Карбоплатин медак

МНН: Карбоплатин
Производитель: Онкотек Фарма Продукцион ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Carboplatin
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023985
Информация о регистрации в РК: 21.07.2023 - 21.07.2033

Инструкция

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Карбоплатин медак                                               

 

Саудалық атауы

Карбоплатин медак

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Карбоплатин

 

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат 10 мг/мл

 

Құрамы

1 мл концентраттың құрамында

белсенді зат карбоплатин  – 10,0 мг,

қосымша зат: инъекцияға арналған су

 

Сипаттамасы

Түссізден бозғылт-сары түске дейінгі мөлдір ерітінді

 

Фармакотерапиялық тобы

Антинеопластикалық  және иммуномодуляциялайтын  препараттары. Антинеопластикалық препараттар. Антинеопластикалық басқа препараттар.  Құрамында платина бар препараттар. Карбоплатин.

АТХ коды L01XA02

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Таралуы

Дозаларын төрт күн бойы қатарынан қайталап енгізген кезде плазмада платинаның жинақталуы байқалмайды.

Биотрансформациясы

Карбоплатинді енгізгеннен кейін бос платинаның және карбоплатиннің жартылай шығарылу кезеңі адамда, сәйкесінше,  6 сағатқа жуықты және 1,5 сағатты құрады.

Бірінші фаза кезінде бос ультрасүзгіленетін платинаның үлкен бөлігі карбоплатиннің құрамында болады. Жалпы платинаның қан плазмасынан терминальді жартылай шығарылу кезеңі 24 сағатты құрайды. Енгізгеннен кейін 24 сағаттың ішінде платинаның шамамен 87%-ы қан плазмасында ақуыздармен байланысады. 

Шығарылуы

Карбоплатин, негізінен, тағайындалған платинаның 70%-ға жуығы 24 сағаттың ішінде қалпына келе отырып, несеппен шығарылады. Карбоплатиннің көп бөлігі  алғашқы 6 сағатта шығарылады. Бос ультрасүзгіленетін платинаның жалпы және бүйректік клиренсі шумақтық сүзілу жылдамдығымен байланысты, бірақ өзекшелік сөлініспен емес.

Балалар жасындағы пациенттерде карбоплатиннің клиренсі 3-тен 4 еселік мәндерге дейін ауытқығаны хабарланды. Ересек пациенттерге келсек,  әдеби деректер негізінде, бүйрек  функциясы креатинин клиренсінің өзгеруіне жағдай жасауы мүмкін деп болжанады.

Дозаға тәуелділігі/тәуелсіздігі

Карбоплатинді енгізгеннен кейін адамдарда жалпы және бос ультрасүзгіленетін платинаның дозалары мен плазмадағы концентрациялары арасында дозаға тәуелділік болады.

Жалпы платина үшін «плазмадағы концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданы да креатинин клиренсінің мәні ≥ 60 мл/мин болғанда дозаға тәуелділікті көрсетеді.

Фармакодинамикасы

Карбоплатин цисплатинмен салыстырғанда, енгізу орнына қарамастан,   ісіктердің ауқымды қатарына қатысты салыстырымды белсенділік көрсетті. Сілтілік элюция және ДНҚ байланыстыру әдістерін зерттеу карбоплатиннің және цисплатиннің сапалық жағынан ұқсас әсер ету механизмдерін көрсетті. Карбоплатин, цисплатин сияқты, спиральден тыс ДНҚ ұйымдасуының өзгерістерін индукциялайды, бұл «ДНҚ азайту әсеріне» сәйкес келеді.

 

Қолданылуы

Карбоплатин медак монотерапияда немесе ісікке қарсы басқа да дәрілік заттармен біріктіріліп мынадай қатерлі ісіктерді емдеуге қолданылады:

- аналық бездің шығу тегі эпителийлік таралған карциномасын емдеудің бірінші желісі ретінде

- алдыңғы емдеу түрлері сәтсіз болғанда аналық бездің шығу тегі эпителийлік таралған карциномасын емдеудің екінші желісі ретінде

- өкпенің ұсақ жасушалы обырында

Қолдану тәсілі және дозалары

Карбоплатин медак ұсынылатын дозасы бұрын емделмеген, бүйрек функциясы қалыпты, яғни креатинин  клиренсі > 60 мл/мин ересек пациенттер үшін бір реттік венаішілік инфузия түрінде 400 мг/м2 құрайды,  15-60 минут бойы енгізіледі. Басқаша жағдайда төмендегі Кальверт формуласын қараңыз:

Жалпы доза (мг) = AUC  қалаған мәні (мг/мл x мин) x [ГСЖ (гломерулярлық сүзілу жылдамдығы) мл/мин + 25]

AUC  қалаған мәні

Химиялық ем режимі

Пациенттің емдеуге қатысты статусы

5 - 7 мг/мл мин

карбоплатинмен  монотерапия

бұрын емделмеген

4 - 6 мг/мл мин

карбоплатинмен  монотерапия

бұрын емделген

 

4 - 6 мг/мл мин

карбоплатин  плюс циклофосфамид

бұрын емделмеген

Ескертпе: Кальверт формуласына сәйкес карбоплатиннің жалпы дозасын мг-мен есептейді,  мг/м2 емес.

Кальверт формуласын төмендегі емдеу курстарына сәйкес қосымша ем алмаған пациенттерге қолданбау керек:

- митомицин С,

- нитрозомочевина,

- доксорубицинмен/циклофосфамидпен/цисплатинмен біріктірілген ем,

- 5 немесе одан көп дәрілік препараттармен біріктірілген ем,

- көлемі 20 х 20 см аумаққа немесе саны біреуден көп аумаққа бағытталған радиотерапия ≥ 4500 рад.

Емдеуге көнбейтін ісік, үдемелі ауру және/немесе көтере алмайтын жағымсыз әсерлердің дамыған жағдайында Карбоплатин медакпен емді тоқтату керек. Карбоплатинмен алдыңғы емдеу курсынан кейін төрт апта өтпейінше және/немесе нейтрофилдердің мөлшер саны, кем дегенде, 2000 жасуша/мм3 құрағанға дейін, және тромбоциттер саны, кем дегенде, 100000 жасуша/мм3 құрағанға дейін емді қайталауға болмайды.

Алдында болған миелосупрессиялық ем және төмен функционалдық статус (ECOG (Шығыстың біріккен онкологиялық тобы) – Зуброд бойынша 2 - 4 немесе Карновский бойынша – 80-нен төмен) сияқты қауіп факторлары бар пациенттер үшін бастапқы дозаны 20-25% төмендету ұсынылады.  

Карбоплатин  медакпен бастапқы емдеу курстары кезінде болашақта дозаны түзету үшін апта сайын қан талдауларымен төменгі гематологиялық  шекті анықтау ұсынылады. Дайындауға немесе енгізуге құрамында алюминий бар инелерді немесе карбоплатинмен жанасуы мүмкін венаішілік енгізуге арналған жүйелерді пайдалануға болмайды. Алюминий карбоплатинмен реакцияға түсіп, шөгінді түзілуіне және/немесе белсенділігін жоғалтуға әкеледі.

Дайындау және енгізу кезінде қауіпті заттармен жұмыс істеудің сақтық шараларын қадағалау қажет. Дайындауды қауіпсіз пайдалану дайындығынан өткен қызметкерлер жүзеге асырады, олар қорғаныш қолғаптарын, бетперделерді және қорғаныш киімдерін қолдануы тиіс.

Егде жастағы пациенттер

65 жастан асқан пациенттер үшін, алғашқы және кейінгі емдеу курстары бойында, денсаулықтың жалпы жағдайына және бүйрек функциясына қарай дозаны түзету қажет.

Бүйрек жеткілісіздігі

Креатинин клиренсінің мәні 60 мл/мин аз пациенттер миелосупрессияның даму қаупіне көбірек бейім.

Карбоплатин медакты бүйрек функциясы бұзылған пациенттер арасында оңтайлы қолдану үшін  дозаны сәйкесінше түзету және төменгі гематологиялық шекке де, бүйрек функциясына да жиі мониторинг қажет. Шумақтық сүзілу жылдамдығы < 30 мл/мин болған жағдайда Карбоплатин медакты тағайындамау керек.

Төмендегі ұсынылған дозалау режимдерінде ауыр лейкопенияның, нейтропенияның немесе тромбоцитопенияның пайда болу жиілігі 25% деңгейінде сақталып тұрады:

Бастапқы креатинин клиренс         і                  Бастапқы доза (1 Күн)

41-59 мл/мин                                            250 мг/м2 в/в

16-40 мл/мин                                            200 мг/м2 в/в

Карбоплатинді креатинин клиренсі 15 мл/мин немесе одан төмен пациенттерде қолдану жөніндегі мәліметтер емдеуге қатысты ұсынымдар жасауға жеткіліксіз.

Жоғарыда келтірілген дозалау жөніндегі ұсынымдардың бәрі бастапқы емдеу курсы үшін ғана қолданылады.

Одан кейінгі курстарда дозалау режимі пациентке препараттың жағымдылығына және миелосупрессияның қолайлы деңгейіне негізделіп түзетіледі.

Біріктірілген ем

Карбоплатин медакты миелосупрессиялық әсер көрсететін басқа дәрілік препараттармен біріктіріп ұтымды қолдану үшін, емдеудің белгіленген курсына және сызбасына сәйкес тиісінше түзету қажет болады.

Балалар

Карбоплатин медакты балалар арасында қолданудың жеткілікті тәжірибесі болмағандықтан, дозалар бойынша арнайы ұсынымдар жоқ.

Қолдану тәсілі

Карбоплатин медак  вена ішіне ғана енгізіледі.

Қолданар алдында препаратты сұйылту жөніндегі нұсқаулар

Дәрілік затты енгізер алдында сұйылтады. Карбоплатин медакты  50 мг/мл (5%) глюкозамен, 0,4-тен 2 мг/мл концентрацияға дейінгі инфузияға арналған ерітіндімен немесе 9 мг/мл (0,9%) натрий хлоридімен, 2 мг/мл концентрацияға дейінгі инфузияға арналған ерітіндімен сұйылтуға болады.

Енгізер алдында механикалық қоспалардың бар-жоғын және түсінің өзгеруін қөзбен қарап тексеру жүргізеді. Ерітінді мөлдір және бөгде қоспалары жоқ болса ғана пайдалануға жарамды.
Дайындау және енгізу кезінде қауіпті заттармен жұмыс істеудегі сақтық шараларын қадағалау қажет. Дайындауды қауіпсіз пайдалану дайындығынан өткен қызметкерлер жүзеге асырады, олар қорғаныш қолғаптарын, бетперделерді және қорғаныш киімдерін қолдануы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Хабарланған жағымсыз реакциялардың даму жиілігі Карбоплатин медакты  монотерапияда, және тіркеуден кейінгі тәжірибеде қабылдаған 1893 пациент бойынша жинақталған деректер базасына негізделген.

Жағымсыз құбылыстардың жиілігі төменде сипатталған және келесі жіктеу бойынша бағаланған:  өте жиі (> 1/10); жиі (≥ 1/100 - < 1/10 дейін); жиі емес (≥ 1/1000 - < 1/100 дейін); сирек (≥ 1/10000 - < 1/1000) дейін; өте сирек (< 1/10000) және жиілігі белгісіз (жиілігін қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).

Ағзалар жүйесінің класы

Жиілігі және симптомдары

Инфекциялық және паразиттік аурулар

 

Жиі

инфекциялар*

Жиілігін бағалау мүмкін емес

пневмония

Қатерсіз, қатерлі және   нақтыланбаған  жаңа түзілімдер  (кисталарды және полиптерді қоса)

Өте сирек

жедел промиелоцитарлық лейкемия

Жиі емес

Жүргізілген емге байланысты салдарлық қатерлі ісік

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылыстар

Өте жиі

тромбоцитопения, нейтропения, лейкопения, анемия

Жиі

қан кету*

сирек
фебрильді нейтропения

жиілігін бағалау мүмкін емес

сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі, гемолиздік-уремиялық синдром

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Жиі

Жоғары сезімталдық (мысалы, тері бөртпесі, есекжем, эритема, айқын себепсіз қызба немесе қышыну), анафилактоидты реакция (ангионевроздық ісіну, беттің ісінуі, ентігу, тахикардия, төмен  артериялық қысым, есекжем, анафилаксиялық шок, бронх түйілуі)

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

Өте жиі
гиперурикемия
Сирек
анорексия, гипонатриемия

Жиілігін бағалау мүмкін емес

сусыздану, ісік лизисі синдромы

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

шеткері нейропатия, парестезия, тереңдегі сіңір рефлекстерінің төмендеуі, сенсорлық бұзылу, Дисгевзия

Өте сирек

мидағы қанайналымның жедел бұзылуы*

Жиілігін бағалау мүмкін емес

артқы қайтымды   лейкоэнцефало-патия синдромы (АҚЛС)

Көру мүшесі тарапынан бұзылулар

Жиі

көрудің бұзылуы

Сирек

көрмей қалу, көру жүйкесінің невриті

Есту мүшесі және тепе-теңдік тарапынан бұзылулар

Өте жиі

Жоғары жиіліктерде (4000-8000 Гц) естудің жоғалуымен білінетін есту анықтығының субклиникалық төмендеуі

Жиі

отоуыттылық, құлақтағы шуыл (тиннит)

Жүрек тарапынан бұзылулар

Жиі

жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар*

Өте сирек

жүрек жеткіліксіздігі*

Қантамырлар тарапынан бұзылулар

Өте сирек

эмболизм*, гипертензия, гипотензия

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар

Жиі

тыныс алу жүйесі тарапынан бұзылулар, өкпенің интерстициальді ауруы, бронх түйілуі

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Өте жиі

жүрек айну, құсу, іш тұсының ауыруы

Жиі

диарея, іш қату, шырышты қабық патологиясы

Жиілігін бағалау мүмкін емес

стоматит, панкреатит

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Сирек

ауыр дәрежедегі бауыр дисфункциясы (бауырдың жедел некрозын қоса)

Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар

Жиі

алопеция, терінің зақымдануы, есекжем, бөртпе, эритема, қышыну

 

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар

Жиі

тірек-қимыл аппаратының аурулары

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Жиі

урогенитальді ағзалардың аурулары

Жүйелі бұзылулар және  енгізген жердегі асқынулар

Өте жиі

әлсіздік

Жиі

тұмау тәрізді симптомдар

Жиі емес

инфекция белгілерінсіз қызба және қалтырау, инъекция орнындағы некроз, инъекция орнындағы реакция, экстравазация, инъекция орнындағы инъекция орнындағы эритема, дімкәстік

Зертханалық зерттеу нәтижелеріне ықпалы

Өте жиі

бүйректің креатинин  клиренсі деңгейінің төмендеуі, қандағы мочевина деңгейінің жоғарылауы, қандағы сілтілік фосфатаза  деңгейінің жоғарылауы, аспартат аминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, бауырдың функционалдық сынамасының патологиялық нәтижесі, қандағы натрий деңгейінің төмендеуі, қандағы калий деңгейінің төмендеуі, қандағы кальций деңгейінің төмендеуі, қандағы магний  деңгейінің төмендеуі

Жиі

қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, қандағы несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы

* < 1%-да өліммен аяқталған, жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан өліммен аяқталу құбылыстары < 1%-да жүрек жеткіліксіздігін, эмболизмді және бір мезгілде мидағы қанайналымның жедел бұзылуын қамтыды.

Қатерсіз, қатерлі және анықталмаған жаңа түзілімдер (кисталар мен полиптерді қоса)

Карбоплатинмен монотерапияда немесе кешенді емнің бір бөлігі ретінде емдеуден кейін (себеп-салдарлық байланысы анықталмаған) салдарлы қатерлі жаңа түзілімдердің (карбоплатинмен монотерапиядан және алдыңғы сәулемен емдеуден кейін 6 жылдан соң промиелоцитарлы лейкозды қоса) пайда болғаны туралы хабарланды.

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Миелосупрессия карбоплатиннің дозаны шектейтін уыттылық факторы болып табылады. Бастапқы мәндері қалыпты пациенттерде 50000/мм3-ден төмен тромбоциттер санымен тромбоцитопения 25% жағдайда, 1000/мм3-ден төмен гранулоциттер санымен нейтропения – 18% жағдайда және 2000/мм3-ден төмен лейкоциттер санымен  лейкопения –14% жағдайда байқалады. Ең көп төмендеуі әдетте 21 күні байқалады. Миелосупрессия карбоплатинді  басқа миелосупрессиялық қосылыстармен немесе емдеу түрлерімен біріктіріп қолданғанда нашарлауы мүмкін.  

Миелоуыттылық бұрын ем қабылдаған, әсіресе, бұрын цисплатин қабылдаған пациенттерде және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде ауырлау дәрежеде болады. Функционалдық статусы нашар пациенттерде де ауырлау дәрежедегі лейкопения және тромбоцитопения байқалды. Бұл әсерлер, әдетте олар қайтымды болғанына қарамастан, карбоплатинді қабылдаған 4% және 5% пациенттерде, сәйкесінше, инфекциялық және геморрагиялық асқынулардың дамуына әкелді. Аталған асқынулар  1%-дан аз  пациенттерде өлім жағдайларына әкеліп соқты.

Гемоглобин мәндері 8 г/дл-ден төмен анемия бастапқы мәндері қалыпты 15% пациенттерде байқалды. Анемияның даму жиілігі карбоплатиннің дозасын арттырған кезде жоғарылайды.

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Құсу  65% пациенттерде байқалады, олардың ішінде 1/3 пациенттерде ол  ауыр дәрежеде болды. Жүрек айну және 15%-да байқалады. Бұрын ем алған пациенттер (әсіресе бұрын цисплатин алған пациенттер) құсуға көбірек бейім болды. Жүрек айну және құсу, әдетте, карбоплатинді енгізгеннен кейін 6 – 12 сағат өткенде пайда болады. Аталған әсерлер әдетте емдеуден кейін 24 сағаттың ішінде пайда болды және әдетте  құсуға қарсы препараттармен олардың алдын алды. Құсудың даму ықтималдығы басқа эметогендік препараттармен біріктіріп қолданған кезде артты.

Асқазан-ішек жолы тарапынан басқа шағымдар 8% пациенттерде ауыруды, 6% пациенттерде диареяны және іш қатуды қамтыды.

Зат алмасудың бұзылуы

Электролиттер:
Қан сарысуында натрий, калий, кальций және магний мөлшерінің төмендеуі,  тиісінше, 29%, 20%, 22% және 29% пациенттерде байқалды. Гипонатриемияның ерте дамуы туралы анағұрлым жиі хабарланды. Электролиттердің жоғалуы елеусіз болды және, негізінен, қандай да бір клиникалық симптомдарсыз өтті.

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Шеткері нейропатия (негізінен, парестезиялар және тереңдегі сіңір  рефлекстерінің төмендеуі) карбоплатинді қабылдаған 4% пациенттерде байқалды. 65 жастан асқан пациенттер және бұрын цисплатин қабылдаған пациенттер, карбоплатинмен ұзақ емделген пациенттер сияқты, жоғары қауіпке ұшырады. Карбоплатинмен емді бастағанға дейін байқалған парестезиялар, әсіресе егер олар цисплатинмен емдеумен байланысты болса, карбоплатинмен емдеу кезінде сақталуы немесе нашарлауы мүмкін.

Клиникалық мәні бар сенсорлық бұзылыстар (яғни көрудің бұзылуы және дәм сезудің өзгеруі) 1% пациенттерде байқалды.

Орталық жүйке жүйесі тарапынан симптомдар туралы хабарлар жиі емес, олар көбінесе қатар жүретін құсуға қарсы еммен байланысты болды.

Неврологиялық жағымсыз әсерлердің жалпы жиілігі карбоплатинді біріктіріліммен алған пациенттерде жоғары болды. Бұл да ұзағырақ жинақталу әсерімен байланысты болуы мүмкін.

Көру мүшесі тарапынан бұзылулар

Кейде көрудің уақытша жоғалуын қамтитын, көрудің уақытша бұзылыстары туралы платина негізіндегі препараттармен ем кезінде хабарланған. Әдетте бұл бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді жоғары дозалармен емдеумен байланысты.

Есту мүшесі және тепе-теңдік тарапынан бұзылулар

Жоғары жиіліктік диапазондағы (4000 - 8000 Гц) бұзылыстармен сөйлеу диапазоны шегінен тыс естудің бұзылулары сериялы аудиометриялық зерттеулерде 15% жиілікпен байқалды. Гипакузияның өте сирек жағдайлары туралы хабарланды. 1% пациенттерде ғана көптеген жағдайларда тиннит түрінде көрініс берген клиникалық симптомдар болды.

Есту мүшесі бұдан бұрын цисплатинмен емдеуден зақымданған пациенттерде есту функциясының одан әрі өршуі кейде карбоплатинмен емдеу кезінде орын алады.

Карбоплатинмен емдеу кезінде ұсынылғаннан жоғары дозаларды қолданғанда, басқа отоуытты препараттармен біріктіргенде, балалар жасындағы пациенттерде естудің клиникалық мәні бар жоғалуы туралы туралы хабарланды.

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Карбоплатинді қабылдаған пациенттерде нефроуыттылық әдетте дозаны шектейтін факторға жатпайды, және үлкен көлемдердегі сұйықтықпен  гидратация немесе қарқындатылған  диурез сияқты профилактикалық шараларды қажет етпейді.  Дегенмен, қандағы мочевина немесе қан сарысуындағы креатинин деңгейлерінің жоғарылауы байқалуы мүмкін.

Сондай-ақ креатинин клиренсінің минутына 60 мл-ден азға дейін төмендеуімен анықталатын бүйрек функциясының бұзылуы байқалуы мүмкін. Нефроуыттылықтың даму жиілігі және ауырлық дәрежесі бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде карбоплатинмен емдеуді бастағанға дейін жоғарылауы мүмкін. Организмдегі су теңгерімін демеудің тиісті бағдарламасы арқылы бұл әсерді болдырмау мүмкіндігі бар ма, белгісіз, бірақ бүйрек функциясының орташа өзгеруінде дозаны азайту  немесе емді тоқтату (креатинин клиренсі 30 - 59 мл/мин) қажет болады. Карбоплатинді креатинин клиренсі < 30 мл/мин пациенттерге қолдануға болмайды.

Әдеттегі дозаларын тағайындау кезінде карбоплатинді үлкен көлемдердегі сұйықтықпен  гидратациясыз және/немесе қарқындатылған  диурезсіз қолданғанына қарамастан, бүйрек функциясы патологиясының  дамуы жиі байқалған жоқ. Қан сарысуындағы креатинин деңгейінің жоғарылауы 6% пациенттерде, қандағы мочевина азоты деңгейінің - 14% және несеп қышқылының жоғарылауы - 5% пациенттерде байқалды. Әдетте олар жеңіл дәрежеде болды және пациенттердің шамамен жартысында қайтымды болды. Креатинин клиренсі карбоплатин қабылдаған пациенттерде бүйрек функциясын өлшеудің неғұрлым сезімтал тәсілі болып табылатыны дәлелденген. Бастапқы мәндері 60 мл/мин немесе одан жоғары пациенттердің жиырма жеті пайызында (27%) карбоплатинмен ем кезінде креатинин клиренсінің төмендеуі байқалды.

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Бастапқы мәндері қалыпты пациенттерде 5%-да жалпы билирубин деңгейінің, СГОТ - 15%-да және сілтілік фосфатазаның - 24% пациенттерде жоғарылауын қоса, бауыр функциясының өзгерістері байқалды.  Негізінен, аталған өзгерістер жеңіл дәрежеде болды және пациенттердің шамамен жартысында қайтымды болды.

Карбоплатиннің өте жоғары дозаларын алған және сүйек кемігінің  аллогендік трансплантациясын бастан өткерген пациенттердің біраз бөлігінде бауырдың функционалдық сынамаларының елеулі жоғарылауы байқалды.

Бауыр жасушаларының жедел, фульминантты некрозы жағдайлары  карбоплатинді жоғары дозаларда тағайындағаннан кейін байқалды.

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Тері бөртпесі, есекжем, эритема, себебі анық емес қызба немесе қышыну сияқты карбоплатинге аллергиялық реакциялар 2%-дан аз пациенттерде байқалды.

Анафилаксиялық реакциялар, кейде өліммен аяқталған, препаратты енгізгеннен кейін бірнеше минуттың ішінде болуы мүмкін: ангионевроздық ісіну, беттің ісінуі, ентігу, тахикардия, төмен  артериялық қысым, есекжем, анафилаксиялық шок, бронх түйілуі.

Аталған реакциялар әдетте құрамында платина бар басқа заттарды енгізген кезде байқалатын реакцияларға ұқсас және оларды тиісті демеуші еммен басу керек.

Басқа да жағымсыз әсерлері

Карбоплатинді қоса, цитостатикалық препараттармен емдеуден кейін салдарлы жедел қатерлі ісіктер туралы хабарланды.

Карбоплатинмен монотерапиядан кейін 6 жылдан соң және алдында болған радиотерапиядан кейін жедел промиелоцитарлық лейкемия туралы хабарланды.

Сирек жағдайларда алопеция, қызба және қалтырау, мукозит, әлсіздік, дімкәстік байқалды.

Жекелеген жағдайларда гемолиздік-уремиялық синдром байқалды.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан құбылыстардың жекелеген жағдайлары (жүрек жеткіліксіздігі, эмболия), сондай-ақ мидағы қанайналымның жедел бұзылуының жекелеген жағдайлары туралы хабарланды.

Гипертензия жағдайлары туралы хабарланды.

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар

Енгізген жердегі реакциялар туралы хабарланды (күйдіру, ауыру, қызару, ісіну, есекжем, экстравазациямен бірге некроз).

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа немесе қандай да бір қосымша затқа жоғары сезімталдық

- бүйрек функциясының айқын бұзылулары (креатинин клиренсі < 30 мл/мин), дәрігердің және пациенттің қорытындысы бойынша емдеудің ықтимал артықшылықтары қауіптерден асып түсетін жағдайларды қоспағанда

- ауыр дәрежедегі миелосупрессия

- ісіктен қан кету

- сары қызбаға қарсы вакцинамен бір мезгілде қолдану

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бір мезгілде қолдануға болмайды

Сары қызбаға қарсы вакцина: өліммен аяқталатын жайылған  инфекция қаупі.

Бір мезгілде қолдану ұсынылмайды

Тірі аттенуирленген вакциналар (сары қызбаны қоспағанда): жүйелі, өліммен аяқталуы мүмкін ауру қаупі. Негізгі ауруынан иммунитеті әлсіреген пациенттерде қауіп жоғарылайды. Егер ол бар болса, белсенділігі жойылған вакцинаны қолдану (полиомиелит).

Фенитоин, фосфенитоин: цитоуытты дәрілік препараттардан фенитоиннің асқорыту жолында сіңуінің төмендеуі нәтижесіндегі конвульсиялардың өршуі немесе фенитоиннің бауырлық метаболизмінің жоғарылауына орай цитоуытты дәрілік препараттардың тиімділігінің жоғалуы.

Ескеруді қажет ететін бір мезгілде қолдану

Циклоспорин (және экстраполяция нәтижесіндегі такролимус пен сиролимус): Лимфопролиферация қаупімен шамадан тыс иммуносупрессия.

Мыналар сияқты нефроуытты немесе отоуытты препараттар

Аминогликозидтер: әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер арасында жинақталушы  нефроуыттылық пен отоуыттылыққа байланысты, карбоплатинді аминогликозидтік антибиотиктермен бір мезгілде қолдануды ескеру керек.

Ілмекті диуретиктер: жинақталушы  нефроуыттылық пен отоуыттылыққа байланысты, карбоплатинді ілмекті диуретиктермен бір мезгілде қолдануды ескеру керек.

Карбоплатинді және хелаттаушы агенттерді бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек, өйткені теориялық тұрғыда бұл карбоплатиннің ісікке қарсы әсерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Алайда, жануарлардағы сынақтарда немесе клиникалық тәжірибеде карбоплатиннің ісікке қарсы әсеріне диэтил-дитиокарбамат ықпал еткен жоқ.

Ісік аурулары жағдайында тромб түзілу қаупі жоғары болғандықтан көбінесе антикоагулянттық ем тағайындайды. Ауру кезінде қан ұйығыштығының жекешеішілік жоғары ауытқымалылығы және пероральді антикоагулянттар мен ісікке қарсы химиялық ем арасындағы өзара әрекеттесулер мүмкіндігі  пациенттерді пероральді антикоагулянттармен емдеу туралы шешім қабылданған жағдайда ХҚҚ бақылау үшін мониторинг жиілігін арттыруды қажет етеді.

Варфаринді карбоплатинмен бірге қолданған кезде сақтық таныту және ХҚҚ жиі бақылау ұсынылады, өйткені  ХҚҚ жоғарылауы туралы хабарланған.

Карбоплатин алюминиймен реакцияға түсіп, қара тұнба түзуі мүмкін. Препаратты дайындауға немесе енгізуге құрамында алюминий бар инелерді, шприцтерді, катетерлерді немесе карбоплатинмен жанасуы мүмкін венаішілік енгізуге арналған жүйелерді пайдалануға болмайды.

 

Айрықша нұсқаулар

Карбоплатинмен емдеуді ісікке қарсы препараттарды қолдану тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен жүзеге асыру керек.

Препаратты дайындау және енгізу үшін құрамында алюминий бар инелерді, шприцтерді, катетерлерді және инфузиялық жүйелерді қолданбаған жөн, ол карбоплатинмен әрекеттесіп, тұнбаның түзілуіне немесе препарат белсенділігінің жоғалуына әкелуі мүмкін.  

Шеткері қанның формалық элементтерін, бүйрек және бауыр функциясын анықтау тесттерін жүйелі жүргізіп отырған жөн. Сүйек кемігінің қан түзу функциясы бәсеңдеген жағдайда немесе бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылғанда дәрілік затпен емдеуді тоқтату керек.

Диагностикалық және емдеу мекемелерінде ем жүргізуге және ықтимал асқынуларды басуға арналған құрал-жабдықтар болуы тиіс.

Гематологиялық уыттылық

Әдеттегі жағдайларда карбоплатинді енгізу курстарын айына бір реттен жиі қайталамау керек.

Лейкопения, нейтропения және тромбоцитопения дозаға тәуелді әрі дозаны шектеуші болып табылады. Карбоплатинмен емдеу кезінде шеткері қан талдауын жиі жүргізу керек, және уытты болған жағдайда, жақсару басталғанға дейін. Төменгі шекке орташа жету күні - карбоплатинді монотерапияда алатын пациенттер арасында 21 күн, және карбоплатинді басқа химиялық ем препараттарымен біріктіріп алатын пациенттер арасында 15 күн. Карбоплатинмен емдеудің бір реттік аралық емдеу курстарын лейкоциттер, нейтрофилдер және тромбоциттер деңгейлері қалпына келгенге дейін қайталамау керек. Карбоплатинмен алдыңғы емдеу курсынан кейін төрт апта өтпейінше және/немесе нейтрофилдердің мөлшері, кем дегенде, 2000 жасуша/мм3 құрағанға дейін, және тромбоциттер саны, кем дегенде, 100000 жасуша/мм3 құрағанға дейін емді қайталауға болмайды.

Анемия жиі әрі жинақталушы болып табылады, қан құюды сирек қажет етеді.

Миелосупрессияның ауырлық дәрежесі алдында ем қабылдаған (атап айтқанда, цисплатин алған) және/немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттер арасында жоғарылайды. Пациенттердің аталған топтарында  карбоплатиннің бастапқы дозаларын төмендету, курстар арасында жиі талдау жүргізу арқылы әсерлерін мұқият мониторингілеу керек.

Миелосупрессия әсерлері қатар жүретін химиялық емнің әсерлеріне қосымша болуы мүмкін. Ауыр әрі тұрақты миелосупрессиясы бар пациенттер  өліммен аяқталуды қоса, инфекциялық асқынулардың жоғары қаупіне ұшырайды. Қандай да бір құбылыстар дамыған жағдайда карбоплатинмен емдеуді тоқтатып, дозаларды түзету немесе емдеуді тоқтату керек. Қосымша әсерлердің дамуын барынша азайту үшін карбоплатинмен және басқа  миелосупрессиялық емдеу түрлерімен біріктірілген емді  дозалары мен уақытын ескеріп өте мұқият жоспарлау керек.

Ауыр миелосупрессиядан зардап шегуші пациенттерге демеуші трансфузиялық ем қажет болуы мүмкін.

Карбоплатинді қабылдаған пациенттер арасында, емдеу аясында серологиялық антиденелер болғанда гемолиздік анемия туралы хабарланды. Бұл құбылыс өлімге ұшыратуы мүмкін.

Карбоплатинмен және басқа ісікке қарсы препараттармен емнен кейін бірнеше жылдан соң жедел промиелоцитарлық лейкемия және миелодисплазиялық синдром (МДС) / жедел миелоидтық лейкемия (ЖМЛ) туралы хабарланған.

Бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі

Карбоплатинді қолдану аясында бүйрек және бауыр функциясының бұзылуы дамуы мүмкін. Карбоплатиннің өте жоғары дозалары (монотерапия кезінде ұсынылған дозадан ≥5 есе артық) бүйрек және/немесе бауыр функциясының ауыр бұзылуларына әкелген. Су теңгерімін талапқа сай ұстап тұру бүйрек функциясына теріс ықпалын бейтараптандыра ма, анық емес. Егер бүйрек пен бауырдың  функционалдық зерттеуі орташа немесе күрделі өзгерістерді анықтаса, дозаны азайту немесе карбоплатинмен емдеуді тоқтату қажет.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде карбоплатиннің гематопоэзге ықпалы бүйрек функциясы қалыпты пациенттерге қарағанда айқынырақ әрі ұзағырақ. Бұл қауіп тобында карбоплатинмен емді ерекше сақтықпен жүргізеді. Карбоплатинді аминогликозидтермен және басқа нефроуытты заттармен бірге тағайындау ұсынылмайды, дегенмен оларды бірге қолданудың нефроуыттылығы туралы жеткілікті клиникалық мәліметтер жоқ. Цисплатиндермен емнің нәтижесі ретінде бұдан бұрын нефроуыттылық байқалған пациенттерде бүйрек функциясының бұзылуы жиірек дамиды.

Гемолиздік-уремиялық синдром (ГУС)

Гемолиздік-уремиялық синдром (ГУС) өмірге қауіп төндіретін жағымсыз әсер болып табылады. Микроангиопатиялық гемолиздік анемияның алғашқы симптомдары мен белгілерінде, мысалы, қатар жүретін тромбоцитопениямен гемоглобиннің жылдам төмендеуі, сарысулық билирубин, сарысулық креатинин, қандағы мочевина азоты немесе ЛДГ деңгейінің жоғарылауында карбоплатинмен емдеуді тоқтату керек. Емді тоқтатқаннан кейін бүйрек жеткіліксіздігі қайтымсыз болуы мүмкін, диализ қажет болуы ықтимал.

Аллергиялық реакциялар

Құрамында платина бар басқа препараттар жағдайындағы сияқты, көбінесе инфузия кезінде пайда болатын аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін, соның нәтижесінде инфузияны тоқтату және тиісті симптоматикалық емдеу қажет болуы мүмкін. Карбоплатинді қолданумен байланысты жиі емес аллергиялық реакциялар, мысалы, эритематоздық бөртпе, анық себепсіз қызба немесе қышыну туралы хабарланды. Анафилаксияның, ангионевроздық ісінудің және бронх түйілуі, есекжем немесе беттің ісінуі сияқты анафилактоидты реакциялардың сирек жағдайлары тіркелген. Барлық платина препараттарын қолдау кезінде айқаспалы  реакциялар туралы хабарланды, олар кейде өліммен аяқталған. Аллергиялық реакциялардың пайда болуын мұқият қадағалау және ондайларды антигистаминдік дәрілерді, адреналинді және/немесе глюкокортикоидтарды тағайындауды қоса, тиісті демеуші еммен басу керек .

Уыттылықтың пайда болу жиілігі және оның ауырлық дәрежесі бұрын ұзақ емделген пациенттерде, денсаулық көрсеткіштері төмен пациенттерде және егде жастағы адамдарда жоғары болады. Карбоплатинді тағайындауға дейін және онымен емдеу кезінде бүйрек функциясын бақылау керек.

Неврологиялық уыттылық

Әдетте неврологиялық уыттылық жиі әрі ауырлық дәрежесі жеңіл болып, парестезиялармен және тереңдегі сіңірлік рефлекстердің төмендеуімен шектелетіндіктен, оның жиілігі 65 жастан асқан пациенттер арасында және/немесе бұрын цисплатин қабылдаған пациенттер арасында жоғарылайды. Мониторингті және неврологиялық тексерулерді жүйелі аралықтармен жүргізу керек.

Карбоплатинді бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге ұсынылған дозалардан асатын дозаларда қолданған кезде көрмей қалуды қоса, көру бұзылыстары туралы хабарланған. Аталған жоғары дозаларды қабылдауды тоқтатқаннан кейін бірнеше аптаның ішінде көру толығымен немесе елеулі дәрежеде қалпына келеді.

Артқы қайтымды лейкоэнцефалопатия синдромы (RPLS)

Артқы қайтымды лейкоэнцефалопатия синдромы (RPLS) жағдайлары туралы карбоплатинді біріктірілген химиялық ем құрамында қабылдаған пациенттерде хабарланған. RPLS – бұл сирек, емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды, тез дамитын неврологиялық жай-күй, ол конвульсияны, гипертензияны, бас ауыруын, сананың шатасуын, соқырлықты және басқа да көру және неврологиялық бұзылыстарды қамтуы мүмкін. RPLS диагнозы нейровизуализациямен, ең дұрысы МРТ-мен (магниттік-резонанстық томография) растауға негізделеді.

Бауырдың вена-окклюзиялық ауруы 

Бауырдың вена-окклюзиялық ауруы (синусоидальді обструкция синдромы) жағдайлары туралы хабарланды. Олардың кейбіреулері өліммен аяқталды. Пациенттерде бауыр функциясы бұзылуының немесе бауырдағы метастаздарға әкелмейтіні айқын портальді гипертензияның белгілері мен симптомдары бар-жоғын бақылау керек.

Ісік лизисі синдромы (TLS)

Тіркеуден кейінгі қолдану кезінде пациенттер арасында карбоплатинді монотерапияда немесе басқа  химиотерапиялық препараттармен біріктіріп қолданудан кейін ісік лизисі синдромы туралы хабарланады.

Пролиферация жылдамдығы жоғары, ісік жүктемесі жоғары және цитоуытты дәрілерге сезімталдығы жоғары болуы сияқты TLS жоғары қаупіне бейім пациенттерді мұқият бақылау керек, сондай-ақ тиісті сақтық шараларын қадағалаған жөн.

Карбоплатиннің дозалары

Пациенттердің кейбір қосалқы топтары (мыс., 40-тан 59 жасқа дейінгі, дене салмағының индексі 20-25), егер ШСЖ  Кокрофт-Голт формуласын қолданумен бағаланса, жеткіліксіз емдеудің ерекше қаупіне ұшырайды. ШСЖ емдік мақсаттағы емдеу үшін маңызды, нақты көрсеткіш болса да, осы жағдайларда ШСЖ анықтаудың өлшенген стандартты әдісін (инулин, 51Cr-EDTA, 99mTc-DTPA, 125I-иоталамат немесе йогексол) мүмкіндігінше қолдану дұрыс болады.

Егде жастағы пациенттер

Карбоплатиннің және циклофосфамидтің біріктірілген емін қолданған кезде егде пациенттерде жасырақтарымен салыстырғанда  ауыр дәрежедегі тромбоцитопенияның даму ықтималдығы көбірек болды. Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясы көбінесе төмен болатындықтан, дозаны анқтаған кезде осыны ескеру керек.

Отоуыттылық

Карбоплатинмен ем кезінде естудің бұзылулары туралы хабарланды. Отоуыттылық балалардың арасында  едәуір айқын болуы мүмкін. Балаларда баяу пайда болатын естімей қалу жағдайлары туралы хабарланды. Бұл популяция үшін естуді әрі қарай ұзақ уақыт бақылау ұсынылады.

Вакцинация

Карбоплатинді қоса, химиялық ем препараттарынан иммунитеті әлсіреген пациенттерге тірі немесе тірі аттенуирленген вакциналарды тағайындау күрделі немесе өліммен аяқталатын инфекциялардың дамуына әкелуі мүмкін. Карбоплатин қабылдайтын пациенттер тірі вакциналармен вакцинациядан аулақ болуы керек. Өлтірілген немесе белсенділігі жойылған вакциналар тағайындалуы мүмкін; алайда, мұндай вакциналардың жауабы төмен болуы мүмкін.

Басқалар
Карбоплатиннің ықтимал канцерогендік әсері зерттелмеген, алайда, әсер ету механизмі және мутагенділігі ұқсас препараттардың  канцерогенділігі туралы хабарланған.

Карбоплатин жүрек айнуын және құсуды тудыруы мүмкін. Аталған құбылыстардың жиілігі мен қарқындылығын азайту үшін құсуға қарсы дәрілермен премедикацияның тиімділігі туралы хабарланды.

Карбоплатинді дайындау немесе енгізу үшін құрамында  алюминий бар құрал-жабдықты пайдалануға болмайды. Алюминий карбоплатинмен реакцияға түсіп, тұнба түзілуіне және/немесе белсенділігінің жоғалуына әкеледі. 

Контейнерді ашқаннан кейін және қолдануға дайын инфузияға арналған ерітіндіні дайындағаннан кейін жарамдылық мерзімі

Қаптаманы ашқаннан кейін глюкозада 50 мг/мл (5%)  инфузияға арналған ерітіндіде 72 сағат бойы бөлме температурасында және 9 мг/мл (0,9%) натрий хлоридінде, инфузияға арналған ерітіндіде 24 сағат бойы 2 - 8 °C-де жарықтан қорғалған жерде сақтағанда химиялық және физикалық қасиеттерінің тұрақтылығы көрсетілді. 9 мг/мл (0,9%) натрий хлоридімен қалпына келтірілген/сұйылтылған инфузияға арналған ерітіндіні қолдану ұсынылады. Ерітінді микробиологиялық контаминацияны болдырмау үшін сұйылтудан кейін дереу пайдаланылуы тиіс.

Дәрілік  препаратты өңдеудің немесе қолданудың алдындағы сақтық шаралары

Карбоплатин мутагенді және әлеуетті канцерогендік зат болып табылады. Дайындау және қолдану кезінде қауіпті заттармен қауіпсіз жұмыс істеудің сақтық шараларын қадағалау керек. Дайындауды  оқытып-үйретілген қызметкерлер  тиісті қорғаныш қолғаптарын, бір реттік халаттар мен бетперделерді қолданып жүзеге асыруы тиіс. Кез келген пайдаланылмаған  дәрілік препаратты немесе қалдықтарын жергілікті нормативтік талаптарға сәйкес утилизациялау керек.

Балалар

Карбоплатинді балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі расталмаған.
Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік 

Карбоплатин жүктілік кезінде қолданғанда шаранаға зиян келтіруі мүмкін. Карбоплатин  органогенез кезінде дәрілік затты қабылдаған егеуқұйрықтар үшін  эмбриоуытты әрі уытты және  тератогенді болғаны анықталды. Жүкті әйелдер арасында бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ. Егер осы дәрілік препарат жүктілік кезінде қолданылса, немесе егер пациент әйел осы препаратпен емделу кезінде жүкті болса,  онда оған шарана үшін әлеуетті қауіптілігі жөнінде хабарлау қажет. Әйелдер емделу кезінде контрацепцияның тиімді әдістерін қолдануы тиіс.

Лактация кезеңі

Карбоплатиннің адамның емшек сүтімен бөлініп шығатыны белгісіз. Карбоплатин медак препаратымен емдеу кезінде емшек емізуді тоқтату керек.

Фертильділік

Аменореяның немесе азооспермияның нәтижесінде жыныстық функцияның бәсеңдеуі ісікке қарсы ем қабылдайтын пациенттерде байқалуы мүмкін.

Аталған әсерлер дозаларға және емнің ұзақтығына байланысты болуы және қайтымсыз болуы мүмкін. Тестикулярлық немесе овариальді функциялардың бұзылу дәрежесін болжау ісікке қарсы бірнеше препараттарды жалпы біріктіріп қолдану салдарынан қиындай түседі, бұл  жекелеген препараттардың әсерін бағалауды қиындатады.

Карбоплатин медак геноуытты болып табылады. Карбоплатинмен ем алып жүрген, ұрпақ өрбіту жасындағы еркектер бүкіл емдеу кезеңі бойында және кейінгі 6 айдың ішінде контрацепцияның сенімді құралдарын қолдануы қажет, сондай-ақ емді бастағанға дейін  шәуһетті консервациялау мүмкіндігі туралы кеңес алуы тиіс, өйткені карбоплатин қайтымсыз белсіздікті тудыруы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері  

Карбоплатин жүрек айнуын, құсуды, көру функциясының бұзылуын және отоуыттылықты тудыруы мүмкін; демек, пациенттерге аталған құбылыстардың көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әлеуетті ықпалы туралы ескерту керек.

 

Артық дозалануы

Карбоплатин І Фазадағы зерттеулерде, бір курста 1600 мг/м2 жеткен дозаларда, вена ішіне тағайындалды. Осы дозада гранулоцитопениямен, тромбоцитопениямен және анемиямен өмірге қауіп төндірген  гематологиялық жағымсыз әсерлер байқалды. 9 - 25 (орта есеппен 12- 17) күндерде гранулоциттердің, тромбоциттердің және гемоглобиннің ең төмен деңгейлері байқалды. Гранулоциттердің деңгейлері 8 - 14 күннен кейін (орта есеппен: 11) ≥ 500/мкл мәндеріне және тромбоциттердің мәндері 3 - 8 күннен кейін (орта есеппен: 7) ≥ 25000/мкл мәндеріне жетті. Мынадай гематологиялық емес жағымсыз әсерлер байқалды: шумақтық сүзілу жылдамдығының 50% төмендеуімен бүйрек функциясының бұзылуы, нейропатия, отоуыттылық, көрмей қалу, гипербилирубинемия, мукозит, диарея, бас ауыруымен жүрек айну және құсу, эритема және ауыр дәрежедегі инфекция. Көптеген жағдайларда естудің бұзылулары уақытша және қайтымды болды. Карбоплатиннің ұсынылғаннан жоғары дозаларын қолдану  көрмей қалумен астасты.  

Емі: карбоплатиннің артық дозалануы жағдайында антидоты туралы мәліметтер жоқ. Артық дозаланудың болжамды асқынулары миелосупрессиямен, сол сияқты бауыр және бүйрек, сондай-ақ есту функцияларының бұзылуымен байланысты болуы мүмкін. Сүйек кемігінің трансплантациясы және қан құю (тромбоциттерді, қанды) гематологиялық жағымсыз әсерлерді бақылаудың тиімді әдістері болуы мүмкін.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

Фторполимермен қапталған резеңке тығынмен нығыздап бекітілген және пластик қақпақшалы алюминий flip-off қалпақшамен қаусырылған, янтарь түсті  І типті шыны құтыға препарат 15 немесе 45 мл-ден салынған.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған 

 

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада, түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

18 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

 

Өндіруші ұйымның атауы және елі

Онкотек Фарма Продукцион ГмбХ, Дессау-Рослау, Германия

 

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы және қаптаушы

медак ГмбХ, Ведель, Германия

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және  дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның  атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):

 «медак фарма» ЖШС, Алматы, 050060, Гагарин даңғылы 309, 55-кеңсе, телефон, факс: +7 7273962037,

эл.поштасы: info_kaz@medac.de

Прикрепленные файлы

Карбоплатин_Медак_26.09_.doc 0.16 кб
Карбоплатин_Медак_каз.doc 0.21 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту