Камистад®-Гель N

МНН: Лидокаин, Ромашки аптечной цветки
Производитель: Штада Арцнаймиттель АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для местного применения при заболеваниях полости рта
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015035
Информация о регистрации в РК: 20.10.2014 - 20.10.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Камистад®-Гель N

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Гель 10 г

Құрамы

100 г гельдің құрамында

белсенді заттар: лидокаин гидрохлориді - 2,0 г

тұймедақ гүлдері сығындысы (1:4-5) - 18,5 г

қосымша заттар: бензалконий хлоридінің 50% ерітіндісі, даршын майы (қабық), натрий сахарині, карбомерлер, трометамол, құмырсқа қышқылы 98 %, этанол 96 %, тазартылған су.

Сипаттамасы

Қатты түйіршіктерсіз, сарғыш-қоңыр түсті гомогенді гель

Фармакотерапиялық тобы

Ауыз қуысы аурулары кезінде жергілікті қолдануға арналған басқа да препараттар.

АТХ коды А01АD11

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакодинамикасы

Камистад®-Гель N жергілікті қолданғанда анальгетикалық, қабынуға қарсы, антибактериялық және регенерациялайтын әсері бар.

Лидокаин амид типті күшті жергілікті анестетик болып табылады, оның әсер ету механизмі жүйке талшықтарына натрий енуін бәсеңдетуге негізделген. Прокаинмен салыстырғанда лидокаин әсер ету ұзақтығы және жақсы жағуымен сипатталады.

Түймедақ, сондай ақ оның гүлдерінен алынған сұйық сығындының құрамында түрлі құрылымды және оның қабынуға қарсы, антибактериялық және регенерациялануын қамтамасыз ететін заттар кешені болады. Олардың ішінде анағұрлым терапиялық маңыздысы 50%-дан астамын құрайтын сесквитерпендер, сондай-ақ хамазулен және α-бисаболол болып саналады.

Қолданылуы

  • ауыз қуысы мен қызыл иектің орташа қабынуында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ауыз қуысының шырышты қабығына жағуға арналған.

Ұзындығы ½ см Камистад®-Гель N жолағын қабынған жерлерге тәулігіне 3 рет, жеңіл ысқылап жағады.

Препараттармен емдеу ұзақтығы шектелмеген. Егер қабыну симптомдары апта ішінде азаймаса, дәрігермен кеңесу қажет.

Жағымсыз әсерлері

Жиі емес (≥1/1000 - <1/100)

  • гель жағылғаннан кейінгі өтпелі шымылдату сезімі

Өте сирек (<1/10000)

  • аллергиялық реакциялар (мысалы, жанаспалы аллергия), оның ішінде, айқаспалы аса жоғары сезімталдықтың есебінен күрделі гүлділер тұқымдас өсімдіктер (мысалы, кәдімгі жусанға) мен перу бальзамына (Myroxylon түрінің ағаштары қабығынан алынған қарамай) аса жоғары сезімталдығы бар емделушілерде.

Аса жоғары сезімталдық реакцияларының дамуы жағдайында препаратты қолдануды тоқтатып, дәрігермен кеңескен жөн.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың кез келген компонентіне немесе басқа да анестетиктерге аса жоғары сезімталдық

  • 12 жасқа дейінгі балалар

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Камистад®-Гель N емдік дозалар шегінде басқа препараттармен өзара әрекеттесуі белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

Камистад®-Гелін N көзге тигізіп алудан сақтану керек. Препаратты ашық жараларға жағуға болмайды. Камистад®-Гелін N жаққаннан кейін қолды мұқият жуу керек. Бензалконий хлориді терінің тітіркенуін туындатуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезінде қолдану

Жүктілік және лактация кезеңінде Камистад®-Гель N қолдану туралы деректер жоқ. Осыған байланысты жүктілік және лактация кезінде препаратты қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі туралы деректер жоқ.

Артық дозалануы

Камистад®-Гель N препаратымен артық дозалану немесе уыттану жағдайлары анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 г-ден эпоксифенол шайыры негізінде ішкі қорғаныш лакты жабыны, полиэтиленнен жасалған бұрандалы қақпағы бар алюминий сықпада.

Сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

ШТАДА Арцнаймиттель АГ

Штадаштрассе 2 - 18

D-61118 Бад Вилбель, Германия

телефон: + 49 6101 603-0

телефакс: + 49 6101 603-259

веб сайт: http://www.stada.de

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

ШТАДА Арцнаймиттель АГ, Германия

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Нижфарм» ААҚ Өкілдігі

050043, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б

тел.: (727) 2222-100

факс: (727) 398-64-95

e–mail: almaty@stada.kz

 

Прикрепленные файлы

797778521477976631_ru.doc 49.5 кб
432638521477977774_kz.doc 54.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники