Камфорный спирт (10%, Химфарм АО)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Камфора спирті
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ерітінді 10% 50 мл
Құрамы
50 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – 5.0 г рацемиялық камфора,
қосымша зат – этанол 70 %.
Сипаттамасы
Камфораның өзіне тән иісі бар түссіз, мөлдір сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Тірек-қимыл аппаратының ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар
АТХ коды М02АХ
Фармакологиялық қасиеттері
Камфора тыныс алу орталығын сергітеді, тамыр қозғалту орталығын көтермелейді, сондай-ақ жүрек бұлшықеттеріне тікелей әсер етеді, олардағы алмасу үдерістерін күшейтеді және оның симпатикалық иннервацияға сезімталдығын арттырады.
Антисептикалық, жергілікті тітіркендіргіш, жергілікті ауыруды басатын және қабынуға қарсы әсері бар. Терінің сезімтал жүйке ұштарын қоздыра отырып, қан жүретін тамырларды кеңейтеді және ағзалар мен тіндердің трофикасын жақсартады.
Қолданылуы
- артритте, артралгияда
- миозитте, миалгияда
- ишиаста, радикулитте
- тесілулердің алдын алуда
Қолдану тәсілі мен дозалары
Сыртқа, зақымдалған және ауыратын жерлерге компрестер түрінде немесе ысқылап күніне 2-3 рет жағады.
Емдеу курсы 7-10 күн.
Жағымсыз әсерлері
- терінің аллергиялық реакциялары (есекжем), терінің тітіркенуі
- бас ауыруы, бас айналуы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- тері жабындары бүтіндігінің бұзылуы
- препаратты жағу жоспарланған жердегі терінің қабыну аурулары (соның ішінде дерматит, экзема)
- эпилепсия, құрысу реакцияларына бейімділік
- 6 жасқа дейінгі балаларға
- жүктілік және лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Терінің айқын тітіркенуі дамыған жағдайда, препаратты қолдануды тоқтатады.
Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізуге және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.
Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Шыны массадан жасалған мойны бұрандалы немесе металл қалпақшалармен бұралып жабылатын, бақылау сақинасы бар импорттық құтыларда 50 мл-ден.
Әр құтыға заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңба жапсырылады.
Құтыларды құтылардың санына сәйкес медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге тұтынушы ыдысына арналған картоннан жасалған қорапқа немесе гофрланған картоннан жасалған қорапқа салады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 8°С-ден 18°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,
Шымкент қ., Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882
Тіркеу куәлігінің иесі
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,
Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882
Телефон нөмірі 7252 (561342)
Факс нөмірі 7252 (561342)
Электронды поштасы standart@santo.kz