Карминативум Бебинос®

МНН: Жидкий экстракт Фенхеля+Кориандра+Ромашки
Производитель: Дентинокс Общество фармацевтических препаратов Ленк & Шуппан
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты, применяемые при нарушениях функции кишечника, Прочие препараты для лечения заболеваний ЖКТ и нарушений обмена веществ
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013462
Информация о регистрации в РК: 28.06.2019 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 487/94/01/06/11/17
Информация о регистрации в РБ: 22.02.2017 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Карминативум Бебинос®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған ерітінді (тамшылар), 30 мл

Құрамы

1грамм препараттың құрамында

белсенді заттар: аскөк жемістерінің сұйық сығындысы 320.0 мг

күнзе жемістерінің сұйық сығындысы 200.0 мг

түймедақ гүлдерінің сұйық сығындысы 200.0 мг,

қосымша заттар: пропиленгликоль, 70 % сорбит ерітіндісі, натрий сахарині.

Сипаттамасы

Қоңыр түсті өзіне тән иісі бар мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Асқазан-ішек жолдарының ауруларын және зат алмасудың бұзылуын емдеуге арналған басқа да препараттар.

Асқазан-ішек жолдарының және зат алмасудың ауруларын емдеуге арналған әр түрлі препараттар.

АТХ коды А16АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Карминативум Бебинос - асқазан-ішек жолдарының шырышты қабатына жергілікті әсер ететін өсімдік тектес препарат. Осыны ескеріп, фармакокинетикалық деректер қажет етілмейді.

Фармакодинамикасы

Өсімдік сығындыларының әрбір белсенді компоненті өзіне тән әсер ету механизміне ие, атап айтсақ: фенхель ішектің түйілуін басады; кориандр тәбетті жақсартады, диспепсиялық синдромды басады;

түймедақ асқазан-ішектік түйілуді қайтарады, қабынуға қарсы әсер көрсетеді.

Қолданылуы

- шығу тегі әртүрлі шаншулар мен метеоризмді емдеу және алдын алу үшін

- балаларда асқазан-ішек жолдарының бұзылыстарында (емшекпен қоректендіруді тоқтатқанда, неврогендік асқазан-ішектік бұзылыстарда, тәбеттің болмауында)

Қолдану тәсілі және дозалары

Емшектегі балаларға 3-6 тамшыдан күніне 3 рет береді; бір жастан асқан балаларға 6-10 тамшыдан күніне 3 рет сұйылтылмаған түрінде немесе ботқа немесе сұйықтықтың аздаған мөлшерімен – сұйылтылған түрінде (мысалы, шай құйылған бөтелкемен).

Құтының ішіндегісін қабылдар алдында шайқау және құтыны тік қалпында ұстау керек.

Жағымсыз әсерлері

сирек:

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- сорбитолдың жақпаушылығы (фруктозаның жақпаушылығы)

- жүктілік.

Дәрілермен өзара әрекеттесу

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Аталған дәрілік заттың құрамында 36 об.% алкоголь бар, ол бір реттік дозада 99 мг (0.099 г) спиртке сәйкес келеді.

Бір реттік доза құрамындағы алкогольдің мөлшері аз және емшектегі балалар үшін қауіпсіз, құрамында консерванттар жоқ. Карминативум Бебинос тістердің зақымдануын туындатпайды.

Фенхельге жоғары сезімталдықпен тұлғаларда аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Жүктілік және лактация

Жүктілік және емшекпен қоректендіру кезінде қолдануға қатысты деректер жоқ

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Белгісіз, өйткені аталған препарат тек балаларға ғана арналған.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 мл-ден полиэтиленнен жасалған тамшылатқышымен және полипропиленнен жасалған бұралып жабылатын қақпақпен күңгірт шыныдан жасалған құтыларда.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3,5 жыл

Ашылған құтының сақталу мерзімі 1 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Дентинокс Фармацевтикалық препараттар қоғамы

Ленк & Шуппан

Нунсдофер Ринг 19,

12277 Берлин, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Дентинокс Фармацевтикалық препараттар қоғамы

Ленк & Шуппан, Нунсдофер Ринг 19, 12277 Берлин, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Фарма Гарант ГмбХ компаниясының өкілдігі, Жібек Жолы 64, 305 кеңсе, Алматы, Қазақстан, 050002, тел./факс: (727) 2 73 62 78

Электрондық пошта: pharmagarant.kaz@mail.ru

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

044726441477976705_ru.doc 44.5 кб
791978141477977847_kz.doc 52 кб
487_94_01_06_11_17_p.pdf 0.16 кб
487_94_01_06_11_17_s.pdf 0.17 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ