Канестен® (500 мг)

МНН: Клотримазол
Производитель: Байер Фарма АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clotrimazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021231
Период регистрации: 05.03.2015 - 05.03.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Канестен®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Kлотримазол

Дәрілік түрі

Қынаптық таблеткалар 100 мг немесе 500 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат: клотримазол 100 мг немесе 500 мг;

қосымша заттар: кальций лактат пентагидраты, микрокристалды целлюлоза, кросповидон, гипромеллоза 15 сР, сүт қышқылы, лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, магний стеараты, кремнийдің коллоидты сусыз қостотығы.

Сипаттамасы

Ұзынша, ақ дерлік түстен сәл сарғыштау түске дейінгі таблеткалар, бір жағы дөңгелектенген, басқа жағы – тік бұрышты, бір жағында «Р3» және екінші жағында - «BAYER» таңбасы бар (100 мг доза үшін).

Ұзынша, ақ дерлік түстен сәл сарғыштау түске дейінгі таблеткалар, бір жағы дөңгелектенген, басқа жағы – тік бұрышты, бір жағында «MU» және екінші жағында - «BAYER» таңбасы бар (500 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробқа қарсы препараттар. Имидазол туындысы. Клотримазол.

ATХ коды G01AF02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Канестен жергілікті әсер етеді.

Сіңірілген клотримазол бауырда белсенді емес метаболиттерге дейін жылдам метаболизмге ұшырауына байланысты плазмадағы клотримазол концентрациясының шыңы препаратты 500 мг дозада қынаптық қолданудан кейін нәтижесінде 10 нг/мл аздау шаманы құрайды. Клотримазолдың тек аздаған мөлшері ғана сіңеді (3-10 %), ол жүйелік әсер етпейді.

Фармакодинамикасы

Клотримазолдың әсер ету механизмі эргостерин синтезі тежелуімен байланысты, бұл зеңдер жарғақшаларының құрылымы мен цитоплазмалық жарғақшалар функциясының бұзылуына әкеледі. Жұқпа ошағындағы концентрацияға байланысты фунгистатикалық немесе фунгицидті белсенділігі бар. Клотримазол ашытқылы және өңезді зеңдерге, патогенді дерматофиттерге қатысты микозға қарсы (зеңге қарсы); трихомонадтарға қатысты трихомонацидтік әсер етеді; грамм-оң және (стрептококктар/стафилококктар) және грамм- теріс микроорганизмдерге бактерияға қарсы әсер береді (бактероидтар/гарднереллалар).

Зеңді жұқпалардың бастапқы резистентті (төзімді) нұсқалары өте сирек. Сезімтал зеңдер екіншілік резистенциясының дамуы осы уақытқа дейін өте оқшауланған жағдайдағы ғана емдеу кезінде байқалған.

Қолданылуы

  • кандида тектес зеңдер туындатқан қынаптық кандидозда;

  • трихомонадтар туындатқан қынаптық трихомониазда;

  • клотримазолға сезімтал бактериялар туындатқан асқын жұқпалар кезінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Қынаптық таблетканы қынапқа мүмкіндігінше терең, кешке, ұйықтар алдында енгізеді. Препаратты шалқадан жатып, аяқты сәл көтере отырып енгізген дұрыс.

Канестен қынаптық таблеткалары толық ерігенше қынап ылғалды болуы керек, әйтпесе таблетканың ерімеген бөлшектері қынаптан уатылып түсуі мүмкін. Осының алдын алу үшін препаратты мүмкіндігінше терең, кешке ұйықтар алдында енгізу қажет.

6 күн бойы Канестенмен 100 мг емдеу:

Бір қынаптық таблеткадан күнде кешке, ұйықтар алдында қатарынан 6 күн.

Канестен 500 мг бір реттік емдік дозасымен емдеу:

Бір қынаптық таблеткадан бір мәрте кешке ұйықтар алдында.

Жағымсыз әсерлері

  • жергілікті реакциялар: гениталий аймағының қабыршықтануы, қышыну, ісіну, қызару, жайсыздық, ашыту сезімі, тітіркену, жамбас аймағының ауыруы, жыныс жолдарынан қан аралас бөліністер;

  • аллергиялық реакциялар: қысымның төмендеуі, ентігу, есекжем, естен тану;

  • асқазан-ішек жолы тарапынан: өте сирек іштің ауыруы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- клотримазолға және препараттың басқа да компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

- жүктіліктің бірінші триместрі

- бала емізу кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Клотримазол амфотерицин В және басқа да полиен антибиотиктерінің белсенділігін төмендетеді. Натамицин және нистатинмен бір мезгілде қолданғанда клотримазолдың белсенділігі төмендейді. Дексаметазон жоғары концентрацияда клотримазолдың зеңге қарсы тиімділігін төмендетеді. Пара-бензой қышқылының пропил эфирі жоғары концентрацияда клотримазолдың зеңге қарсы әсерін күшейтеді. Қынаптық клотримазол мен пероральді такролимусты (FK-506; иммуносупрессант) бір мезгілде қосып қолдану қанда такролимус концентрациясы деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін, осындай әсер сирулимуспен бір мезгілде қабылдағанда байқалады. Сонымен, емделушілерде такролимус немесе сиролимуспен артық дозалану симптомдарының болуын, қажет еткенде плазмада сәйкес концентрацияларын өлшеу жолымен мұқият бақылап отыру керек.

Айрықша нұсқаулар

Көзге тигізіп алмау керек.

Препаратпен емдеуді бастағаннан кейін 7 күн ішінде әсері болмаса, дәрігерге қаралу қажет.

Қажеттілігіне қарай емдеуді қайталауға болады, алайда қайталанатын жұқпалар диабет немесе АИВ-жұқпасын қоса, жасырын медициналық себептеріне нұсқауы мүмкін. Егер симптомдар 2 апта ішінде қайтадан басталатын болса, емделушінің дәрігерге көрінгені жөн. Қынап та, сыртқы жыныс мүшелері де жұқтырған болса, біріктірілген ем жүргізу ( екі аймақты да емдеу) керек.

Егер бір мезгілде жыныс ернеуі және жанасқан аймақтар жұқтырған болса, қосымша сыртқа қолдануға арналған кремді пайдаланған жөн. Егер жергілікті қышыну, қабыну және т.б. сияқты симптомдар болса, сексуалдық жұптасы да емделуі тиіс.

Етеккір кезеңінде емдеу жүргізілмейді. Емдеу етеккір басталғанға дейін аяқталуы тиіс.

Препаратты қолданған уақытта тампон, бүркіп шаю, спермицидтер немесе басқа да қынаптық өнімдерді қолданбаған жөн.

Препаратты қолданған кезде қынаптық жыныстық актілерден тартына тұру ұсынылады, өйткені жұқпаны жұптасына жұқтыруы мүмкін және мүшеқаптар сияқты латекс өнімдерінің тиімділігі мен қауіпсіздігі төмендеуі мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде Канестен дәрігермен кеңескеннен кейін нұсқаулық бойынша қолданылуы мүмкін. Препаратты бала емізетін әйелдерге тағайындағанда сақ болу керек. Емдеу кезінде емшекпен қоректендіру ұсынылмайды.

Жүктілік кезеңінде қынаптық таблеткалармен емдеуді аппликаторсыз жүргізген дұрыс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Жергілікті қолданғанда артық дозаланудың туындау ықтималдығы аз.

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мг 6 таблеткадан немесе 500 мг 1 таблеткадан полипропиленмен немесе поливинилхлоридпен / поливинилиденхлоридпен ламинацияланған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада.

1 пішінді қаптамадан аппликатормен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйымның атауы мен елі

Байер Фарма АГ, Германия

Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

Байер Фарма АГ, Германия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Байер Консьюмер Кэр АГ, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Байер КАЗ» ЖШС

Тимирязев к-сі, 42, «Экспо-Сити» бизнес орталығы, 15 пав.

050057, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

тел.: + 7 (727) 258 80 40 (148)

факс: + 7 (727) 244 70 01

e-mail: kz.claims@bayer.com

 

Прикрепленные файлы

201745001477976540_ru.doc 63.5 кб
362843151477977703_kz.doc 71 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники