Камефлю (Various)

МНН: Хлорбутанол гемигидрат+камфора рацемическая+левоментол
Производитель: Микрофарм ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023080
Информация о регистрации в РК: 27.04.2022 - 27.04.2032
Номер регистрации в РБ: 9148/10/10/15/17/20/21
Информация о регистрации в РБ: 13.04.2020 - бессрочно

Инструкция

Дәрілік затты медициналық қолдану

жөніндегі нұсқаулық

КАМЕФЛЮ

Саудалық атауы

Камефлю

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Аэрозоль, 30 г

Құрамы

30 г (1 баллон) құрамында

белсенді заттархлоробутанол гемигидраты                  

                                    (100 % сусыз затқа шаққанда)  0,1 г

                                    рацемиялық камфора  0,1 г

                                    ментол 0,1 г,

қосымша заттар: эвкалипт майы, изопропилмиристат, хладон 134а.

Сипаттамасы

Дозалағыш әсерімен клапаны бар баллонда қысымда болатын мөлдір түссіз сұйықтық және баллоннан шыққан кезде өзіне тән хош иісі бар дисперсиялық ағыс түзеді.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Өзге препараттар.

АТХ коды R02AА20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Камефлю жергілікті қолдануға арналған және негізінен, қабыну ошағында емдік концентрация қалыптастырады. Баяу және аз мөлшерде жүйелі қан ағысына тек хлоробутанолгидрат және камфора сіңіріледі, олар қан плазмасының ақуыздарымен қайтымды байланысады. Биотрансформация кезінде олар бүйрекпен шығарылатын түрде глюкуронидтер түзіледі.

Фармакодинамикасы

Камефлю микробқа қарсы, қабынуға қарсы және жеңіл жергілікті анестезиялық әсерге ие, науқастардың тынысын қалпына келтіруге, тамырлардың тарылуына, сондай-ақ қантолым азаюына және зақымданған аумақтың ісінуінің азаюына ықпал етеді. Аталған фармакологиялық қасиеттердің үйлесімі жоғарғы тыныс алу жолдарының қабыну ауруларының кешенді патогенетикалық емін қамтамасыз етеді. Камефлю организмге ульцерогенді және жалпы уытты әсер етпейді.

Қолданылуы

Мұрын қуысы, жұтқыншақ және көмейдің асқыну сатысындағы жедел және созылмалы аурулары:

  • тонзиллит
  • фарингит  
  • ларингит
  • ринит
  • ларинготрахеит

Қолдану тәсілі және дозалары

Мұрын қуысы, жұтқыншақ және көмей ауруларында аэрозольді (0,5 см тереңдікте) мұрын қуысында немесе ауыз қуысында бүріккішті түбіне дейін басу арқылы бүрку қажет.

Ересектерде бір рет қолдану үшін 2-3 бүрку қажет;

5-12 жас аралығындағы балаларда – 1 бүрку,

12-15 жас аралығындағы балаларда – 1-2 бүрку.

Қолдану жиілігі тәулігіне 3-4 ретті құрайды.

Емдеу курсы 10 күннен асырмай 3-7 күнді құрайды (емдік әсерге қол жеткенге дейін).

Жағымсыз әсерлер

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну, препаратпен жанасқан жерлердегі ісіну)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- 5 жасқа дейінгі балалар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты қолданар алдында аллергияға бейім тұлғаларға міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік жағдайындағы әйелдер үшін және бала емізетін әйелдер үшін қолдану тәсілі және дозалары ересектерге арналған дозадан айырмашылығы жоқ.

Дәрілік заттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқару кезінде реакциялардың жылдамдығына ықпалы туралы деректер жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: тері бөртпесі, қышыну препаратпен жанасқан жерлердегі ісіну түріндегі аллергиялық реакциялар.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г дозалағыш әсер ететін клапандармен ішкі фенольді-эпоксидті қорғағыш жабыны бар аэрозольді моноблокты алюминий баллондарда. Әрбір баллон мұрынға арналған бүріккішпен және қорғағыш қалпақшамен жабдықталған болуы тиіс.

Әрбір баллон бүріккішпен, қорғағыш қалпақшамен және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтынушы ыдысына арналған картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Микрофарм» ЖШҚ, Украина, 61013, Харьков қ-сы, Шевченко к-сі, 20.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Микрофарм» ЖШҚ, Харьков қ-сы, Украина.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

050014, Алматы қ-сы, Айнабулақ-1 ы/а, 17 үй

тел. (727) 349-44-31, 8 747 012 69 72

E-mail: ainur_2905@mail.ru

Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

050014, Алматы қ-сы, Айнабулақ-1 ы/а, 17 үй

тел. (727) 349-44-31, 8 747 012 69 72

E-mail: ainur_2905@mail.ru  

Прикрепленные файлы

9148_10_10_15_17_20_p.pdf 0.19 кб
9148_10_10_15_17_20_s.pdf 0.17 кб
камефлю_каз.docx 0.02 кб
Камефлю_рус.doc 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

«Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ