Калия перманганат (порошок, 5 г, Фармацевтическая компания Ромат)

МНН: Калия перманганат
Производитель: Фармацевтическая компания Ромат , завод медицинских препаратов ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Potassium permanganate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014911
Период регистрации: 31.10.2014 - 31.10.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Калий перманганаты

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

5г ұнтақ

Құрамы

Бір банкінің (контейнердің) ішінде

белсенді зат - 5.0 г калий перманганаты,

Сипаттамасы

Күңгірт-күлгін немесе қоңыр-қара түсті түйіршіктелген ұнтақ немесе әдетте металл жарқылы бар күңгірт-күлгін немесе қара дерлік түсті кристалдар.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және зарарсыздандыратын басқа да препараттар. Калий перманганаты.

АТХ коды D 08 АХ06.

Фармакологиялық қасиеттері

Калий перманганаты - антисептик. Препараттың әсері оның күшті тотықтыратын қасиеттеріне байланысты. Органикалық заттармен жанасқанда атомарлы оттекті бөледі. Препарат қалпына келгенде түзілетін оксид ақуыздармен кешенді бірігулер – альбуминаттар түзеді, осының есебінен калий перманганаты аз концентрацияларда тұтқыр, ал концентрацияланған ерітінділерде – тітіркендіретін, күйдіретін және иітетін әсер көрсетеді. Сондай-ақ, дезодорациялайтын әсері бар. Күюлер мен ойық жараларды емдегенде тиімді.

Калий перманганатының кейбір уларды зиянсыздандыратын қабілеті белгісіз умен уланғанда және тағамдық уытты жұқпаларда асқазанды шаю үшін оның ерітінділерін пайдалануда жатыр.

Қолданылуы

- жарақаттарды, ойық жаралы және күйік беткейлерін шаюда

- ауызды және тамақты шаюда

- гинекологиялық және урологиялық тәжірибеде бүркіп шаю және шаюда

- алкалоидтармен, морфинмен, никотинмен, синильді қышқылмен, хининмен,

фосформен уланған кезде, тағамдық уытты жұқпаларда асқазанды шаюда

Қолдану тәсілі және дозалары

Төмендегі жағдайда сулы ерітінді түрінде сыртқа:

- жарақаттарды шаю 0.1-0.5 %

- ойық жаралы және күйік беткейлері 2-5%

- ауыз бен тамақты шаю 0.01-0.1%

- гинекологиялық және урологиялық тәжірибеде бүркіп шаю және шаю 0.02-0.1%

0.02-0.1% ерітінділерді уланған кезде асқазанды шаю үшін де қолданады. Калий перманганатының тек жаңадан дайындалған және сүзілген ерітіндісін пайдалану қажет. Ерітіндіні дайындау кезінде ерітінді түсінің қанығуына қарау қажет: жараларды шаю, ауыз бен тамақты шаю, гинекологиялық және урологиялық тәжірибеде бүркіп шаю және шаю, уланған кезде асқазанды шаю үшін әлсіз-қызғылт түсті ерітінді пайдаланылады. Ойық жаралар мен күйіктер үшін қаныққан-күлгін түске дейін жеткізе отырып, концентрацияланған ерітінді дайындайды.

Жағымсыз әсерлері

- жергілікті қолданған кезде сезімтал терінің тітіркенуі

- гиперемия және күйдіру

- концентрацияланған ерітіндіні пайдаланғанда жарақат беткейлерінің және шырышты қабықтың күйіктері

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа аса жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Органикалық және жеңіл тұтанатын заттармен (көмір, қант, глицерин, спирт, танин және т.б.) өзара әрекеттескенде жарылыс болуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Калий перманганатының концентрацияланған ерітіндісі сыртқа қолданғанда теріні қоңыр түске бояйды. Калий перманганатының ерітіндісін аборт жасауға арналған зат ретінде пайдалануға болмайды, өйткені препаратты жоғары концентрацияланған дозаларда қынапқа енгізу тереңдетілген күюді, ауыр қан кетуін туғызады.

Кокаинмен, атропинмен және барбитураттармен улануларда тиімсіз.

Жүктілік, лактация кезеңі, балалар жасы

Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: препаратты ішке қабылдаған кезде артық дозаланғанда ауыз қуысының, өңеш бойының, асқазанның қатты ауыруы, құсу, диарея байқалады; ауыз қуысы мен жұтқыншақтың шырышты қабығы - ісінген, күңгірт-қоңыр немесе күлгін түсті, көмейдің ісінуі және механикалық асфиксия өршуі мүмкін, күйіктен болған шок, қимыл қозуы, құрысулар, ауыр пневмония, геморрагиялық колит, нефропатия, гепатопатия, паркинсонизм құбылыстары болуы мүмкін. Асқазан сөлінің қышқылдығы төмен болғанда айқын цианоз және ентігуі бар метгемоглобинемия дамуы мүмкін. Балалар үшін өлімге әкелетін доза - шамамен 3 г, ересектер үшін – 0.3-0.5 г/кг.

Емі: токсикология бөлімшесіне жатқызу

Шығарылу түрі мен қаптамасы

5 г ұнтақтан тартылып жабылатын қақпағы бар үшбұрышты күлтесі бар шыны массадан жасалған банкілерге немесе полимер контейнерлерге салынған. Банкілерге немесе контейнерлерге заттаңбалар жапсырылады.

Банкілер немесе контейнерлер медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың тиісті санымен бірге картонға салынған және жылу ұстағыш үлбірмен тартып оралған немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Препараттың жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан, Семей қ., Краснознаменная к-сі, 13, тел (7222) 340867, факс (7222) 347559, e-mail: zmp@romat.kz

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы «Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан, Семей қ., Краснознаменная к-сі, 13, тел (7222) 340867, факс (7222) 347559, e-mail: zmp@romat.kz

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

361752141477976640_ru.doc 46 кб
118681341477977787_kz.doc 52 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники