Кальция глюконат (5 мл)

МНН: Кальция глюконат
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Calcium gluconate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013710
Информация о регистрации в РК: 13.01.2014 - 13.01.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 21.19 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Кальций глюконатыХалықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 10 % ерітінді, 5 мл

Құрамы

5 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 500,0 мг кальций глюконаты,

қосымша зат инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе сәл боялған сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Минералды қоспалар. Кальций препараттары. Кальций глюконаты

АТХ коды A12AA03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Парентеральді енгізгеннен кейін препарат қан ағынымен барлық тіндер мен ағзаларға біркелкі таралады. Қан плазмасында препараттың 45 %-ы ақуыздармен кешенде болады. Плаценталық бөгет арқылы өтеді, емшек сүтіне енеді. Организмнен негізінен бүйрекпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Кальций препараты, жүйке импульстерінің берілу үдерістерін жүзеге асыру, қаңқа және тегіс бұлшықеттердің жиырылуы, миокард қызметі, сүйек тіндерінің қалыптасуы, қан ұюы үшін қажетті кальций иондары тапшылығының орнын толтырады. Аллергияға қарсы, қабынуға қарсы, гемостатикалық, уытсыздандырғыш және әлсіз седативтік әсер береді.

Кальций жасушалар мен тамыр қабырғаларының өткізгіштігін төмендетеді, қабыну реакцияларының дамуын болдырмайды, организмнің жұқпаларға қарсы тұруын арттырады және фагоцитозды айтарлықтай күшейтуі мүмкін (натрий хлоридін қабылдағаннан кейін төмендейтін фагоцитоз, кальцийді қабылдағаннан кейін артады). Көктамыр ішіне енгізгенде стимулирует вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігін көтермелейді, адреналиннің бүйрек үсті бездерімен бөлініп шығуын күшейтеді, орташа диуретиктік әсер береді.

Қолданылуы

- қалқанша маңы бездердің гипофункциясында

- гипокальциемияда

- аллергиялық ауруларда (сарысу құю ауруында, есекжемде, қызба синдромында, қышыну, қышитын дерматоздар, дәрілерді енгізуге және тағам өнімдерін қабылдауға реакциялар, Квинке ісінуі)

- шығу тегі әр түрлі патологиялық үдерістерде (қабыну үдерісінің экссудативтік фазасында, геморрагиялық васкулитте, сәулелік ауруда) тамырлардың өткізгіштігін азайту үшін

- гиперкалиемия, пароксизмалық миоплегияның гиперкалиемиялық түрінде

- тері ауруларында (терінің қышуы, экзема, псориаз)

- шығу тегі әр түрлі қан кетулерді кешенді емдеуде

- магний тұздарымен, қымыздық қышқылымен немесе оның еритін тұздарымен, фторлы қышқылдың еритін тұздарымен уланулар кезінде у қайтарғы ретінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Көктамыр ішіне және бұлшықет ішіне қолданады.

Ересектер мен 14 жастан асқан балаларға 10 % ерітіндіні 5 – 10 мл-ден тәулігіне 1 рет, аурудың сипатына және науқастың жағдайына байланысты – күнделікті, күнара немесе 2 күн сайын енгізеді.

Балаларға жасына қарай, 10 % кальций глюконаты ерітіндісін тек көктамыр ішіне мынадай дозаларда: 6 – 12 айлық балаларға – 1 – 1,5 мл, 1 – 3 жасар балаларға – 1,5 – 2 мл, 4 – 6 жастағыларға – 2 – 2, 5 мл, 7 – 14 жастағыларға 3 – 5 мл енгізеді.

Препаратты енгізер алдында дене температурасына дейін жылытады. Ересектер мен балаларға ерітіндіні баяу, 2-3 минут бойы енгізеді.

Ерітіндіні 1 мл-ден аз мөлшерде енгізу үшін, препараттың бір реттік дозасын натрий хлоридінің 0,9 % изотониялық ерітіндісімен немесе 5 % глюкоза ерітіндісімен сәйкесінше көлемге (еккіш көлеміне) дейін жеткізеді.

Кальций глюконатын енгізуге арналған еккіште этанол қалдықтары болмауы тиіс, өйткені соңғысы болса, кальций глюконат тұнып қалады.

Жағымсыз әсерлері

  • жүрек айнуы, құсу, диарея

  • брадикардия

  • ауыз қуысының, сосын бүкіл дененің ысыну сезімі, сондай-ақ терідегі өзгерістер. Бұл реакциялар өздігінен жылдам басылады.

  • анафилактикалық шокқа дейінгі анафилакткалық және анафилактоидтық реакциялар болуы мүмкін.

Жылдам енгізгенде жүрек айнуы, құсу, қатты терлеу, артериялық гипотензия, кейде өліммен аяқталатын коллапс болуы мүмкін. Кальций ерітіндісінің экстравазальді түсуі нәтижесінде жұмсақ тіндердің кальцификациясы жүруі мүмкін.

Балаларға бұлшықет ішіне енгізу ұсынылмайды.

Кальций тұздарын бұлшықет ішіне енгізу жергілікті тітіркену туғызуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- гиперкальциемия

- гиперкальциурия

- кальцийлік нефроуролитиаз

- жүрек гликозидтерін бір мезгілде қабылдау

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

- тромбоздарға бейімділік

- қан ұйығыштығының жоғарылығы

- саркоидоз

- атеросклероз

- жүктілік және лактация кезеңі

- б/і енгізу үшін – 18 жасқа дейінгі балаларға (некроздардың туындау қаупі бар).

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Этил спирті кальций глюконатымен өзара әрекеттескенде соңғысы тұнып қалады.

Карбонаттармен, салицилаттармен, сульфаттармен үйлесімсіз, өйткені олармен ерімейтін немесе еруі қиын кальций тұздарын түзеді.

Басқа кальций препараттарымен бірге тағайындау ұсынылмайды.

Кальций глюконатын верапамилді қабылдағанға дейін немесе кейін көктамыр ішіне енгізу оның гипотензивтік әсерін азайтады, бірақ оның аритмияға қарсы әсеріне ықпал етпейді.

Тиазидтік диуретиктермен біріктірілімі гиперкальциемияның дамуын туғызуы мүмкін.

Хинидинмен бір мезгілде қолданғанда хинидиннің қарыншаішілік өткізгіштігі баяулауы және уыттылығы артуы мүмкін.

Жүрек гликозидтерімен емдеу кезінде кардиоуытты әсерінің күшейетініне байланысты, кальций глюконатын парентеральді қолдану ұсынылмайды.

Кальций глюконаты мен тетрациклиндерді бір мезгілде пероральді қолданғанда, соңғысының әсері олардың сіңуінің азаюына байланысты төмендеуі мүмкін.

Кальций глюконаты, аминогликозидтер қатарының антибиотиктерін қолданудан туындаған жүйке-бұлшықет берілісінің бәсеңдеуін жояды.

Фенигидинмен бір мезгілде қолданғанда кальций препараттары оның тиімділігін азайтады.

Айрықша нұсқаулар

Педиатриялық тәжірибеде қолданылуы

Балаларда емдеу үшін препаратты тек көктамыр ішіне қолданады. Некроз дамуы мүмкін болғандықтан, препаратты бұлшықет ішіне енгізу ұсынылмайды.

Елеусіз гиперкальциуриясы, шумақтық сүзілудің төмендеуі немесе сыртартқысында нефроуролитиаз бар науқастарға тағайындау сақтықпен және несептегі кальций құрамын бақылай отырып жүргізілуі тиіс.

Нефроуролитиаздың даму қаупін төмендету үшін сұйықтықты көп ішу ұсынылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және бала емізу кезінде қолдану ұсынылмайды

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: гиперкальциемия дамуы мүмкін

Емі: у қайтарғысы ретінде кальцитонин пайдаланылады, оны көктамыр ішіне 1 кг дене салмағына тәулігіне 5-10 ХБ есебінен енгізеді (препаратты натрий хлоридінің 500 мл изотониялық ерітіндісінде сұйылтады, 2-4 қабылдауға бөліп 6 сағат бойы тамшылатып енгізеді).

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл-ден бейтарап шыныдан жасалған ампулаларда немесе еккішпен толтыруға арналған, импорттық стерильді ампулаларда.

Әр ампулаға заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңба жапсырылады немесе мәтінді тікелей шыны бұйымдарға арналған терең баспа бояуымен ампулаға жазады.

5 ампуладан поливинилхлоридті үлбір мен алюминий немесе импорттық пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

Пішінді ұяшықты қаптамаларды медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге картоннан жасалған қорапқа салады. Нұсқаулықтар қаптамалардың санына қарай салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz

 

Прикрепленные файлы

796691651477976824_ru.doc 74.5 кб
058237461477977981_kz.doc 85 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники