КАСАРК® (16 мг)

МНН: Кандесартан
Производитель: Киевмедпрепарат ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Candesartan
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020750
Период регистрации в РК: 12.09.2019 - 12.09.2024
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 113.15 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Касарк

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кандесартан

Дәрілік түрі

Таблеткалар 16 мг және 32 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: 100 % затқа шаққанда 16 мг немесе 32 мг кандесартан цилексетилі;

қосымша заттар: кальций кармелозасы; жүгері крахмалы; гидроксипропилцеллюлоза; лактоза моногидраты; магний стеараты; полиэтиленгликоль (ПЭГ 8000).

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті, дөңгелек пішінді, екі беті дөңес таблеткалар. Таблетка бетінің мәрмәрлігіне жол беріледі (16 мг доза үшін).

Ақ немесе ақ дерлік түсті, дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында сызығы бар таблеткалар. Таблетка бетінің мәрмәрлігіне жол беріледі (32 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Ангиотензин ІІ антагонистері. Кандесартан

АТХ коды C09CA06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кандесартан цилексетил пероральді қолдануға жарамды ізашар дәрі болып табылады. Ол асқазан-ішек жолдарынан сіңу кезінде күрделі эфирлік гидролиз жолымен белсенді зат – кандесартанға тез айналады, АТ1-рецепторларымен тығыз байланысады және баяу диссоцияланады. Таблеткалардың абсолютті биожетімділігі 40 % құрайды. Қан сарысуындағы орташа ең жоғары концентрациясына (Сmах) таблетканы қабылдағаннан кейін 3-4 сағаттан соң жетеді. Сарысудағы кандесартан концентрациясы емдік доза шегінде доза жоғарылауымен дозаға байланысты өседі.

Кандесартан фармакокинетикасында жынысқа байланысты айырмашылық байқалмаған. Aс қабылдаудың «сарысудағы концентрация–уақыт» қисығы астындағы ауданға (AUC) елеулі әсері жоқ.

Кандесартан плазма ақуыздарымен жоғары дәрежеде (99%-дан астам) тез байланысады. Кандесартанның байқалатын таралу көлемі 0,1 л/кг құрайды.

Кандесартан, негізінен, организмнен несеппен және өтпен бірге өзгермеген күйінде және тек елеусіз шамада бауырлық метаболизм арқылы шығарылады.

Канденсартанның жартылай шығарылу кезеңі шамамен 9 сағатқа жуықты құрайды. Препараттың дозасын көп рет қабылдаудан соң организмде жиналып қалуы болған жоқ.

Кандесартанның плазмадағы жалпы клиренсі 0,37 мл/мин/кг жуықты, ал бүйректік клиренсі 0,19 мл/мин/кг жуықты құрайды. Кандесартанның бүйректік экскрециясы, гломерулярлық сүзілу сияқты, сондай-ақ және белсенді тубулярлық секреция жолымен де жүзеге асады. Кандесартан цилексетилінің 14С-таңбаланған пероральді дозасын қабылдағаннан кейін несеппен бірге кандесартан түрінде дозаның шамамен 26%-ы және белсенді емес метаболиті түрінде 7%-ы шығарылады, дегенмен нәжістегі дозаның 56%-ы кандесартан түрінде және 10%-ы белсенді емес метаболиттер түрінде анықталған.

Емделушілердің ерекше категориясындағы фармакокинетикасы

Егде жастағы (65 жастан асқан) адамдарда, жас емделушілермен салыстырғанда, кандесартанның Cmax және AUC, тиісінше, шамамен 50%-ға және 80%-ға артқан. Алайда, Касарктың нақтыланған дозасын қабылдаудан кейін АҚ реакциясы және жағымсыз әсерлер туындау жиілігі жас және егде жастағы емделушілерде бірдей болады.

Бүйрек қызметінің жеңілден орташа дәрежеге дейінгі жеткіліксіздігі бар емделушілерде, бүйрек функциясы қалыпты емделушілермен салыстырғанда, кандесартанның Cmax және AUC, тиісінше, көп реттік дозасын қабылдаудан кейін шамамен 50%-ға және 70%-ға артады,

бірақ препараттың жартылай шығарылу кезеңі өзгеріссіз қалады. Бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде тиісті өзгерулер, тиісінше, шамамен 50% және 110% құрайды, ал препараттың жартылай шығарылу кезеңі 2 есе артады.

Гемодиализде жүрген емделушілердегі кандесартанның AUC көрсеткіші

бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде бақыланғанға ұқсас болады. Бауыр қызметінің ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі жеткіліксіздігі бар емделушілерде кандесартанның AUC көрсеткішінің шамамен 23%-ға жоғарылағаны анықталды.

Фармакодинамикасы

Ангиотензин ІІ ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің бірінші вазобелсенді гормоны болып табылады, артериялық гипертензия (АГ) патофизиологиясында, жүрек жеткіліксіздігінде және жүрек-қантамырдың басқа да бұзылуларында белгілі бір рөлді атқарады. Ангиотензиннің ІІ негізгі физиологиялық әсерлері, мысалы, қантамырлардың тарылуы, альдостерон секрециясының стимуляциясы, тұз бен су гомеостазының реттелуі және жасушаның өсуін стимуляциялау, олар 1 типті (AT1) рецептор арқылы жүзеге асады.

Кандесартан рецепторларымен мықты байланысатын және олармен баяу диссоциацияланатын AT1 рецепторлары үшін селективті ангиотензин ІІ рецепторының антагонисі болып табылады. Оның агонистік белсенділігі жоқ. Кандесартан І ангиотензинді ІІ ангиотензинге айналдыратын және брадикининді бұзатын АӨФ тежемейді.

АӨФ әсері және брадикининді потенциялауы немесе Р субстанциялары жоқ. Кандесартанды АӨФ тежегіштерімен салыстырғанда кандесартан қабылдаушы емделушілерде жөтел дамуы сирек кездеседі.

Кандесартан басқа гормондардың рецепторларымен байланыспайды және

жүрек-қантамыр жүйесін реттеуде бұрыннан белгілі рөл атқаратын иондық өзекшелерді бөгемейді. AT1рецепторларының антагонизмі плазмадағы ренин деңгейінің, ангиотензин І және ангиотензин ІІ деңгейінің дозаға байланысты артуына, сондай-ақ қан плазмасындағы альдостерон концентрациясының төмендеуіне әкеледі.

Артериялық гипертензия

Артериялық гипертензияда кандесартан АТ дозаға байланысты, ұзақ уақыт төмендеуін тудырады. Антигипертензиялық белсенділігі жүректің жиырылу жиілігінің рефлекторлық артуымен қатарлас жүрмейтін жалпы шеткергі кедергінің төмендеуіне байланысты. Бірінші дозаны қабылдағаннан кейін АГ күрделенуіне немесе күшеюіне болмаса емдеуді тоқтатқаннан кейін реактивті әсері болуына айғақ жоқ.

Кандесартан цилексетилдің бір реттік дозасын қабылдағаннан кейін антигипертензиялық әсер әдетте 2 сағат ішінде басталады. Үздіксіз емдегенде кез келген дозаны қабылдағанда АҚ көбірек төмендеуіне әдетте 4 апта ішінде қол жетеді және ұзақ емделгенде осыны ұстап тұрады. Мета-талдау деректеріне сәйкес, дозаны тәулігіне бір рет 16 мг-ден 32 мг-ға дейін арттырудың орташа қосымша әсері аз ғана болды. Адамдардағы жекелей аралық ауытқуларды ескеретін болсақ, кейбір емделушілерде орташа әсерден де көбіректі күтуге болады.

Кандесартан цилексетилді тәулігіне бір рет қолданғанда ол АҚ 24 сағат бойы тиімді және бір қалыпты төмендеуін қамтамасыз етеді, дозалау аралығындағы ең жоғары және ең аз әсерінің айырмашылығы үлкен емес.

Кандесартан бүйректік қан ағысын арттырады және/немесе гломерулярлық сүзілу жылдамдығына ықпалын тигізбейді немесе оны жоғарылатады, ал сонымен бірге қанамырларының кедергісі және сүзілу функциясы төмендейді. Артериялық гипертензиясы бар, II типті қант диабетімен ауыратын емделушілерде 8 мг - 16 мг дозадағы кандесартан цилексетилімен 12 апта емдеу қандағы глюкоза деңгейіне немесе липидтік бейінге жағымсыз әсерін тигізбейді.

Жүрек жеткіліксіздігі

Кандесартан цилексетилмен емдеу өлім жағдайын азайтады, жүрек жеткіліксіздігінен ауруханаға түсу деңгейін төмендетеді және сол жақ қарыншаның систолалық функциясы бұзылуы бар емделушілерде симптомдарды жояды.

Кандесартанның жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім жағдайының немесе жүрек жеткіліксіздігі себебінен ауруханаға бірінші рет жатқызу жиілігі азаюына оң әсері жасына, жынысына және қатарлас емге қарамастан өзгеріссіз болды. Кандесартан бір мезгілде ß-блокаторларын, сондай-ақ АӨФ тежегіштерін қабылдаушы емделушілерде де тиімді болды; және емделушінің АӨФ тежегіштерін мақсатты дозада қабылдауына қарамастан оң әсерге қол жеткізілді.

ЖЖ және сол жақ қарыншаның систолалық функциясы (сол жақ қарыншадан лықсыту фракциясы ≤ 40%) бұзылуы бар емделушілерде, кандесартан жүйелік қантамырлар кедергісін және өкпе қылтамырларының қысымын төмендетеді, плазмада рениннің белсенділігін және ангиотензин ІІ концентрациясын арттырады, сондай-ақ альдостерон деңгейін төмендетеді.

Қолданылуы

- эссенциалды гипертензияда

- жүрек жеткіліксіздігінде және сол жақ қарыншаның систолалық функциясы бұзылғанда (сол жақ қарыншадан лықсыту фракциясы төмендеуі ≤ 40%) ангиотензинөзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштерімен емдеуде қосымша терапия ретінде немесе АӨФ тежегіштері жақпаған жағдайда

Қолдану тәсілі және дозалары

Артериялық гипертензиядағы дозалау

Касарктың ұсынылатын бастапқы дозасы және әдеттегі демеуші доза тәулігіне бір рет 8 мг құрайды. Көп жағдайларда антигипертензиялық әсеріне 4 апта ішінде қол жетеді. Дозаны тәулігіне бір рет 16 мг дейін ұлғайтуға болады. Егер артериялық қысымды (АҚ) жеткілікті бақылауға тәулігіне бір рет 16 мг дейінгі дозада 4 аптадан кейін қол жетпесе, онда дозаны тәулігіне бір рет 32 мг дейін ұлғайтуға болады.

Емді АҚ реакцияларына сәйкес түзету керек.

Егде жастағы емделушілерде қолданылуы

Егде жастағы емделушілерде бастапқы дозаны түзету қажет емес.

Айналымдағы қан көлемінің тамырішілік азаюы бар емделушілерде қолданылуы

Артериялық гипотензия қаупі бар емделушілер үшін, мысалы айналымдағы қан көлемі азаюы мүмкін емделушілер үшін, 4 мг бастапқы дозаны қарастыру керек.

Бүйрек жеткіліксіздігіндегі қолданылуы

Гемодиализдегі емделушілерді қоса, бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде бастапқы доза 4 мг құрайды. Дозаны АҚ ескерумен титрлеу керек. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі немесе бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысындағы (креатинин клиренсі < 15 мл/мин.) науқастарда қолдану тәжірибесі шектеулі.

Бауыр жеткіліксіздігіндегі қолданылуы

Ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге препараттың бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 4 мг ұсынылады. Дозаны АҚ ескерумен түзету керек. Касаркты бауырдың ауыр жеткіліксіздігі және/немесе холестазы бар емделушілерге қолдануға болмайды.

Қатарлас терапия

Касаркпен бірге гидрохлортиазидті қосымша тағайындаудың аддитивті антигипертензиялық әсері бар екені анықталған.

Қара нәсілді емделушілердегі қолданылуы

Кандесартанның антигипертензиялық әсерінің басқа нәсілді емделушілерге қарағанда қара нәсілді емделушілерде айқындығы төмен. Осы себепті басқа нәсілді емделушілерге қарағанда қара нәсілді емделушілерге кандесартанды доза арттыру бағытына қарай титрлеу және АҚ бақылау үшін қатарлас ем жүргізу жиірек талап етіледі.

Жүрек жеткіліксіздігіндегі дозалау

Касарктың әдеттегі ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 4 мг құрайды. Тәулігіне бір рет 32 мг мақсатты дозаны немесе ең жоғары көтерімді дозаны арттыру бағытында титрлеу біршама уақыт аралығынан соң еселеу жолымен жүзеге асырылады, ол ең кемі 2 аптаны құрайды. Жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілерді тексеруде әркез бүйрек функциясын бағалау, оның ішінде қан сарысуындағы креатинин және калий мониторингі болуы тиіс.

Касаркты жүрек жеткіліксіздігі себебі бойынша басқа еммен бірге АӨФ тежегіштерін, бета-блокаторлар, диуретиктер және дигиталис немесе бұл дәрілік заттардың біріктірілімін қоса қолдануға болады. АӨФ тежегіштерінің, калий жинақтаушы диуретиктердің (мысалы, спиронолактон) және Касарктың біріктірілімі ұсынылмайды, және оны потенциалды артықшылығы мен қаупін мұқият бағалаудан соң ғана қолдану керек.

Емделушілердің ерекше категориялары

Егде жастағы болмаса айналымдағы қан көлемі азаюы, ауырлығы жеңіл және орташа дәрежелі бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін бастапқы дозаны түзету қажет емес.

Балаларға қолданылуы

Касарк қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер болмағандықтан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге ұсынылмайды.

Қолдану тәсілі

Ішке қабылдайды.

Касаркты тамақ ішуге байланыссыз тәулігіне 1 рет қолдану керек.

Тамақ ішу кандесартан биожетімділігіне әсер етпейді.

 

Жағымсыз әсерлері

Кандесартан қабылдаудағы жағымсыз реакциялар жеңіл және уақытша. Жағымсыз реакциялар туындауының жалпы жиілігі дозаға немесе жасқа тәуелділігін көрсетеді.

Артериялық гипертензия

- гемоглобин деңгейінің аздап төмендеуі, креатинин, мочевина немесе калий мөлшерінің артуы және натрий мөлшерінің азаюы, АЛТ деңгейінің артуы

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

Жиі (>1/100, <1/10)

- артериялық гипотензия

- гиперкалиемия

- бүйрек функциясы бұзылуы

- креатинин, мочевина және калий деңгейі көтерілуі.

Қан сарысуындағы креатинин және калий деңгейін бақылау ұсынылады.

Препаратты постмаркетингтік қолдану барысында төмендегі жағымсыз әсерлер туралы баяндалған

Өте сирек (1/10 000)

- лейкопения, нейтропения және агранулоцитоз

- гиперкалиемия, гипонатриемия

- бас айналуы, бас ауыруы

- жөтел

- «бауыр» ферменттері деңгейі жоғарылауы, бауыр функциясы бұзылуы немесе гепатит

- ангионевротикалық ісіну, тері бөртпесі, есекжем, тері қышынуы

- арқаның ауыруы, миалгия

- бейімі бар емделушілердегі бүйрек жеткіліксіздігін қоса, бүйрек функциясы бұзылуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- кандесартан цилексетилге немесе препарат құрамына кіретін басқа компоненттерге жоғары сезімталдық

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі және/немесе холестаз

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Клиникалық елеулі дәрілік өзара әрекеттесулер анықталмаған. Зерттелген препараттардың ішінде гидрохлортиазид, варфарин, дигоксин, пероральді контрацептивтер (этинилэстрадиол/левоноргестрел), глибенкламид, нифедипин, эналаприл бар.

Калий жинақтаушы диуретиктерді, калий препараттарын, құрамында калий бар тұз алмастырғыштарды, немесе басқа да дәрілік заттарды (мысалы гепарин) бір мезгілде қолдану калий деңгейін жоғарылатуы мүмкін. Калий деңгейін бақылауды тиісті түрде жүргізу керек.

Литийді АӨФ тежегіштерімен қатарлас қолдану кезінде қан сарысуындағы литий концентрациясының және оның уыттылығының қайтымды жоғарылауы болуы мүмкін.

Осыған ұқсас әсер ангиотензин II рецепторлары антагонистерінен туындауы мүмкін. Сондықтан кандесартанды литиймен қолдану ұсынылмайды. Егер біріктірілім қажеттігі расталса литийдің сарысулық деңгейіне мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.

Ангиотензин ІІ рецепторлары антагонистерін қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен, (мысалы, селективті ЦОГ-2 тежегіштерімен, ацетилсалицил қышқылымен (тәулігіне > 3 г) және селективті емес қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен) бір мезгілде қолданған кезде антигипертензиялық әсері бәсеңдеуі туындауы мүмкін.

АӨФ тежегіштері жағдайындағы сияқты, ангиотензин ІІ рецепторлары антагонистерін және қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді бір мезгілде қолдану әсіресе емнің басында бүйрек функциясы әлсіреген емделушілерде бүйректің жедел жеткіліксіздігі және қан сарысуындағы калий деңгейінің арту мүмкіндігін қоса, бүйрек функциясының нашарлау қаупін жоғарылатуы мүмкін.

Бұл біріктірілімді әсіресе егде жастағы емделушілерге абайлап қолданған жөн. Емделушілер сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін ішуі тиіс, сондай-ақ

қатарлас емді бастағаннан кейін және әрі қарай мезгіл-мезгіл бүйрек функциясына мониторинг жүргізген жөн.

Айрықша нұсқаулар

Бүйрек жеткіліксіздігі

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін тежегіш басқа да препараттарының жағдайы сияқты, Касарк қабылдайтын, өзінің бейімі бар емделушілерде бүйрек функциясы өзгерістерін күтуге болады.

Артериялық гипертензиясы (АГ) және бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде Касарк қолданғанда қан сарысуында калий деңгейін және креатинин деңгейінің мониторингін әлсін-әлсін жүргізу ұсынылады.

Бүйрек қызметінің ауыр немесе терминальді жеткіліксіздігі сатысындағы (креатинин клиренсі <15 мл/мин) науқастарда қолдану тәжірибесі шектеулі.

Мұндай емделушілерде Касаркты АҚ мониторингімен үйлесімде мұқият титрлеген жөн.

Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілердің жай-күйін бағалауға, бүйрек функциясын, әсіресе егде жастағы емделушілерде – 75 жастан асқан және бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастардағы ауық-ауық бағалау қоса жүргізілуі тиіс. Касарк дозасын титрлеу кезінде қан сарысуындағы креатинин және калий деңгейлеріне мониторинг жасау ұсынылады.

Жүрек жеткіліксіздігінде АӨФ тежегіштерімен қатарластыра емдеу.

Жағымсыз әсерлер қаупі, әсіресе бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде және гиперкалиемияда, егер кандесартан АӨФ тежегіштерімен біріктіріп қолданылса, ұлғаюы мүмкін. Бұл емделушілерге ұдайы және мұқият бақылау талап етіледі.

Гемодиализ

Диализ кезінде АҚ қан плазмасы көлемінің төмендеуі және ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенділенуі нәтижесінде AT1-рецепторы блокадасына ерекше сезімтал болуы мүмкін. Сондықтан гемодиализдегі емделушілерде Касаркты ұқыпты титрлеу және АҚ мұқият мониторинг жүргізу қажет.

Бүйрек артерияларының стенозы

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін басқа да дәрілік заттар, мысалы АӨФ тежегіштері, бүйрек артерияларының билатералдық стенозы немесе жалғыз бүйрек жағдайына ұшырататын артерия стенозы бар емделушілерде қандағы мочевинаны және қан сарысуындағы креатининді арттыруы мүмкін. Осыған ұқсас әсерді ангиотензин ІІ рецепторларының антагонистерін қолданған кезде де күтуге болады.

Бүйрек трансплантациясы

Касаркты бүйрегі жақында трансплантацияланған емделушілерге қолдану тәжірибесі жоқ.

Артериялық гипотензия

Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілерде Касаркпен емдеу кезінде артериялық гипотензия пайда болуы мүмкін. Ол сондай-ақ АГ бар және айналымдағы қан көлемі азайған, мысалы диуретиктердің жоғары дозаларын қабылдап жүрген емделушілерде туындауы мүмкін. Емдеуді бастаған кезде сақ болу және гиповолемияны түзету бойынша шаралар қабылдау керек.

Анестезия және хирургиялық араласым

Ангиотензин ІІ рецепторлары антагонистерімен ем қабылдап жүрген емделушілерде анестезия және хирургиялық араласым кезінде, ренин-ангиотензин альдостеронды жүйесінің блокадасы салдарынан, артериялық гипотензия дамуы мүмкін. Өте сирек жағдайларда артериялық гипотензия өте ауыр болуы мүмкін, бұл көктамырішілік сұйықтық енгізулерді және/немесе вазопрессорларды қолдануды қажет етеді.

Аорта немесе митральдық клапан стенозы, обструкциялық гипертрофиялық кардиомиопатия.

Басқа да тамыр кеңейтуші дәрілер жағдайындағы сияқты, гемодинамикалық маңызды аорта немесе митральдық клапаны стенозынан немесе обструкциялық гипертрофиялық кардиомиопатиядан зардап шегуші емделушілерді емдегенде ерекше сақ болу керек.

Алғашқы гиперальдостеронизм

Алғашқы гиперальдостеронизмі бар емделушілер әдетте ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін тежеу жолымен әсер ететін антигипертензивтік дәрілік заттарға реакция бермейді. Сондықтан Касарк қолдану ұсынылмайды.

Гиперкалиемия

Касаркты калий жинақтаушы диуретиктермен, калий препараттарымен, құрамында калий бар тұз алмастырғыштармен, немесе калий деңгейін арттыруға ықпалды басқа да дәрілік заттармен (мысалы, гепарин) бір уақытта қолдану артериялық гипертензиясы бар емделушілерде қан сарысуындағы калий деңгейінің артуына әкелуі мүмкін. Калий деңгейіне мониторингті тиісті түрде жүргізу керек.

Жүрек жеткіліксіздігі бар, Касарк қабылдаушы емделушілерде гиперкалиемия пайда болуы мүмкін. Қан сарысуындағы калий деңгейіне ауық-ауық мониторинг жүргізу керек. АӨФ тежегіштерінің, калий жинақтаушы диуретиктердің (мысалы, спиронолактон) және Касарктың біріктірілімі ұсынылмайды, және оны потенциалды артықшылығы мен қаупін мұқият бағалаудан кейін ғана қолдануға болады.

Жалпы мәліметтер

Қантамырлық тонусы және бүйрек функциясы көбіне ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі белсенділігіне тәуелді (мысалы бүйрек артерияларының стенозын қоса, жүрек қызметінің ауыр іркілісті жеткіліксіздігі немесе бүйрек аурулары бар) емделушілерде осы жүйеге әсер етуші басқа дәрілік заттармен емдеу жедел артериялық гипотензиямен, азотемиямен, олигуриямен немесе сирек жағдайларда жедел бүйрек жеткіліксіздігімен астасты. Осыған ұқсас әсерлер ІІ ангиотензин рецепторлары антагонистерін қолдануда болуы мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Антигипертензиялық басқа да кез келген препараттармен бірге қолданған жағдайдағыдай, АҚ шамадан тыс төмендеуі ишемиялық кардиомиопатиясы немесе ишемиялық цереброваскулярлы ауруы бар емделушілерде миокард инфарктісіне немесе инсультке әкеп соғуы мүмкін.

Касаркты сирек кездесетін тұқым қуалайтын галактозаның жақпаушылығы, Лапп лактазаның жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар емделушілерде қолдануға болмайды.

қолданылуы

Касарк препаратын балаларға қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Касаркпен емдеу уақытында бас айналуымен және жоғары қажығыштықпен қатарлас жүруі мүмкін артериялық гипотензия туындауы мүмкіндігін ескеру керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: айқын артериялық гипотензия және бас айналуы.

Емі: симптоматикалық. Емделушіні, аяғын көтеріп, шалқасынан жатқызған жөн. Егер бұл жеткіліксіз болса, қан плазмасы көлемін инфузия жолымен, мысалы, изотониялық тұз ерітіндісін енгізу арқылы арттыру керек. Егер жоғарыда аталған шаралар жеткіліксіз болса, симптоматикалық дәрілік заттарды қолдану керек.

Кандесартан гемодиализ жолымен шығарылмайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

3 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Киевмедпрепарат» ААҚ

Украина, 01032, Киев қ., Саксаганский к-сі, 139.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Киевмедпрепарат» ААҚ

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасындағы «Артериум» корпорациясының өкілдігі

050060, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 97 үй, 3 подъезд, «54» кеңсе

Тел/факс: 8(727)315-82-09; 8(727)315-82-10;

Е-mail: Almaty@arterium.ua

 

Прикрепленные файлы

915789241477976677_ru.doc 81.5 кб
586417131477977816_kz.doc 103 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники