Кандекор® (8 мг)

МНН: Кандесартан
Производитель: КРКА, д.д., Ново Место
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Candesartan
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019820
Период регистрации: 23.04.2018 - 23.04.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 53.79 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Кандекор®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кандесартан

Дәрілік түрі

8 мг, 16 мг, 32 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: 8 мг, 16 мг немесе 32 мг кандесартан цилексетилі

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, гидроксипропилцеллюлоза, макрогол 8000, кальций кармеллозасы, темірдің қызыл тотығы Е172, магний стеараты

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, сәл қызғылт түсті, екі жақ беті сәл дөңес, бір жақ бетінде сызығы бар және жиегі кертілген таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Ренин-ангиотензин жүйесіне ықпал ететін препараттар. Ангиотензин ІІ антагонистері. Кандесартан

АТХ коды С09СА06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кандесартан цилексетилі

Ішке қабылдағаннан кейін кандесартан цилексетилі белсенді зат кандесартанға айналады. Ішке қабылдағаннан кейін кандесартан таблеткасының биожетімділігі 14% құрайды. Сарысуда орташа ең жоғары концентрацияға (Cmax) таблетканы қабылдағаннан кейін 3 - 4 сағаттан соң жетеді. Қан сарысуындағы канденсартан концентрациясы дозалардың емдік аралығында дозаларды арттырумен байланысты өседі. Қан сарысуындағы кандесартанның фармакокинетикалық қисығы астындағы аудан (AUC) ас қабылдауға байланысты емес. Кандерсантанның фармакокинетикасында гендерлік айырмашылықтар байқалмайды.

Кандесартан плазма ақуыздарымен (99%-дан астам) тез байланысады. Кандесартанның шамамен алынған таралу көлемі 0,1 л/кг құрайды.

Кандесартан, негізінен, организмнен несеппен және өтпен бірге өзгермеген күйінде тек аздаған дәрежеде бауырлық метаболизм (CYP2C9) арқылы шығарылады. Канденсартанның жартылай шығарылу кезеңі (Т½) 9 сағатқа жуықты құрайды. Препараттың организмде жиналып қалуы орын алған жоқ.

Кандесартанның қандағы жалпы клиренсі 0.37 мл/мин/кг жуықты, бүйректік клиренсі 0,19 мл/мин/кг жуықты құрайды. Кандесартан бүйректер арқылы, шумақтық сүзілу және белсенді өзекшелік секреция жолымен шығарылады. Кандесартан цилексетилін қабылдағаннан кейін несеппен бірге өзгермеген күйінде дозаның шамамен 26%-ы және белсенділігі төмен метаболитінің 7%-ы шығарылады, ол уақытта нәжіспен бірге дозаның 56%-ы өзгермеген күйінде және 10%-ы белсенділігі төмендеген метаболиттер түрінде шығарылады.

Егде жастағы (65 жастан асқан) адамдарда, жас емделушілермен салыстырғанда, кандесартанның Cmax және AUC, тиісінше, шамамен 50%-ға және 80%-ға артады. Дегенмен, Кандекордың® енгізілген дозасынан кейін артериялық қысым реакциясы және жағымсыз әсерлер жиілігі жас және егде жастағы емделушілерде бірдей болады.

Дозаны қайталағанда бүйрек қызметінің жеңіл және орташа дәрежелі жеткіліксіздігі бар емделушілерде кандесартанның Cmax және AUC, тиісінше, шамамен 50%-ға және 70%-ға артады, бірақ жартылай шығарылу кезеңі (Т ½), бүйрек қызметі қалыпты емделушілермен салыстырғанда, өзгермейді. Бүйрек қызметінің ауыр дәрежелі жеткіліксіздігі бар емделушілерде тиісті өзгерулер, шамамен 50% және 110% құрайды. Бүйрек қызметінің ауыр дәрежелі жеткіліксіздігі бар емделушілерде кандесартанның терминальді жартылай шығарылу кезеңі (Т ½) екі еселенді. Гемодиализде жүрген емделушілердегі фармакокинетикасы бүйрек қызметінің ауыр дәрежелі жеткіліксіздігі бар емделушілердегідей күйінде қалады. Бауыр қызметінің жеңіл және орташа дәрежелі жеткіліксіздігі бар емделушілерде кандесартанның орташа AUC мәні шамамен 23%-ға артады.

Фармакодинамикаcы

Ангиотензин ІІ ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің негізгі вазобелсенді гормоны болып табылады және артериялық гипертензия патогенезінде және жүрек-қантамырдың басқа да ауруларында белгілі бір рөлді атқарады. Ол сондай-ақ гипертрофия және аяқ-қолдардың зақымдану патогенезінде маңызды рөл атқарады. Ангиотензиннің ІІ негізгі физиологиялық әсерлері, мысалы, қантамырлардың тарылуы, альдостеронды стимуляция, тұз бен су гомеостазасының реттелуі және жасушаның өсуін стимуляциялау, олар 1 типті AT1 рецептор арқылы беріледі.

Кандекор® дәрілердің тегі болып табылады, асқазан-ішек жолынан сіңген кезде ол эфирдің гидролизі нәтижесінде белсенді зат кандесартанға тез айналады. Кандекор® мықты байланысатын және рецептордан баяу диссоциацияланатын ангиотензин ІІ рецепторының, AT1 рецепторының селективті антагонисі болып табылады. Оның рецепторға ұқсастығы жоқ. Кандекор® ангиотензинді І ангиотензинге ІІ айналдыратын және брадикининді бұзатын ангиотензинді конвертирлеуші ферментті (АКФ) тежемейді.

Кандекор® гормондардың басқа рецепторларымен немесе жүрек-қантамыр жүйесін реттеуде маңызды рөл атқаратын иондық өзекшелермен байланыспайды және бөгемейді. Ангиотензин ІІ рецепторларының (AT1) рецепторлары плазмада ренин деңгейінің, ангиотензин І және ангиотензин ІІ деңгейінің дозаға байланысты артуына және плазмада альдостерон концентрациясының төмендеуіне әкеледі.

Гипертензияда, Кандекор® артериялық қысымның дозаға байланысты, ұзақ уақыт төмендеуін тудырады. Гипертензияға қарсы әсері, жүректің жиырылу жиілігін рефлекторлы түрде арттырмай, жүйелік шеткергі кедергінің төмендеуіне байланысты. Бастапқы дозада гипотензияның күрделі немесе алдын ала ұлғаю жағдайларының немесе емдеуді аяқтағаннан кейін кері әсерлік белгілері байқалған жоқ.

Кандекордың® бір реттік дозасын қабылдағаннан кейін гипертензияға қарсы әсері 2 сағат ішінде байқалады. Үздіксіз емдегенде, кез келген дозаны қабылдағанда артериялық қысымның төмендеу жағдайларына көбісіне, әдеттегідей, төрт апта ішінде жетеді және ұзақ емделгенде сақталады. Дозаны күніне бір рет 16 мг-нан 32 мг-ға дейін арттырудың орташа аддитивті әсері мардымсыз. Адамдардағы жекелей аралық өзгерулерді ескеретін болсақ, кейбір емделушілерде орташа әсерден де көбіректі күтуге болады. Кандекорды® тәулігіне 1 рет қабылдау артериялық қысымның 24 сағат ішінде тиімді және бір қалыпты төмендеуін қамтамасыз етеді, дозалау аралығындағы ең жоғары және қалдық әсер арасындағы айырмашылық үлкен емес.

Кандесартанның тиімділігі емделушілердің жасына және жынысына қарамай-ақ бірдей.

Кандесартан цилексетилі бүйректік қан ағысын арттырады және оған ықпалын тигізбейді, немесе бүйрек қанамырларының кедергісі төмендегенде және сүзілу фракциясында шумақтық сүзілу жылдамдығын арттырады. Артериялық гипертензиясы бар, 2 типті қант диабеті қатарласқан және микроальбуминуриясы бар емделушілерде кандесартан цилексетилімен гипертензияға қарсы ем жүргізу альбуминнің несеппен бірге шығарылуын азайтады. Қазіргі таңда кандесартанның диабеттік нефропатияның өршуіне ықпалы жөнінде деректер жоқ. Артериялық гипертензиясы, екінші типті қант диабеті бар емделушілерде 8 мг - 16 мг кандесартан цилексетилмен 12 апта емдеу қандағы глюкоза деңгейіне және липидтік бейінге жағымсыз әсерін тигізбейді.

Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі

ЖСЖ бар және сол жақ қарыншаның систолалық қызметі (сол жақ қарыншадан қан айдау фракциясы ≤ 40%) төмендеген науқастарда, кандесартан жүйелік қантамырлар кедергісін және өкпе артерияларының қылтамырларында сыналану қысымын төмендетеді, қан плазмасында рениннің белсенділігін және ангиотензин ІІ концентрациясын арттырады, сондай-ақ альдостерон деңгейін төмендетеді.

Қолданылуы

- артериялық гипертензияда

- АКФ тежегіштеріне қосымша ем ретінде немесе олар жақпаған кезде жүрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінде және сол жақ қарыншаның систолалық қызметі бұзылғанда (сол жақ қарыншадан қан айдау фракциясы ≤ 40%)

Қолдану тәсілі және дозалары

Кандекорды® ас қабылдауға қарамай-ақ, күніне бір рет қабылдаған жөн.

Артериялық гипертензия

Ұсынылатын бастапқы доза және әдеттегі демеуші доза – тәулігіне бір рет 8 мг. Доза тәулігіне 16 мг-ға дейін арттырылуы мүмкін. Егер артериялық қысым тәулігіне 16 мг-мен 4 апталық емдеуден кейін жеткіліксіз бақыланса, дозаны тәулігіне ең жоғары 32 мг дозаға дейін арттыруға болады. Егер осы дозаны қолданған кезде артериялық қысымды бақылауға қол жеткізілмесе, альтернативті әдістерді қарастырған жөн.

Терапия артериялық қысым реакциясына сай таңдалуы тиіс. Гипертензияға қарсы әсерлердің көбісіне емдеуді бастағаннан кейін 4 апта ішінде қол жетеді.

Егер Кандекормен® емдеу артериялық қысымның тиімді төмендеуіне әкелмеген жағдайда, емделушіні Кандекордың® біріктірілген түріне (кандесартан/гидрохлоротиазид) ауыстыру керек.

Егде жастағы емделушілерде дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Интраваскулярлы көлемі нашарлаған емделушілерде ұсынылатын бастапқы доза 4 мг.

Бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде, гемодиализдегі емделушілерді қоса есептегенде, ұсынылатын бастапқы доза 4 мг құрайды. Доза жауап реакциясына сай таңдалуы тиіс. Бүйрек қызметінің өте ауыр немесе терминальді сатысындағы жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі <15 мл/мин) емделушілерде қолдану тәжірибесі шектеулі.

Бауыр қызметінің жеңіл және орташа дәрежелі жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін ұсынылатын бастапқы доза күніне бір рет 2 мг құрайды. Дозаны жауап реакциясына сай таңдауға болады. Бауыр қызметінің ауыр дәрежелі жеткіліксіздігі бар емделушілерге қолдану тәжірибесі жоқ.

Жүрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі

Кандекордың® әдеттегі ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 4 мг құрайды. Жоспарланған 32 мг дозаға дейін немесе дозаны екі еселеу жолымен ең жоғары дозаға дейін арттыру кем дегенде 2 апта аралықпен жүргізіледі.

Егде жастағы емделушілер немесе интраваскулярлы көлемі төмендеген, бүйрек қызметі бұзылған немесе бауыр қызметінің жеткіліксіздігі жеңіл орташа дәрежелі емделушілер үшін бастапқы дозаны таңдаудың қажеті жоқ.

Кандекорды® жүрек қызметінің жеткіліксіздігін кешенді емдеуге, АӨФ тежегіштерін, бета-блокаторларды, диуретиктерді, оймақгүл препараттарын немесе осы дәрілік заттардың біріктірілімін қоса есептегенде, қолдануға болады.

Жағымсыз әсерлері

Артериялық гипертензияны емдегенде:

жиі (1/100 – <1/10)

  • тыныс жолдарының жұқпалары

  • бас айналу/вертиго, бас ауыру

  • С-АЛТ (С-ГПТ) деңгейінің жоғарылауы, креатинин, мочевина немесе калий мөлшерінің артуы және натрий мөлшерінің азаюы

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің басқа тежегіштерімен бірге гемоглобин деңгейінің аздап төмендегені байқалды.

Жүрек қызметінің жеткіліксіздігін емдегенде:

жиі (1/100 – <1/10)

  • гиперкалиемия, креатинин, мочевина деңгейлерінің жоғарылауы

  • артериялық гипотензия

  • бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі

Постмаркетингтік кезеңде:

Өте сирек (<1/10,000)

  • лейкопения, нейтропения және агранулоцитоз

  • гиперкалиемия, гипонатриемия

  • бас айналу, бас ауыру

  • жүректің айнуы

  • бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, бауыр қызметінің бұзылуы немесе гепатит

  • Квинке ісінуі, бөртпе, есекжем, қышыну

  • арқаның ауыруы, артралгия, миалгия

  • бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі, соның ішінде оған бейім емделушілерде бүйрек қызметінің бұзылуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді заттарына және қосымша заттарына жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- бауыр қызметінің ауыр жеткіліксіздігі және/немесе холестаз

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гидрохлоротиазидпен, варфаринмен, дигоксинмен, ішілетін контрацептивтермен (мысалы, этинилэстрадиол/левоноргестрел), глибенкламидпен, нифедипинмен және эналаприлмен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесу байқалған жоқ.

Кандесартан бауыр метаболизмі (CYP2C9) арқылы тек аздаған дәрежеде ғана шығарылады. Кандесартанның гипертензияға қарсы әсері, гипертензияға қарсы препараттарды тағайындаудан немесе қолдануға басқа да көрсетілімдерден тыс, артериялық қысымды төмендететін қасиеттері бар басқа дәрілік заттардың есебінен жоғарылауы мүмкін.

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне ықпалын тигізетін басқа дәрілік заттарды қолдану тәжірибесінің негізінде, калий жинақтаушы диуретиктерді, калий үстемелерін, құрамында калий бар тұз алмастырғыштарды, немесе калий деңгейін арттыруы мүмкін басқа да дәрілік препараттарды (мысалы, гепарин) қатарластыра қолдану, қан сарысуында калий деңгейінің жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін.

Литийді АӨФ тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда қан сарысуында литий концентрациясының және уыттылықтың қайтымды жоғарылауы байқалды. Осыған ұқсас әсер ангиотензин ІІ рецепторларын қолданған кезде байқалуы мүмкін, сондықтан бір мезгілде қолданған кезде қан сарысуындағы литий деңгейін мұқият бақылау керек.

Ангиотензин ІІ рецепторлары антагонистерін қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП), мысалы, селективті ЦОГ-2 тежегіштерімен, ацетилсалицил қышқылымен (тәулігіне > 3 г) және селективті емес ҚҚСП бір мезгілде қолданған кезде гипертензияға қарсы әсері бәсеңдеуі мүмкін. Ангиотензин ІІ рецепторларын және ҚҚСП бір мезгілде қолдану бүйрек қызметінің нашарлау қаупінің жоғарылауына, бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігіне күдіктенуді қоса есептегенде, әсіресе бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі бар емделушілерде қан сарысуындағы калий деңгейінің артуына әкеп соғуы мүмкін. Біріктірілімді әсіресе егде жастағы емделушілерге абайлап тағайындаған жөн. Емделушілер судың мол мөлшерін ішуі тиіс және қатарласатын емді бастағаннан кейін және әрі қарай мезгіл-мезгіл бүйрек қызметіне бақылау жүргізген жөн. Кандесартанның биожетімділігі ас қабылдауға байланысты емес.

Айрықша нұсқаулар

Бүйрек қызметінің жеткіліксіхздігі /бүйрек трансплантациясы

Ренин-ангиотензин-альдостерон тежегіштерінің басқа агенттері сияқты, Кандекорға® сезімтал емделушілерде бүйрек қызметінде өзгерулер байқалуы мүмкін. Артериялық гипертензиясы және бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілерді Кандекормен® емдеген кезде қан сарысуында калий деңгейін және креатинин деңгейін әлсін-әлсін бақылап отыру керек. Бүйрек қызметінің өте ауыр немесе терминальді жеткіліксіздігі сатысындағы (креатинин клиренсі <15 мл/мин) емделушілерде қолдану тәжірибесі шектеулі. Мұндай науқастарда Кандекор® дозасын мұқият титрлеген және артериялық қысымға мониторинг жүргізген жөн.

Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілерге талдама жасауға бүйрек қызметінің, әсіресе 75 жастағы немесе одан үлкен егде жастағы емделушілерде және бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде әлсін-әлсін баға беру қамтылуы тиіс. Кандекор® дозасын титрлеу кезінде қан сарысуындағы креатинин және калий деңгейлеріне мониторинг жасау ұсынылады.

Жүрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінде АКФ тежегіштерімен қатарластыра емдеу

Жағымсыз әсерлер қаупі әсіресе бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде және гиперкалиемияда, егер кандесартан АӨФ тежегіштерімен біріктіріп қолданылса, ұлғаюы мүмкін (4.8 тарауды қараңыз). Осындай ем қабылдап жүрген емделушілер ұдайы мұқият бақылауда болуы тиіс.

Гемодиализ

Диализ кезінде артериялық қысым, плазма көлемінің төмендеуі және ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенділенуі нәтижесінде AT1-рецепторы блокадасына ерекше сезімтал болуы мүмкін. Сондықтан Кандекор® дозасын мұқият титрлеу және гемодиализдегі емделушілерде артериялық қысымға ұдайы мониторинг жүргізу қажет.

Бүйрек артерияларының стенозы

Бүйрек артерияларының екі жақты стенозы немесе жалғыз бүйрек артерияларының стенозы бар емделушілерде ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне, яғни ангиотензинге өзгертуші ферментке (АӨФ) ықпал ететін басқа да дәрілік заттар қандағы мочевинаны және қан сарысуындағы креатининді арттыруы мүмкін. Осыған ұқсас әсерді ангиотензин ІІ рецепторларының антагонистерін қабылдаған кезде де күтуге болады.

Бүйрек трансплантациясы

Кандекорды® бүйрегі жақында трансплантацияланған емделушілерге қолдану тәжірибесі жоқ.

Гипотензия

Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілерде Кандекормен® емдеу кезінде гипотензия пайда болуы мүмкін. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін басқа да агенттердегі сияқты, ол интраваскулярлы көлемі азайған артериялық гипертензиясы бар науқастарда, және диуретиктердің жоғары дозаларын қабылдап жүрген емделушілерде пайда болуы мүмкін. Емдеуді бастаған кезде және гиповолемияны түзеткенде сақ болуға тырысқан жөн.

Анестезия және хирургиялық араласым

Ангиотензин ІІ антагонистерін қабылдап жүрген емделушілерде анестезия және хирургиялық араласым кезінде, ренин-ангиотензин жүйесінің блокадасы салдарынан, гипотензия пайда болуы мүмкін. Сирек жағдайларда гипотензия ауыр болуы мүмкін, бұл көктамырішілік енгізулерді және/немесе вазопрессорларды қолдануды қажет етеді.

Қолқаның және митральді клапан стенозы (обструктивті гипертрофиялық кардиомиопатия)

Басқа да вазодилататорлар сияқты, қолқаның және митральді клапанның гемодинамикалық тұрғыдан маңызды стенозы және обструктивті гипертрофиялық кардиомиопатиясы бар емделушілерге қолданғанда аса сақ болған жөн.

Алғашқы гиперальдостеронизм

Алғашқы гиперальдостеронизмі бар емделушілер ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі арқылы әсер ететін гипертензияға қарсы дәрілік препараттарға әсер бермейді. Осыған байланысты Кандекорды® қолдануға болмайды.

Гиперкалиемия

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне ықпал ететін басқа дәрілік заттарды қолдану тәжірибесінің негізінде Кандекорды® калий жинақтаушы диуретиктермен, калий үстемелерімен, құрамында калий бар тұз алмастырғыштармен, немесе калий деңгейін арттыруы мүмкін басқа да дәрілік заттармен (мысалы, гепарин) қатарластыра қолдану артериялық гипертензиясы бар науқастарда қан сарысуындағы калий деңгейінің артуына әкелуі мүмкін. Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі бар, Кандекор® қабылдаған емделушілерде гиперкалиемия пайда болуы мүмкін. Кандекормен® емдеу кезінде жүрек қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілерде, әсіресе оны АӨФ тежегіштерімен және спиронолактон сияқты калий жинақтаушы диуретиктермен бір мезгілде қолданғанда қан сарысуындағы калий деңгейіне әлсін-әлсін бақылау жасау ұсынылады.

Балаларға және жасөспірімдерге қолданылуы

Қауіпсіздігі және тиімділігі жөнінде деректердің жоқ болуына байланысты, балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер Кандекорды® қабылдау ұсынылмайды.

Жалпы мәліметтер

Қантамырлық тонусқа және бүйрек қызметіне (мысалы жүрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігінде немесе бүйрек ауруларында, бүйрек артерияларының тарылуын қоса есептегенде) ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі белсенділігінің белгілі мәнінде осы жүйеге ықпал ететін басқа дәрілік заттармен, ангиотензин ІІ рецепторлары антагонистерін қоса есептегенде, емдеу жедел гипотензиямен, азотемиямен, олигуриямен және кейде бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігімен астасты. Гипертензияға қарсы басқа да препараттармен бірге қолданған жағдайдағыдай, артериялық қысымның төмендеуі жүректің ишемиялық ауруы немесе атеросклероздық цереброваскулярлы ауруы бар емделушілерде миокард инфарктісіне немесе инсультқа әкеп соғуы мүмкін.

Сирек тұқым қуалайтын галактозаның жақпаушылығы, Лапп лактазаның жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар емделушілерде бұл препаратты қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың автокөлікті және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Кандекордың® автомобильді және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуіне зерттеулер жүргізілген жоқ. Көлікті басқарғанда немесе механизмдермен жұмыс жасағанда, кейде емдеу кезінде бас айналудың немесе шаршағыштықтың пайда болуы мүмкін екендігін ескерген жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: айқын артериялық гипотензия және бас айналу.

Емдеу: симптоматикалық ем және тіршілік үшін маңызды қызметтерге мониторинг жүргізу. Емделушіні, аяғын сәл көтеріңкіреп, шалқасынан жатқызған жөн. Егер бұл жеткіліксіз болса, плазма көлемін инфузиялық жүйені, мысалы, изотониялық тұз ерітіндісін енгізу арқылы арттырған жөн. Егер жоғарыда аталған шаралар жеткіліксіз болса, симпатомиметикалық дәрілік препараттарды енгізуге болады. Кандесартан гемодиализ жәрдемімен шығарылмайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 14 таблеткадан.

Пішінді ұяшықты 2, 4, 7 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

30ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

КРКА, д.д. Ново место, Словения

Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения

Тіркеу куәлігінің иесі

КРКА, д.д., Ново Место, Словения

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «KRKA, tovarna zdravil, d.d., Novo mesto» өкілдігі

ҚР, 050059, Алматы қ-сы, әл-Фараби д-лы 19, корпус 1б, 2-ші қабат

тел. 8 (727) 311-08-09

факс 8 (727) 311-08-12

www.krka.si

 

Прикрепленные файлы

005175291477976925_ru.doc 48.03 кб
219551901477978100_kz.doc 112 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники