Каметон (Аэрозоль)

МНН: Камфора, Левоментол, Хлорбутанол, Эвкалипта прутовидного листьев масло
Производитель: Стома ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021226
Информация о регистрации в РК: 05.03.2015 - 05.03.2020

Инструкция

Саудалық атауы

КАМЕТОН

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Аэрозоль

Құрамы

белсенді заттар: хлорбутанол гемигидраты 0.1 г

рацемиялық камфора 0.1 г

левоментол 0.1 г

эвкалипт майы 0.1 г

қосымша заттар: изопропилмиристат, хладон 134 а.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар, мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыштау түсті сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқалары.

АТХ коды R02А А20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Зерттелмеген. Препарат жергілікті қолданылады.

Фармакодинамикасы

Қабынуға қарсы, антисептикалық және жеңіл жергілікті жансыздандыратын әсер көрсетеді. Әсер ету механизмінде рефлекторлық реакциялар рөл атқарады (сезімтал жүйке ұштарының тітіркенуі) және ауыруды сезіну мен тамырлардың өткізгіштігін реттейтін эндорфиндер, динорфиндер мен басқа да биологиялық белсенді эндогенді заттардың түзілуін және босап шығуын көтермелейді. Хлорбутанолгидрат, камфора және эвкалипт майы біріктірілген үйлесім қабынуға қарсы және микробқа қарсы әсер етеді, жоғарғы тыныс алу жолдарында жинақталған тұтқыр секреттің бөлінуін жеңілдетеді. Ментол жеңіл жергілікті жансыздандыратын агент ретінде әсер етеді, иіс кетіретін әсері бар.

Қолданылуы

- мұрын, жұтқыншақ және көмейдің жедел және созылмалы (негізінен асқыну сатында) қабыну ауруларында

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ересектерге және 5 жастан асқан балаларға тағайындайды. Препаратты қолдану үшін бүріккіштің қорғаныш қалпақшасын алу қажет, содан соң бүріккішті мұрын қуысына 0,5 см немесе ауыз қуысына тереңдете енгізеді және бүріккіштің негізін тірелгенше басады. Баллонның ішіндегісі бұл ретте ұсақ ұнтақталған күйде бүркіледі. 1 басқанда құрамында жалпы 1,33 мг әсер етуші заттар болатын 0,1 г препарат бүркіледі.

Каметонды дем алған кезде мұрын немесе ауыз қуысына бүріккен жөн.

Ингаляцияның 1 сеансында жасалуы керек: ересектерге – 1-3 бүркуден, 12-ден 18 жасқа дейінгі балаларға – 1-2 бүркуден, 5-тен 12 жасқа дейінгі балаларға – 1 бүркуден. Бүркудің жиілігі әдетте тәулігіне 3-4 реттен болады. Емдеу ұзақтығы үздіксіз 7-10 күнді құрайды.

Жағымсыз әсерлері

- тамақтың шырышты қабығы тарапынан препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық (құрғауды, жыбырлауды және күйдіруді сезіну)

- жанасқан орынның ісінуі

- мұрын шырышты қабығының құрғауы

- ентігу

- беттің, тілдің ісінуі

- терінің бөртуі, есекжем, қышыну.

Қандай болсын жағымсыз реакциялар туындаған кезде препаратты тоқтатып, міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 5 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттармен өзара әрекеттесуі сипатталмаған. Басқа кез келген дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда дәрігермен кеңескен жөн.

Айрықша нұсқаулар

Қолданған кездегі тиісті қауіпсіздік шаралары.

Отқа жақын жерде бүркуге болмайды. Бронх түйілуінің дамуы мүмкін болғандықтан, препаратты балаларға сақтықпен қолданған жөн. Емдеу дәрігердің қадағалауымен жүргізілуі тиіс. Каметонды қолданар алдында ауыз қуысын жылы қайнаған сумен шаяды. Күйіктер кезінде зақымданған жерлерден некроздық өңезді стерильді тампонмен алып тастау керек.

Препараты бар баллонды бөлшектеуге және балаларға беруге болмайды, соққыдан сақтау керек. Препаратты қолданудан кейін оның ластануын болдырмас үшін қорғаныш қалпақшасын кигізеді.

Мұрынға бүріккен кезде басты шалқайтуға және баллонды төңкеруге болмайды. Жұқпа таралуының алдын алу үшін, бір баллонды бірнеше адам пайдаланбаған дұрыс. Препаратты бүрку кезінде оны көзге тигізбеуге тырысу керек. Препаратты қолданар алдында аллергияға бейім адамдар міндетті түрде дәрігермен кеңескендері жөн.

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты балаларға 5 жастан бастап дәрігердің бақылауымен қолданады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік немесе емшекпен қоректендіру кезеңінде қолдануға қарсы көрсетілімдер анықталмаған.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Анықталмаған

Артық дозалануы

Артық дозалану симптомдары анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г препараттан дозалайтын әсерімен клапаны бар, алюминий аэрозольді баллонға салынған. Баллондар РН-1 мұрынға арналған бүріккішпен және қорғаныш қалпақшамен жабдықталған.

Баллонға трафаретті баспа әдісімен мәтінді жазады немесе өздігінен жабысатын материалдан жасалған заттаңба жапсырылады.

Бүріккіші, қорғаныш қалпақшасы бар әрбір баллон медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

40 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«СТОМА» ЖАРИЯЛЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ, Украина, 61105,

Харьков қ., Ньютон к-сі, 3

Тіркеу куәлігінің иесі

«СТОМА» ЖАРИЯЛЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ, Украина, 61105,

Харьков қ., Ньютон к-сі, 3

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Тлеубергенова Г.С. ЖК, 010000, Ақмола обл., Астана қ.,

Бозінген к-сі, 8 үй, тел/факс 8-727-244-74-49

aldokinakbar@mail.ru

 

 

Прикрепленные файлы

264023131477976531_ru.doc 47 кб
871740291477977694_kz.doc 45.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники