Калия перманганат (5 г, Фармация 2010 ТОО)

МНН: Калия перманганат
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Potassium permanganate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003175
Период регистрации: 05.11.2015 - 05.11.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 87.07 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Калий перманганаты

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ұнтақ 5 г

Құрамы

белсенді зат: 5.0 г калий перманганаты,

Сипаттамасы

Күңгірт-күлгін немесе қоңыр-қара түсті түйіршіктелген ұнтақ немесе металл жарқылы бар күңгірт-күлгін немесе қара дерлік түсті кристалдар.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және дезинфекциялайтын басқа да препараттар.

АТХ коды D08АХ06.

Фармакологиялық қасиеттері

Калий перманганаты - антисептик. Препараттың әсері оның күшті тотықтыратын қасиеттеріне байланысты. Органикалық заттармен жанасқанда атомарлы оттегін бөледі. Препарат қалпына келгенде түзілетін тотық ақуыздармен кешенді бірігулер – альбуминаттар түзеді, осының есебінен калий перманганаты аз концентрацияларда тұтқыр, ал концентрацияланған ерітінділерде – тітіркендіретін, күйдіретін және иітетін әсер көрсетеді. Сондай-ақ, иісті кетіретін әсері бар. Күйіктер мен ойық жараларды емдегенде тиімді.

Калий перманганатының кейбір уларды зиянсыздандыратын қабілеті оның ерітінділерін белгісіз умен уланғанда және тағамдық уытты инфекцияларда асқазанды шаю үшін пайдаланудың негізінде жатыр.

Қолданылуы

- жарақаттарды, ойық жаралы және күйік беткейлерін шаюда

- ауызды және тамақты шаюда

- гинекологиялық және урологиялық тәжірибеде бүркіп шаю және шаюда

- алкалоидтармен, морфинмен, никотинмен, синильді қышқылмен, хининмен, фосформен уланған кезде, тағамдық уытты инфекцияларда асқазанды шаюда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен балаларға: сулы ерітінді түрінде сыртқа: жарақаттарды шаю үшін 0.1-0.5 %, ойық жаралы және күйік беткейлеріне 2-5%, ауыз бен тамақты шаю үшін 0.01-0.1%, гинекологиялық және урологиялық тәжірибеде бүркіп шаю және шаюға 0,02-0,1%. 0.02-0.1% ерітінділерін уланған кезде асқазанды шаю үшін де қолданады.

Калий перманганатының тек жаңадан дайындалған және сүзілген ерітіндісін пайдалану қажет. Ерітіндіні дайындау кезінде ерітінді түсінің қанығуына қарау қажет: жараларды шаю, ауыз бен тамақты шаю, гинекологиялық және урологиялық тәжірибеде бүркіп шаю және шаю, уланған кезде асқазанды шаю үшін әлсіз-қызғылт түсті ерітінді пайдаланылады. Ойық жаралар мен күйіктер үшін қаныққан-күлгін түске дейін жеткізе отырып, жоғары концентрацияланған ерітінді дайындайды.

Жағымсыз әсерлері

- жергілікті қолданған кезде сезімтал терінің тітіркенуі

- аллергиялық реакциялар (күйдіру)

- концентрацияланған ерітінділер пайдаланғанда жарақат беткейлері мен шырышты қабықтың күйіктері

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа аса жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Органикалық және жеңіл тұтанатын заттармен (көмір, қант, глицерин, спирт, танин және т.б.) өзара әрекеттескенде жарылыс болуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Калий перманганатының концентрацияланған ерітіндісі сыртқа қолданғанда теріні қоңыр түске бояйды. Калий перманганатының ерітіндісін аборт жасауға арналған зат ретінде пайдалануға болмайды, өйткені препаратты жоғары концентрацияланған дозаларда қынапқа енгізу тереңдетілген күюді, ауыр қан кетуін туғызады.

Жүктілік, лактация, балалар жасы

Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.

Кокаинмен, атропинмен және барбитураттармен улануларда тиімсіз.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: препарат артық дозаланғанда ауыз қуысының, өңеш бойының, асқазанның кенеттен ауыруы, құсу, диарея байқалады; ауыз қуысы мен жұтқыншақтың шырышты қабығы - ісінген, күңгірт-қоңыр немесе күлгін түсті, көмейдің ісінуі және механикалық асфиксия өршуі мүмкін, күйіктен болған шок, қимыл қозуы, құрысулар, ауыр пневмония, геморрагиялық колит, нефропатия, гепатопатия, паркинсонизм құбылыстары болуы мүмкін. Асқазан сөлінің қышқылдығы төмен болғанда айқын цианоз және ентігуі бар метгемоглобинемия дамуы мүмкін. Балалар үшін өлімге әкелетін доза - шамамен 3 г, ересектер үшін – 0.3-0.5 г/кг.

Емі: токсикология бөлімшесіне жатқызу

Шығарылу түрі мен қаптамасы

5 г-ден полимер құтыда. Құтылар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге орама қағаздан жасалған бумаға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге қапталады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардан қорғау керек

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019 Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел.факс: 8 (7212) 42-67-34

 

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019 Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел.факс: 8 (7212) 42-67-34

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы «Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019 Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел.факс: 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

165135741477976360_ru.doc 42.5 кб
709946151477977565_kz.doc 51.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники