Кальция хлорид (100 мг/мл)

МНН: Кальция хлорид
Производитель: Новосибхимфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Calcium chloride
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018770
Информация о регистрации в РК: 11.03.2012 - 11.03.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Кальций хлориді

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көктамыр ішіне енгізуге арналған 100 мг/мл ерітінді, 10 мл

Құрамы

1 л препараттың құрамында

белсенді зат-кальций хлориді гексагидраты (кальций хлориді) – 100.0 г

қосымша заттар – 1 л дейінгі инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Электролитті ерітінділер

АТЖ коды В05ХА07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың 45%-ға жуығы плазма ақуыздарымен кешенде болады. Бүйрек (20%) және ішек (80%) арқылы шығарылады. Гломерулярлық сүзілу жолымен шығарылатын 95% Ca2+ Генле ілмегінің жоғарылаған сегментінде, сондай-ақ бүйректің проксимальді және дистальді өзекшелерінде сіңірілуге ұшырайды.

Фармакодинамикасы

Кальций препараты жүйке импульстарының берілуі, қаңқа және тегіс бұлшықеттердің жиырылуы, миокард қызметтері, сүйек тіндерінің қалыптасуы, қанның ұюы үрдістерін жүзеге асыруға қажетті кальций иондары тапшылығын толықтырады, қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігін азайтады. Көктамыр ішіне енгізгенде вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігін көтермелейді, бүйрек үсті безінің эпинефрин бөлуін күшейтеді, орташа диуретикалық әсері бар.

Қолданылуы

- кальцийдің жоғары қажеттілігінде (жүктілікте, лактация кезеңінде, организмнің қарқынды өсуі кезеңінде)

- қан кетулерде (өкпеден, асқазан-ішек жолдарынан, мұрыннан, жатырдан)

- аллергиялық ауруларда (қансарысуы ауруы, есекжем, ангионевротикалық ісіну, пішен қызбасы, дәрілік аллергия)

- бронх демікпесінде

- дистрофиялық алиментарлы ісінулерде

- спазмофилияда

- тетанияда

- өкпе туберкулезінде

- рахитте

- остеомаляцияда

- қорғасын шаншуларында;

- гипопаратиреозда, гипокальциемияда, тамырлардың жоғары өткізгіштігінде (геморрагиялық васкулит, сәуле ауруында), паренхиматозды гепатит, уытты гепатит, нефрит, эклампсия, босану әрекетінің әлсіздігінде

- магний тұздарымен, қымыздық және фторлы қышқылдармен уланғанда

- пароксизмальді миоплегияда (гиперкалиемиялық түрі)

- қабынбалы және экссудативті үдерістер (пневмония, плеврит, аднексит, эндометрит және т.б.)

Қолдану тәсілі және дозалары

Көктамыр ішіне минутына 0,75-1,5 мл аспайтын жылдамдықпен сорғалатып немесе тамшылатып енгізіледі. Дәрілік затты енгізу аяқталған соң емделуші біраз уақыт «жатқан» қалпында қалуы керек.

Аллергиялық ауруларда (есекжем, ангионевротикалық ісіну, аллергодерматоздар, сарысу аурулары), қорғасынды шаншуда, магний препараттарымен артық дозаланғанда – 7,5-15 мл. Жедел гипокальциемияда – 1-3 күн бойы 7,5-15 мл, қажет болғанда енгізуді әр 1-3 күн сайын қайталайды. Гипокальциемиялық тетанияда – 5-17,5 мл. Емдік әсерге қол жеткізу үшін енгізуді әр 8 сағат сайын қайталайды. Гиперкалиемияда (ЭКГ бақылауымен) – 2,45-15 мл, қажет жағдайда қайталама дозаны 1-2 минуттан кейін енгізеді.

Балаларға – 0,3 мл/кг, ең жоғары тәуліктік доза - 15мл.

Көктамыр ішіне тамшылатып енгізу үшін кальций хлориді ерітіндісін алдын ала 5% декстроза ерітіндісімен немесе 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен сұйылтады.

Жағымсыз әсерлері

- ыстықты сезіну

- бет терісінің гиперемиясы

- брадикардия

- жүрек қарыншаларының фибрилляциясы

- жергілікті реакциялар (көктамыр ішіне енгізгенде): көктамыр жолы бойының ауыруы және гиперемиясы

- ауызда бор дәмін сезіну

- артериялық қысымның төмендеуі

- естен тану

- гиперкальциемия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдықта

- тромб түзілуге бейімділік

- айқын атеросклерозда

- гиперкальциемияда

- гиперкальциурия

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі

- несеп-тас ауруы

- қарыншалардың фибрилляциясы

- саркоидоз

- жүрек гликозидтерін бір мезгілде қабылдау

- жүктілік, лактация кезеңі

- тері астына немесе бұлшықет ішіне енгізуге.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жүрек гликозидтерімен бір мезгілде қолданғанда аритмияның даму қатерін жоғарылатады (бір мезгілде қолдануға болмайды). Баяу кальций өзектері блокаторларының тиімділігін төмендетеді.

Құрамында Ca2+- немесе Mg2+- бар басқа да препараттармен бір мезгілде қабылдау, әсіресе созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен (СБЖ) емделушілерде тиісінше гиперкалиемия немесе гипермагниемия қаупін арттырады. Жете поляризацияланбайтын миорелаксанттардың тиімділігін төмендетеді. Тубокурарин хлоридінің әсер ету ұзақтығын ұлғайтуы мүмкін. Тетрациклиндермен, магний сульфатымен, құрамында фосфаттар, карбонаттар немесе тартраттар бар дәрілік заттармен фармацевтикалық тұрғыда үйлесімсіз.

Айрықша нұсқаулар

Кальций хлоридін көктамыр ішіне енгізген кезде алдымен ауыз қуысында, содан кейін денеде ыстық сезімі пайда болады. Тамыр қабырғасын зақымдау әсерін барынша азайту мақсатында инъекция ірі көктамырға жіңішке ине арқылы салынуға тиіс. Емдеуді қандағы кальций концентрациясын қадағалай отырып жүргізеді. Тері астына немесе бұлшықет ішіне енгізуге болмайды, өйткені тіндер некрозы болуы мүмкін (кальций хлоридінің жоғары концентрациясы 5 %-дан бастап қоршаған тіндердің қатты тітіркенуін тудырады).

Енгізілген орны ауырғанда немесе гиперемия туындаған кезде енгізуді тоқтату және препарат экстравазациясына жол бермеу керек.

Препаратты жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде, электролиттік теңгерілім бұзылулары дегидратацияларында (гиперкальциемия қаупі), жүрек ауруларында (аритмия қаупі), бүйрек ауруларында, өкпелік жүректе, респираторлы ацидозда, тыныс алу жеткіліксіздігінде (кальций хлоридінің тотығуы салдарынан уытты реакциялар туындау қаупі) сақтықпен қолданады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратпен емделу кезеңінде көлік жүргізуге және қауіпті механизмдермен жұмыс істеуге болмайды.

Артық дозаланғанда

Белгілері: гиперкальциемия (шөлдеу, жүрек айну, құсу, іштің қатуы, полиурия, абдоминальді ауыру, бұлшықеттің әлсіреуі, психикалық ауытқулар, ауыр жағдайларда - аритмия, кома), әсіресе СБЖ бар емделушілерде. Емі: аз ғана артық дозаланғанда (кальций концентрациясы – 2,6-2,9 ммоль/л) енгізу тоқтатылып, басқа кальций құрамдас дәрілік заттарды қолдану тоқтатылады. Ауыр сипатты артық дозалануда (кальций концентрациясы 2,9 ммоль/л-ден жоғары) 0,9%-дық натрий хлориді ерітіндісін, тиазидтік емес диуретиктер енгізеді; сарысудағы калий мен магний концентрациясына бақылау жүргізіліп, қажет жағдайда - калий мен магний препараттарын енгізеді, жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметі қадағаланып, аритмиялардың алдын алу үшін бета-адренобөгегіштер енгізіліп, гемодиализ жүргізіледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Көктамыр ішіне енгізуге арналған 100 мг/мл ерітінді.

10 мл пішінді ұяшықты қаптамада.

1 (10 ампуладан) немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және ампула ашуға арналған скарификатормен бірге картон пәшкеге салынған.

Сындыру сақинасы немесе сындыру нүктесі бар ампулаларды қаптағанда ампула скарификаторы салынбайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15°С -ден 25°С -ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Новосибхимфарм» ААҚ

630028, Ресей, Новосібір қ., Декабристер к-сі, 275

тел. (383)363-32-44, факс (383) 363-32-55

Тіркеу куәлігінің иесі

«Новосибхимфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Валента Азия» ЖШС, Алматы қ., Абай даңғ., Радостовец көш. қи-сы, 151/115, «Алатау» бизнес орталығы №702 кеңсе

Тел./факс 8727 334-15-52, Е-mail: asia@valentapharm.com

 

 

 

5

 

Прикрепленные файлы

329089051477977036_ru.doc 51.5 кб
867998171477978214_kz.doc 58.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники