Каметон

МНН: Камфора, Левоментол, Хлоробутанол, Эвкалипта прутовидного листьев масло
Производитель: Алтайвитамины ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020975
Информация о регистрации в РК: 29.05.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Каметон

Халыаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жергілікті қолдануға арналған спрей, 30 г

Құрамы

белсенді заттар: хлорбутанол гемигидраты - 0,3 г

рацемиялық камфора - 0,3 г

левоментол - 0,3 г

эвкалипт майы - 0,3 г

қосымша заттар: этанол (ректификацияланған этил спирті), изопропилмиристат.

Сипаттамасы

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Басқа да препараттар.

АТХ коды R02AA20

Фармакологиялық қасиеттері

Біріктірілген препарат, жергілікті антисептикалық, қабынуға қарсы және жеңіл жергілікті жансыздандыратын әсер көрсетеді, қантамырларының тарылуына, сондай-ақ зақымданған жердің қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеуіне және ісінуіне ықпал етеді, жұтқыншақ пен көмейдің шырышты қабатының тітіркену симптомын азайтады, науқастың тыныс алуының қалпына келуіне ықпал етеді.

Препарат грам-оң (стафилококтар, стрептококтар) және грамтеріс (ішек таяқшасы, көгілдір іріңді таяқша) бактерияларға және аз дәрежеде Candida тектес ашытқы тәріздес зеңдерге қатысты микробқа қарсы әсер көрсетеді. Аталған фармакологиялық қасиеттерінің біріктірілімі жоғары тыныс жолдарының қабыну ауруларының кешенді патогенетикалық емін қамтамасыз етеді.

Қолданылуы

- ЛОР-ағзаларының қабыну ауруларында (ринит, фарингит, ларингит)

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті.

Ауыз қуысына (оңға және солға) және мұрын жолдарына (оларды алдын ала шырыштан тазартып, басты аздап алдыға қарай еңкейтіп, демді тарту фазасында әрбір танауға) бүркиді.

Ересектер мен 18 жастан асқан балаларға – 1-3 бүркуден

12-ден 18 жасқа дейінгі балаларға – 1-2 бүркуден

5-тен 12 жасқа дейінгі балаларға – 1 бүркуден

Қолдану жиілігі тәулігіне – 3-4 рет. Емдеу курсы – 7-10 күн.

Препаратты бірінші рет қолданғанда немесе оны қолдануда 1 тәуліктен аса үзілісте дисперсті ағын пайда болғанша бірнеше рет басу керек, содан кейін препаратты қолдануға болады. Препаратты қолданғанда баллонды бүріккішін жоғары қаратып тігінен ұстау керек; баллонды төңкерілген күйінде қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

- терінің бөртуі, қышынуы және қызаруы түріндегі аллергиялық реакциялар

Әдеттегіден өзгеше реакциялар пайда болған жағдайларда препаратты ары қарай қолданудың талапқа сай екендігі жөнінде дәрігермен кеңесу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың жекелей компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 5 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Қажет болғанда Каметон препаратын дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады

Дәрілік заттың көлік құралын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары - аллергиялық реакциялар.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г препараттан насосты типтегі дозалайтын әсерімен механикалық клапанмен, бүріккішпен және сақтандырғыш қалпақшамен жабдықталған аэрозольді, алюминий баллонға салынған. Аэрозольді, алюминий баллонға өздігінен жабысатын материалдан жасалған заттаңба жапсырылады. Насосты типтегі дозалайтын әсерімен механикалық клапанмен, бүріккішпен және сақтандырғыш қалпақшамен жабдықталған әрбір баллон медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Мекенжайы: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69

Тел.: (3854) 326-946, 338-719,

Факс: (3854) 327-640

Тіркеу куәлігінің иесі

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы, телефон нөмірі, факс нөмірі, электронды поштасы

«Алтайвитамины» ЖАҚ

Мекенжайы: 659325, Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69

Телефоны: (3854) 326-946, 338-719

Факс: (3854) 327-640

E-mail : office@altayvitamin.ru

 

Прикрепленные файлы

360983181477976628_ru.doc 45.5 кб
982006971477977776_kz.doc 26.02 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники