Кальция глюконат (500 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Кальций глюконаты
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
500 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - кальций глюконат моногидраты - 500 мг
қосымша заттар: картоп крахмалы, тальк, кальций стеараты.
Сипаттамасы
Сызығы мен ойығы бар жалпақ цилиндрлі түрдегі, ақ түсті таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Минералды қоспалар. Кальций препараттары. Кальций глюконаты.
АТХ коды А12АА03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішу арқылы қабылданған препараттың шамамен 1/5 – 1/3 бөлігі жіңішке ішекте сіңеді; бұл үдеріс D витамині, рН, диетаның ерекшелігіне және кальций иондарын байланыстыру қабілеті бар факторлардың болуына байланысты. Кальций иондары тапшылығында және кальций құрамы төмендетілген диетаны қолданғанда оның сіңуі артады. Шамамен 20%-ға жуығы бүйрек арқылы, қалған (80%) жуығы ішек арқылы шығарылады.
Фармакодинамикасы
Кальций препараты жүйке импульстарының берілу үдерістерін, қаңқа және тегіс бұлшықеттерінің жиырылуын, миокард қызыметін, сүйек тінінің қалыптасуын, қанның ұю үдерісіне қатысуын жүзеге асыру үшін қажетті кальций иондары тапшылығының орнын толтырады.
Қолданылуы
- гипокальциемиямен, жасуша жарғақшалары өткізгіштігінің артуымен (оның ішінде қан тамырлары), бұлшықет тінінде жүйке импульстері берілісінің бұзылуымен қатар жүретін ауруларда
- гипопаратиреозда (латентті тетания, остеопороз)
- D витаминінің алмасуы бұзылғанда: рахит (спазмофилия, остеомаляция)
- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастардағы гиперфосфатемияда
- кальций иондарына жоғары қажеттілікте (жүктілік, лактация кезеңі, организмнің жылдам өсу кезеңінде)
- тағамда кальций иондарының құрамы жеткіліксіз болғанда, оның алмасуы бұзылғанда (менопаузадан кейінгі кезеңде)
- кальций иондары шығарылуының артуы (ұзақ уақыт төсек тартып жатқан кезде, созылмалы диареяда, диуретиктерді және эпилепсияға қарсы дәрілік заттарды, глюкокортикостероидтарды ұзақ уақыт бойы қабылдау аясында салдарлы гипокальциемия)
- магний тұздарымен, қымыздық және фторсутегі қышқылымен және олардың түз еріткіштерімен уланғанда (кальций глюконатымен өзара әрекеттескенде ерімейтін және уытты емес кальций оксалаты мен кальций фториді түзіледі)
- проксимальді миоплегияның гиперкалиемиялық түрінде
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке, тамақтанардың алдында немесе тамақтанғаннан кейін 1–1,5 сағат өткенде қабылдайды.
Ересектерге – күніне 1-3 г 2-3 рет.
6-9 жастағы балаларға – 1,5-2 г; 10-14 жастағыларға – 2-3 г. Қабылдау жиілігі – күніне 2-3 рет.
Емдеу курсын емдеуші дәрігер жеке анықтайды.
Жағымсыз әсерлері
-
іш қатуы
-
асқазан-ішек жолдарындағы шырышты қабаттың тітіркенуі
- гиперкальциемия
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препараттың компоненттеріне жеке жоғарғы сезімталдық
-
гиперкальциемия (кальций иондарының концентрациясы 2 мг % = 6 мЭкв/л артпауға тиіс)
-
айқын гиперкальциурия
-
нефроуролитиаз (кальцийлік)
-
саркоидоз
-
жүрек гликозидтерін бір мезгілде қолданғанда (аритмияның туындау қаупінде)
-
6 жасқа дейінгі балаларға
Сақтықпен
-
дегидратация
-
электролит бұзылғанда (гиперкальциемияның өршу қаупі)
-
диарея
- мальабсорбция синдромы
- кальций нефроуролитиаз (сыртартқысында)
- елеусіз гиперкальциурия
- елеулі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
- жайылған атеросклероз
- гиперкоагуляция
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Тетрациклин қатарындағы антибиотиктермен ерімейтін кешендер (антибактериялық әсерін төмендетеді) түзеді.
“Баяу” кальций өзекшелерінің бөгегіштерінің әсерін азайтады. Хинидинмен бір мезгілде қолданған кезде қарыншаішілік өткізгіштік баяулауы және хинидиннің уыттылығы артуы мүмкін. Тетрациклиндердің, дигоксиннің, пероральді темір препараттарының сіңуін баяулатады (оларды қабылдау аралығы 2 с аз болмауы керек). Тиазидтік диуретиктермен үйлестірген кезде гиперкальциемияны күшейтуі мүмкін. Гиперкальциемия кезінде кальцитониннің әсерін төмендетеді. Фенитоиннің биожетімділігін төмендетеді.
Айрықша нұсқаулар
Елеусіз гиперкальциуриясы, сыртатқысында шумақтық сүзілудің төмендеуі немесе нефроуролитиазы бар пациенттерде несепте кальций иондары концентрациясын бақылап отыру керек.
Нефроуролитиаздың даму қаупін төмендету үшін молынан су ішу ұсынылады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезінде препаратты қолдану, ана үшін күтілетін пайда ұрыққа және балаға деген қауіптен жоғары болған жағдайда ғана қолданылады.
Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану автокөлікті басқаруға және жоғары назар шоғырландыруды және психомоторлық реакцияның жылдамдығын талап ететін басқа да қауіпті қызмет түрлерімен айналысуына теріс әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: гиперкальциемия.
Емі: парентеральді – кальцитонинді тәулігіне 5-10 ХБ/кг (оны натрий хлоридінің 0,9 % ерітіндісінің 500 мл-де алдын ала сұйылтады). Енгізу ұзақтығы 6 с.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Полиэтиленді жабыны бар қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға 10 таблеткадан салынған.
100 пішінді ұяшықсыз қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың санымен тең картон қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Биосинтез» ААҚ, Ресей
440033, Пенза қ-сы, Дружба к-сі, 4, тел./факс (8412) 57-72-49,
e-mail: certificate@biosintez.com
Тіркеу куәлігінің иесі
«Биосинтез» ААҚ, Ресей
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Биосинтез» ААҚ, Ресей
440033, Пенза қ., Дружба к-сі, 4, тел./факс (8412) 57-72-49,
e-mail: certificate@biosintez.com
4