Капецитабин Аккорд

МНН: Капецитабин
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Capecitabine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022423
Период регистрации: 13.10.2016 - 13.10.2021
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)

Инструкция

Саудалық атауы

Капецитабин Аккорд

Халықаралық патенттелмеген атауы

Капецитабин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 150 мг, 500 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: 150 мг, 500 мг капецитабин

қосымша заттар: сусыз лактоза, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, гипромеллоза (Е5), магний стеараты,

қабықтың құрамы: гипромеллоза (6cps), тальк, титанның қостотығы (Е171), темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің сары тотығы (Е172)

Сипаттамасы

Ашық шабдалы түсті үлбірлі қабықпен қапталған, сопақша пішінді, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде «150» таңбасы және басқа жақ беті тегіс таблеткалар (150 мг дозасы үшін).

Шабдалы түсті үлбірлі қабықпен қапталған, сопақша пішінді, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде «500» таңбасы және басқа жақ беті тегіс таблеткалар (500 мг дозасы үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Антиметаболиттер. Пиримидин аналогтары. Капецитабин

АТХ коды L01ВC06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Ішке қабылдағаннан кейін капецитабин тез және толық сіңеді, содан кейін оның 5’-дезокси-5-фторцитидин (5’-ДФЦТ) және 5’-ДФУР метаболиттеріне трансформациясы жүреді. Тамақ капецитабиннің сіңу жылдамдығын азайтады, алайда 5’-ДФУР-дің және келесі метаболит ФУ-дің «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданының (AUC) шамасына ықпалы мардымсыз. Тамақ ішуден кейін капецитабинді 1250 мг/м² дозада тағайындағанда 14-ші күні капецитабиннің, 5’-ДФЦТ, 5’-ДФУР, ФУ және ФБАЛ-дің плазмадағы ең жоғары концентрациялары (Cmax), сәйкесінше, 4.47, 3.05, 12.1, 0.95 және 5.46 мкг/мл құрады. Ең жоғары концентрацияға жету уақыты (Tmax) 1.50, 2.00, 2.00, 2.00 және 3.34 сағ. тең болды. AUC0-¥, сәйкесінше, 7.75, 7.24, 24.6, 2.03 және 36.3 мкг х сағ./мл құрады

Таралуы (ақуыздармен байланысуы)

Адамның қан плазмасына жүргізілген іn vitro зерттеуде капецитабин, 5’-ДФЦТ, 5’-ДФУР және ФУ үшін ақуызбен (негізінен, альбуминмен) байланысу, сәйкесінше, 54%, 10%, 62% және 10% құрады.

Метаболизмі

Бауырда карбоксилэстеразаның әсер етуімен алғашқыда 5’-ДФЦТ метаболитіне дейін метаболизденеді, ол содан кейін негізінен бауырда және ісік тіндерінде болатын цитидиндезаминазаның әсер етуімен 5’-ДФУР-ге дейін трансформацияланады. Әрі қарай белсенді цитоуытты ФУ метаболитіне дейінгі трансформациясы көбіне ісік тіндерінде ісіктің ангиогендік факторы – тимидинфосфорилазаның әсер етуімен жүреді.

Плазмадағы ФУ үшін AUC мәні, ФУ-ды 600 мг/м2 дозада вена ішіне болюстік енгізуден кейінгіге қарағанда, 6-22 есе аз. Капецитабиннің метаболиттері ФУ және ФУ метаболиттеріне қайта айналғаннан кейін ғана цитоуытты болады.

Әрі қарай ФУ белсенді емес метаболиттер: дигидро-5-фторурацил (ФУН2), 5-фторуреидопропион қышқылын және (ФУПҚ) және α-фтор-β-аланин (ФБАЛ) түзе отырып метаболизденеді; бұл үдеріс дигидропиримидиндегидрогеназаның (ДПД) әсерімен жүреді, оның белсенділігі реакция жылдамдығын шектейді.

Шығарылуы

Организмнен капецитабиннің, 5’-ДФЦР, 5’-ДФУР, ФУ және ФБАЛ-дың жартылай шығарылу кезеңі (t1/2), сәйкесінше, 0.85, 1.11, 0.66, 0.76 және 3.23 сағатты құрайды. Капецитабиннің фармакокинетикасы тәулігіне 502-ден 3514 мг/м2–ге дейінгі дозаларда зерттелді. Капецитабиннің, 5’-ДФЦТ және 5’-ДФУР фармакокинетикалық параметрлері 1-ші және 14-ші күні бірдей болды. ФУ-дің AUC мәні 14-ші күні 30-35%-ға артты және одан артыққа бармады (22-ші күні). Емдік дозалар диапазонында, ФУ-ды қоспағанда, капецитабиннің және оның метаболиттерінің фармакокинетикалық параметрлері дозаға байланысты сипатта болды.

Капецитабинді ішке қабылдағаннан кейін оның метаболиттері негізінен несеппен бірге шығарылады. Капецитабиннің қабылданған дозасының үлкен бөлігі (95.5%) несеппен бірге шығарылады. Нәжіспен бірге шығарылуы өте аз (2.6%). Несептегі негізгі метаболиті ФБАЛ, оның үлесіне қабылданған дозаның 57%-ы тиеді. Қабылданған дозаның 3%-ға жуығы несеппен бірге өзгермеген күйінде шығарылады.

Біріктірілген ем

Капецитабиннің доцетаксел немесе паклитаксел фармакокинетикасына (Cmax және AUC), қандай да болсын әсері, сондай-ақ доцетакселдің немесе паклитакселдің 5’-ДФУР (капецитабиннің негізгі метаболиті) фармакокинетикасына әсері байқалған жоқ.

Ерекше клиникалық топтардағы фармакокинетикасы

Жынысы, емдеуді бастағанға дейін метастаздарының болғаны немесе болмағаны, пациенттің жалпы жағдайының индексі, жалпы билирубиннің, сарысулық альбуминнің концентрациясы, АСТ және АЛТ белсенділігі 5’-ДФУР, ФУ және ФБАЛ фармакокинетикалық қасиеттеріне статистикалық тұрғыдан маңызды әсерін тигізген жоқ.

Бауырдың метастаздық зақымдануынан болатын бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар науқастар

Метастаздардың әсерінен бауыр функциясының жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылулары бар науқастарда капецитабиннің биоактивациясы және фармакокинетикасы клиникалық тұрғыдан маңызды өзгеріске ұшырамайды. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар науқастарда фармакокинетикасы жөнінде деректер жоқ.

Бүйрек функциясы бұзылған науқастар

Фармакокинетикалық зерттеу нәтижелері бүйрек функциясының әртүрлі (жеңілден ауырға дейін) дәрежесіндегі жеткіліксіздігінде өзгеріске ұшырамаған препараттың және ФУ-дың фармакокинетикасы креатинин клиренсіне (КК) байланысты болмайтынын көрсетеді. КК 5’-ДФУР – ФУ-дің тікелей ізашарының (КК 50%-ға төмендегенде AUC 35%-ға артады) және ФБАЛ (КК 50%-ға төмендегенде AUC 114%-ға артады) AUC шамасына ықпалын тигізеді. ФБАЛ – пролиферацияға қарсы белсенділігі жоқ метаболит; 5’-ДФУР – ФУ-дің тікелей ізашары.

Егде жастағы науқастар

Жас 5’-ДФУР және ФУ фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді. ФБАЛ-дың AUC мәні жаспен байланысты артты (науқас жасының ұлғаюы 20% ФБАЛ AUC мәнінің 15%-ға артуымен қатар жүрді), бұл бүйрек функциясының өзгеруімен шартталуы мүмкін.

Нәсілі

Негроид нәсілді пациенттердегі капецитабин фармакокинетикасының европеоид нәсілді пациенттердегі осындайдан айырмашылығы жоқ.

Фармакодинамикасы

Капецитабин – фторпиримидин карбаматының туындысы, ісік тіндерінде белсенділенетін және оған селективті цитоуытты әсерін тигізетін пероральді цитостатик.

Капецитабиннің іn vitro цитоуытты әсері жоқ, in vivo фторурацилге (ФУ) айналады, ол әрі қарай метаболизмге ұшырайды.

ФУ түзілуі көбіне ісік тіндерінде ісіктің ангиогендік факторының – тимидинфосфорилазаның әсерінен жүреді, ол организмнің тіндеріне ФУ-дің жүйелік әсерін барынша азайтады.

Капецитабиннің ФУ-ге жүйелі ферменттік биотрансформациясы, айналасындағы сау жасушаларға қарағанда, ісік тіндерінде препараттың өте жоғары концентрацияларын түзеді. Капецитабинді колоректальді обыры бар (N=8) науқастарға пероральді түрде тағайындағаннан кейін ісік тіндеріндегі ФУ концентрациясы оның іргелес жатқан сау тіндеріндегі концентрациясынан 3.2 есе көбірек болады (диапазоны 0.9-дан 8.0 дейін). Ісік тіндеріндегі және плазмадағы ФУ концентрацияларының арақатынасы – 21.4 (диапазоны 3.9-дан 59.9 дейін), оның сау тіндердегі және плазмадағы арақатынасы – 8.9 (диапазоны 3.0-тен 25.8 дейін). Алғашқы колоректальді ісіктердегі тимидинфосфорилазаның белсенділігі де іргелес жатқан сау тіндердегіден 4 есе жоғары.

Сүт безінің, асқазанның, жатыр мойнының және аналық бездің обыры, колоректальді обыры бар науқастардағы ісік жасушаларында, осыған сәйкес сау тіндердегіге қарағанда, 5’-ДФУР-ді (5’-дезокси-5-фторуридинді) ФУ-ге айналдыруға қабілетті тимидинфосфорилаза өте жоғары деңгейде болады.

Сау жасушаларда да, сондай-ақ ісік жасушаларында да ФУ-ді 5-фтор-2-дезоксиуридинмонофосфатқа (ФдУМФ) және 5-фторуридинтрифосфатқа (ФУТФ) метаболиздейді. Бұл метаболиттер әртүрлі екі механизм арқылы жасушаны зақымдайды. Біріншіден, ФдУМФ және фолатты кофактор N5-10-метилентетрагидрофолат тимидилатсинтазамен (ТС) байланысып, ковалентті түрде байланысқан үштік кешенді түзеді. Бұл байланысу урацилден тимидилаттың түзілуін басады. Тимидилат тимидинтрифосфаттың қажетті ізашары болып табылады, ол өз кезегінде ДНҚ синтезі үшін маңызды, демек, осы заттың жетіспеушілігі жасушаның бөлінуін бәсеңдетуі мүмкін.

Екіншіден, РНҚ синтезі үдерісінде ядроның транскрипциялық ферменттері қателесіп оған уридинтрифосфаттың (УТФ) орнына ФУТФ-ті қамтуы мүмкін. Бұл метаболизмдік «қателік» РНҚ үдерісін және ақуыз синтезін бұзады.

Қолданылуы

Сүт безінің обыры

  • Антрациклин қатарының препаратын қамтитын химиотерапия тиімсіз болғанда сүт безінің жергілікті таралған және метастаздық обырын доцетакселмен біріктіріп емдеуде

  • Таксандармен немесе антрациклин қатарының препараттарымен химиотерапияға резистентті немесе оларға қарсы көрсетілімдері бар болғанда, сүт безінің жергілікті таралған немесе метастаздық обырының монотерапиясында.

Колоректальді обыр

- Тоқ ішектің обыры бар пациенттерде адъювантты ем ретінде

- Метастазданатын колоректальді обыры (мКРО) бар пациенттерді емдеу үшін

Асқазанның обыры

  • Асқазанның таралған обыры бар пациенттерде алғашқы желілі ем ретінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Тамақтанудан кейін 30 минуттан соң кешіктірмей, ішке, сумен ішеді.

Дозалаудың стандартты режимі

Монотерапия

Колоректальді обыр, тоқ ішектің обыры және сүт безінің обыры

Тәулігіне 2 рет 1250 мг/м² – таңертең және кешке (жалпы тәуліктік дозасы 2500 мг/м²) 14 күн бойы, әрі қарай 7 күндік үзіліс жасайды.

Біріктірілген ем

Сүт безінің обыры

14 күн бойы, әрі қарай 7 күн үзіліспен тәулігіне 2 рет 1250 мг/м², 1 сағат бойы вена ішіне инфузия түрінде 3 аптада 1 рет 75 мг/м² доза доцетакселмен біріктіріп.

Премедикация доцетакселді енгізер алдында оны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

Колоректальді обыр және асқазанның обыры

Біріктіріліген ем құрамында (иринотеканмен біріктіріп емдеуді қоспағанда) Капецитабин Аккорд препаратының дозасы 14 күн бойы, әрі қарай 7 күн үзіліспен тәулігіне 2 рет 800-1000 мг/м² немесе үздіксіз режимде тәулігіне 2 рет 625 мг/м² дейінді құрайды.

Иринотеканмен біріктірілген ем құрамында (XELIRI режимі) Капецитабин Аккорд препаратының ұсынылатын дозасы 14 күн бойы, әрі қарай 7 күн үзіліспен тәулігіне 2 рет 800 мг/м2 құрайды. Біріктірілген емге бевацизумабты қосу Капецитабин Аккорд препаратының бастапқы дозасына ықпалын тигізбейді.

Адекватты гидратацияны қамтамасыз ету үшін құсуға қарсы дәрілер және премедикация цисплатинді және оксалиплатинді енгізер алдында, оларды Капецитабин Аккорд препаратымен біріктіріп қолданғанда, цисплатинді және оксалиплатинді қолдану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес тағайындалады.

Тоқ ішектің ІІІ сатысындағы обырдың адъювантты емінде Капецитабин Аккорд препаратымен емдеудің ұзақтығы 6 айды, яғни 8 курсты құрайды.

Цисплатинмен біріктіріп

Цисплатинмен (3 аптада 1 рет 80 мг/м2, 2 сағат бойы в/і инфузия түрінде, алғашқы инфузиясы циклдің алғашқы күні) біріктірілген дозасы 14 күн бойы, әрі қарай 7 күн үзіліспен тәулігіне 2 рет енгізілетін 1000 мг/м2. Капецитабин Аккорд препаратының алғашқы дозасы емдеу циклінің бірінші күні кешке, соңғысы – 15-ші күні таңертең тағайындалады.

Оксалиплатинмен немесе оксалиплатин және бевацизумабпен біріктірілімінде

14 күн бойы, әрі қарай 7 күн үзіліспен тәулігіне 2 рет 1000 мг/м2 дозаны оксалиплатинмен немесе оксалиплатинмен және бевацизумабпен біріктірілімінде. Капецитабин Аккорд препаратының алғашқы дозасы емдеудің бірінші күні кешке, соңғысы – 15-ші күні таңертең тағайындалады. Бевацизумаб 3 аптада 1 рет 7.5 мг/кг дозада, 30-90 мин в/і инфузия түрінде енгізіледі, алғашқы инфузия циклдің бірінші күні басталады. Бевацизумабтан кейін 130 мг/м2 доза оксалиплатин 2 сағат бойы в/і инфузия түрінде енгізіледі.

Эпирубицинмен және платина негізіндегі препаратпен біріктірілімінде

Эпирубицинмен (3 аптада 1 рет 50 мг/м2, в/і болюсті түрде циклдің алғашқы күнінен бастап) және платина негізіндегі препаратпен біріктірілімін үздіксіз режимде тәулігіне 2 рет 625 мг/м2. Платина негізіндегі препарат (цисплатин 60 мг/м2 дозада немесе оксалиплатин 130 мг/м2 дозада) циклдің бірінші күні 2 сағат бойы в/і инфузия түрінде, әрі қарай 3 аптада 1 рет енгізілуі тиіс.

Иринотеканмен немесе с иринотекан және бевацизумабпен біріктірілімінде

Иринотеканмен немесе иринотеканмен және бевацизумабпен біріктірілген Капецитабин Аккорд препаратының ұсынылатын дозасы 14 күн бойы, әрі қарай 7 күн үзіліспен тәулігіне 2 рет енгізілетін 800 мг/м2 құрайды.

Иринотекан 3 күнде 1 рет 200 мг/м2 дозада 30 мин бойы в/і инфузия түрінде енгізіледі, алғашқы инфузиясы циклдің бірінші күні.

Бевацизумаб 3 аптада 1 рет 7.5 мг/кг дозада 30-90 мин бойы в/і инфузия түрінде енгізіледі, алғашқы инфузиясы циклдің бірінші күні басталады.

Төменде берілген кесте 1250 мг/м² немесе 1000 мг/м² бастапқы доза үшін Капецитабин Аккорд препаратының стандартты және төмендетілген дозасы есебінен берілген мысалдарды көрсетеді.

 

1 кесте. Дене бетінің ауданына байланысты есептелген бастапқы 1250 мг/м² дозасы үшін Капецитабин Аккорд препаратының стандартты және төмендетілген дозасы

 

Доза – тәулігіне 2 рет 1250 мг/м²

Толық доза

1250 мг/м²

Қабылдауға 150 мг және/немесе 500 мг таблетка саны (әрбір қабылдау тәулігіне 2 рет таңертең және кешке)

Төмендетілген доза (бастапқы дозаның 75%-ы)

950 мг/м²

Төмендетілген доза (бастапқы дозаның 50%-ы )

625 мг/м²

Дене бетінің ауданы (м²)

Қабылданатын доза (мг)

150 мг

500 мг

Қабылданатын доза (мг)

Қабылданатын доза (мг)

≤1.26

1500

-

3

1150

800

1.27 – 1.38

1650

1

3

1300

800

1.39 – 1.52

1800

2

3

1450

950

1.53 – 1.66

2000

-

4

1500

1000

1.67 – 1.78

2150

1

4

1650

1000

1.79 – 1.92

2300

2

4

1800

1150

1.93 – 2.06

2500

-

5

1950

1300

2.07 – 2.18

2650

1

5

2000

1300

≥2.19

2800

2

5

2150

1450

 

2 кесте. Дене бетінің ауданына байланысты есептелген бастапқы 1000 мг/м² дозасы үшін Капецитабин Аккорд препаратының стандартты және төмендетілген дозасы

 

Доза – тәулігіне 2 рет 1000 мг/м²

Толық доза

1000 мг/м²

Қабылдауға 150 мг және/немесе 500 мг таблетка саны (әрбір қабылдау тәулігіне 2 рет таңертең және кешке)

Төмендетілген доза (бастапқы дозаның 75%-ы)

750 мг/м²

Төмендетілген доза (бастапқы дозаның 50%-ы )

500 мг/м²

Дене бетінің ауданы (м²)

Қабылданатын доза (мг)

150 мг

500 мг

Қабылданатын доза (мг)

Қабылданатын доза (мг)

≤1.26

1150

1

2

800

600

1.27 – 1.38

1300

2

2

1000

600

1.39 – 1.52

1450

3

2

1100

750

1.53 – 1.66

1600

4

2

1200

800

1.67 – 1.78

1750

5

2

1300

800

1.79 – 1.92

1800

2

3

1400

900

1.93 – 2.06

2000

-

4

1500

1000

2.07 – 2.18

2150

1

4

1600

1050

≥2.19

2300

2

4

1750

1100

 

Емдеу барысында дозаларды түзету

Жалпы нұсқаулар

Капецитабин Аккорд препаратының уытты құбылыстарын симптоматикалық еммен және/немесе препараттың дозасын түзету (емдеуді тоқтату немесе препарат дозасын азайту) арқылы жоюға болады. Егер дозаны төмендетуге тура келсе, оны әрі қарай арттыруға болмайды.

Егер емдеуші дәрігердің баға беруі бойынша, Капецитабин Аккорд препаратының уытты әсері күрделі немесе науқастың өміріне қауіп төндіретін сипатта болмаса, емдеу бастапқы дозада оны азайтпай немесе емдеуді тоқтатпай жалғастырылуы мүмкін.

1-ші дәрежедегі уыттылықта дозаны өзгертпейді. 2-ші немесе 3-ші дәрежедегі уыттылықта Капецитабин Аккорд препаратымен емдеуді тоқтатқан жөн.

Уыттылық белгілерін жойған кезде немесе соңғысын 1-ші дәрежеге дейін азайтқанда, Капецитабин Аккорд препаратымен ем жүргізу толық дозада қайта жаңғыртылуы немесе 3 кестеде көрсетілген нұсқаулыққа сай түзетілуі мүмкін.

4-ші дәрежедегі уыттылық белгілері дамыған кезде емдеуді тоқтатқан немесе жинақталғанша немесе симптомдар 1-ші дәрежеге дейін азайғанша уақытша тоқтата тұрған жөн, содан кейін препаратты қолдануды бастапқының 50%-ын құрайтын дозада қайта жаңғыртуға болады. Пациент өзінде пайда болған жағымсыз құбылыстарды дәрігерге дереу мәлімдеп отыруы тиіс. Ауырлығы ауыр немесе орташа дәрежедегі уыттылық пайда болған кезде Капецитабин Аккорд препаратын қабылдауды дереу тоқтатқан жөн. Егер уытты құбылыстарға байланысты Капецитабин Аккорд препаратын бірнеше қабылдауды өткізіп алса, онда бұл дозалар толықтырылмайды.

Гематологиялық уыттылығы

Нейтрофилдердің бастапқы деңгейі <1.5 х 109/л және/немесе тромбоциттердің бастапқы деңгейі <100 х 109/л болатын пациенттерді капецитабинмен емдеуді тағайындамаған жөн.

Егер зертханалық көрсеткіштерге жоспардан тыс баға беру барысында нейтрофилдер саны 1.0 х 109/л-ден төменге азайса, ал тромбоциттер саны 75 х 109/л-ден төменге азайса (гематологиялық уыттылығы 3-ші немесе 4-ші дәрежедегі), капецитабинмен емдеуді тоқтатқан жөн.

Төменде берілген кестеде Капецитабин Аккорд препаратын қолданумен байланысты уытты құбылыстар дамыған жағдайда, оның дозасын өзгерту жөніндегі нұсқаулар көрсетілген.

3 кесте. Капецитабин Аккорд препаратының дозасын түзету сызбасы.

Уыттылық дәрежесі NCIC*

Емдеу циклі барысында дозаны өзгерту

Емдеудің келесі циклі барысында дозаны өзгерту

(бастапқы дозаның %)

·       1 дәреже

Сол дозада жалғастыру

Сол дозада жалғастыру

·       2 дәреже

1-ші пайда болуы

0–1 дәрежеге дейін жеткенше емдеуді тоқтата тұру

100%

2- ші пайда болуы

75%

3- ші пайда болуы

50%

4- ші пайда болуы

Емдеуді толық тоқтату

Қолдануға келмейді

·       3 дәреже

1- ші пайда болуы

0–1 дәрежеге дейін жеткенше емдеуді тоқтата тұру

75%

2- ші пайда болуы

50%

3- ші пайда болуы

Емдеуді толық тоқтату

Қолдануға келмейді

·       4 дәреже

1- ші пайда болуы

Емдеуді толық тоқтату НЕМЕСЕ, егер дәрігер пациенттің пайдасына керек деп санаса, емдеуді жалғастыру, 0 – 1 дәрежеге дейін жеткенше емдеуді тоқтату

50%

2- ші пайда болуы

Емдеуді толық тоқтату

Қолдануға келмейді

*Канаданың Ұлттық онкологиялық институтының клиникалық зерттеулер жүргізу Тобының (NCIC CTG, версия 1) жалпы уыттылық критерийлеріне немесе АҚШ-тың Ұлттық онкологиялық институтының ісікке қарсы емге баға беру бойынша Бағдарламасының (CTCAE, 3 версия) жағымсыз құбылыстар жөніндегі жалпы терминологиялық критерийлеріне сәйкес келеді. Алақан-табан синдромы және гипербилирубинемия уыттылығының критерийлері «Айрықша нұсқаулар» бөлімінде нақты сипатталған.

Біріктірілген емдеген кездегі жалпы нұсқаулар

Біріктірілген ем жүргізген кезде уыттылық құбылыстары пайда болған жағдайда жоғарыда 3 кестеде және басқа препараттарды қолдану жөніндегі нұсқаулықтардағы тиісті нұсқауларда көрсетілген Капецитабин Аккорд препаратының дозасын түзету жөніндегі нұсқауларды ұстанған жөн.

Емдеу циклінің басында, егер Капецитабин Аккорд препаратын немесе басқа препарат(тар)ды қабылдау кейінге қалдырылады деп күтілсе, барлық препараттармен емдеуді қайта жаңғыртуға арналған жағдайларға қол жеткізілмейінше, барлық препараттарды қабылдауды кейінге қалдырған жөн.

Егер біріктірілген ем циклін жүргізу кезіндегі уыттылық құбылыстары, дәрігердің пікірі бойынша, Капецитабин Аккорд препаратын қолданумен байланысты болмаса, Капецитабин Аккорд препаратымен емдеуді жалғастыру, ал басқа препараттың дозасын оны қолдану жөніндегі нұсқауларға сәйкес түзету керек.

Егер басқа препарат(тар)ды тоқтатуға тура келсе, Капецитабин Аккорд препаратымен емдеуді, Капецитабин Аккорд препаратымен емдеуді қайта жаңғырту жөніндегі талаптар қанағаттанарлық болған жағдайда, жалғастыруға болады.

Бұл нұсқаулар барлық көрсетілімдерге және пациенттердің барлық ерекше топтарына қатысты қолдануға жарамды.

Ерекше жағдайларда дозаларды түзету

Бауырында метастаздары бар науқастарда бауыр функциясының бұзылуы

Бауырында метастаздары бар және бауыр функциясының жеңіл немесе орташа дәрежедегі бұзылулары бар науқастарда бастапқы дозаны өзгерту қажет емес. Алайда бұл науқастарды мұқият бақылаған жөн. Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты қолдану зерттелген жоқ.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бастапқыда бүйрек функциясының орташа дәрежедегі (Cockroft-Gault формуласы бойынша, КК 30-50 мл/мин) жеткіліксіздігі бар науқастарда бастапқы дозаны 1250 мг/м2-ден 75%-ға дейін азайту ұсынылады, бастапқы доза 1000 мг/м2 болғанда дозаны өзгерту қажет емес.

Бүйрек функциясының жеңіл дәрежедегі жеткіліксіздігі бар (КК 51-80 мл/мин) науқастарда бастапқы дозаны түзету қажет емес.

Пациентте ауырлық дәрежесі 2-ші, 3-ші немесе 4-ші дәрежедегі жағымсыз құбылыстар пайда болған жағдайда, оған мұқият мониторинг және, 3 кестеде көрсетілген нұсқауларға сәйкес препарат дозасын әрі қарай түзету мақсатында, жүргізілген емге дереу үзіліс жасау қажет. Егер ем жүргізу кезінде есептелген креатинин клиренсі минутына 30 мл-ден аз деңгейге дейін төмендесе, Капецитабин Аккорд препаратымен емдеуді тоқтатқан жөн. Бүйрек функциясының ауырлығы орташа дәрежедегі жеткіліксіздігінде препарат дозасын түзету жөніндегі нұсқаулар монотерапияға да, сонымен қатар біріктірілген емге де қатысты. Дозаларды есептеу 1 және 2 кестелерде көрсетілген.

Балалар

Балаларда Капецитабин Аккорд препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.

Егде жастағы және қартаң жастағы пациенттер

Капецитабин Аккорд препаратымен монотерапияда бастапқы дозаны түзету қажет емес. Алайда жүргізілген емге байланысты 3-ші және 4-ші дәрежедегі ауыр жағымсыз құбылыстар, жастау адамдарға қарағанда, 80 жастан асқан пациенттерде жиі дамыды.

Капецитабин Аккорд препаратын ісікке қарсы басқа препараттармен біріктіріп пайдаланғанда егде жастағы (³65 жастағы) пациенттерде ауырлығы 3-ші және 4-ші дәрежедегі жағымсыз реакциялар, сондай-ақ емді тоқтатуды қажет ететін жағымсыз реакциялар жастау науқастарға қарағанда жиі байқалды. Егде жастағы науқастардың жағдайына мұқият мониторинг ұсынылады.

Доцетакселмен біріктіріп емдегенде 60 жастағы және одан үлкен жастағы пациенттерде 3-ші және 4-ші дәрежедегі жағымсыз құбылыстар және емдеумен байланысты күрделі жағымсыз құбылыстар жиілігінің артқаны байқалды. Капецитабин Аккорд препаратының доцетакселмен біріктірілімін қабылдайтын 60 жастағы және одан үлкен жастағы науқастар үшін Капецитабин Аккорд препаратының бастапқы дозасын 75%-ға (тәулігіне 2 рет 950 мг/м2) дейін төмендету ұсынылады. Дозаны есептеу 1 кестеде берілген. Уыттылық белгілері жоқ болған жағдайда доза күніне 2 рет 1250 мг/м2 дейін арттырылуы мүмкін.

Жағымсыз әсері

Жағымсыз реакциялардың жиілігін сипаттау үшін келесі санаттар пайдаланылады: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 және <1/10), жиі емес (≥1/1000 және <1/100), сирек (≥1/10000 және <1/1000), өте сирек (<1/10000, жекелеген жағдайларды қоса). Төменде берілген жағымсыз реакциялар клиникалық маңыздылығының ретімен берілген.

Капецитабин Аккорд препаратымен емдеу барысында өте жиі кездесетін және/немесе клиникалық тұрғыдан маңызды жағымсыз реакциялар асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар (әсіресе диарея, жүректің айнуы, құсу, іштің ауыруы, стоматит), алақан-табан синдромы, қажығыштық, ұйқышылдық, анорексия, кардиоуыттылық көріністері, анамнезінде бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің ұлғаюы, тромбоз/эмболия болды.

Капецитабин Аккорд препаратымен монотерапия

Инфекциялық және паразиттік аурулар: жиі – герпес, вирустық инфекция, назофарингит, төменгі тыныс жолдарының инфекциясы; жиі емес – сепсис, несеп шығару жолдарының инфекциясы, целлюлит, тонзиллит, фарингит, ауыр қуысының шырышты қабығының кандидозы, тұмау, гастроэнтерит, зеңді инфекциялар, инфекциялар, тіс абсцессі.

Қатерсіз, қатерлі және нақтыланбаған жаңа түзілімдер: жиі емес – липома.

Қан және лимфалық жүйе тарапынан бұзылулар: жиі – нейтропения; жиі емес – фебрильді нейтропения, гранулоцитопения, тромбоцитопения, лейкопения, гемолитикалық анемия, халықаралық қалыптасқан қатынастың ұлғаюы, протромбин уақытының ұзаруы.

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар: жиі емессезімталдықтың жоғарылауы.

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар: өте жиіанорексия; жиі– дегидратация, дене салмағының азаюы, тәбеттің азаюы; жиі емесқант диабеті, гипокалиемия, ас қорыту бұзылысы, гипертриглицеридемия.

Психика тарапынан бұзылулар: жиі емесүрейлі шабуылдар, тұнжыраңқы көңіл-күй, либидоның нашарлауы.

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: жиібас ауыру, бас айналу (вертигодан басқа), әлсіздік, парестезиялар, дисгевзия (дәмнің бұзылуы); жиі емес – афазия, жадының бұзылысы, естен тану, тепе-теңдіктің бұзылуы, сезімталдықтың жоғалуы, шеткері нейропатия.

Көру жүйесі тарапынан бұзылулар: жиікөз жасы бөлінуінің ұлғаюы, конъюнктивит; жиі емескөру жітілігінің төмендеуі, диплопия.

Есту мүшесі тарапынан бұзылулар және лабиринттік бұзылулар: жиі емес – вертиго, құлақтың ауыруы.

Жүрек тарапынан бұзылулар: жиі емес – стенокардия, соның ішінде тұрақсыз, аритмия, синустық тахикардия, жүрек қағуының сезілуі.

Қантамырлар тарапынан бұзылулар: жиі – тромбофлебит; жиі емес – тереңдегі веналар тромбозы, артериялық қысымның жоғарылауы, петехиялар, артериялық қысымның төмендеуі, «қан кернеулер», аяқ-қолдың дистальді бөлімдерінің салқындауы.

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысының ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар: жиі – мұрыннан қан кету, ринорея; жиі емес – пневмоторакс, қан түкіру, бронх демікпесі, дене жүктемесі кезінде ентігу.

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар: өте жиі – диарея, құсу, жүректің айнуы, стоматит (соның ішінде ойық жаралы), іштің ауыруы; жиі – іш қату, эпигастрияда ауыру, диспепсия; жиі емес – ішек бітелісі, асцит, энтерит, дисфагия, іштің астыңғы жағының ауыруы, іште жайсыздық, гастроэзофагиальді рефлюкс ауруы, нәжісте қанның болуы.

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар: жиі – бауырдың функциональдік тестілерінің өзгеруі; жиі емес – сарғаю.

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар: өте жиіалақан-табан синдромы (парестезиялар, ісіну, гиперемия, терінің қабыршақтануы, күлдіреуіктің түзілуі), дерматит; жиі – тері гиперпигментациясы, макулярлы бөртпе, бөртпе, тері пигментациясының бұзылуы, алопеция, эритема, терінің құрғауы; жиі емес – күлдіреуіктер, терінің ойық жарасы, есекжем, алақан эритемасы, беттің ісінуі, пурпура.

Сүйек-бұлшық ет және дәнекер тіндері тарапынан бұзылулар: жиі – аяқ-қолдың ауыруы, арқаның ауыруы; жиі емес – буындардың ісінуі, сүйектердің ауыруы, бет аймағының ауыруы, қимылсыздық, бұлшық ет әлсіздігі.

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар: жиі емес – гидронефроз, несепті ұстай алмау, гематурия, никтурия, қан плазмасында креатининнің жоғарылауы.

Жыныс мүшелері және сүт бездері тарапынан бұзылулар: жиі емес – қынаптық қан кетулер.

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар: өте жиі – қажығыштық, ұйқышылдық; жиі – шеткері ісінулер, дімкәстік, кеуденің ауыруы, қызба, әлсіздік, астения; жиі емес – ісінулер, қалтырау, тұмауға ұқсас синдром, діріл, дене температурасының жоғарылауы.

Зертханалық және құрал-аспаптық зерттеу нәтижелеріне ықпалы: жиі – гипербилирубинемия.

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар: ауыздың құрғауы, метеоризм, эзофагит, гастрит, дуоденит, колит, асқазан-ішектік қан кету сияқты шырышты қабықтардың қабынуымен/ойық жаралануымен байланысты жағымсыз реакциялар;

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар: аяқтың ісінулері, стенокардияны қоса кардиалгия, кардиомиопатия, миокард ишемиясы, миокард инфарктісі, жүрек жеткіліксіздігі, кенеттен болатын өлім, тахикардия, жүрекшелер фибрилляциясын қоса қарыншаүстілік аритмиялар, қарыншалық экстрасистолалар;

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: дәмнің бұзылуы, ұйқысыздық, сананың шатасуы, энцефалопатия, мишықтың бұзылу симптомдары (атаксия, дизартрия, тепе-теңдіктің және үйлесімнің бұзылуы);

Психика тарапынан бұзылулар: депрессия;

Инфекциялық және паразиттік аурулар: миелосупрессиямен, иммунитеттің әлсіреуімен және/немесе мукозитпен байланысты, мысалы, жергілікті және фатальді жүйелік инфекциялар (этиологиясы бактериялық, вирустық немесе зеңдік) және сепсис сияқты инфекциялық асқынулар;

Қан және лимфалық жүйе тарапынан бұзылулар: анемия, миелосупрессия/панцитопения;

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар: қышыну, терінің ошақтық қабыршақтануы, тері гиперпигментациясы, тырнақтардың өзгеруі, фотосенсибилизация реакциялары, сәулелік дерматит;

Көру мүшелері тарапынан бұзылулар: көздің тітіркенуі;

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар: ентігу, жөтел;

Сүйек-бұлшық ет және дәнекер тіндері тарапынан бұзылулар: артралгия, миалгия, арқаның ауыруы;

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар: кеуденің ауыруы (этиологиясы кардиальді емес), аяқ-қолдың ауыруы.

Капецитабин Аккорд препаратын біріктірілген емде қолдану

Әртүрлі көрсетілімдері бойынша тағайындағанда және әртүрлі біріктірілімдерде қауіпсіздік бейінінің айырмашылығы болған жоқ, алайда монотерапияда берілген жағымсыз реакциялар Капецитабин Аккорд препаратын біріктірілген еммен қолданған кезде үлкен жиілікте байқалуы мүмкін.

Төменде монотерапияда осындайларға қосымша байқалған жағымсыз реакциялар берілген:

Инфекциялық және паразиттік аурулар: жиі – ауыз қуысының шырышты қабығының кандидозы, белдемелі герпес, несеп шығару жолдарының инфекциялары, жоғары тыныс жолдарының инфекциялары, ринит, тұмау, инфекция, ауыз қуысының герпесі;

Қан және лимфалық жүйе тарапынан бұзылулар: өте жиі – нейтропения (соның ішінде дене температурасының 38°С-ге жоғарылауымен астасқан 3-4 дәрежедегі нейтропения), анемия, тромбоцитопения, лейкопения, фебрильді нейтропения; жиі – миелосупрессия;

иммундық жүйе тарапынан бұзылулар: жиіжоғары сезімталдық;

зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар: өте жиі – дене салмағының азаюы, тәбеттің нашарлауы; жиі – гипокалиемия, гипонатриемия, гипомагниемия, гипокальциемия, гипергликемия;

психика тарапынан бұзылулар: жиіұйқы бұзылысы, үрейлену;

жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: өте жиі – парестезия, дисгевзия, бас ауыру, шеткері нейропатия, шеткері сенсорлы нейропатия, дизестезия; жиі – нейроуыттылық, тремор, невралгия, гипестезия;

көру жүйесі тарапынан бұзылулар: өте жиі – көзден жас ағу; жиі – көрудің бұзылулары, көздің құрғауы, ауыруы, көрудің жіті болмауы;

есту мүшелері тарапынан бұзылулар және лабиринттік бұзылулар: жиі – құлақтың шуылдауы, кереңдік;

жүрек тарапынан бұзылулар: жиі – жүрекшелердің фибрилляциясы;

қантамырлар тарапынан бұзылулар: өте жиі – тромбоз/эмболия, артериялық қысымның (АҚ) жоғарылауы, аяқтың ісінуі; жиі – гиперемия, артериялық қысымның төмендеуі, гипертониялық криз, «қан кернеулер», флебит;

тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар: өте жиі – жұтқыншақтың дизестезиясы, тамақтың ауыруы; жиі – мұрыннан қан кету, дисфония, ринорея, ықылық, тамақтың және көмейдің ауыруы;

асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар: өте жиі – іш қату, диспепсия; жиі – асқазан-ішек жолының жоғары бөлімдерінен қан кету, ауыз қуысында ойық жара, гастрит, іштің кебуі, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, ауыз қуысының ауыруы, дисфагия, тік ішектен қан кету, іштің төменгі жағының ауыруы, ауыз аймағында дизестезия, парестезия және гипестезия, іштің жайсыздығы;

бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар: жиі – бауыр функциясының бұзылуы;

тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар: өте жиі – алопеция, тырнақтардың өзгеруі; жиі – гипергидроз, эритематозды бөртпе, есекжем, түнгі тершеңдік;

сүйек-бұлшық ет және дәнекер тіндері тарапынан бұзылулар: өте жиі – миалгия, артралгия, аяқ-қолдың ауыруы; жиі – жақ сүйектің ауыруы, бұлшық ет түйілулері, тризм, бұлшық ет әлсіздігі;

бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар: жиі – гематурия, протеинурия, креатинин клиренсінің төмендеуі, дизурия;

жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар: өте жиі – әлсіздік, енжарлық, жоғары және төмен температураларға жоғары сезімталдық; жиі – қызба, ауыру, шырышты қабықтың қабынуы, қалтырау, кеуденің ауыруы, тұмауға ұқсас синдром, қанталаулар.

Зертханалық көрсеткіштері тарапынан өзгерулер

Нейтрофилдер санының азаюы, гранулоцитер санының азаюы, лимфоциттер санының азаюы, тромбоциттер санының азаюы, гемоглобиннің азаюы, гипербилирубинемия, аланинаминотрансфераза (АЛТ), аспартатаминотрансфераза (АСТ), сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы, гиперкреатининемия, гипергликемия, гипо-/гиперкальциемия, гипонатриемия, гипокалиемия.

Тіркеуден кейінгі бақылау

Ағза Класс Жүйе

Жағымсыз реакция

Жиілігі

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан

Дегидратация салдары ретінде бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі, соның ішінде өліммен аяқталатын

Сирек

Жүйке жүйесі тарапынан

Уытты лейкоэнцефалопатия

Жиілігі белгісіз

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі; холестаздық гепатит

Өте сирек

Тері және теріасты тіндері тарапынан

Қызыл жегінің терілік түрі; Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты ауыр тері реакциялары

Өте сирек

Көру мүшелері тарапынан

Нақтыланбаған көз жасы өзекшесінің стенозы; кератитті қоса, мөлдір қабықтың зақымдануы,

Өте сирек

Нүктелі кератит

Сирек

Жүрек және қантамырлар тарапынан

Қарыншалардың фибрилляциясы; QT аралығының ұзаруы; «пируэт» типті қарыншалық тахисистолиялық аритмия; брадикардия; вазоспазм

Сирек

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • Капецитабинге немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық.

  • Фторурацилге аса жоғары сезімталдық немесе анамнезінде фторпиримидин туындыларымен емдеуге күтпеген немесе ауыр жағымсыз реакциялардың дамуы тіркелген жағдайларда

  • Басқа да фторпиримидиндердегі сияқты ДПД (дигидропиримидиндегидрогеназа) тапшылығының анықталуы.

  • Соривудинді немесе оның бривудин типті құрылымдық аналогтарын бір мезгілде қабылдау.

  • Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі, лейкопения.

  • Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі минутына 30 мл-ден төмен).

  • Нейтрофилдердің бастапқы мөлшері <1.5 x 109/л және/немесе тромбоциттердікі <100 x 109/л.

  • Біріктірілген ем препараттарының біріне қарсы көрсетілімдері бар болған жағдайда оны пайдаланбаған жөн.  

  • Жүктілік және емшекпен қоректендіру кезеңі.

  • 18 жасқа дейінгі балалар (қолданудың тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ).

 

Сақтықпен

Жүректің ишемиялық ауруында (ЖИА), анемия және стенокардия анамнезде болғанда, бүйрек функциясының ауырлығы орташа дәрежедегі жеткіліксіздігінде немесе бауыр функциясының жеткіліксіздігінде, гипо- немесе гиперкальциемияларда, орталық және шеткері жүйке жүйесінің ауруларында, қант диабетінде және су-электролиттік теңгерімі бұзылыстарында, 60 жастан асқанда, кумарин қатарының пероральді антикоагулянттарымен бір мезгілде қолданғанда, тұқым қуалайтын лактаза тапшылығында, лактоза жақпағанда, глюкоза-галактоза мальабсорбциясында.

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Кумаринді қатардың антикоагулянттары

Капецитабинді кумарин туындылары тобына жататын варфарин немесе фенопрокумон сияқты антикоагулянттармен бір мезгілде қабылдаған науқастарда коагуляция параметрлерінің өзгерулері және/немесе қан кетулер байқалды. Олар препаратты қабылдаудан бастап бірнеше күннен бастап бірнеше айға дейінгі кезеңде пайда болды. Капецитабинді және пероральді антикоагулянттарды – кумарин туындыларын бір мезгілде қабылдап жүрген науқастарда ұйығыштық көрсеткіштерін (протромбин уақытын) мұқият бақылау және антикоагулянт дозасын тиісінше түзету қажет.

P4502C9 цитохромының субстраттары

Капецитабиннің Р450 цитохромы жүйесінің 2С9 изоферментімен метаболизденетін басқа препараттармен дәрілік өзара әрекеттесуіне арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Капецитабинді осы препараттармен бірге тағайындағанда сақтық танытқан жөн.

Фенитоин

Фенитоинді және капецитабинді бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде плазмадағы фенитоин концентрациясын үнемі бақылап отыру қажет.

Антацидтер

Капецитабиннің фармакокинетикалық параметрлеріне баға бергенде құрамында алюминий гидроксиді және магний гидроксиді бар антацидтермен бір мезгілде қабылдағанда капецитабиннің және оның метаболиттерінің бірінің (5’-ДФЦТ) қан плазмасында концентрацияларының аздаған жоғарылауы байқалды. Зерттелетін дәрілер капецитабиннің негізгі үш (5’-ДФУР, ФУ және ФБАЛ) метаболитіне ықпалын тигізген жоқ.

Аллопуринол

Аллопуринолды және капецитабинді бір мезгілде қабылдауға жол бермеген жөн, өйткені фторурацилдің аллопуринолмен өзара әрекеттесуі салдарынан фторурацилдің тиімділігі төмендеуі мүмкін.

Интерферон альфа

Капецитабиннің интерферон 2-альфа (тәулігіне 3 халықаралық млн-бірлік/м2) біріктіріліміндегі ең жоғары жағымды дозасы тәулігіне 2000 мг/м2 құрады, ал сол кезде капецитабиннің монотерапия ретіндегі ең жоғары жағымды дозасы тәулігіне 3000 мг/м2 құрады.

Сәулелік ем

Тік ішектің обыры бар пациенттерді емдегенде капецитабиннің сәулелік еммен біріктіріліміндегі ең жоғары жағымды дозасы тәулігіне (емдеудің үздіксіз режимінде немесе дүйсенбіден бастап жұмадағы емдеу режимінде немесе сәулелік емнің 6 күндік курсында) 2000 мг/м2 құрады, ал сол кезде капецитабиннің монотерапия ретіндегі ең жоғары жағымды дозасы тәулігіне 3000 мг/м2 құрады (алма-кезекті режим).

Кальций фолинаты (Лейковорин)

Кальций фолинаты капецитабиннің және оның метаболиттерінің фармакокинетикалық қасиеттеріне ықпалын тигізбейді. Алайда, капецитабиннің уытты әсері капецитабиннің фармакодинамикасына кальций фолинатының ықпалын тигізуі есебінен күшеюі мүмкін.

Соривудин және оның аналогтары

Әдеби дереккөздерде соривудин мен ФУ-дің клиникалық тұрғыдан маңызды дәрілік өзара әрекеттесуі сипатталған, оның негізінде соривудиннің ДПД-ге тежегіш әсері жатыр. Көрсетілген өзара әрекеттесу фторпиримидиндер уыттылығының фатальді күшеюіне әкелуі мүмкін. Сондықтан капецитабинді соривудинмен немесе оның бривудин типті құрылымдық аналогтарымен бір мезгілде тағайындамаған жөн. Соривудинмен немесе оның құрылымдық аналогтарымен (бривудинді қоса) емдеуді аяқтау мен капецитабинмен емдеуді бастаудың арасында ең кемінде төрт апталық аралықты сақтаған жөн.

Оксалиплатин

Капецитабин мен оксалиплатинді біріктіріп қолданғанда, бевацизумабтың бар-жоқтығына қарамай, капецитабиннің және оксалиплатин метаболиттерінің (бос платинаның немесе жалпы платинаның) экспозициясында клиникалық тұрғыдан маңызды айырмашылық білінген жоқ.

Бевацизумаб

Капецитабиннің немесе оның метаболиттерінің фармакокинетикасына бевацизумабтың клиникалық тұрғыдан маңызды әсері білінген жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Препараттың дозасын шектейтін жағымсыз реакциялар диарея, іштің ауыруы, жүректің айнуы, стоматит және алақан-табан синдромы болып табылады.

Капецитабин Аккорд препаратымен ем қабылдап жүрген пациенттерде уыттылық біліністеріне мұқият медициналық бақылау жүргізу қажет.

Жағымсыз құбылыстардың көбісі қайтымды және, дозаны түзету немесе препаратты уақытша тоқтату қажеттілігі туындауы мүмкін болса да, препаратты толық тоқтатуды қажет етпейді.

Диарея: Капецитабин Аккорд препаратымен емдеу диареяны, кейде ауыр диареяны туындатуы мүмкін. Ауыр диареясы бар науқастарды мұқият бақылаған жөн, ал дегидратация дамыған жағдайда регидратация жүргізу және жоғалған электролиттердің орнын толтыру қажет. Диареяға қарсы стандартты препараттарды (мысалы, лоперамид) медициналық көрсетілімдері бойынша мүмкіндігінше ертерек тағайындаған жөн. Канаданың Ұлттық онкологиялық институтының (NCIC СТС, версия 2) критерийлері бойынша 2 дәрежедегі диарея нәжістің тәулігіне 4–6 ретке дейін жиілеуі немесе түнгі уақыттағы нәжіс ретінде; 3 дәрежедегі диарея – нәжістің тәулігіне 7-9 ретке дейін жиілеуі немесе ұстай алмауы және мальабсорбция синдромы ретінде; 4 дәрежедегі диарея – нәжістің тәулігіне 10 және одан көп ретке дейін жиілеуі ретінде, нәжісте көрінетін қанның пайда болуы немесе парентеральді демеуші емнің қажеттілігі белгіленеді. Қажет болған кезде Капецитабин Аккорд препаратының дозасын азайтқан жөн.

Дегидратация: дегидратацияға жол бермеген немесе оны ең баста пайда болған кезде жойған жөн. Дегидратация анорексиясы, астениясы, жүректің айнуы, құсу немесе диареясы бар науқастарда тез дамуы мүмкін.

Дегидратация әсіресе емдеуді бастаған сәтте бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде немесе, егер пациент капецитабинді нефроуытты әсері бар препараттармен бір мезгілде қабылдаса, бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігінің дамуына, жекелеген жағдайларда өліммен аяқталуына себеп болуы мүмкін.

2 немесе одан жоғары дәрежедегі дегидратация дамыған жағдайда Капецитабин Аккорд препаратымен емдеуді дереу тоқтатқан және регидратация жүргізген жөн. Емдеуді регидратация аяқталғанға және оны туындатқан факторларды жойғанға немесе түзеткенге дейін қайта жаңғыртуға болмайды. Препарат дозасын дегидратацияға әкелетін жағымсыз құбылыстарға арналған нұсқауларға сәйкес модификациялау керек.

Дигидропиримидиндегидрогеназа тапшылығы (ДПТ): фторурацилмен (ФУ) астасқан, сирек жағдайларда уыттылықтың күтпеген ауыр құбылыстары (мысалы, стоматит, диарея, шырышты қабықтардың қабынуы, нейтропения және нейроуыттылық) дигидропиримидиндегидрогеназа (ДПД) белсенділігінің жеткіліксіздігінен болады. ДПД (ФУ-дың ыдырауына қатысатын фермент) белсенділігі едәуір төмендеген немесе толық жоқ болатын пациенттерде ФУ-ды қолдану әсерінен өмірге қауіп төндіретін немесе өліммен аяқталатын жағымсыз ауыр реакциялардың даму қаупі жоғары. Уыттылықтың өмірге қауіп төндіретін немесе өліммен аяқталатын құбылыстарының ең жоғары қаупі ДПД толық немесе ішінара тапшылығын туындататын DPYD генінің локусында белгілі бір гомозиготалары немесе белгілі бір гетерозиготалы мутациялар жиынтығы бар пациенттерде байқалады. Мұндай пациенттерге Капецитабин Аккорд препаратымен емдеуді тағайындамаған жөн. ДПД толық тапшы болатын пациенттерде қауіпсіздік бейініне жауап беретін дозалар жоқ. ДПД ішінара тапшы болатын пациенттерде, егер Капецитабин Аккорд препаратымен емдеудің пайдасы (емдеудің баламалы фторпиримидинді емес химиотерапиялық сызбасын қолдану мүмкіндігін ескеріп) потенциалды қаупінен басым болса, аса сақтық танытқан жөн. Мұндай пациенттерде бастапқыда препараттың дозасын едәуір төмендету, бірізді мониторинг жүргізу және уыттылық көріністерін есепке ала отырып, дозаны түзету қажет. Капецитабинмен ем қабылдап жүрген ДПД-нің анықталмаған тапшылығы бар пациенттерде жедел артық дозалану симптомдарымен көрініс беретін уыттылықтың өмірге қауіп төндіретін құбылыстары пайда болуы мүмкін. 2-4 дәрежедегі жедел уыттылық құбылыстары пайда болған жағдайда емдеуді дереу тоқтату қажет. Емдеуді толық тоқтату жөніндегі шешім байқалған уыттылық құбылыстарының дебютіне, ұзақтығына және ауырлығына клиникалық баға беруге негізделуі тиіс («Артық дозалануы» бөлімін қараңыз).

Капецитабинмен емдеген кездегі кардиоуыттылық спектрі басқа фторпиримидиндерді пайдаланған кездегі осындайға ұқсас және миокард инфарктісін, стенокардияны, аритмияны, жүректің тоқтап қалуын, жүрек функциясының жеткіліксіздігін және ЭКГ-дегі өзгерулерді қамтиды. Бұл жағымсыз құбылыстар анамнезінде ЖИА зардап шеккені көрсетілген науқастарға көбірек тән. Анамнезінде аритмиясы және стенокардиясы бар пациенттерде сақтық таныту қажет.

Капецитабинмен емдеу барысында гипо- немесе гиперкальциемияның дамуы байқалды. Бұрын гипо- немесе гиперкальциемия диагностикаланған пациенттерде сақтық таныту қажет.

Орталық және шеткері жүйке жүйесінің аурулары бар пациенттерде (мысалы, мида метастаздары және нейропатиясы бар), сондай-ақ қант диабеті және су-электролиттік теңгерімінің бұзылулары бар пациенттерде сақтық таныту керек, өйткені капецитабинмен емделу барысында осы аурулар өршуі мүмкін.

Пациенттерді, әсіресе анамнезінде көру мүшелері тарапынан бұзылулар болған жағдайда, кератит немесе мөлдір қабықтың патологиясы сияқты офтальмологиялық асқынулардың туындауына қатысты бақылап отырған жөн. Көру мүшесі тарапынан асқынулар дамыған жағдайда тиісті ем тағайындау қажет.

Капецитабин Аккорд препараты Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты күрделі тері реакцияларының дамуын туындатуы мүмкін. Капецитабин Аккорд препаратын қабылдау аясында ауыр тері реакциялары дамыған кезде препарат қабылдауды тоқтатқан және қайта жаңғыртпаған жөн.

Капецитабин Аккорд препаратының терілік уыттылығының біліністері алақан-табан синдромының (синонимдері – химиотерапиядан туындаған алақан-табан эритродизестезиясы немесе акральді эритема) дамуы болып табылады. Капецитабин Аккорд препаратымен монотерапия қабылдап жүрген пациенттерде уыттылық көріністері дамығанға дейінгі уақыт медианасы 79 күнді (11-ден 360 күнге дейінгі диапзонда) құрайды, ал ауырлық дәрежесі 1-ші дәрежеден 3-ші дәрежеге дейін құбылады. 1-ші дәрежедегі алақан-табан синдромы науқастың күнделікті белсенділігін бұзбайды және ұюмен, дизестезиямен/парестезиямен, шаншумен немесе алақанның және/немесе табанның қызаруымен, жайсыздықпен көрініс береді. 2-ші дәрежедегі алақан-табан синдромы саусақтардың және/немесе табандардың ауыртып қызаруымен және ісінулерімен сипатталады, мұндайда осы симптомдар әсерінен туындайтын жайсыздық пациенттің күнделікті белсенділігін бұзады. 3-ші дәрежедегі алақан-табан синдромы, дымқыл десквамация, ойық жаралану, күлдір бөртпелердің түзілуі және саусақтарда және/немесе табандарда күшті аурудың, сондай-ақ пациенттің күнделікті қызметтің кез келген түрлерін жасауға мүмкіндік бермейтін күшті жайсыздық байқалады. 2-ші немесе 3-ші дәрежедегі алақан-табан синдромы пайда болған кезде Капецитабин Аккорд препаратымен емдеуді симптомдар жойылғанға немесе 1-ші дәрежеге азайғанға дейін тоқтатқан жөн. 3-ші дәрежедегі синдром пайда болғанда Капецитабин Аккорд препаратының кейінгі дозалары азайтылуы тиіс.

B6 дәрумені (пиридоксин) Капецитабин Аккорд препаратының цисплатинмен біріктіріп тағайындағанда алақан-табан синдромын симптоматикалық немесе салдарлық профилактикалық емдеу үшін қолдануға ұсынылмайды, өйткені ол цисплатиннің тиімділігін төмендетуі мүмкін. Капецитабин Аккорд препаратымен емдеген кезде алақан-табан синдромы дамуының профилактикасында декспантенолдың тиімділігі жөнінде деректер бар.

Капецитабин Аккорд препараты гипербилирубинемияны туындатуы мүмкін. Егер Капецитабин Аккорд препаратымен емдеумен байланысты гипербилирубинемия >3.0xҚЖШ (қалыптың жоғары шегі) немесе «бауырлық» аминотрансфераза (АЛТ, АСТ) белсенділігінің жоғарылауы >2.5xҚЖШ білінсе, емдеуді тоқтатқан жөн.

Ем жүргізуді билирубин концентрациясы және «бауыр» аминотрансферазасы белсенділігі төменде берілген шектен төмендеген кезде қайта жаңғыртуға болады.

Капецитабин Аккорд препаратын және пероральді антикоагулянттарды – кумарин туындыларын бір мезгілде қабылдап жүрген науқастарда ұйығыштық көрсеткіштерін (протромбин уақытын немесе ХҚҚ) бақылаған және осыған сәйкес антикоагулянт дозасын таңдаған жөн.

Препаратты егде жастағы және қартаң жастағы пациенттерде қолдану

Капецитабин Аккорд препаратымен монотерапия қабылдаған, колоректальді обыры бар, 60-79 жастағы пациенттерде асқазан-ішек жолы тарапынан уытты құбылыстардың жиілігі науқастардың жалпы популяциясындағы осындайдан айырмашылығы жоқ. 80 жастағы және одан үлкен жастағы пациенттерде 3-ші және 4-ші дәрежедегі асқазан-ішек жолы тарапынан диарея, жүректің айнуы және құсу сияқты қайтымды жағымсыз құбылыстар жиі дамиды. Капецитабинмен және ісікке қарсы басқа препараттармен біріктірілген ем қабылдаған ³65 жастағы пациенттерде, 65 жасқа толмаған пациенттермен салыстырғанда, ауырлығы 3-ші және 4-ші дәрежедегі жағымсыз реакциялар және емдеуді тоқтатуға әкелетін жағымсыз құбылыстар жиілігінің артқаны байқалды.

Капецитабин Аккорд препаратымен және доцетакселмен біріктірілген ем қабылдаған, ³60 жастағы пациенттерде қауіпсіздік деректеріне жасалған талдауда ауырлығы 3-ші және 4-ші дәрежедегі жағымсыз құбылыстарды, күрделі жағымсыз құбылыстарды емдеумен және жағымсыз құбылыстарға байланысты емдеуді ерте тоқтатумен байланысты жиілігінің, 60 жасқа толмаған пациенттердегі осындайлармен салыстырғанда, артқаны байқалды.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Капецитабин Аккорд препаратын бүйрек функциясының ауырлығы орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындағанда сақтық танытқан жөн. Фторурацилмен емдеу кезіндегідей, ауырлығы 3-ші және 4-ші дәрежедегі жағымсыз құбылыстарына жүргізілетін еммен байланысты даму жиілігі бүйрек функциясының ауырлығы орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі (КК 30-50 мл/мин) бар пациенттерде жоғары болды.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Капецитабин Аккорд препаратымен емделу кезінде мұқият медициналық бақылауда болуы тиіс. Бауырдың метастаздық зақымдануынан немесе бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігінен болмаған бауыр функциясы бұзылуларының Капецитабин Аккорд препаратының таралуына ықпалы белгісіз.

Капецитабин Аккорд препаратымен емдеу кезінде және оны аяқтағаннан кейін ең кемінде 3 ай бойы контрацепцияның тиімді әдістерін пайдаланған жөн. Егер емдеу кезінде жүктілік басталса, пациент шарана үшін потенциалды қаупінің болатындығы жөнінде хабардар болуы тиіс.

Пайдаланылмаған препаратпен және жарамдылық мерзімі өткен препаратпен жұмыс жасау

Дәрілік препараттың қалдықтармен бірге қоршаған ортаға түсуі барынша азайтылуы тиіс. Препаратты ағын су жәрдемімен немесе тұрмыстық қалдықтармен бірге жоймаған жөн. Мүмкіндігінше дәрілік препараттарды жоюға арналған арнайы жүйені пайдалану қажет.

Көлік құралдарын және механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуі

Көлік құралдарын, механизмдерді басқару қабілетіне Капецитабин Аккорд препаратының аздаған немесе орташа ықпалы бар. Бас айналу, әлсіздік немесе жүректің айнуы сияқты жағымсыз құбылыстар пайда болған пациенттер көлік құралдарын, механизмдерді басқаруды тоқтата тұрғаны жөн.

Артық дозалануы

Жедел артық дозалану симптомдары жүректің айнуын, құсуды, диареяны, шырышты қабықтың қабынуын (мукозит), асқазан-ішек жолының тітіркенуін және қан кетулерді, сондай-ақ сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуін қамтиды.

Артық дозалануды емдеуге клиникалық симптомдарды түзетуге және ықтимал асқынулардың алдын алуға бағытталған емдік және демеуші шаралардың стандартты кешенін қамтуы тиіс.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий фольгадан және ПВХ/ПВДХ үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

Пішінді 6 (150 мг дозасы үшін) немесе 12 (500 мг дозасы үшін) қаптама медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші:

Intas Pharmaceuticals Limited. Matoda. Үндістан

ТК иесі:

Accord Healthcare Limited. Middlesex. Ұлыбритания

Қаптаушы кәсіпорын:

Accord Healthcare Limited. Middlesex. Ұлыбритания

Тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Авицена-ЛТД» ЖШС

050002, Алматы қ., Жангелдин к-сі, 31, офис 416

тел./факс: +7727 3572387 /88/ 89

e-mail: reg@avitsena.kz

Тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы

ConsultAsia ЖШС

Шевченко к-сі 165 Б, офис 909 а

тел./факс: +77051708876/+77051708825

e-mail: pv@consultingasia.kz

Прикрепленные файлы

028530251477975710_ru.doc 186 кб
751115571477977421_kz.doc 289 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники