Кальция хлорид-Дарница

МНН: Кальция хлорид
Производитель: Фармацевтическая фирма «Дарница» ЧАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Calcium chloride
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№000142
Период регистрации: 29.01.2016 - 29.01.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 24.03 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Кальций хлориді-Дарница

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 10% ерітінді

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат - 100 мг кальций хлориді (кальций хлоридінің гексагидраты)

қосымша заттар: хлорсутек қышқылы сұйылтылған, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Плазма алмастырғыш және перфузиялық ерітінділер. Көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінділерге қосымшалар. Электролиттік ерітінділер. Кальций хлориді

АТХ коды В05Х А07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қандағы кальций байланысқан және иондалған жағдайда болады. Иондалған кальцийге физиологиялық белсенділік тән. Сүйек тіндерінде жинақталады. Бүйрек арқылы (20%) және ішек арқылы (80%) шығарылады. Шумақтық сүзіліс жолдарымен шығарылатын кальцийдің 95%-ы қайта сіңіріледі.

Фармакодинамикасы

Кальций хлориді-Дарница препараты кальций иондарының тапшылығын жояды. Кальций иондары жүйке импульстарының берілісіне, тегіс және қаңқа бұлшықеттерінің жиырылуына, миокардтың функционалдық қызметіне, қан ұюына қатысады; сүйек тіндерінің қалыптасуына, басқа да жүйелер мен органдардың қызмет етуі үшін керек. Қандағы кальций иондарының концентрациясы көптеген патологиялық үдерістер салдарынан азаяды, айқын гипокальциемия тетаниялар пайда болуына ықпал етеді. Кальций хлориді гипокальциемияны жоюдан басқа, қан тамырларының өткізгіштігін төмендетеді, қан тоқтататын әсері бар.

Кальцийді көктамыр ішіне енгізу симпатикалық жүйке жүйесінің қозуына алып келеді, бұл норадреналин бөлінуінің күшеюін тудырады, шумақтық сүзіліс жолдарымен шығарылады, қайта сіңірілуге ұшырайды.

Қолданылуы

- қан плазмасындағы кальций иондары концентрациясының жылдам жоғарылауын талап ететін гипокальциемия жағдайларында (қалқанша маңы безінің функционалдық жеткіліксіздігіндегі тетания, D витамині жеткіліксіздігіндегі тетания, қанды алмастырып құйғанда және цитратты қан құюда кездесетін гипокальциемиялар, алкалозда)

- жедел қорғасынды шаншуда кешенді ем құрамында

- магниймен артық дозаланудан болатын магниймен улану жағдайларында

- ЭКГ-де жүрек функциясының бұзылуымен тіркелген гиперкалиемияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Кальций хлоридін көктамыр ішіне сорғалатып (өте баяу) және көктамыр ішіне тамшылатып (баяу) енгізумен тағайындайды.

Ересектерге.

Көктамыр ішіне сорғалатып енгізу: 5 мл 10 % ерітіндіні 1 мл/мин жылдамдықпен енгізеді.

Көктамыр ішіне тамшылатып енгізу: 5-10 мл препараттың 10 % ерітіндісін 100-200 мл натрий хлоридінің 0,9 % ерітіндісінде немесе 5 % глюкоза ерітіндісінде сұйылтып, 6-8 тамшы/мин. жылдамдықпен енгізу керек.

Қанды алмастырып құйғанда және цитратты қан құюда: ересектер мен балаларға әр 100 мл қанға 30 мг-ден (0,3 мл).

Ересектердегі тетания: 10 мл 10 % ерітіндіні (1 г) 10-30 минут бойына, қажет жағдайда әр 6 сағатта қайталайды.

Балаларға. Гипокальциемия: баяу енгізеді, 0,5 мл/мин дейінгі жылдамдықпен, 10-20 мг/кг (дене салмағына қарай 0,1-0,2 мл/кг) дозада, қажет жағдайда әр 4- 6 сағатта қайталайды.

Тетания: 10 мг/кг-ге 5-10 минут бойына (дене салмағының 0,1 мл/кг), қажет жағдайда әр 6 сағатта қайталайды немесе инфузия түрінде жалғастырады.

Балалар үшін тәуліктік ең жоғарғы доза (жасына байланыссыз) – 10 мл (1000 мг).

Жағымсыз әсерлері

- жүрек-қан тамырлар жүйесі тарапынан: артериялық қысымның орташа және қысқа мерзімдік түсіп кетуі, брадикардия, аритмия, ыстықты сезіну, басында ауыз қуысында, ал соңынан бүкіл тұла бойының шаншуы, бет терісінің гиперемиясы; артериялық гипертензия, көктамырлық тромбоз.

Шамадан тыс жылдам енгізуде – жүрек қарыншаларының фибрилляциясы - психикалық бұзылулар: депрессия

- сезім мүшелері тарапынан: ауызда бор дәмін сезіну

- иммундық жүйе тарапынан: аллергиялық реакция, есекжем

- метаболизмдік бұзылу: гиперкальциемия

- енгізу орнындағы реакциялар: көктамыр бойлай ауыру және гиперемия.

Экстравазацияда күйдіру, тіндер некрозы және струптың пайда болуы,

целлюлит және жұмсақ тіндердің кальцификациясы туындауы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- гиперкальциемия, айқын гиперкальциурия

- нефроуролитиаз (кальцийлік)

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі

- атеросклероз

- саркоидоз

- гиперкоагуляция, тромб түзілуіне бейімділік

- артериялық окклюзиясы құбылысы бар айқын атеросклероз

- қарыншалық фибрилляция

- асистолия және электромеханикалық диссоциациялар

- тері астына және бұлшықет ішіне енгізу

- оймақгүл препараттарын қабылдау - цефтриаксонмен бір мезгілде қолдану

- 1 жасқа дейінгі балаларға

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қазіргі уақытта цефтриаксон және құрамында кальций бар препараттарды бір мезгілде қолдануда пациенттерде (жаңа туғандардан басқа) қан тамырішілік преципитаттар туындауына қатысты нақты ғылыми деректер жоқ. Алайда барлық санаттағы пациенттерге құрамында кальций бар ерітінділерді қолдануға болмайды, цефтриаксонды және құрамында кальций бар препараттарды араластыруға немесе бір мезгілде енгізуге болмайды.

Құрамында кальций бар ерітінділерді цефтриаксонды соңғы енгізуден кейін 48 сағат бойына тағайындауға болмайды.

Құрамында кальций бар өнімдер кальций өзекшелері блокаторларының тиімділігін азайтуы мүмкін, гиперкальциемияда кальцитонин әсерін, фенитоин биожетімділігін төмендетуі мүмкін.

Кальций тұздары бисфосфонаттар, фторидтер, кейбір фторхинолондар және тетрациклиндер сияқты бірқатар препараттардың сіңуін азайтады; енгізуді бөлу аралығы 3 сағаттан кем болмауы тиіс.

Кальций хлориді добутаминнің кардиотонустық әсерін төмендетеді.

Хинидинмен бір мезгілде қолданылғанда қарыншаішілік өткізгіштіктің баяулауы және хинидин уыттылығының артуы мүмкін.

Препаратты жүрек гликозидтерімен қоса қолданғанда соңғысының кардиоуыттылық әсері күшейеді.

Кальций тұздарын карбонаттармен, фосфаттармен, сульфаттармен немесе тартраттармен парентеральді қоспаларда араластыруға болмайды.

Тиазидтік диуретиктер кальцийдің несеппен сыртқа шығарылуын төмендетеді, бұл гиперкальциемия даму қаупін арттырады.

D витаминімен немесе оның туындыларымен бір мезгілде қабылдауда кальций сіңуі жоғарылайды.

Басқа құрамында кальций немесе магний бар препараттармен бір мезгілде қабылдау, әсіресе, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде тиісінше гиперкалиемия немесе гипермагнемия қаупін арттырады.

Деполяризацияламайтын миорелаксанттардың тиімділігін төмендетеді. Тубокурарин хлоридінің әсер ету ұзақтығын ұлғайтуы мүмкін.

Тетрациклиндермен, магния сульфатымен, цефтриаксонмен, құрамында фосфаттар, карбонаттар немесе тартраттар бар дәрілік заттармен фармацевтикалық тұрғыда үйлесімсіз.

Айрықша нұсқаулар

Жоғары дозаларда ұзақ уақыт қолдануда организмде кальций тұздары жинақталуымен жүретін гиперкальциемия болуы мүмкін.

Препараттың тамыр жақтауын зақымдау әсерін барынша азайту мақсатында инъекция ірі көктамырға жіңішке ине арқылы жүргізілуі тиіс. Ерітіндіні дене температурасына дейін қыздыру керек.

Препаратты көктамыр ішіне енгізгенде оған кәдімгі реакция – ауыз қуысының ысыну сезімі, ал содан соң бүкіл тұла бойының ысыну сезімі пайда болады.

Кальций хлориді-Дарницаны оның тітіркендіруші және некроздаушы әсеріне байланысты тері астына немесе бұлшық етке енгізуге болмайды. Препарат ерітіндісі тері астына немесе бұлшықетке түскен жағдайда, мүмкіндігінше, кальций хлоридін еккіштің көмегімен сорып алу керек және дәрі-дәрмектік инфильтрат аумағына жүйелі түрде алдымен 5-10 мл 0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісін, содан соң 10 мл 0,25 % новокаин (кальций хлоридінің теріастылық инъекциясын анықтағаннан кейін алғашқы 10-15 минутта) инъекциясын жасау керек, содан кейін осы аумаққа жартылай спиртті компресс салу керек. Резорбциялық әсерді қайтару үшін димедрол, гиперкальциемияда ЭДТА тағайындайды.

Балаларда, жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, дегидратациясы, электролиттік теңгерім бұзылуы (гиперкальциемия қаупі), жүрек аурулары (аритмия қаупі), бүйрек аурулары, нефролитиазбен немесе гиперкальциемиямен қатарлас аурулары (атап айтқанда қатерлі жаңа түзілімдері және саркоидозы), «өкпелік» жүректе, респираторлы ацидозда, тыныс алу жеткіліксіздігі (кальций хлоридінің тотығуы салдарынан уытты реакциялар туындау қаупі) бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Қолданған кезде қандағы кальций деңгейіне мұқият мониторинг жүргізу керек.

Көктамыр ішіне жылдам енгізген кезде вазодилатация салдарынан артериялық қысымның орташа төмендеуі мүмкін.

Инъекцияны балаларға бас терісі арқылы жүргізуге болмайды.

Балалар

Балаларға 1 жастан бастап қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратпен емделу кезеңінде автокөлік жүргізуге және басқа да механизмдермен жұмыс істеуге болмайды.

Артық дозалануы

Гиперкальциемия симптомдары: әлсіздік, анорексия, іштің ауыруы, құсу, жүрек айнуы, іш қатуы, полидипсия, полиурия, қатты қажығыштық, ашушаңдық, өзін нашар сезіну, депрессия, дегидратация, жүрек ырғағы бұзылу мүмкіндігі, миалгия, артралгия, артериялық гипертензия.

Емі: елеусіз артық дозаланғанда (қан сарысуындағы кальций концентрациясы – 2,6-2,9 ммоль/л) енгізу тоқтатылып және басқа да құрамында кальций бар дәрілік заттарды қолдану тоқтатылады. Ауыр сипатты артық дозалануда (қан сарысуындағы кальций концентрациясы 2,9 ммоль/л-ден жоғары) тәулігіне дене салмағына 5-10 ХБ/кг дозада кальцитонинді парентеральді енгізеді (ол 500 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтылады), көктамыр ішіне тамшылатып 6 сағат бойына енгізеді.

Тәулігіне 2-4 рет көктамыр ішіне сорғалатып баяу енгізілуі мүмкін.

Тиазидтік емес диуретиктер қолданады; сарысудағы калий мен магний концентрациясына бақылау жүргізіліп, және қажет жағдайда, калий мен магний препараттарын енгізеді; жүрек-қан тамырлары жүйесінің функциясы қадағаланып, аритмиялардың профилактикасы үшін бета-адреноблокаторлар енгізіледі. Қажет болғанда гемодиализ жүргізіледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл препараттан шыны ампулаларда.

Ампулаға өздігінен жапсырылатын жабыны бар қағаздан жасалған заттаңба жапсыруға немесе шыны бұйымдарға арналған терең баспа бояумен жағуға болады.

5 ампуладан, ампуланы ашуға арналған пышағымен бірге пішінді ұяшықты қаптамаға (кассетаға) салынған.

Сындыратын түрлі түсті сақинасы немесе сындыратын түрлі түсті нүктесі бар ампулаларды қаптағанда ампуланы ашуға арналған пышақ салынбайды. Пішінді ұяшықты екі қаптама медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қорапшаға салынған.

10 ампуладан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және ампуланы ашуға арналған пышақпен бірге ішінде гофрланған қосымша беті бар қорапқа салынған.

Сындыратын түрлі түсті сақинасы немесе сындыратын түрлі түсті нүктесі бар ампулаларды қаптағанда ампуланы ашуға арналған пышақ салынбайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Фармацевтикалық фирма «Дарница» ЖАҚ

Украина, 02093, Киев қ., Борисполь к-сі, 13.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармацевтикалық фирмасы «Дарница» ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы -

телефон/факс: (+ 380 44) 207 73 27

е-mail: vigilance@darnitsa.kiev.ua

 

Прикрепленные файлы

778147151477976284_ru.doc 65.5 кб
243669121477977532_kz.doc 71.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники