Кальция хлорид
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Кальций хлориді
Халықаралық патенттелмеген атауы
---
Дәрілік түрі
Көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді 100 мг/мл
Құрамы
Белсенді зат: кальций хлориді гексагидраты – 100 г.
Қосымша зат: инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Плазма алмастырғыш және перфузиялық ерітінділер. Көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінділерге қоспалар. Электролиттік ерітінділер. Кальций хлориді
АТХ коды В05ХA07
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Қандағы кальций байланысқан және иондалған жағдайда болады. Иондалған кальцийге физиологиялық белсенділік тән. Сүйек тіндерінде жинақталады. Бүйрек арқылы (20%) және ішек арқылы (80%) шығарылады. Шумақтық сүзіліс жолдарымен шығарылатын кальцийдің 95% қайта сіңіріледі.
Фармакодинамикасы
Препарат кальций иондарының тапшылығын жояды. Кальций иондары жүйке импульстарының берілісіне, тегіс және қаңқа бұлшықеттерінің жиырылуына, миокардтың функционалдық қызметіне, қан ұюына қатысады; сүйек тіндерінің қалыптасуына, басқа да жүйелер мен ағзалардың қызмет етуі үшін керек. Қандағы кальций иондарының концентрациясы көптеген патологиялық үдерістер салдарынан азаяды, айқын гипокальциемия тетаниялар пайда болуына ықпал етеді. Кальций хлориді гипокальциемияны жоюдан басқа, қан тамырларының өткізгіштігін төмендетеді, қан тоқтататын әсері бар.
Кальцийді көктамыр ішіне енгізу симпатикалық жүйке жүйесінің қозуына алып келеді, бұл норадреналин бөлінуінің күшеюін тудырады, шумақтық сүзіліс жолдарымен шығарылады, қайта сіңірілуге ұшырайды.
Қолданылуы
- қан плазмасындағы кальций иондары концентрациясының жылдам жоғарылауын талап ететін гипокальциемия жағдайларында (қалқансерік бездерінің функционалдық жеткіліксіздігіндегі тетания, D витамині жеткіліксіздігіндегі тетания, қанды алмастырып құйғанда және цитратты қан құюда кездесетін гипокальциемиялар, алкалозда)
- жедел қорғасынды шаншуда кешенді ем құрамында
- магниймен артық дозаланудан болатын магниймен улану жағдайларында
- ЭКГ-де жүрек функциясының бұзылуымен тіркелген гиперкалиемияда
Қолдану тәсілі және дозалары
Кальций хлоридін көктамыр ішіне сорғалатып (өте баяу) және көктамыр ішіне тамшылатып (баяу) енгізумен тағайындайды.
Ересектерге.
Көктамыр ішіне сорғалатып енгізу: 5 мл 10 % ерітіндіні 1 мл/мин жылдамдықпен енгізеді.
Көктамыр ішіне тамшылатып енгізу: 5-10 мл препараттың 10 % ерітіндісін 100-200 мл натрий хлоридінің 0,9 % ерітіндісінде немесе 5 % глюкоза ерітіндісінде сұйылтып, 6-8 тамшы/мин. жылдамдықпен енгізу керек.
Препарат енгізуді аяқтағаннан кейін пациент «жатқан» қалпында 15-20 мин қалуы керек.
Қанды алмастырып құйғанда және цитратты қан құюда: ересектер мен балаларға әр 100 мл қанға 30 мг (0,3 мл).
Жедел гипокальциемияда: препараттың 7,5-15 мл 10 % ерітіндісін енгізуді 1-3 күн бойы, қажет болғанда әрбір 1-3 күн сайын қайталайды.
Ересектердегі тетания: 10 мл 10 % ерітіндіні (1 г) 10-30 минут бойына, қажет жағдайда әр 6 сағатта қайталайды.
Балаларға. Гипокальциемия: баяу енгізеді, 0,5 мл/мин дейінгі жылдамдықпен, 10-20 мг/кг (дене салмағына қарай 0,1-0,2 мл/кг) дозада, қажет болғанда әр 4- 6 сағатта қайталайды.
Тетания: 10 мг/кг (дене салмағына 0,1 мл/кг) 5-10 минут бойына, қажет болғанда әр 6 сағатта қайталайды немесе инфузия түрінде жалғастырады.
Балалар үшін тәуліктік ең жоғарғы доза (жасына байланыссыз) – 10 мл (1000 мг).
Жағымсыз әсерлері
- жүрек-қан тамырлар жүйесі тарапынан: артериялық қысымның орташа және қысқа мерзімдік түсіп кетуі, брадикардия, аритмия, ыстықты сезіну, басында ауыз қуысында, ал соңынан бүкіл тұла бойының шаншуы, бет терісінің гиперемиясы; артериялық гипертензия, көктамырлық тромбоз.
Шамадан тыс жылдам енгізуде – жүрек қарыншаларының фибрилляциясы - психикалық бұзылулар: депрессия
- сезім мүшелері тарапынан: ауызда бор дәмін сезіну
- иммундық жүйе тарапынан: аллергиялық реакциялар, есекжем
- метаболизмдік бұзылу: гиперкальциемия
- енгізу орнындағы реакциялар: көктамыр бойлай ауыру және гиперемия.
Экстравазацияда күйдіру, тіндер некрозы және қабыршақтың пайда болуы,
целлюлит және жұмсақ тіндердің кальцификациясы туындауы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- гиперкальциемия, айқын гиперкальциурия
- нефроуролитиаз (кальцийлік)
- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі
- атеросклероз
- саркоидоз
- гиперкоагуляция, тромб түзілуіне бейімділік
- артериялық окклюзиясы құбылысы бар айқын атеросклероз
- қарыншалық фибрилляция
- асистолия және электромеханикалық диссоциациялар
- тері астына және бұлшықет ішіне енгізу
- оймақгүл препараттарын қабылдау
- цефтриаксонмен бір мезгілде қолдану
- 1 жасқа дейінгі балаларға
- жүктілік және лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Қазіргі уақытта цефтриаксон және құрамында кальций бар препараттарды бір мезгілде қолдануда пациенттерде (жаңа туған нәрестелерден басқа) қан тамырішілік преципитаттар туындауына қатысты нақты ғылыми деректер жоқ. Алайда барлық санаттағы пациенттерге құрамында кальций бар ерітінділерді қолдануға, цефтриаксон мен құрамында кальций бар препараттарды араластыруға немесе бір мезгілде енгізуге болмайды.
Құрамында кальций бар ерітінділерді цефтриаксонды соңғы енгізуден кейін 48 сағат бойына тағайындауға болмайды.
Құрамында кальций бар өнімдер кальций өзекшелері блокаторларының тиімділігін азайтуы мүмкін, гиперкальциемияда кальцитонин әсерін, фенитоин биожетімділігін төмендетуі мүмкін.
Кальций тұздары бисфосфонаттар, фторидтер, кейбір фторхинолондар және тетрациклиндер сияқты бірқатар препараттардың сіңуін азайтады; енгізуді бөлу аралығы 3 сағаттан кем болмауы тиіс.
Кальций хлориді добутаминнің кардиотонустық әсерін төмендетеді.
Хинидинмен бір мезгілде қолданылғанда қарыншаішілік өткізгіштіктің баяулауы және хинидин уыттылығының артуы мүмкін.
Препаратты жүрек гликозидтерімен қоса қолданғанда соңғысының кардиоуыттылық әсері күшейеді.
Кальций тұздарын карбонаттармен, фосфаттармен, сульфаттармен немесе тартраттармен парентеральді қоспаларда араластыруға болмайды.
Тиазидтік диуретиктер кальцийдің несеппен сыртқа шығарылуын төмендетеді, бұл гиперкальциемия даму қаупін арттырады.
D витаминімен немесе оның туындыларымен бір мезгілде қабылдауда кальций сіңуі жоғарылайды.
Басқа құрамында кальций немесе магний бар препараттармен бір мезгілде қабылдау, әсіресе, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде тиісінше гиперкалиемия немесе гипермагнемия қаупін арттырады.
Деполяризацияламайтын миорелаксанттардың тиімділігін төмендетеді. Тубокурарин хлоридінің әсер ету ұзақтығын ұлғайтуы мүмкін.
Тетрациклиндермен, магния сульфатымен, цефтриаксонмен, құрамында фосфаттар, карбонаттар немесе тартраттар бар дәрілік заттармен фармацевтикалық тұрғыда үйлесімсіз.
Айрықша нұсқаулар
Жоғары дозаларда ұзақ уақыт қолдануда организмде кальций тұздары жинақталуымен жүретін гиперкальциемия болуы мүмкін.
Препараттың тамыр кенересін зақымдау әсерін барынша азайту мақсатында инъекция ірі көктамырға жіңішке ине арқылы жүргізілуі тиіс. Ерітіндіні дене температурасына дейін қыздыру керек.
Препаратты көктамыр ішіне енгізгенде оған кәдімгі реакция – ауыз қуысының ысыну сезімі, ал содан соң бүкіл тұла бойының ысыну сезімі пайда болады.
Препаратты оның тітіркендіруші және некроздаушы әсеріне байланысты тері астына немесе бұлшықетке енгізуге болмайды. Препарат ерітіндісі тері астына немесе бұлшықетке түскен жағдайда, мүмкіндігінше, кальций хлоридін еккіштің көмегімен сорып алу керек және дәрі-дәрмектік инфильтрат аумағына бірізділікпен алдымен 5-10 мл 0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісін, содан соң 10 мл 0,25 % новокаин (кальций хлоридінің теріастылық инъекциясын анықтағаннан кейін алғашқы 10-15 минутта) инъекциясын жасау керек, содан кейін осы аумаққа жартылай спиртті компресс салу керек. Резорбциялық әсерді қайтару үшін димедрол, гиперкальциемияда ЭДТА тағайындайды.
Балаларда, жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, дегидратациясы, электролиттік теңгерім бұзылуы (гиперкальциемия қаупі), жүрек аурулары (аритмия қаупі), бүйрек аурулары, нефролитиазбен немесе гиперкальциемиямен қатарлас аурулары (атап айтқанда қатерлі жаңа түзілімдері және саркоидозы), «өкпелік» жүректе, респираторлы ацидозда, тыныс алу жеткіліксіздігі (кальций хлоридінің тотығуы салдарынан уытты реакциялар туындау қаупі) бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Қолданған кезде қандағы кальций деңгейіне мұқият мониторинг жүргізу керек.
Көктамыр ішіне жылдам енгізген кезде вазодилатация салдарынан артериялық қысымның орташа төмендеуі мүмкін.
Инъекцияға арналған ерітіндіні балаларға бастың беткейлік көктамырларына енгізуге болмайды.
Балалар
Балаларға 1 жастан бастап қолданылуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратпен емделу кезеңінде автокөлік жүргізуге және басқа да механизмдермен жұмыс істеуге болмайды.
Артық дозалануы
Гиперкальциемия симптомдары: әлсіздік, анорексия, іштің ауыруы, құсу, жүрек айнуы, іш қатуы, полидипсия, полиурия, қатты қажығыштық, ашушаңдық, өзін нашар сезіну, депрессия, дегидратация, жүрек ырғағы бұзылу мүмкіндігі, миалгия, артралгия, артериялық гипертензия.
Емі: елеусіз артық дозаланғанда (қан сарысуындағы кальций концентрациясы – 2,6-2,9 ммоль/л) енгізу тоқтатылып және басқа да құрамында кальций бар дәрілік заттарды қолдану тоқтатылады. Ауыр сипатты артық дозалануда (қан сарысуындағы кальций концентрациясы 2,9 ммоль/л-ден жоғары) тәулігіне дене салмағына 5-10 ХБ/кг дозада кальцитонинді парентеральді енгізеді (ол 500 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтылады), көктамыр ішіне тамшылатып 6 сағат бойына енгізеді.
Тәулігіне 2-4 рет көктамыр ішіне сорғалатып баяу енгізілуі мүмкін.
Тиазидтік емес диуретиктер қолданады; сарысудағы калий мен магний концентрациясына бақылау жүргізіліп, және қажет жағдайда, калий мен магний препараттарын енгізеді; жүрек-қан тамырлары жүйесінің функциясы қадағаланып, аритмиялардың профилактикасы үшін бета-адреноблокаторлар енгізіледі. Қажет болғанда гемодиализ жүргізіледі.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді 100 мг/мл.
10 мл-ден бейтарап шыны ампулаларда.
10 ампуладан қолдану жөніндегі нұсқаулықпен және ампула ашуға арналған пышақпен немесе ампулалық скарификатормен картон қорапқа салынған.
Сындыру нүктесі, кертігі, сақинасы бар ампулаларды пайдаланғанда ампула ашуға арналған пышақ немесе ампулалық скарификаторды салмауға болады.
Сақтау шарттары
50С-ден 250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы.
Өндіруші
"ДАЛЬХИМФАРМ"ААҚ, 680001, Ресей Федерациясы,
Хабаровск өлкесі, Хабаровск қ., Ташкентская к-сі, 22,
тел/факс (4212) 53-91-86.
Тіркеу куәлігінің иесі
"ДАЛЬХИМФАРМ"ААҚ, 680001, Ресей Федерациясы,
Хабаровск өлкесі, Хабаровск қ., Ташкентская к-сі, 22,
тел/факс (4212) 53-91-86.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан препарат сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«МедЛайн Фармацевтика» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 050054, Алматы қ., Сүйінбай даңғылы, 162 А,
тел. 8 (727) 225 00 37
Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:
«МедЛайн Фармацевтика» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 050054, Алматы қ., Сүйінбай даңғылы, 162 А,
тел. 8 (727) 225 00 37.