Кальцемин®

Производитель: Контракт Фармакал Корпорейшн
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты кальция в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014447
Период регистрации: 11.10.2017 - 11.10.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Кальцемин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

D3 витамині (D3 құрғақ витамині (100 000 ХБ/г) түріндегі

холекальциферол 50 ХБ

кальций (кальций цитраты және кальций карбонаты түрінде) 250 мг

мырыш (мырыш тотығы түрінде) 2,0 мг

мыс (мыс тотығы түрінде) 0,5 мг

марганец (марганец сульфаты түрінде) 0,5 мг

бор (натрий бор қышқылы түрінде) 50 мкг

қосымша заттар: соя полисахариді, натрий лаурилсульфаты, коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий кроскармеллозасы, микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы, магний стеараты;

қабықтың құрамы: гипромеллоза, триацетин, минералды май, натрий лаурилсульфаты, титанның қостотығы (Е 171), магний силикаты.

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, бір жақ бетінде сызығы бар, ақ түсті дерлік үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа препараттармен біріктірілген кальций препараттары.

АТХ коды А12АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Кальций сүйек тінінің маңызды құрылымдық компоненті. Нейронаралық және жүйке-бұлшықет өткізгіштігін, жүрек автоматизмін қамтамасыз етеді, көлденең-жолақты және тегіс бұлшықеттердің жиырылуына қатысады; әртүрлі ферменттердің орасан көп мөлшерінің, қанды ұйыту жүйесі факторларының, жуан жасушалардың және т.б. белсенділігі кальциймен байланысты. Кальций карбонаты кальций элементінің мөлшері көп тұз болып табылады. Кальций цитраты Н2-гистаминдік блокаторларын қабылдау аясында асқазан-ішек жолының жағдайы гипоацидті болатын, ахлоргидриясы бар емделушілерде препараттың биожетімділігін арттырады; ұзақ қабылдағанда несеп шығару жолдарында тас түзілу қаупін төмендетеді; ПТГ (паратгормонды) тежеу есебінен резорбцияға қарсы потенциалы жоғары; холестерин деңгейін төмендету есебінен кардиопротекторлы әсерге ие.

D3 витамині (холекальциферол) ащы ішекте кальцийдің сіңуін арттырып, кальциймен байланысатын ақуыздар синтезін стимуляциялайды, бүйрек өзекшелерінде кальцийдің қайта сіңуін арттырады. D3 витамині сүйек тінінің қайта түзілу үдерісін остеобласттар синтезін белсенділендіру арқылы І типті коллаген және матрица ақуыздарының синтезін арттыру жолымен белсенділендіреді, остеокласттар белсенділігін баса отырып, сүйек сапасын жақсартады. Қалқанша, қалқанша маңы, жыныс бездерінің қызмет жағдайына ықпал ете отырып, қаңқа сүйектерінің кальцийленуін қамтамасыз етеді.

Мырыш гендік экспрессияға, жасушалардың өсуіне және қалпына келуіне жауапты ақуыздардың, нуклеин қышқылдарының синтезіне қатысатын 200-ден астам ферменттің кофакторы болып табылады. Кальцитониннің секрециясын қалқанша безінің парафолликулярлы жасушалары арқылы реттейді. Мырыш 1-ші типті коллаген остеобласттарының – сүйек матриксінің негізгі элементінің түзілуіне қатысады, сүйек тінінің қайта түзілу үдерісіне, жыныстық қызметке, атап айтқанда эстрогендердің белсенділігіне ықпалын тигізеді.

Мыс дәнекер тіндердің маңызды ақуыздарының – сүйек және шеміршек тіндерінің матрицасын түзетін коллаген мен эластиннің түзілуіне қатысады, сілтілік фосфатазаның белсенділендіргіші болып табылады.

Марганец сүйек және шеміршек тіндерінің қалыптасуы үшін қажетті гликозаминогликандар синтезін қалыпты етеді. D витаминінің кальций сақтау қызметін қайталайды.

Бор паратиреоидты гормонның белсенділігін және ол арқылы – кальцийдің, магнийдің, фосфордың және холекальциферолдың алмасуын реттейді, эстрадиолдың белсенділігіне ықпалын тигізеді.

Қолданылуы

  • Остеопороздың (менопаузальді, сениальді, стероидтық, идиопатиялық және басқа) және оның асқынуларын (сүйектер сынғанда) алдын алуға және кешенді емдеуге.

  • Тамақпен түсуінің жеткіліксіздігімен байланысты кальций және/немесе D3 витамині тапшы болғанда

  • Жүктілікте және емшек емізу кезеңінде организмнің кальций мен D3 витаминін қажет етуі жоғарылағанда

  • Балаларға және жасөспірімдерге қарқынды өсу кезеңінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

5–12 жастағы балаларға тамақтану кезінде күніне бір рет 1 таблеткадан қолданады. Таблетканы мұқият шайнау керек.

Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға күніне екі рет 1 таблеткадан.

Жүктіліктің 20-шы аптасынан бастап және лактацияның бүкіл кезеңі ішінде күніне 2 рет 1 таблеткадан. Ең жоғары бір реттік дозасы 1 таблетка, ең жоғары тәуліктік дозасы 2 таблетка. Препаратты тағайындау курсының ұзақтығын дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсері

Сирек: асқазан-ішек жолы қызметінің бұзылуы (іш қату немесе диарея, метеоризм, жүректің айнуы).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Препарат компоненттерінің біреуіне жоғары сезімталдық.

Гиперкальциемия немесе гиперкальциурия (қанда немесе несепте кальций концентрациясының жоғарылауы).

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тиазидтік қатардағы диуретиктермен бір мезгілде қолданғанда гиперкальциемияның пайда болу қаупі артады, өйткені олар кальцийдің өзекшелік қайта сіңуін арттырады. Фуросемид және басқа да ілмектік диуретиктер, керісінше, кальцийдің бүйректер арқылы шығарылуын арттырады.

Кальций препараттары жүрек гликозидтерінің емдік және уыттық әсерлерін потенциялауы, тетрациклиндердің асқазан-ішек жолынан сіңуін арттыруы мүмкін. Бисфосфонаттар немесе натрий фториді препараттарының сіңуінің төмендеуіне жол бермеу үшін Кальцеминді оларды қабылдағаннан кейін кемінде 2 сағаттан соң қабылдау керек.

Айрықша нұсқаулар

Препарат дозасы ұсынылатын тәуліктік дозадан аспауы тиіс.

Педиатриялық тәжірибеде қолданылуы

Кальцемин препаратын 5 жасқа дейінгі балаларға қолдану жөнінде деректер жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезеңінде тәуліктік доза 1500 мг кальцийден және 600 ХБ D3 витаминінен аспауы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Кальцемин көлік құралын және басқа да механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: сирек жағдайларда жүректің айнуы, құсу, іш қатулар болуы ықтимал.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі

Тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған бұралатын қақпағы бар, алюминий фольгадан және полиэтиленмен ламинацияланған қағаздан жасалған жарғақшамен бастырылған, тығыздығы жоғары полиэтилен құтыға 30, 60 таблеткадан салынған. Құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекетттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші ұйымның атауы және елі

Контракт Фармакал Корпорейшн, АҚШ

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Байер Консьюмер Кэр АГ, Швейцария

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

Контракт Фармакал Корпорейшн, АҚШ

 

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Байер КАЗ» ЖШС

Тимирязев к-сі, 42, “Экспо-Сити” бизнес орталығы, пав. 15

050057 Алматы, Қазақстан Республикасы

тел.: +7 727 258 80 40 (148)

факс: +7 727 244 70 01

e-mail: kz.claims@bayer.com

 

Прикрепленные файлы

032696191477976503_ru.doc 60.5 кб
989078071477977658_kz.doc 55.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники