соңғы инфузиялық ерітіндінің концентрациясы

70 мг

10 мл

0.28 мг/мл

ұсыналмайды

70 мг (50 мг 2 құтыдан)**

14 мл

0.28 мг/мл

ұсынылмайды

50 мг

10 мл

0.20 мг/мл

0.47 мг/мл

35 мг (70 мг 1 құтыдан) орташа бауыр жеткіліксіздігінде

5 мл

0.14 мг/мл

0.34 мг/мл

35 мг (50 мг 1 құтыдан) орташа бауыр жеткіліксіздігінде

7 мл

0.14 мг/мл

0.34 мг/мл

* Касгин ұнтағы бар құтыға үнемі, оның дозасына (50 мг немесе 70 мг) қарамастан, 10.5 мл еріткіш қосылады

**70 мг құты болмағанда, дозаны 50 мг 2 құтыдан әзірлеуге болады

Балалар Касгин балаларға (12 айдан 17 жасқа дейінгі) шамамен 1 сағат ішінде в/і баяу инфузия арқылы енгізу керек. Балаларда (12 айдан 17 жасқа дейінгі) дозалануы Мостеллер формуласы бойынша дене беткейі ауданын ескерумен есептеледі (БАЛАЛАРҒА ВЕНА ІШІНЕ САЛАТЫН ИНФУЗИЯЛАР ҮШІН КАСГИН ЕРІТІНДІСІН ДАЙЫНДАУДЫ қараңыз).

Кез келген көрсетілімдерде бір реттік 70 мг/м2 жүктеме доза (70 мг нақтылы дозасынан асырмай) бірінші күні енгізілуі тиіс, артынан тәулігіне 50 мг/м2 (70 мг тәуліктік нақтылы дозасынан асырмай) енгізіледі. Емдеу ұзақтығы, ересектердегі әр көрсетілім үшін сипатталғандай, көрсетілімдерге сай әркімге жеке белгіленеді («Ересек пациенттердегі жалпы нұсқауларын» қараңыз).

Егер 50 мг/м2 тәуліктік дозаның жағымдылығы жақсы, бірақ тиісті клиникалық реакцияны қамтамасыз етпейді, тәуліктік дозаны 70 мг/м2 дейін (70 мг нақтылы дозасынан асырмай) арттыру қажет. Тәуліктік 70 мг/м2 дозамен тиімділігінің артуы көрініс бермесе де, шектеулі қауіпсіздік деректері тәуліктік дозаны 70 мг/м2 дейін арттырудың жағымдылығы жақсы болатынын жорамалдайды.

Егер Касгин клиренс индукторларымен, мысалы, рифампин, эфавиренз, невирапин, фенитоин, дексаметазон немесе карбамазепинмен бір мезгілде балаларға енгізілсе, Касгиннің 70 мг/м2 тәуліктік дозасын (70 мг нақтылы дозасынан асырмай) пайдалануды қарастыру қажет.

Жасы үлкен пациенттер

Жасы үлкен пациенттерде (65 жастағы және одан асқан) қисық астындағы аудан (ҚАА) шамамен 30 % ұлғаяды. Алайда әдеттегі дозаларды реттеу қажет емес. 65 жастағы пациенттерді емдеудің жеткілікті тәжірибесі жоқ.

Кез келген дәрежеде бауыр функциясының бұзылуы бар балаларда препаратты қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ.

БАЛАЛАРҒА ВЕНА ІШІНЕ САЛАТЫН ИНФУЗИЯЛАР ҮШІН КАСГИН ЕРІТІНДІСІН ДАЙЫНДАУ

Балалардағы дозаны есептеу үшін дене беткейі ауданын (ДБА) анықтау

Инфузиялық ерітіндіні дайындау алдында сәбидің дене беткейі ауданын (ДБА) келесі формула (Мостеллер формуласы) бойынша есептеу қажет:

ДБА (м2) =

12 айдан үлкен балаларға енгізуге арналған 70 мг/м2 және 50 мг/м2 дозадағы препаратты дайындау

Осы сәбиге қажетті жүктеме және тәуліктік дозаны, ДБА (жоғарыда сипатталғандай есептелген) мен келесі теңдеуді пайдаланып, белгілеу керек:

ДБА (м2) × 70 мг/м2 = Жүктеме доза

ДБА (м2) × 50 мг/м2 = Тәуліктік доза

Емдеудің бірінші күні ең жоғары жүктеме доза, осы пациентке есептелген дозаға қарамастан, 70 мг-ден аспауы тиіс.

Құтыны таңдау осы сәбиге енгізу жоспарланатын мг доза шамасымен белгіленеді. 50 мг-ден аспайтын доза қажет болатын балаларда ұқыпты дозалануын қамтамасыз ету үшін 50 мг препараты бар құтыны пайдалану ұсынылады. Каспофунгинтің 70 мг мөлшері бар құтыларды 50 мг-ден аспайтын доза қажет болатын балалар үшін қосымша қорда ұстауға кеңес беріледі.

Касгин ұнтағы бар салқын құтыны сұйылтар алдында бөлме температурасына дейін жеткізіп, асептика қадағаланған жағдайларда инъекцияға арналған 10.5 мл стерильді су қосу қажет. Бастапқы ерітіндідегі препарат концентрациясы 7.2 мг/мл (70 мг құты) немесе 5.2 мг/мл (50 мг құты) құрайды.

Ақ немесе ақ дерлік ұнтақ толық еріп кетуі тиіс. Құтының ішіндегісін мөлдір ерітінді алынғанша абайлап араластыру керек. Жүзінді шөгіндісінің немесе түс өзгерісінің жоқ екеніне көз жеткізу үшін бастапқы ерітіндіні қарап тексеру қажет. Осы үлгіде дайындалған бастапқы ерітіндіні 25 °C-ден төмен температурада 24 сағатқа дейін құтыда сақтауға болады.

Есептелген жүктеме дозасына тең препарат көлемін құтыдан шығарып алу қажет. Асептикалық жағдайларда қалыпқа келтірілген Касгиннің осы көлемі (мл) құрамында инъекцияға арналған 250 мл 0.9 %, 0.45 % немесе 0.225 % натрий хлориді ерітіндісі немесе инъекцияға арналған Рингер лактат ерітіндісі бар в/і инфузияларға арналған ыдысқа аударылады.

Қажет болғанда, соңғы ерітіндінің көлемін препараттың қорытынды концентрациясы 0.5 мг/мл-ден аспайтындай етіп азайтуға болады.

Инфузияға арналған осындай ерітіндіні 25 ºC және одан төмен температурада 24 сағат ішінде немесе 2-8 ºC температурада 48 сағат ішінде пайдалануға болады. Егер ол бұлыңғырланып кетсе немесе онда шөгінді болса, ерітіндіні пайдалануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Инвазиялық аспергиллезі бар пациенттерде рентгенографиялық инфильтраттарда ересектердегі тыныс алу бұзылысы синдромы (ЕТБС) – өкпенің ісінуі хабарланды. Пациенттердің барлық топтарында анафилаксияны және гистамин арқылы жүретін аллергиялық симптомдарды қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары туындады.

Ересектер

Жиі (≥ 1/100, < 1/10)

  • бас ауыру, қызба, қалтырау

  • жүрек айну, құсу, диарея

  • артралгия

  • гемоглобин және гематокрит концентрацияларының төмендеуі, лейкопения, гипокалиемия, гипоальбуминемия, бауыр функциясы көрсеткіштерінің жоғарылауы (аланинаминотрансфераза, аспартатаминотрансфераза, сілтілік фосфатаза, тіке және жалпы билирубин)

  • енгізген жердегі реакциялар: флебит, қышыну

  • ентігу

  • бөртпе, қышыну, эритема, тершеңдік

Жиі емес (≥ 1/1 000, < 1/100)

  • анорексия

  • мазасыздық, бағдардан жаңылу, ұйқысыздық

  • бас айналу, дисгевзия, парестезия, ұйқышылдық, тремор, гипестезия

  • көрудің нашарлауы, қабақтың ісінуі, көз жасының ағуы

  • пальпитация, тахикардия, аритмия, жыпылықтаушы аритмия, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі

  • қан кернеулер, гипо/гипертензия

  • мұрынның бітелуі, жұтқыншақ-көмей ауыруы, тахипноэ, бронх түйілуі, жөтел, пароксизмалық түнгі ентігу, гипоксия, сырылдау, ысқырып дем алу, тыныс алу кезіндегі патологиялық шулар

  • іш аумағының ауыруы, іштің жоғарғы тұсының ауыруы, асқазандағы жайсыздық, іштің кебуі, ауыздың кеберсуі, диспепсия, асцит, іш қату, дисфагия, метеоризм

  • ақ қабықтардың иктериялануы (сарғаюы), холестаз, гепатомегалия, гипербилирубинемия, сарғаю, бауыр функциясының бұзылуы, гепатоуыттану, бауыр жеткіліксіздігі

  • жайылған қышыну, мультиформалы эритема, дақты, дақты-папулезді, эритематозды, қыртыс тәрізді, жайылған және қышытатын бөртпе, есекжем, аллергиялық дерматит, терінің зақымдануы

  • белдің ауыруы, аяқ-қолдың ауыруы, сүйектердің ауыруы, бұлшықеттің әлсіздігі, миалгия

  • бүйрек жеткіліксіздігі, жедел бүйрек жеткіліксіздігі

  • ауыру және жайсыздану, жергілікті реакциялар, веналық катетер енгізген аумақ терісінің қызаруы, қатаюы, гематомасы, ісінуі, тітіркенуі, тромбофлебит

  • әлсіздік, ысыну, шеткері ісіну, кеуде қуысы аумағының жайсыздануы, беттің ісінуі, дисфория

  • иммунодепрессанттар деңгейінің жоғарылауы

  • зертханалық тестілер ауытқулары:

  • анемия, эозинофилия, лейкоцитоз, нейтропения, лимфопения, лимфоцитоз, тромбоцитопения, тромбоцитоз

  • гипергликемия

  • гипопротеинемия, гиперурикемия, креатинин деңгейінің көтерілуі, несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы, гамма-глютамилтрансферазаның жоғарылауы, гиперволемия, гипокапния, метаболизмдік ацидоз, электролиттік теңгерімсіздік, гипомагниемия, гипо/гиперкальциемия, гипо/гипернатриемия, хлор деңгейінің төмендеуі/жоғарылауы, гипо/гиперфосфатемия, қандағы бикарбонаттар деңгейінің төмендеуі, гипо/гиперкалиемия

  • коагулопатия, протромбин уақытының ұзаруы/қысқаруы, ішінара белсенділенген тромбопластин уақытының ұзаруы, халықаралық қалыптасқан қатынастың артуы

  • несептегі қан, несептегі эритроциттер, несеп цилиндрлері, лейкоцитурия және несепте рН артуы, несепте ақуыздың болуы

Балалар

Өте жиі (≥ 1/10)

  • ысыну

Жиі (≥ 1/100, < 1/10)

  • бас ауыру

  • қалтырау, катетер енгізген жердің ауыруы

  • тахикардия

  • қан кернеулер, гипотензия

  • бөртпе, қышыну

  • катетер енгізген жердің ауыруы

  • эозинофилия, гипокалиемия, гипомагниемия, гипергликемия, гипо/гиперфосфатемия, бауыр ферменттері (АСТ, АЛТ) деңгейінің жоғарылауы

Постмаркетингтік тәжірибе

  • бауыр функциясының бұзылуы

  • ісінгіштік және шеткері ісінулер

  • гиперкальциемия, гамма-глютамилтрансфераза деңгейінің жоғарылауы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің қандай да біріне жоғары сезімталдық

- 12 айға дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Касгин P450 цитохромы (CYP) жүйесі ферменттерінің тежегіші емес, және сонымен қатар, басқа препараттардың CYP3A4 арқылы метаболизмінің индукторы емес. Касгин P‑гликопротеин ферменттеріне тән субстрат емес және P450 цитохромы ферменттеріне тән әлсіз субстрат түрінде болады.

Касгин фармакокинетикасына итраконазол, амфотерицин В, микофенолат, нелфинавир немесе такролимус ықпалын тигізбейді.

Өз кезегінде, Касгин итраконазол, амфотерицин В, рифампин немесе микофенолаттың белсенді метаболиттерінің фармакокинетикалық көрсеткіштеріне ықпал етпейді.

Касгин қандағы такролимустың (FK-506) 12-сағаттық концентрация (C12 сағат) көрсеткішін 26 % төмендетеді. Екі препаратты да қабылдайтын пациенттерде қандағы такролимус концентрациясына стандартты мониторинг өткізу, ал қажет болса, оның дозасын түзету ұсынылады.

Циклоспорин Касгин циклоспоринмен бір мезгілде қолданылғанда аланинаминотрансфераза (АЛТ) және аспартатаминотрансфераза (АСТ) деңгейлерінің, қалыптың жоғарғы шегімен салыстырғанда, емдеуді тоқтатудан кейін басылған үш есе өткінші жоғарылауы байқалды. Касгин циклоспоринмен бірге тағайындалған жағдайларда AUC қисық астындағы ауданының 35% ұлғаюы білінді; қан плазмасындағы циклоспорин деңгейі өзгермеген. Бұл деректер Касгинді, егер ықтималды артықшылықтары зор қаупін ақтап шығатын болса, циклоспорин қабылдайтын пациенттерде қолдануға болатынын көрсетеді.

Рифампицин Касгин таралуын жеделдете де, баяулата да алады. Рифампицин мен Касгин бір мезгілде 14 күн бойы бірге тағайындалғанда бірінші күні плазмада каспофунгин концентрациясының өткінші жоғарылауы (шамамен 60 % AUC ұлғаюы) білінді. Сонымен қатар, каспофунгин 14 күн бойы жүргізілген рифампицинмен монотерапия аясында тағайындалғанда ондай тежеу әсері байқалмаған, бұл орайда рифампициннің тұрақты индукторлық әсері аясында инфузия соңына қарай каспофунгин AUC және концентрациясының аздап, ал шектік концентрациясының шамамен 30 % төмендеуі білінді.

Такролимус. Каспофунгин дені сау ересек волонтерлерде такролимустың астаушалық концентрациясын 26 % төмендетті. Екі препаратпен де ем қабылдайтын пациенттер үшін қандағы такролимус концентрациясының деңгейін міндетті түрде стандартты бақылап және оның дозаларын түзетіп отыру қажет.

Касгинмен дәрілік заттар клиренсінің индукторларын (эфавиренз, невирапин, фенитоин, дексаметазон немесе карбамазепин) бір мезгілде қолдану балалар мен ересек пациенттерде каспофунгин концентрациясының клиникалық мәнді төмендеуіне әкелуі мүмкін. Қолда бар деректер осы препараттармен индукцияланған каспофунгин концентрациясы төмендеуінің метаболизмнен гөрі элиминациясының жеделдеуі есебінен жүруі ықтимал екенін айғақтайды. Сондықтан ересектер мен балаларда Касгинді эфавиренз, нелфинавир, невирапин, рифампин, дексаметазон, фенитоин немесе карбамазепинмен біріктіріп қолданғанда ересек пациенттер үшін 70 мг тәуліктік дозасын және педиатриялық пациенттер үшін 70 мг нақтылы дозасынан асырмай, тәулігіне 70 мг/м2 қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.

Айрықша нұсқаулар

Касгинді қолдану барысында анафилаксия жағдайлары хабарланған. Бұл жағдайда Касгин қабылдауды тоқтатып, тиісті ем тағайындау керек. Препарат қабылдауды тоқтату және/немесе тиісті ем тағайындау қажет болуы мүмкін бөртпе, бет ісінуін, ангионевроздық ісінуді, қышынуды, ысыну сезімін немесе бронх түйілуін қоса, гистаминге байланысты реакциялар туындаған жағдайлар хабарланды. Бұл дәрілік зат құрамында сахароза бар. Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сукраза-изомальтаза ферментінің тапшылығы бар пациенттер Касгин қабылдамауы тиіс.

Касгинді, егер ықтималды артықшылықтары зор қаупін ақтап шығатын болса, циклоспорин қабылдайтын пациенттерде қолдануға болады.

Касгинмен емдеуде бауыр функциясының зертханалық көрсеткіштері өзгеруі мүмкін. Касгинмен емдеуге қосымша дәрілік ем қабылдайтын аялық патологиясы бар пациенттерде, Касгин емімен себеп-салдарлы байланысы соңына дейін анықталмаса да, бауыр жеткіліксіздігінің, гепатит пен бауыр функциясы бұзылуының туындауы хабарланған. Ондай пациенттерде бауыр функциясының нашарлау белгілері анықталғанда Касгинмен емдеуді жалғастыру үшін пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалау керек.

Препаратты балаларда 3-ші айынан бастап қолдану жеткіліксіз зерттелген

Касгинді 3 айлығынан бастап 17 жасқа дейінгі балаларда қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі келесі көрсетілімдер бойынша ересектер арасында бақыланатын зерттеулер барысында алынған дәлелдермен, балалардан алынған фармакокинетикалық деректермен және 12 айлығынан бастап 17 жасқа дейінгі балалар арасында проспективті зерттеулер барысында алынған қосымша мәліметтермен расталады:

  • Зеңді инфекцияға күдік туындағанда фебрильді нейтропениясы бар пациенттердегі эмпириялық ем

  • Нейтропениямен және онсыз пациенттерде инвазиялық кандидозды (соның ішінде кандидемия) емдеу

  • Эзофагеальді кандидозды емдеу

  • Емге берілмейтін пациенттерде инвазиялық аспергиллезді емдеу

Жаңа туған нәрестелер мен 3 айға толмаған сәбилер қатыстырылған проспективті клиникалық зерттеулерде Касгин қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі жеткілікті дәрежеде зерттелмеген.

Candida туғызған остеомиелит пен менингит бар балаларда Касгин қолдану зерттелмеген. Касгинді балалардағы инвазиялық аспергиллездің бастапқы ем ретінде қолдану да зерттелмеген.

Жүктілік және лактация кезеңі

Қазіргі таңда жүктілік кезінде препаратты қолдануға қатысты клиникалық тәжірибе жоқ. Касгин, препаратты тағайындау өмірлік қажетті болып табылатын жағдайлардан басқа, жүктілік кезінде әйелдерге тағайындалмауы тиіс. Препаратты лактация кезеңінде тағайындау қажет болса, бала емізуді тоқтату керек, өйткені Касгиннің емшек сүтіне бөліну деректері жоқ.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын басқару және механизмдерді пайдалану қабілетіне әсер етуіне қатысты зерттеулер жүргізілмеген. Касгинмен емдеу аясында бас ауыруының дамуы мүмкін екенін ескеріп, автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу кезінде ерекше сақтық таныту керек.

Постмаркетингтік зерттеулер барысында каспофунгин қолданылғанда Стивенс-Джонсон синдромының және уытты эпидермалық некролиздің даму хабарламалары алынған. Анамнезінде терінің аллергиялық реакциялары бар пациенттерде сақтық шарасын қадағалау қажет.

Артық дозалануы

Клиникалық зерттеулерде сынақтан өткен дозалардың ең жоғарысы – бір дүркін бір реттік 210 мг дозаның (дені сау 6 еріктіде) жағымдылығы жақсы болды.

Препарат 51 күн бойы тәуліктік 150 мг дозада енгізілгенде (дені сау 100 еріктіге) жағымдылығының жақсы екені де көрсетілген.

Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлерінің күшею симптомдары болуы мүмкін.

Емі: Касгин артық дозаланғанда диализ жүргізілмейді. Арнайы антидоты жоқ. Симптоматикалық емдеу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препарат пластик қалпақшалы алюминий қақпақпен қаусырылған және инертті минералды күшейтілген бромбутил эластомер тығынмен тығындалған боросиликатты шыны құтыға салынады.

Бір құтыдан пластик контейнерге салады.

Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 1 контейнерден картонную қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 2 0С-ден 8 0С дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/Қаптаушы

Гланд Фарма Лимитед, Индия

Тіркеу куәлігінің иесі

«Д-р Редди`с Лабораторис Лимитед», Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасында «Д-р Редди’с Лабораторис Лимитед» компаниясының өкілдігі: 050057 Алматы қ., 22 линия к-сі, 45,

8 (727) 3941699; 8 (727) 3941689; 87017633805; факс: 3941294 (110)

Прикрепленные файлы

Касгин_инструкция_рус.doc 0.12 кб
Касгин_инструкция_каз.doc 0.16 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники