Кальция глюконат (500 мг, Ирбитский химико-фармацевтический завод ОАО)

МНН: Кальция глюконат
Производитель: Ирбитский химико-фармацевтический завод ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Calcium gluconate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020953
Период регистрации: 10.11.2014 - 10.11.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Кальций глюконаты

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар 500 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 500,0 мг кальций глюконаты,

қосымша заттар: картоп крахмалы, кальций стеараты, тальк.

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді, ойығы мен сызығы бар ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Минералды қоспалар. Кальций препараттары. Кальций глюконаты.

АТХ коды A12AA03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін кальцийдің бос иондарын түзе отырып, диссоциацияланады, олар жіңішке ішекте D витаминінің қатысуымен сіңеді.

Кальций иондарының қалыпты деңгейі 2,21-2,76 ммоль/л құрайды, олардың ішінде кальцийдің 50% жуығы – бұл бос, иондалған немесе биологиялық тұрғыдан белсенді кальций, ал қалған бөлігі не қан ақуыздарымен (45% жуығы), не органикалық қышқылдардың – лимон және сүт қышқылдарының аниондарымен (5%) байланысқан. Плацента және гематоэнцефалдық бөгет арқылы жақсы өтеді, емшек сүтімен бірге бөлініп шығады. Кальцийдің организмде 20% бүйректік экскреция арқылы бөлініп шығады, 80% ішек арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы Кальций глюконаты кальцийдің абсолютті немесе салыстырмалы тапшылығының орнын толтырады. Кальций – сүйек тінінің түзілуіне, қанның ұю үдерісіне (ұю жүйесінің IV факторы) қатысатын макроэлемент, жүректің тұрақты қызметін демеу үшін, жүйке импульстарын тасымалдау үшін қажет. Бұлшықет дистрофиясында, миастениясында бұлшықеттің жиырылуын жақсартады, қантамырлардың өткізгіштігін азайтады. Кальций сүйек тіндерінде және тіс эмальдарында фторидтердің шамадан тыс қармалуын тежейді.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

- қалқанша маңы безінің гипофункциясында

- гипокальциемияда

- остеопорозда (емдеуге және алдын алуға)

- Д витамині алмасуының бұзылуы

- тағамда Са2+ құрамының жеткіліксіздігі, оның алмасуының бұзылуы

- Са2+ мол мөлшерде шығарылуы (созылмалы диарея, диуретиктерді ұзақ уақыт бойы қабылдау аясында екіншілік гипокальциемия)

- СБЖ бар науқастарда гиперфосфатемия

- магний тұздарымен, қымыздық қышқылымен және оның еритін тұздарымен уланғанда (у қайтарғы ретінде)

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ішке, тамақтанар алдында қабылдайды.

Ересектерге және 10 жастан асқан балаларға: 1-3 г (2-6 таблетка) күніне 2-3 рет.

6-дан 10 жасқа дейінгі балаларға: 1,5-2 г (3-4 таблеткадан) күніне 2-3 рет.

Емдеу курсы дәрігердің тағайындауы бойынша.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

- іш қатулар

- асқазан-ішек жолының шырышты қабығының тітіркенуі

Сирек

  • гиперкальциемия, аритмия, сананың шатасуы, үрейлену сезімі, ентігу

немесе тыныстың қиындауы, аяқтарда ауырлық немесе әлсіздік сезімі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- гиперкальциемия

- гиперкальциурия

- гиперкоагуляция

- бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігі

- тромбоздарға бейімділік

- атеросклероз

- нефроуролитиаз

- саркоидоз

- жүрек гликозидтерін бір мезгілде қабылдау (аритмияның пайда болу қаупі)

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Холестираминнің ықпал етуімен кальцийдің асқазан-ішек жолынан сіңуі төмендейді. Хинидинмен бір мезгілде қолданған кезде қарыншаішілік өткізгіштік бәсеңдеуі және хинидиннің уыттылығы жоғарылауы мүмкін. Кальций глюконатын және тетрациклиндерді бір мезгілде қолданғанда соңғысының әсері олардың сіңуінің азаюына байланысты төмендеуі мүмкін. Басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану қажет болғанда дәрігердің бақылауы қажет.

Айрықша нұсқаулар

Несепте тастың түзілуіне бейім емделушілерге ішілетін судың көлемін ұлғайту ұсынылады.

Жүктілік және лактация

Жүктілікте кальций глюконатын сақтықпен, тек күтілетін емдік әсері ұрық үшін қаупінен басым болған жағдайларда ғана қолданады. Лактация кезеңінде қолдану қажет болғанда емшек емізуді тоқтатқан жөн.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: асқазанды натрий гидрокарбонатының 2% ерітіндісімен шаю керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

10 таблеткадан полиэтиленді жабыны бар қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада.

Пішінді қаптамалар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың тең санымен картоннан жасалған топтық қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, +150С-ден +250С-ге дейінгі температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Ирбит химиялық-фармацевтикалық зауыты» ААҚ

623856, Ресей, Свердлов обл., Ирбит қ., Киров к-сі, 172

Тел/факс (34355) 3-60-90

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ирбит химиялық-фармацевтикалық зауыты» ААҚ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Ирбит химиялық-фармацевтикалық зауыты» ААҚ

623856, Ресей, Свердлов обл., Ирбит қ., Киров к-сі, 172

Тел/факс (34355) 3-60-90

Электронды поштасы: info@ihfz.ru

 

 

Прикрепленные файлы

616547941477976645_ru.doc 50 кб
677799731477977804_kz.doc 56.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники