Кальдиум

МНН: Калия хлорид
Производитель: ФАРМАЦЕВТИЧЕСКИЙ ЗАВОД ЭГИС ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Potassium chloride
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121968
Информация о регистрации в РК: 20.10.2020 - 20.10.2030

Инструкция

Саудалық атауы

Кальдиум

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Әсер етуі ұзаққа созылатын капсулалар, 600 мг

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - 600 мг калий хлориді,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, полиакрилат (30 % сулы дисперсиялық ерітінді түріндегі этилакрилат және метилакрилат сополимері), диметикон Е-1049 39 %, тальк, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, индигокармин (E 132)

CONI-SNAP 0EL капсуласы қабығының құрамы: желатин, FD&C қызыл 3 (Эритрозин (E 127)), FD&C көк 2 (Индигокармин (E 132))

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір корпусымен және көк түсті мөлдір қақпағымен, өздігінен жабылатын, CONI-SNAP 0EL қатты желатинді капсулалары. Капсуланың беткейі зақымданбауы немесе ұнтақ іздері болмауы керек.

Капсуланың ішінде - иіссіз, көгілдір және ақ немесе ақ-сары пеллеттер бар.

Фармакотерапиялық тобы

Минералды қоспалар. Калий препараттары. Калий хлориді.

АТХ коды A12BA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолдарында жеңіл және жылдам сіңеді. Калийдің көп бөлігі организмге тағаммен түседі. Дұрыс тамақтанғанда 100 мм жуығы калий (≈ 4 гр), күнделікті қолданылатын калийдің 85-90% бүйрекпен сондай-ақ, натрий-калий зат алмасуы (Na + / K +) жүретін дистальді өзекшелерден секрециялануы жолымен шығарылады. Калийдің өзекшелік секрециясы бірнеше факторларға, оның ішінде хлорид иондарының концентрациясына, сутегі иондарының алмасуына, қышқылды-сілтілі тепе-теңдікке және бүйрек үсті безі гормондарына байланысты.

Бүйректің калийді сақтау қабілеті жоғары емес және бүйрек тіпті калийдің айтарлықтай тапшылығында да калийді шығаруды жалғастырады. Калийдің несептегі мөлшері сирек, тіпті ауыр гипокалиемияда да, күніне 5-10 ммоль төмен түседі. Әйтсе де, бүйрек калийдің үлкен дозасын қабылдауға жылдам жауап береді, бұл кезде калийдің артығы организмнен шығарылады. Калийдің 10-15% аздаған мөлшері нәжіспен шығарылады. Жоғары тершеңдікте калийді жоғалту артады.

Кальдиум препаратының әсер етуші заты баяу босап шығуын қамтамасыз ететін гранулаларда болады. Капсула ыдырағаннан кейін, гранулалар диспергирленеді және әсер етуші заты барлық асқазан-ішек жолы бойы біртіндеп және баяу босап шығады. Осы екі фактор хлорлы калийдің өте жоғары жергілікті концентрациясының түзілуіне кедергі етеді, осылайша, асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз реакциялар мүмкіндігін төмендетеді. Препаратты дұрыс дозалау калийдің жасушадағы және жасушадан тыс кеңістіктегі қажетті деңгейін демеп тұруға мүмкіндік береді.

Фармакодинамикасы

Калий – негізгі жасуша ішілік катион, организмнің әртүрлі функцияларын реттеуде маңызды роль атқарады. Жасушаішілік осмостық қысымды демеуге, иннервациялайтын ағзаларға жүйке импульсін жеткізу және беру үдерісіне, жүрек, қаңқа және тегіс бұлшықеттердің жиырылуына және бүйректің қалыпты функциясын демеуге қатысады.

Қолданылуы

- әртүрлі жағдайларда, мысалы диарея және құсуда, бүйрекүсті бездері функциясы жоғары болғанда, калийдің бүйректермен шығарылуы артқанда, салуретиктер мен ГКС қабылдағанда гипокалиемияның профилактикасы және/немесе оны түзету үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Емдеу курсының дозасы мен ұзақтығын жекелей анықтайды. Капсулаларды тамақтану кезінде немесе кейін қабылдау керек.

Ересектерге арналған әдеттегі ұсынылған тәуліктік дозасы қан сарысуында калий деңгейін ұдайы бақылаумен профилактикалау үшін 2–3 капсула (16–24 ммоль К+) және гипокалиемияны емдеу үшін 5–12 капсула (40–96 ммоль).

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Препаратты балаларда қолдануға қатысты деректер жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Аталған дәрілік препаратқа жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігіне қатысты жіктелу жүргізуге көмектесетін клиникалық құжаттар жоқ,

- гиперкалиемия

- жүрек айнуы, құсу, диарея, метеоризм, іштің түйілуі және ауыруы, қыжыл, кекіру (бұл симптомдар калий тұздарын қабылдағаннан кейін пайда болуы және асқазан-ішек жолының тітіркенуімен байланысты болуы мүмкін; симптомдарын негізінен тамақпен бір мезгілде қабылдау және препаратты аз дозаларда қолданумен азайтуға болады)

Сирек

- тахикардия, бұлшықет әлсіздігі

- аллергиялық реакциялар, экзема, қышыну, бөртуді қоса (аталған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату керек)

Өте сирек

- аритмия (артық дозаланған жағдайда)

Бірен-саран жағдайларда

- асқазан-ішектік қан кету, ойық жаралар, тесілулер мен обструкциялар, олар калий хлоридін босап шығуы ұзартылған капсулалар түрінде қабылдағаннан кейін де дамуы мүмкін.

Препараттың жағымсыз әсеріне күдік туындаған жағдайда, емді дереу тоқтату және себеп-салдарлы байланысын тексеру керек.

  

Қолдануға болмайтын жағдайлар

 -белсенді затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

- гиперкалиемия

- калий сақтайтын диуретиктермен бір мезгілде қолдану

- жедел бүйрек жеткіліксіздігінің олигоануриялық немесе ануриялық сатысы

- ретенциямен созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің уремиялық сатысы

- емделмеген Аддисон ауруы

- жедел дегидратация, гипонатриемиямен гиповолемия

- препараттың АІЖ арқылы өтуіне әсер ететін асқазан-ішек жолы тарапынан органикалық және функциональді бұзылыстар

- асқазан-ішектік қан кету

- туа біткен миотония

- метаболизмдік ацидоз (диабетте)

 - жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Калий препараттарын калий сақтайтын диуретиктермен бір мезгілде қабылдағанда гиперкалиемия даму қаупі артады.

АӨФ тежегіштері (мысалы, каптоприл, эналаприл) альдостеронның түзілуін тежеу жолымен калийдің іркілуін туындатуы мүмкін. АӨФ тежегіштерін калиймен қабылдау пациенттің жағдайын мұқият мониторингілеуде мүмкін.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен, антихолинергиялық дәрілермен бір мезгілде қабылдағанда асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз реакциялар даму қаупі артуы мүмкін.

Оймақгүл гликозидтерімен, β-блокаторлармен, гепаринмен, циклоспоринмен бір мезгілде қабылдағанда сарысудағы калий деңгейіне ұдайы бақылау жүргізу ұсынылады.

Нефроуытты дәрілермен (цисплатин, аминогликозидтер) бір мезгілде қолданғанда сарысулық калий деңгейі жоғарылауы мүмкін.

 

Айрықша нұсқаулар

Емделу кезінде қан сарысуында калий деңгейін, сондай-ақ жүрек және бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттерде электрокардиограмма (ЭКГ) көрсеткіштерін ұдайы бақылау ұсынылады.

Препаратты асқазан-ішек жолдарының пептикалық ойық жарасымен немесе сыртартқысында пептикалық ойық жара бар пациенттерге тағайындағанда сақтық шараларын сақтау керек, өйткені кейбір жағдайларда калий хлориді негізіндегі баяу босап шығатын препараттарды енгізгеннен кейін де асқазан-ішек жолынан қан кету, ішектің ойық жаралары, тесілуі және стеноз байқалды.

Препаратты егде жастағы пациенттерге немесе бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттерге қолданғанда да дозасын азайту талап етілуі мүмкін; сарысудағы калийді ұдайы бақылаудың маңызы зор.

Оны оймақгүл препараттарымен бір мезгілде қабылдағанда кальдиумды қабылдауды кенеттен тоқтату айрықша сақтықты талап етеді, өйткені бұл кезде дамитын гипокалиемия оймақгүлдің уыттылығын күшейтеді.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде қолдану қажеттігінде анасы үшін күткен пайдасын және ұрық үшін әлеуетті қаупін екшелеу керек.

Калий иондарының емшек сүтіндегі концентрациясы 13 ммоль/л жуықты құрайды. Организмдегі калий деңгейі аса жоғары болмаған жағдайда, калийді қабылдау іс жүзінде сүттегі калий деңгейіне әсер етпейді. Калийді пероральді қабылдаудың емшекпен қоректендіруге теріс әсері туралы деректер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Калий препараттарының көлік құралдарын және әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы деректер жоқ.

 

Артық дозалануы

Симптомдары: гиперкалиемия, парестезия, бұлшықет гипотонусы, салдану, артериялық қысымның төмендеуі, шок, қарыншалық аритмия, қарыншалар фибрилляция, өткізгіштіктің бұзылуы, жүректің тоқтап қалуы мүмкін. Гиперкалиемияның ерте клиникалық белгілері әдетте ЭКГ-дегі өзгерістермен байқалады (жоғары үшкір T тісшесі, ST сегментінің депрессиясы, P тісшесінің жоғалуы, QT сегментінің ұзаруы, QRS кешенінің кеңеюі). Гиперкалиемия бүйрек үсті безі қабығы жеткіліксіздігімен, бүйрек жеткіліксіздігімен, ацидозбен пациенттерде, тіндердің зақымдануынан кейін (дененің үлкен беткейінің күйіктері) пациенттерде калий сақтайтын диуретиктерді немесе АӨФ тежегіштерін қатар қолданғанда пайда болуы мүмкін.

Емі: асқазанды шаю, ішке немесе к/і - натрий хлориді ерітіндісі, глюкозаны инсулинмен көктамыр ішіне енгізу немесе қарқынды диурез. Перитонеальді диализ немесе гемодиализ талап етілуі мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 немесе 100 капсуладан алғашқы ашылуы бақыланатын полиэтилен қақпақтарымен мөлдір шыныдан жасалған құтыларға салынған.

Құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулығымен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босату шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«ЭГИС ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖАҚ

1106 БУДАПЕШТ, Керестури к-сі, 30-38 Венгрия

Телефон: (36-1) 803-5555, факс: (36-1) 803-5529

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ, Венгрия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ ҚР-ғы өкілдігі

050060, Алматы қ-сы, Жароков к-сі 286 Г

тел: + 7 (727) 247 63 34, + 7 (727) 247 63 33, факс: + 7 (727) 247 61 41,

e-mail: egis@egis.kz

Прикрепленные файлы

511006861477976288_ru.doc 70.5 кб
188620851477977536_kz.doc 85.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники