Кальций - Д3 Никомед ОстеоФорте

МНН: Кальция карбонат, Колекальциферол
Производитель: Такеда Никомед АС
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты кальция в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018715
Информация о регистрации в РК: 10.01.2017 - 10.01.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Кальций – Д3 Никомед ОстеоФорте

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Лимон дәмі бар шайнайтын таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 2500 мг кальций карбонаты (1000 мг элементарлы кальцийге баламалы), 22 мкг холекальциферол (800 ХБ Д3 витамині) 8,00 мг холекальциферол концентраты түрінде

қосымша заттар: ксилитол, лимон хош иістендіргішінің түйіршіктері (құрамында изомальт, лимонның дәмдік заты, май қышқылдарының моно-және диглицеридтері бар), повидон, магний стеараты, сукралоза.

Сипаттамасы

Ақ түсті қабығы жоқ, лимонның хош иісі бар екі беті дөңес дөңгелек таблеткалар. Аздап теңбілденуі және шеттері тегіс болмауы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Минералды қоспалар, басқа препараттармен біріктірілген кальций препараттары.

АТХ коды А12АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кальций иондалған түрде белсенді Д витаминіне тәуелді болатын тасымалдау механизмі арқылы аш ішектің дистальді бөлігінде сіңеді. Холекальциферол аш ішектен сіңіріліп, лимфа жүйесіне енеді, бауырға және жалпы қан ағымына түседі. Қанда альфа2-глобулиндерімен және ішінара – альбуминдермен байланысып, бауырға, сүйек тініне, қаңқа бұлшықеттеріне, бүйрекке, бүйрек үсті бездеріне, миокардқа, май тініне тасымалданады. Енгізілгеннен кейін 4-5 сағаттан соң тінде ең жоғары концентрациясы құралады, мұнан соң біршама төмендеп, ұзақ уақыт тұрақты деңгейде сақталады. Бауырда жинақталады. Биотрансформацияланудың нәтижесінде бауыр мен бүйректе белсенді метаболиттер түзіледі. Полярлы метаболиттер түрінде негізінен жасушалар жарғақшаларында, микросомалар, митохондриялар және ядроларда орнығады. Холекальциферол мен оның зат алмасу өнімдерінің көп бөлігі өтпен бірге ішектерге шығарылады, одан энтерогепатикалық айналым жүйесін жасай отырып қайтадан сіңе алады немесе нәжіспен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі бірнеше күн.

Фармакодинамикасы

Организмде кальций мен фосфордың алмасуын реттейтін біріктірілген препарат. Резорбцияны (сорылу) төмендетеді және организмдегі кальций мен Д витамині жеткіліксіздігін толықтыру арқылы сүйек қаңқасы мен тіс тығыздығын арттырады.

Кальций жүйке өткізгіштігін, бұлшық еттің жиырылуын реттеуге қатысады және қан ұюы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Д3 витамині ішекте кальцийдің сіңуін жоғарылатады.

Кальций мен Д3 витаминін пайдалану жоғарғы сүйек резорбциясының (сүйектен калцьийдің шайылып кетуі) стимуляторы болып табылатын паратиреоидты гормон (ПТГ) өндірілуінің ұлғаюына кедергі келтіреді.

Қолданылуы

  • остеопороздың (менопаузалық, сенильдік, стероидты, идиопатиялық және басқа) және оның асқынуының (сүйек сынуының) алдын алу мен кешенді емінде

  • кальций және/немесе Д3 витамині тапшылығының алдын алу және емдеуде

Қолдану тәсілі мен дозалары

Остеопороздың алдын алу курсы үшін – күніне 1 таблеткадан 1 рет, кем дегенде 3 ай жылына 1-2 рет.

Остеопорозды емдеу үшін – күніне 1 таблеткадан 1 рет, 6 айдан кем емес.

Таблеткаларды шайнауға немесе соруға және тамақтану кезінде қабылдауға болады.

Жағымсыз әсерлері

- гиперкальциемия және гиперкальциурия

- іштің қатуы, метеоризм, жүректің айнуы, іштің ауруы, диарея, диспепсия

- қышыну, бөртпе, есекжем

- сүтті-сілтілік синдром

Қолдануға болмайтын жағдайлар

– препарат компоненттерінің біріне жоғары сезімталдық

– гиперкальциемия немесе гиперкальциурия

– сояға немесе жержаңғаққа жоғары сезімталдық

– Д витамині гипервитаминозы

– несептас ауруы

– 18 жасқа дейінгі балалар

  • жүктілік

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тиазид қатарындағы диуретиктерді бір мезгілде қолдану барысында гиперкальциемияның пайда болу қаупі артады, өйткені бұл кальцийдің өзекшелік қайта сіңіруін арттыруына байланысты. Фуросемид және басқа ілмектік диуретиктер, керісінше, кальцийдің бүйрекпен шығарылуын ұлғайтады.

Кальций препараттары мен Д витамині асқазан-ішек жолынан тетрациклиндер сіңуін азайтады, сондықтан тетрациклин қатарындағы препарат пен Кальций– Д3 Никомед ОстеоФортені қабылдаудың арасында кем дегенде 4 сағат үзіліс болуы тиіс.

Хинолонды антибиотиктердің сіңірілуі Кальций–Д3 Никомед ОстеоФортемен бір мезгілде қабылданғанда бұзылуы мүмкін. Хинолонды антибиотиктерді Кальция–Д3 Никомед ОстеоФорте қабылдауға дейін екі сағат бұрын немесе кейін алты сағаттан соң қабылдаған жөн.

Жүрек гликозидтерімен бір мезгілде емдеген кезде ЭКГ мен клиникалық жағдайды бақылау қажет, өйткені кальций препараттары жүрек гликозидтерінің емдік және уытты әсерін жеделдетуі мүмкін.

Егер бисфосфонаттар кальций препараттарымен бір мезгілде пайдаланылатын болса, онда асқазан-ішекпен сіңірілуі төмендеуі мүмкін болғандықтан, бисфосфонаттарды Кальций-Д3 Никомед ОстеоФортені ішерден аз дегенде бір сағат бұрын тағайындаған жөн.

Глюкокортикостероидтар кальцийдің сіңуін азайтады, сондықтан глюкокортикостероидтармен емдеу Кальций–Д3 Никомед ОстеоФорте дозаларын жоғарылатуды қажет етуі мүмкін.

Левотироксин сіңірілуінің бір мезгілде Кальций–Д3 Никомед ОстеоФорте қабылдағанда төмендеуіне байланысты левотироксиннің тиімділігі төмендеуі мүмкін. Кальция–Д3 Никомед ОстеоФорте және левотироксинді қабылдау кем дегенде төрт сағат аралықпен бөлінуі тиіс.

Айрықша нұсқаулар

Жүрек гликозидтері және/немесе диуретиктерді бір мезгілде қабылдайтын науқастардың қан сарысуындағы кальций мен креатинин концентрациясын бақылап отыру қажет.

Гиперкальциемия немесе бүйрек қызметінің бұзылу белгілері болған жағдайда доза азайтылуы немесе уақытша тоқтатылуы тиіс.

Д витаминін бүйрек қызметі бұзылған емделушілерге сақтықпен пайдаланған жөн, оларға кальций мен фосфор деңгейіне мониторинг жүргізілуі тиіс. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратын науқастарда Д витамині (холекальциферол түрінде) қалыпты түрде метаболизденбейді, сондықтан Д витаминінің басқа түрлері пайдаланылуы тиіс.

Саркоидоздан зардап шегетін емделушілерге Кальций-Д3 Никомед ОстеоФортені Д витаминінің белсенді түріне жоғары метаболиздену қаупіне байланысты сақтықпен тағайындаған жөн. Бұл емделушілерде қан сарысуы мен несептегі кальций мөлшеріне мониторинг жүргізілуі тиіс.

Гиперкальциемияның даму қаупіне байланысты остеопорозы бар иммобилизияланған емделушілерге Кальций-Д3 Никомед ОстеоФортені абайлап пайдалану керек.

Артық дозалануды болдырмау үшін Д витаминінің басқа қосымша түсу көздерін де ескеру қажет.

Кальций-Д3 Никомед ОстеоФорте құрамында фенилаланинге өзгеретін аспартам болады. Сондықтан фенилкетонуриямен ауыратын науқастар препаратты қабылдамауы тиіс.

Сирек кездесетін тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы, глюкозо-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі аурулары бар емделушілердің бұл дәріні қолдануына болмайды.

Жүктілік және лактация

Жүктілік кезінде тәуліктік дозада кальций 1500 мг және Д3 витамині 600 ХБ аспауы тиіс, сондықтан Кальций – Д3 Никомед ОстеоФорте-ні жүктілік кезінде тағайындамау керек.

Кальций – Д3 Никомед ОстеоФорте емшек емізу кезеңінде кальций немесе Д витамині тапшы болған жағдайда қолданылуы мүмкін. Д витамині мен оның метаболиттері емшек сүтіне енуі мүмкін, сондықтан ана мен балаға басқа көздерден кальций мен Д витаминінің түсетінін ескеру және медициналық бақылауды жүзеге асыру керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі

Кальций-Д3 Никомед ОстеоФорте көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: гиперкальциемия, гипервитаминоз, анорексия, шөлдеу, полиурия, жүрек айну, құсу, іш қату, іштің ауруы, шаршау, сүйектің ауыруы, бұлшықет әлсіздігі,нефрокальциноз, көңіл-күйдің бұзылуы, ауыр жағдайларда – жүрек аритмиясы.

Емі: препаратты тоқтату, организмге көп мөлшерде сұйықтық енгізу, ілмектік диуретиктерді (мысалы, фуросемид), глюкокортикостероидтарды, кальцитонинді, бисфосфонаттарды қолдану. Сарысулық электролиттер деңгейін, бүйрек функциясы мен диурезді бақылап отыру қажет.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

30, 60 немесе 90 таблеткадан бұрандалы қақпағы бар жоғары тығыздықтағы полиэтилен құтыға салынған. 1 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, тығыздалып жабылған құтыда, 30С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Такеда Никомед АС, Аскер, Норвегия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Такеда Никомед АС, Норвегия

Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

Такеда Никомед АС, Норвегия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Takeda Osteuropa Holding GmbH» компаниясының (Австрия) Қазақстандағы өкілдігі

Алматы қ., Бегалин к-сі 136 а

Телефон нөмірі (727) 2444004

Факс нөмірі (727) 2444005

Электрондық поштасы DSO-KZ@takeda.com

 

Прикрепленные файлы

461411321477977106_ru.doc 66 кб
158157351477978277_kz.doc 61 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники