Камфорный спирт (10%, Шаншаров-Фарм ТОО)

МНН: Камфора
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009519
Период регистрации: 14.07.2016 - 14.07.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 67.58 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Камфора спирті

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

10 % ерітінді

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат 10 г камфора

қосымша зат - 70 % этил спирті 100 мл дейін.

Сипаттамасы

Камфораның өзіне тән иісі бар мөлдір, түссіз сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қозғалыс аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды М02AХ

Фармакологиялық қасиеттері

Камфора спирті өсмдік тектес препарат болып табылады, антисептикалық, жерілікті тітіркендіретін, жергілікті ауыруды басатын және қабынуға қарсы әсерге ие. Терінің сезімтал жүйке ұштарын қоздыра отырып, қан тамырларын кеңейтеді және ағзалар мен тіндердің трофикасын жақсартады.

Қолданылуы

  • артритте, артралгияда

  • миозитте, миалгияда

  • ишиаста

- тесілу түзілуінің профилактикасында

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа компресс және сылау түрінде күніне 2 – 3 реттен. Емдеу курсы 7-10 күн.

Жағымсыз әсерлері

- терінің аллергиялық реакциялары (есекжем), терінің тітіркенуі

- бас ауыруы, бас айналуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа аса жоғары сезімталдық

- құрысу реакцияларына бейімділік және эпилепсия кезінде

- тері жабындары тұтастығының бұзылуы немесе жағылатын жерде терінің қабыну аурулары (соның ішінде дерматит, экзема)

- жүктілік, лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Препараттың көлік құралдарын жүргізуге және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: қозу, тахикардия, құрысу

Емі: симптоматикалық

Шығарылу түрі

25 мл, 30 мл, 40 мл және 50 мл препараттан полиэтиленнен жасалған тығынмен және бұрандалы қақпақпен тығындалып жабылған мойны бұралатын шыны құтыда. Құтылар қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе бумаға қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге қапталған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, жақсы тығындалған құтыда, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Шаншаров – Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Б. Бұлқұшев к-сi, № 4е

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Шаншаров – Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

Б. Бұлқұшев к-сi, № 4е

Тел./факс: +7 727 233-27-58

Электрондық пошта: farm-4@mail.ru

Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері

«Шаншаров – Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

Б. Бұлқұшев к-сi, № 4е

Тел./факс: +7 727 233-27-58

Электрондық пошта: farm-4@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

371835181477976214_ru.doc 40.5 кб
575799371477977475_kz.doc 43.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники