КАЛЬЦИЙ + ВИТАМИН D3 ВИТРУМ®

МНН: Кальция карбонат, Колекальциферол
Производитель: Юнифарм, Инк
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты кальция в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015022

Инструкция

Саудалық атауы

Кальций + Витамин D3 Витрум®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

кальций

– 500 мг1

D3 витамині (холекальциферол)

– 200 ХБ2,

1 – 1250 мг устрицалар қабыршағынан алынған кальций карбонаты түрінде

2 – 5 мкг холекальциферолға баламалы

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, кремнийдің қостотығы, магний стеараты, натрий кроскармеллозасы,

қабығы: Опадрай II Жасыл 40L91205 (титанның қостотығы (Е171), полиэтилен-гликоль, полидекстроза, гипромеллоза, рибофлавин (Е101), триацетин, көк FD&C бояғыш #1(Е133).

Сипаттамасы

Ашық жасыл түсті қабықпен қапталған сопақша пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Минералды қоспалар. Кальций препараттары. Басқа препараттармен біріктірілімдегі кальций препараттары.

АТХ коды A12AX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кальцийдің 30% жуығы D витаминіне тәуелді тасымалдау механизмі белсенділігінің арқасында жіңішке ішектің проксимальді бөлімінде иондалған түрде сіңеді.

Организмдегі бүкіл кальцийдің 99% сүйектер мен тістерде болады. Сарысу жалпы кальцийінің 50%-ы иондалған кальций түрінде ұсынылған, 5% анионды кешендердің құрамында және 45% ақуыздармен байланысқан.

Кальцийдің шамамен 20% несеппен және 80% нәжіспен шығарылады. Нәжіс арқылы сіңірілмеген кальций де, өтпен және панкреатиндік секретпен бөлінетін оның сіңірілген бөлігі де шығарылады.

D3 витамині май қышқылдарының қатысуымен жіңішке ішектің дистальді бөлігінде сіңіріледі. Альфа2-глобулиндермен және ішінара альбуминдермен байланысады. Негізгі жинақталу жері – май тіндері мен бұлшықеттер.

Бауырда 25-гидрокси-колекальциферолға (кальцидиол) өзгереді (алғашқы гидроксилденуі). Бұл бүйректе (екінші гидроксилдену) тиісті белсенді түрлеріне айналатын негізгі айналымдағы түрі. Олардың ішінде барынша маңыздысы 1.25-гидроксиколекальциферол (кальцитриол) болып табылады.

Кальций көбінесе нәжіспен, елеусіз мөлшерде несеппен шығарылады. Фармакодинамикасы

Организмде кальций мен фосфордың алмасуын реттейтін біріктірілген препарат. Резорбцияны (таралуын) төмендетеді және организмде кальций мен D3 витамині жеткіліксіздігінің орнын толтыра отырып, сүйек тіндерінің тығыздығын арттырады.

Кальций мен D3 витаминін қолдану жоғары сүйек резорбциясының стимуляторы болып табылатын паратиреоидты гормон (ПТГ) түзілуінің артуына кедергі болады (кальцийдің сүйектен шығарылуы).

Кальций – сүйек тіндерін қалыптастырады және нығайтады, жүйке бұлшықет өткізгіштігін, жүректің жиырылу ырғағын, қан тамырлары тонусын қамтамасыз етеді. Организмдегі темір метаболизміне ықпал етеді.

D3 витамині – асқазан-ішек жолында кальцийдің сіңуін және оның сүйек тіндерінде байланысуын жоғарылатады.

Қолданылуы

Емдік-профилактикалық дәрі ретінде:

  • егде жастағы адамдарда, менопауза кезінде немесе одан кейін кальций және/немесе D3 витаминінің тапшылығын толықтыру үшін

  • остеопорозды профилактикалық және базалық емдеу үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.

Ішке, препаратты тамақтану кезінде немесе тамақтан кейін қабылдайды.

Кальций және/немесе D3 витаминінің тапшылығында ересектерге 1 таблеткадан күніне 2 рет.

Остеопороз профилактикасы үшін 1 таблеткадан күніне 2 рет, әсіресе тамақтану кезінде.

Остеопорозды емдеу үшін 1 таблеткадан күніне 2-3 рет.

Емдеу курсы 1 ай. Қайталау курстары дәрігердің ұсынымдарына сәйкес.

Жағымсыз әсерлері

Болуы мүмкін:

  • препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар

  • іш қату, диарея, метеоризм, жүрек айнуы, іштің ауыруы

  • қанда және несепте кальций құрамының артуы (ұзақ қабылдаған жағдайда).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің біріне жоғары сезімталдық

  • D гипервитаминозы

  • несептас ауруы (кальций тастарының түзілуі), бүйрек функциясының айқын бұзылуы

  • гиперкальциурия (кальцийдің несеппен көп бөлінуі)

  • гиперкальциемия (қалқанша маңы безі функциясының күшеюі бар адамдарда қандағы кальций құрамының жоғары болуы)

  • кальцийсізденетін ісіктер (миелома, сүйек метастаздары, саркоидоз)

  • иммобилизацияға байланысты остеопороз

  • өкпе туберкулезі (белсенді түрі)

  • асқыну фазасындағы асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

D3 витаминінің белсенділігі оны фенитоинмен немесе барбитураттармен бір уақытта қолданғанда төмендеуі мүмкін.

Жүрек гликозидтерімен бір уақытта емдегенде кальций жүрек гликозидтерінің әсерін күшейтеді (ЭКГ мен клиникалық жағдайын бақылау қажет).

Препарат тетрациклин тобы антибиотиктерінің, ацетилсалицил қышқылының және басқа салицилаттардың, сульфаниламидтердің, бета-адренблокаторлардың және тікелей әсер етпейтін антикоагулянттардың сіңірілуін баяулатады. Осыған орай, препаратты басқа дәрілік заттарды қабылдаудан 2 сағат бұрын немесе 2 сағаттан кейін қолдану ұсынылады.

Тиазидтер тобының диуретиктерін бір уақытта қолданғанда гиперкальциемия туындау қаупі артады.

Фуросемид және басқа ілмекті диуретиктер, керісінше, кальцийдің бүйрекпен шығарылуын арттырады.

Колестирамин, іш жүргізетін препараттар (парафин майы) D витаминінің сіңірілуін төмендетеді.

Хинолондардың сіңірілуі КАЛЬЦИЙ + ВИТАМИН D3 ВИТРУМ® бір уақытта қабылдағанда бұзылуы мүмкін. Хинолондарды КАЛЬЦИЙ + ВИТАМИН D3 ВИТРУМ® қабылдаудан екі сағат бұрын немесе 6 сағаттан кейін қабылдау керек.

Егер бифосфонаттар кальций препараттарымен бір уақытта пайдаланылса, онда бифосфонаттарды КАЛЬЦИЙ + ВИТАМИН D3 ВИТРУМ® қолданардан бір сағат бұрын тағайындау керек, себебі асқазан-ішек сіңірілуі төмендеуі мүмкін.

Глюкокортикостероидтар кальцийдің сіңірілуін төмендетеді, сондықтан олармен емдеу КАЛЬЦИЙ + ВИТАМИН D3 ВИТРУМ® дозасын арттыруды қажет етеді.

Левотироксин сіңірілуінің төмендеуі салдарынан КАЛЬЦИЙ + ВИТАМИН D3 ВИТРУМ® бір уақытта қабылдағанда левотироксин тиімділігі төмендеуі мүмкін. КАЛЬЦИЙ + ВИТАМИН D3 ВИТРУМ® мен левотироксинді кемінде төрт сағат аралықпен екі бөлек қабылдау керек.

Айрықша нұсқаулар

Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігінен зардап шегетін адамдарға сақтықпен қабылдау керек. Емдеу кезеңінде кальцийдің несеппен шығарылуын және плазмада кальций мен креатинин концентрациясын үнемі бақылап отыру керек (тәулігіне 7,5 ммоль (тәулігіне 300 мг) артатын кальциурия пайда болған жағдайда дозаны азайту немесе қабылдауды тоқтату керек).

Артық дозалануды болдырмас үшін басқа да көздерден D3 витаминінің қосымша келіп түсетінін ескеру керек. Құрамында кальций және D3 витамині бар витаминді кешендермен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Егде адамдарда кальцийге деген қажеттілік тәулігіне 1,5 г, D3 витаминіне тәулігіне 500-1000 ХБ құрайды.

D витаминінің оның белсенді формасына жоғары метаболизмі қаупіне байланысты КАЛЬЦИЙ + ВИТАМИН D3 ВИТРУМ® саркоидозбен ауыратын пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Ондай пациенттерде қан сарысуы мен несепте кальций құрамының мониторингісі жүргізілуі тиіс.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге.

D витаминін бүйрек функциясы бұзылған пациенттер сақтықпен пайдалануы керек, оларда кальций мен фосфор деңгейінің мониторингісі мезгіл-мезгіл жүргізіліп отыруы тиіс. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде холекальциферол нашар метаболизденеді және сол себепті мұндай патологияда КАЛЬЦИЙ + ВИТАМИН D3 ВИТРУМ® көрсетілмеген.

Жүктілік және лактация

Жүктілік және бала емізу кезеңінде кальций мен D витаминінің қажеттілігі артады. Препаратты қабылдаған кезде организмге басқа көздерден кальций мен D витаминінің қосымша түсуін есепке алу керек және тұрақты медициналық бақылауды жүзеге асыру қажет. Шаранаға уытты әсер етпес үшін тәулігіне 1500 мг кальцийден және 600 ХБ D3 витаминінен артық қабылдау ұсынылмайды. Кальций мен D витамині емшек сүтіне өтеді.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жедел немесе созылмалы артық дозалануда гиперкальциемиямен және/немесе гиперкальциуриямен сипатталады, ол анорексиямен, жүрек айнуымен, құсумен, бас айналумен, әлсіздікпен, бас ауыруымен білінеді.

Емі: симптоматикалық, препаратты, организмге көп мөлшерде сұйықтық енгізу және кальцийдің шектеулі мөлшерімен диета ұстану. Артық дозалану симптомдары пайда болғанда дәрігерге көріну керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Қабықпен қапталған таблеткалар

Қабықпен қапталған 30, 60 немесе 100 таблеткадан полиэтиленнен жасалған құтыда, сол материалдан бұрандалы қақпағы және фольгадан жасалған сақтандырушы клапаны бар.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 10 – 30 °С температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Юнифарм, Инк., АҚШ

Тіркеу куәлігінің иесі

Юнифарм, Инк., АҚШ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ЮНИФАРМ, ИНК.» (АҚШ) Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі 17, 106 кеңсе

тел.: +7 (727) 244-50-04, факс: +7 (727) 244-50-06

info@unipharm.kz

Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйым

«ЮНИФАРМ, ИНК.» (АҚШ) Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі 17, 106 кеңсе

тел.: +7 (727) 244-50-04, факс: +7 (727) 244-50-06

info@unipharm.kz

Прикрепленные файлы

924553181477976224_ru.doc 66.5 кб
291499261477977492_kz.doc 80 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники