Камфорное масло (10 %, 50 мл)

МНН: Камфора
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты для наружного применения при болевом синдроме при заболеваниях костно-мышечной системы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013798
Информация о регистрации в РК: 09.01.2014 - 09.01.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Камфора майы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Май 10 %

Құрамы

50 мл препараттың құрамында

белсенді зат рацемиялық камфора 5.0 г,

қосымша зат - күнбағыс майы.

Сипаттамасы

Камфора иісі бар мөлдір, сары түсті майлы сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар

АТХ коды М02АX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Терінің бетіне жаққан кезде камфора ішінара сіңеді, тотығуға ұшырайды. Тотығу өнімдері глюкурон қышқылымен қосылады және бүйрек арқылы шығарылады. Камфораның бір бөлігі өзгермеген күйінде өкпе және өт арқылы бөлініп шығарылады.

Фармакодинамикасы

Камфора майы өсімдік тектес дәрілік зат болып табылады, антисептикалық, жергілікті тітіркендіретін, жергілікті ауыруды басатын және қабынуға қарсы әсері бар. Сезімтал жүйке ұштарын қоздыра отырып, қан тамырларын кеңейтеді және ағзалар мен тіндер трофикасын жақсартады.

Қолданылуы

Кешенді емнің құрамында:

  • артритте, артралгияда

  • миозитте, миалгияда

  • радикулитте, ишиаста

  • ойылудың алдын алуда

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ысқылау түрінде сыртқа қолданады.

Майды ауыратын жерлерге күніне 1-2 рет жұқалап жағады және уқалау қимылдарымен 2-3 минуттай ысқылайды.

Емдеу курсы 7-10 күн.

Жағымсыз әсерлері

- есекжем түріндегі аллергиялық реакциялар

- терінің тітіркенуі

- бас ауыруы, бас айналуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- тері аурулары

- тері жабындары бүтіндігінің бұзылуы

- эпилепсия, құрысу реакцияларына бейімділік

- 6 жасқа дейінгі балалар

Сақтықпен – балалар жасы, жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша сақтықпен қолдануға болады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша сақтықпен қолдануға болады.

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл-ден бақылау сақинасымен бұрандалы металл қалпақшасы, бұрандалы мойыны бар шынымассадан жасалған құтыларда.

Құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге құтылар санына қарай картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан,

Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Рашидов к-сі, 81, т/ф: 560882

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Рашидов к-сі, 81, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz

 

Прикрепленные файлы

034247841477976832_ru.doc 66.5 кб
226467581477977993_kz.doc 83.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники