Калетра

МНН: Лопинавир, Ритонавир
Производитель: Аесика Квинборо Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Лопинавир и ритонавир
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015503
Период регистрации: 14.05.2015 - 14.05.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 3 435.61 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Калетра®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған ерітінді

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: 80 мг лопинавир

20 мг ритонавир,

қосымша заттар: полиоксил 40, гидрогенделген майсана майы; тазартылған су, натрий хлориді, натрий цитраты, натрий сахарині, калий ацесульфамы, сусыз лимон қышқылы, сусыз этанол, пропиленгликоль, левоментол, повидон, глицерин, фруктоза мөлшері жоғары жүгері шәрбаты, Магнасвит 110 хош иістендіргіші, бұрыш жалбызының майы, ваниль хош иістендіргіші, кондитерлік мақта хош иістендіргіші.

Сипаттамасы

Ашық-сарыдан алтын түске дейінгі бөгде бөлшектері жоқ мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Вирустарға қарсы жүйелік қолдануға арналған препараттар. Вирустарға қарсы тікелей әсер ететін препараттар. HIV-протеиназа тежегіштері.

АТХ коды J05AE

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Дені сау ересек еріктілерде және АИТВ жұқтырған тұлғаларда фармакокинетикалық параметрлерінің елеулі айырмашылықтары анықталмаған. Лопинавир CYP3A әсерімен іс жүзінде толық ыдырайды. Ритонавир лопинавирдің метаболизмдік ыдырауын тежейді, осылайша қан плазмасындағы лопинавир концентрациясының ұлғаюына жол ашады. Лопинавирдің орташа концентрациясы, ритонавир концентрациясымен салыстырғанда, тепе-тең жағдайда 15-20 есе жоғары. Қан плазмасында ритонавир концентрациясы ритонавирдің 600 мг дозада тәулігіне екі рет енгізілуінен кейін байқалатын концентрациясынан 7% аз құрайды. EC50 лопинавирдің вирусқа қарсы тиімді концентрациясы ритонавир концентрациясынан шамамен 10 есе төмен. Препараттың вирусқа қарсы белсенділігі лопинавирдің қатысуымен шартталады.

Сіңуі: қан плазмасында лопинавирдің ең жоғары концентрациясы (Сmax) енгізілгеннен кейін шамамен 4 сағаттан соң 9,6  4,4 мкг/мл құрайды. Таңертеңгі дозаны енгізер алдында тепе-тең жағдайдағы орташа ең аз концентрациясы 5,5  4,0 мкг/мл құрайды. Лопинавирге тән AUC (концентрация-уақыт қисығы астындағы аудан) шамасы енгізілгеннен кейін 12 сағаттан соң 82,8  44,5 мкг/сағ./мл құрайды. Тамақтанудан соң (500 ккал, 25% май) Калетра препаратын капсула немесе ерітінді түрінде қолданғаннан кейін лопинавир концентрациясы ерекшеленбеген. Препаратты ашқарынға енгізгенде Калетра препаратын ерітінді түрінде қолдану кезіндегі лопинавирге тән орташа AUC және Сmax шамалары, Калетра препараты капсулаларын енгізуден соң алынған шамалармен салыстырғанда, 22% аз болды.

Ішу арқылы қабылдағандағы тамақтың сіңуге әсері

Ерітінді түріндегі лопинавир/ритонавир биожетімділігі май мөлшері орташа тамақ ішкенде өзгермейді. Биожетімділігін арттыру және фармакокинетикалық параметрлерінің ауытқуын әбден азайту үшін Калетра препаратын тамақпен бірге қабылдау ұсынылады.

Таралуы: тепе-тең жағдайда шамамен 98-99% лопинавир плазма ақуыздарымен байланысады.

Метаболизмдік ыдырауы: лопинавир көбіне тотығу жолымен метаболизденеді, Р450 цитохромы жүйесінің, атап айтқанда, CYP3A изоферментінің әсерімен бауырда қарқынды ыдырайды. Ритонавир CYP3A белсенділігін қуатты тежегіші болып табылады, сол арқылы лопинавир ыдырауын тежейді және оның қан плазмасындағы концентрациясының жорғарылауын шарттайды.

Шығарылуы: лопинавирдің жартылай шығарылу кезеңі препаратты енгізулер арасындағы 12 сағаттық үзіліс бойына 5-6 сағат құрайды, ал лопинавир клиренсі 6-7 л/сағатқа тең.

Тәулігіне бір рет қолдану

Тамақпен тәулігіне 1 рет 800/200 мг лопинавир/ритонавирді көп реттік қолдану қолданғаннан кейін 6 сағаттан соң лопинавирдің 11,8  3,7 г/мл Сmax мәніне әкеледі. Таңертеңгі дозаға дейінгі лопинавирдің орташа тепе-тең концентрациялары 3,2  2,1 г/мл және препарат қабылдаулар арасында ең төменгі концентрациялары 1,7  1,6 г/мл құрайды.

Орташа AUC мәні 24 сағат ішінде 154,1  61,4 гсағ./мл құрайды.

Балалардағы фармакокинетикасы

Лопинавир/ритонавирдің ішуге арналған 300 мг/75 мг/м2 дозаларында тұрақты орташа AUC, Сmax пен Сmin деңгейлері невирапинсіз 230 мг/57.5 мг/м2 дозалардағы ішуге арналған ерітіндідегі лопинавир/ритонавирден кейін, тиісінше, 72,6  31,1 гсағ./мл, 8,2  2,9 г/мл және 3,4  2,1 г/мл әрі невирапинмен біріктірілген 300 мг/75 мг/м2 дозалардағы ішуге арналған ерітіндідегі лопинавир/ритонавирден кейін, тиісінше, 85,8  36,9 гсағ./мл, 10,0  3,3 г/мл және 3,6  3,5 г/мл құрайды.

Егде жастағы пациенттер

Жас ерекшелігіне немесе тұқым қуалауға байланысты ерекшеліктері табылмаған.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Лопинавирдің бүйректік клиренсі мардымсыз, бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда жалпы клиренс кемуі күтілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауырдың жеңілден орташа дәрежеге дейін бұзылуы бар пациенттерде лопинавирдің жалпы концентрацияларының шамамен 30% клиникалық мәні жоқ шектеулі артуы байқалады.

Фармакодинамикасы

Лопинавир – АИТВ-1 және АИТВ-2 протеазаларының тежегіші – жетілмеген инфекциялы емес вирустың өнуіне әкеліп, gag-pol-полипротеин ыдырауын болдырмайды.

Ритонавир – ішу арқылы қолданылатын АИТВ-1 және АИТВ-2 аспартилпротеазаларының пептидомиметикалық тежегіші. АИТВ протеазасының тежелуі осы ферментті ізашар gag pol полипротеинін өңдеу қабілетінен айырады, бұл жұқпа жұқтырудың жаңа циклдерін бастамалауға қабілетсіз морфологиялық тұрғыда жетілмеген АИТВ бөлшектерінің түзілуіне әкеледі. Ритонавирдің АИТВ протеазасына селективті тектестігі бар және адам аспартил-протеазаларына қарсы тежеу белсенділігі төмен.

Қолданылуы

Калетра препараты АИТВ-1 жұқтырған ересектерде, жасөспірімдер мен 2 жастан асқан балаларда адамның иммун тапшылық вирусын (АИТВ-1) басқа да антиретровирустық препараттармен біріктіріп емдеуге көрсетілген.

Калетра препаратын бұрын протеаза тежегіштерімен емделу тәжірибесі бар АИТВ-1 жұқтырған пациенттерді емдеу үшін таңдау пациенттердің жеке төзімділік тестісіне және ауру тарихына негізделуі тиіс.

Қолдану тәсілі және дозалары

Калетра препаратын АИТВ-инфекциясын емдеу тәжірибесі бар дәрігерлер тағайындауы тиіс.

Позология

Ересектер мен жасөспірімдерде қолдану. Калетра препаратының ұсынылатын дозасы күніне екі рет тамақтану кезінде ішуге арналған 5 мл ерітіндіні (400/100 мг) құрайды.

Педиатрияда қолданылуы (2 жастан бастап және одан асқан балалар).

Калетра препаратының күніне екі рет ас ішумен бірге ұсынылатын дозасы 230/57,5 мг/м² құрайды. Ең жоғары дозасы - күніне екі рет 400/100 мг/м2. Калетра препараты балаларда күніне бір рет режимінде қолданылмауы тиіс.

Кейбір балаларда невирапин мен эфавиренз қатарлас қабылданғанда 230/57,5 мг/м² доза жеткіліксіз болуы мүмкін. Осы пациенттер үшін дозаны 300/75 мг/м² дейін арттыру мүмкіндігін қарастыру керек. Егер Калетра препаратын қабылдау невирапин немесе эфавиренз қабылдаумен үйлеспесе, егер дұрысы дене салмағына қарай дозалау болса, онда дене салмағы 15-40 кг тең болатын немесе одан асатын пациенттер үшін доза күніне екі рет 10/2,5 мг/кг құрайды.

Препарат калибрленген дозалағыш құрылғыны пайдаланумен қолданылуы тиіс. Ішу арқылы қолданылатын ерітінді балаларда дене беткейі ауданына қарай дәл дозалау қажет болатын жағдайларда ұсынылады. Алайда, дене салмағы 40 кг-ден аз немесе дене беткейінің ауданы 0,5-тен 1,4 м2 дейін және таблетка жұтуға қабілетті балаларда қатты дәрілік түрлер пайдалану қажет болатын жағдайларда 100 мг/25 мг таблетка қолдануға болады. Ересектерге арналған дозасын (күніне екі рет 400/100 мг) дене салмағы 40 кг және одан көп немесе дене беткейінің ауданы 1,4 м2 аса балаларда пайдалануға болады.Таблеткаланған түрлері ішу арқылы қолданылуы тиіс, оларды бүтіндей жұту қажет, шайнауға, сындыруға және ұсақтауға болмайды (тиісті дәрілік түрлердің медициналық қолдануы жөніндегі нұсқаулықты қараңыз).

Келесі кестеде дене салмағына және дене беткейінің ауданына (ДБА) қарай Калетра препаратын, ішке қабылдауға арналған ерітіндісін дозалау бойынша ұсыныстар бар.

Балаларда дене салмағына қарай қолданылуы

Дене салмағы (кг)

Күніне екі рет, ерітінді мөлшері (мг/кг доза)

15-тен 40 кг дейін

10/2,5 мг/кг

* Дене салмағына қарай қолданылуы шектеулі деректерге негізделген

230/57,5 мг/м2 дозасы кезінде балаларда қолдану

Дене беткейінің ауданы (м²)*

Ерітінді мөлшері, күніне екі рет (мг доза)

0,25

0,7 мл (57,5/14,4 мг)

0,40

1,2 мл (96/24 мг)

0,50

1,4 мл (115/28,8 мг)

0,75

2,2 мл (172,5/43,1 мг)

0,80

2,3 мл (184/46 мг)

1,00

2,9 мл (230/57,5 мг)

1,25

3,6 мл (287,5/71,9 мг)

1,3

3,7 мл (299/74,8 мг)

1,4

4,0 мл (322/80,5 мг)

1,5

4,3 мл (345/86,3 мг)

1,7

5 мл (402,5/100,6 мг)

* Дене беткейінің ауданы (ДБА) мына формула бойынша есептеледі:

ДБА(м2) = √ (Бойы (см) х Салмағы (кг) / 3600)

2 жасқа дейінгі балалар. Калетра препаратын 2 жасқа дейінгі балаларда қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған. Қазіргі уақытта қолда бар деректер «Фармакокинетика» бөлімінде сипатталған, алайда қолданылуы жөнінде нұсқаулар беруге болмайды. Барлық дәрілік заттардың, соның ішінде балаларға енгізілетін, ішуге арналған Калетра препаратының ерітіндісінің құрамындағы этанол мен пропиленгликольдің жалпы мөлшері осы қосымша заттармен уыттануға жол бермеу үшін назарға алынуы тиіс («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер. Лопинавир мен ритонавирдің бүйректік клиренсінің төмен екенін ескеріп, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде плазмадағы концентрациясының жоғарылауы жорамалданбайды. Қан ақуыздарымен байланысу дәрежесінің жоғары екеніне орай, гемодиализ және перитонеальді диализ кезінде препараттың шығарылу ықтималдығы аз.

Қолдану әдісі. Калетра ішу арқылы қолданылады және үнемі ас ішумен бірге қабылдануы тиіс («Фармакокинетикасы» бөлімін қараңыз).

Жағымсыз әсерлері

а) Жалпы қауіпсіздік бейіні

Лопинавир/ритонавир қауіпсіздігі ІІ-ІV фазадағы клиникалық зерттеулерде 2600 пациентте зерттелді, олардың 700-ден астамы кері транскриптазаның нуклеозидті тежегіштерімен (КТНТ) бірге күніне бір рет 800/200 мг (6 капсула немесе 4 таблетка) дозаны алды, кейбір зерттеулерде Калетра эфавиренз немесе невирапинмен біріктіріп пайдаланылды.

Лопинавир/ритонавирмен емдеуге байланысты ең жиі жағымсыз реакция диарея, жүрек айнуы, құсу, гипертриглицеридемия және гиперхолестеринемия болды. Диарея, жүректің айнуы мен құсу емнің басында орын алуы мүмкін, сонымен қатар, гипертриглицеридемия және гиперхолестеринемия сияқты кеш те басталуы мүмкін. Қолайсыз құбылыстарды емдеу II-IV фазадағы зерттеуде 7% пациентте зерттеуді мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелді.

Панкреатит жағдайларының лопинавир/ритонавир алған, соның ішінде гипертриглицеридемия көрініс берген пациенттерде тіркелгенін атап өту маңызды. Бұдан басқа, лопинавир/ритонавирмен емделу кезінде ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі PR аралығы ұзарған сирек жағдайлар хабарланды.

б) Жағымсыз реакциялар тізімі.

Ересектердегі клиникалық зерттеулер барысында білінген жағымсыз реакциялар.

Хабарланған жағымсыз реакциялардың ауырлығы себеп-салдарлы байланысының болу мүмкіндігімен немесе ықтималдығымен орташадан ауыр дәрежеге дейін болды. Төменде келтірілген жағымсыз реакциялар ағзалар мен жүйелер бойынша және пайда болу жиілігіне қарай орналасқан: өте жиі (10 %-дан жоғары), жиі (1-10 %), жиі емес (0,1-1 %), сирек (0,01-0,1 %).

Өте жиі

- жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары

- диарея, жүрек айнуы

Жиі

- төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары, тері инфекциялары, целлюлитті, фолликулитті және фурункулдарды қоса

- анемия, лейкопения, нейтропения, лимфоаденопатия

- есекжем мен ангионевроздық ісінуді қоса аса жоғары сезімталдық

- үрейлену

- қант диабетін қоса, қанда глюкоза құрамының бұзылуы, гипертриглицеридемия, гиперхолестеринемия, салмақтың төмендеуі, тәбеттің төмендеуі

- бас ауыруы (бас сақинасын қоса), невропатия (шеткері невропатияны қоса), бас айналу, ұйқысыздық

- гипертензия

- панкреатит, құсу, гастроэзофагеальді рефлюксті ауру, гастроэнтерит және колит, іштің ауыруы (жоғарғы және төменгі бөлігінде), іштің кебуі, диспепсия, геморрой, метеоризм

- гепатит, АСТ, АЛТ және ГГТ (гамма-глютамилтранспептидаза) жоғарылауын қоса

- макулопапулезді бөртпені қоса бөртпе, дерматит/бөртпе, экзема мен себореялық дерматитті қоса, түнгі тер бөліністері, қышыну

- миалгия, артралгияны және арқаның ауыруын қоса, қаңқа-бұлшықет ауыруы, бұлшықет әлсіздігі мен құрысуды қоса бұлшықет бұзылулары

- эректильді дисфункция, етеккір оралымының бұзылуы – аменорея, меноррагия

- қажу, астенияны қоса

Жиі емес

- иммундық қайта белсенділену синдромы

- гипогонадизм

- әдеттен тыс түстер көру, либидоның төмендеуі

- цереброваскулярлы бұзылулар, құрысулар, дисгевзия, агевзия, тремор

- көру мүшелері тарапынан бұзылулар

- құлақтағы шуыл, бас айналу

- атеросклероз және олардан болған миокард инфарктісі, атриовентрикулярлы бөгеліс, үшжармалы қақпақша жеткіліксіздігі

- терең көктамырлар тромбозы

- гастроинтестинальді қан кетулер, гастроинтестинальді ойық жараны қоса, дуоденит, гастрит және ректальді қан кетулер, стоматит және оральді ойық жара, нәжістің тоқтамауы, іш қатуы, ауыз ішінің құрғауы

- бауырдың майлы дистрофиясы, гепатомегалия, холангит, гипербилирубинемия

- рабдомиолиз, остеонекроз

- креатинин клиренсінің төмендеуі, нефрит, гематурия

- алопеция, капиллярит, васкулит

Сирек

  • салмақтың артуы, тәбеттің артуы

Жиілігі анықталмаған

- сарғаю

- Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема

в) Жағымсыз реакциялар сипаттамасы

Кушинг синдромы жөнінде лопинавир/ритонавирді флутиказонмен бір мезгілде интраназальді немесе ингаляция арқылы қабылдайтын пациенттерде хабарланды, бұл Р450 3А арқылы метаболизденетін басқа да кортикостероидтармен, мысалы, будесонидпен де болуы мүмкін.

Протеаза тежегіштерін, әсіресе, кері транскриптаза нуклеозидтерінің тежегіштерімен үйлестіріп қолдану кезінде креатинфосфокиназаның (КФК) көтерілуі, миалгия, миозит, әрі сирек рабдомиолиз жөнінде хабарланды.

Біріктірілген антиретровирустық ем гипертриглицеридемия, гиперхолестеринемия, инсулинге төзімділік, гипергликемия және гиперлактатемия сияқты метаболизмдік бұзылулармен байланысты болды.

Ауыр иммун тапшылығы бар АИТВ жұқтырған пациенттерде біріктірілген антиретровирустық ем басталар сәтте симптомсыз немесе опортунистік инфекцияларға қабыну реакциялары пайда болуы мүмкін. Сонымен бірге аутоиммундық бұзылулар туралы (мысалы, Грейвс ауруы) хабарланды.

Остеонекроз жағдайлары жөнінде, әсіресе, үдемелі АИТВ сатысындағы жалпыға мәлім қауіп факторлары бар пациенттерде немесе біріктірілген антиретровирустық емді ұзақ мерзімді қолдану кезінде хабарланды.

Балаларда клиникалық зерттеулерде белгіленген жағымсыз реакциялар.

2 жастан бастап және одан жоғары жастағы балаларда жағымсыз реакциялар бейіні мен препараттың жағымдылығы ересек пациенттердегідей болды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

-лопинавирге немесе ритонавирге немесе препараттың қандай да бір белсенді емес компонентіне жоғары сезімталдық

- клиренсі едәуір шамада CYP3A-ға тәуелденетін және қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылауы күрделі және/немесе өмірге қауіпті реакциялардың туындауына әкелетін препараттармен бір мезгілде қолдану: альфузозин, фузидий қышқылы, астемизол, терфенадин, блонансерин, ішу арқылы қабылданатын мидазолам, триазолам, цизаприд, ловастатин, симвастатин, сальметерол, пимозид, кветиапин амиодарон, қастауыш алкалоидтары (эрготамин, дигидроэрготамин, эргоновин мен метилэргоновин) және аванафил, өкпенің артериялық гипертензиясын емдеуге арналған силденафил және варденафил

- құрамында шілтерленген шайқурай бар (Hypericum perforatum) өсімдік тектес препараттармен бір мезгілде қолдану

- ауыр сипатты бауыр жеткіліксіздігі

- қосымша затпен (пропиленгликоль) бірге уыттылық қаупі болуы салдарынан 2 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер мен дисульфирам немесе метронидазол қабылдаған пациенттер

Сақтықпен: жеңіл және орташа бауыр функциясының жеткіліксіздігі немесе бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Калетра өзіндік метаболизмін in vivo индукциялайды және Р450 цитохромы ферменттік жүйесінің (CYP2C9 және CYP2C19 қоса) көмегімен, сондай-ақ глюкурондану арқылы метаболизденетін кейбір дәрілік препараттардың биотрансформациясын арттырады. Бұл құбылыс плазмадағы концентрациясының төмендеуіне және бір мезгілде тағайындалған дәрілік заттардың тиімділігінің потенциалды азаюына әкелуі мүмкін.

Өзара әрекеттесулердің атап айтқанда болжамды ауқымында және күрделі жағымсыз құбылыстарға байланысты қолдануға қарсы көрсетілімдегі дәрілік препараттар «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімінде берілген.

Жеке-дара антиретровирусты және антиретровирусты емес дәрілік препараттармен белгілі және болжамды өзара әрекеттесулері төмендегі кестеде келтірілген.

Өзара әрекеттесу кестесі

Калетра препараты және бірге тағайындалатын дәрілік препараттармен өзара әрекеттесулері төмендегі кестеде келтірілген (ұлғаюы “↑” белгіленген, төмендеуі “↓” белгіленген, өзгеріссіз “↔” белгіленген, тәулігіне бір рет қолдану “1 рет/тәулік” белгіленген, тәулігіне 2 рет “2 рет/тәулік” белгіленген және тәулігіне үш рет "3 рет/тәулік" деп белгіленген).

Егер басқаша көрсетілмесе, төменде келтірілген зерттеулер лопинавир/ритонавирдің (мысалы, 400/100 мг тәулігіне 2 рет) ұсынылған дозалануын қолданумен жүргізілген.

Қолдану саласы бойынша бірге тағайындалатын препарат

Препараттар концентрациясына әсері

Орташа геометриялық ауытқуы (%)AUC, Cmax, Cmin

Өзара әрекеттесу механизмі

Калетрамен бірге тағайындауға қатысты клиникалық ұсыныстар

Антиретровирусты агенттер

Кері транскриптазаның нуклеозидті/нуклеотидты тежегіштері (КТНТ)

Ставудин, Ламивудин

Лопинавир: ↔

Доза түзету талап етілмейді.

Абакавир, Зидовудин

Абакавир, зидовудин:

Калетра препараты глюкуронизацияны ұлғайтуына байланысты концентрациясы төмендеуі мүмкін.

Абакавир және зидовудиннің концентрациясы төмендеуінің клиникалық мәні белгісіз.

Тенофовир, 300 мг 1 рет/тәулік

Тенофовир:

AUC: ↑32%

Cmax: ↔

Cmin: ↑51%

Лопинавир: ↔

Доза түзету талап етілмейді. Тенофовирдің жоғары концентрациясы бүйрек функциясы бұзылуын қоса,

тенофовирге байланысты жағымсыз құбылыстарды күшейтуі мүмкін

Кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштері (КТНЕТ)

Эфавиренз, 600 мг 1 рет/тәулік

Лопинавир:

AUC: ↓20%

Cmax: ↓13%

Cmin: ↓42%

Эфавирензбен үйлесімде тағайындағанда 2 рет/тәулік Калетра препаратының таблетка түрінің дозасын 500/125 мг дейін ұлғайту керек

 

Эфавиренз, 600 мг 1 рет/тәулік (Лопинавир/ ритонавир 500/125 мг 2 рет/тәулік)

 

Лопинавир: ↔

(осыған ұқсас 400/100 мг 2 рет/тәулік монотерапия түрінде)

Невирапин, 200 мг 2 рет/тәулік

Лопинавир:

AUC: ↓27%

Cmax: ↓19%

Cmin: ↓51%

Невирапинмен бірге тағайындағанда 2 рет/тәулік Калетра препаратының таблетка түріндегі дозасын 500/125 мг дейін ұлғайту керек.

Этравирин: (Лопинавир/ ритонавир таблеткаларын 400/100 мг 2 рет/тәулік)

Этравирин:

AUC: ↓35%

Cmin: ↓45%

Cmax: ↓30%

Лопинавир:

AUC: ↔

Cmin: ↓20%

Cmax: ↔

Доза түзету талап етілмейді

Рилпивирин (Лопинавир/ ритонавир капсулаларын 400/100 мг 2 рет/тәулік)

Рилпивирин:

AUC: ↑52%

Cmin: ↑74%

Cmax: ↑29%

Лопинавир:

AUC: ↔

Cmin: ↓11%

Cmax: ↔

(CYP3A ферменттерін тежейді)

Калетра препаратын рилпивиринмен бірге қолдану рилпивириннің

плазмалық концентрациясының артуын туындатады, алайда доза түзету талап етілмейді.

АИТВ CCR5 антагонистері

Маравирок

Маравирок:

AUC: ↑295%

Cmax: ↑97%

Лопинавир/ ритонавирдің CYP3A тежеуіне байланысты

Калетра препаратымен 400/100 мг 2 рет/тәулік бірге қолданғанда маравирок дозасын 2 рет/тәулік 150 мг дейін азайту керек.

Интеграза тежегіштері

Ралтегравир

Ралтегравир:

AUC: ↔

Cmax: ↔

C12: ↓30%

Лопинавир: ↔

Доза түзету талап етілмейді

Басқа АИТВ протеаза тежегіштерімен (ПТ) бірге тағайындау

Бекітілген ұсыныстарға сәйкес, протеаза тежегіштерімен бірге ем әдетте ұсынылмайды.

Фосампренавир/ ритонавир (700/100 мг 2 рет/тәулік) (Лопинавир/ ритонавир 400/100 мг 2 рет/тәулік)

немесе

Фосампренавир (1400 мг 2 рет/тәулік) (Лопинавир/ ритонавир 533/133 мг 2 рет/тәулік)

Фосампренавир:

Ампренавир концентрациясы елеулі төмендейді.

Фосампренавирдің (1400 мг 2 рет/тәулік) жоғары дозаларын лопинавирмен/ ритонавирмен (533/133 мг 2 рет/тәулік) бірге қолдану бұрын протеаза тежегіштерімен ем алған пациенттерде асқазан-ішек жағымсыз құбылыстарының жиілігі артуына және

фосампренавир/ритонавир-дің стандартты дозаларын қолданумен салыстырғанда

вирологиялық тиімділігінің артуына әкелмей біріктірілген сызба пайдаланғанда триглицеридтер деңгейінің жоғарылауына әкелді.

Бұл дәрілік препараттарды бірге тағайындау ұсынылмайды.

Индинавир, 600 мг 2 рет/тәулік

Индинавир:

AUC: ↔

Cmin: ↑3,5-есе

Cmax: ↓

(индинавирге қатысты 800 мг 3 рет/тәулік монотерапия түрінде)

Лопинавир: ↔

(тарихи когортамен салыстырғанда)

Тиімділігі мен қауіпсіздігі мәселелерін ескере отырып, бұл біріктірілім үшін тиісінше доза анықталмаған.

Саквинавир 1000 мг 2 рет/тәулік

Саквинавир: ↔

Доза түзету талап етілмейді.

Типранавир/ ритонавир (500/100 мг 2 рет/тәулік)

Лопинавир:

AUC: ↓55%

Cmin: ↓70%

Cmax: ↓47%

Бұл дәрілік препараттарды бірге тағайындау ұсынылмайды.

Қышқылдығын төмендететін препараттар

Омепразол (40 мг 1 рет/тәулік)

Омепразол: ↔

Лопинавир: ↔

Доза түзету талап етілмейді.

Ранитидин (150 мг

бір рет)

Ранитидин: ↔

Доза түзету талап етілмейді.

Альфа1-адренорецепторлар антагонистері

Альфузозин

Альфузозин:

Лопинавир/ритонавирдің CYP3A тежегіш қабілетіне байланысты альфузозин концентрациясының жоғарылауы күтіледі.

Калетра препаратын және альфузозинды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз) гипотензияны қоса, альфузозинге байланысты уыттылығы күшеюі мүмкіндігінен бірге тағайындау қарсы көрсетілімде

Анальгетиктер

Фентанил

Фентанил:

Калетра препаратымен CYP3A тежелуінен плазмалық концентрациялардың жоғарырақ болуына байланысты жағымсыз әсерлері қаупінің артуы (тыныс алу бәсеңдеуі, седация)

.

Фентанил және Калетра препаратымен бірге тағайындалғанда жағымсыз құбылыстарға мұқият мониторинг ұсынылады (әсіресе тыныс алу бәсеңдеуі, сондай-ақ седация).

Аритмияға қарсы препараттар

Дигоксин

Дигоксин:

Калетра препаратымен Р-гликопротеин (Pgp) тежелуіне байланысты плазмалық концент рациясы артуы мүмкін.

Дигоксиннің ұлғайған деңгейі уақыт өте келе Pgp

индукциясы дамуы шамасына қарай төмендеуі мүмкін.

Калетра препаратын және

дигоксинді бірге тағайындаған жағдайда сақ болу керек, мүмкін болғанша дигоксин концентрациясына мониторинг жүргізу ұсынылады.

Калетра препаратын дигоксин қабылдаушыларға тағайындағанда ерекше назар аудару керек, өйткені ритонавирдің Pgp –ға күтілетін күрт тежегіш әсері

дигоксин концентрациясын елеулі жоғарылатады.

Калетра препаратын қабылдайтын пациенттерде дигоксинмен ем бастау күткенмен салыстырғанда дигоксин концентрациясының аздап көтерілуіне әкелуі ықтимал.

Бепридил, лидокаин жүйелі қолданғанда және хинидин

Бепридил, лидокаин жүйелі қолданғанда және хинидин:

Препараттар концентрациясы Калетра препаратымен бірге тағайындағанда жоғарылауы мүмкін.

Мүмкіндігінше, препарат концентрациясына мониторингі ұсынылады, сақтық талап етіледі.

Антибиотиктер

Кларитромицин

Кларитромицин:

Калетра препаратымен CYP3A тежелуіне байланысты кларитромициннің AUC орташа жоғарылауы күтіледі.

Бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттерде (креатинин клиренсі <30 мл/мин) кларитромицин дозасын төмендетуге назар аудару керек

(«Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз). Кларитромицинді Калетра препаратымен бірге бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.

Ісікке қарсы препарат тар

Дасатиниб және нилотиниб, винкристин, винбластин сияқты тирозинкиназа тежегіштерінің көпшілігі

Дасатиниб және нилотиниб, сондай-ақ винкристин және винбластин сияқты көптеген тирозинкиназа тежегіштері:

Калетра препаратымен CYP3A4 тежелуінен өте жоғары сарысулық концентрацияларына байланысты жағымсыз құбылыстар қаупі жоғарылайды.

Бұл обырға қарсы препараттардың жағымдылығына мұқият

мониторинг керек.

Дасатинибты және нилотинибты бір мезгілде қолданғанда оларды дозалау үшін бұл препараттарды қолдану бойынша нұсқаулықты басшылыққа алу керек.

Антикоагулянттар

Варфарин

Варфарин:

Бірге тағайындау концентрацияға Калетра препаратымен CYP2C9 индукциялануына

байланысты әсер етуі мүмкін.

ХҚҚ мониторингі (халықаралық қалыптасқан қатынас) ұсынылады Х).

Ривароксабан

(Ритонавир 600 мг 2 рет/тәулік)

Ривароксабан:

AUC: ↑153%

Cmax: ↑55%

Лопинавирмен/ ритонавирмен CYP3A және Pgp тежелуіне байланысты.

Ривароксабан мен Калетра препаратын бірге тағайындау ривароксабан экспозициясын ұлғайтуы мүмкін, бұл қан кету қаупін арттыруы мүмкін.

Калетра препаратымен қатарлас ем қабылдайтын пациенттерде ривароксабанды қолдану ұсынылмайды

(«Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Эпилепсияға қарсы препарат тар

Фенитоин

Фенитоин:

Калетра препаратының әсерімен CYP2C9 және CYP2C19 индукциялануы нәтижесінде тепе-теңдік концентрациялары орташа төмендеген.

Лопинавир:

Концентрациясы

фенитоинмен CYP3A индукциялануы нәтижесінде төмендеген.

Калетра препаратымен үйлесімде фенитоин тағайындағанда сақ болу керек.

Лопинавирмен/ритонавир-мен үйлесімде қолданғанда фенитоин деңгейін бақылау керек.

Фенитоинмен бірге қолданғанда Калетра препаратының дозасы арттырылуы талап етілуі мүмкін.

Клиникалық практикада доза түзету зерттелмеген.

Карбамазепин және фенобарбитал

Карбамазепин:

Сарысулық концентрациялары Калетра препаратымен CYP3A тежелуінен жоғарылауы мүмкін.

Лопинавир:

Концентрациялары карбамазепинмен және фенобарбиталмен CYP3A индукциялануынан төмендеуі мүмкін.

Карбамазепин немесе фенобарбиталды

Калетра препаратымен үйлесімде тағайындағанда сақ болу керек.

Лопинавирмен/ ритонавирмен үйлесімде қолданғанда карбамазепин немесе фенобарбитал деңгейін бақылау керек.

Карбамазепинмен немесе фенобарбиталмен

үйлесімде қолданғанда Калетра препаратының дозасын ұлғайту талап етілуі мүмкін.

Клиникалық практикада доза түзету зерттелмеген.

Ламотриджин және вальпроат

Ламотриджин:

AUC: ↓50%

Cmax: ↓46%

Cmin: ↓56%

Глюкуронидаза индукциясына байланысты метаболизденетін ламотриджин.

Вальпроат: ↓

Калетра препаратын және вальпрой қышқылын немесе вальпроатты бір мезгілде тағайындағанда вальпрой қышқылының әсерінің төмендеуіне науқастарды мұқият бақылау керек.

Калетра препаратын қабылдауды бастаған немесе тоқтататын пациенттерде демеуші дозада жүрген уақытындағы ламотриджин:

Калетра препаратын қосқанда ламотриджин дозасын жоғарылату, немесе Калетра препаратын қабылдауды тоқтатқанда төмендету талап етілуі мүмкін; сондықтан плазмадағы ламотриджин деңгейін, әсіресе қабылдау алдында 2 апта бұрын және бастағаннан кейін 2 аптадан соң плазмадағы ламотриджин деңгейін бақылау керек немесе Калетра препаратын қабылдауды тоқтату керек, бұл ламотриджин дозасын түзету қажеттігін көру үшін керек.

Калетра препаратын қабылдаушы және ламотриджин қабылдауды бастаушы пациенттерде:

ламотриджиннің ұсынылған дозасын жоғарылдатуды түзету қажеттігі жоқ.

Антидепрессанттар және анксиолитиктер

Тразодон бір рет (ритонавир, 200 мг 2 рет/тәулік)

Тразодон:

AUC: ↑ 2,4 рет

Тразодон мен ритонавирды бірге тағайындағаннан кейін жүрек айнуы, бас айналуы, гипотензия және естен тану сияқты жағымсыз құбылыстар бақыланды.

Лопинавир/ ритонавирдің біріктірілімі тразодон экспозициясының ұқсас ұлғаюын туындататыны белгісіз. Біріктірілімді сақтықпен қолдану керек және тразодонның төменірек дозасын қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.

Зеңге қарсы препараттар

Кетоконазол және итраконазол

Кетоконазол, итраконазол: Калетра препаратының CYP3A тежеуінен сарысулық концентрация жоғарылауы мүмкін

Кетоконазол және итраконазолдың жоғары дозаларын қолдану ұсынылмайды (>200 мг/тәулік).

Вориконазол

Вориконазол:

Концентрация төмендеуі мүмкін.

Ворикозолды және Калетра препараты құрамындағы ритонавирдің төмен дозаларын (100 мг 2 рет/тәулік) бірге тағайындаудан аулақ болу керек, тек пациент үшін пайда/қауіп арақатынасы вориконазолды қолдануды ақтайтын жағдайларды қоспағанда.

Подаграға қарсы препараттар

Колхицин бір реттік

(ритонавир 200 мг 2 рет/тәулік)

Колхицин:

AUC: ↑ 3 рет

Cmax: ↑ 1,8 рет

Pgp және/немесе CYP3A4 ритонавирмен тежелуіне байланысты.

Калетра препаратын колхицинмен бір мезгілде қабылдау

колхициннің нейробұлшықет уыттылығын потенциалды арттыруынан (рабдомиолизді қоса) ұсынылмайды, әсіресе бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)

Микробқа қарсы препараттар

Фузидий қышқылы

Фузидий қышқылы:

Концентрациялары

лопинавирмен/ ритонавирмен CYP3A тежелуіне байланысты ұлғаюы мүмкін.

Калетра препаратын фузидий қышқылымен бірге тағайындау

фузидий қышқылына байланысты, әсіресе

рабдомиолиздің жағымсыз құбылыстар қаупі жоғарылығынан дерматологиялық практикада қарсы көрсетілімде,

(«Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Бұл препараттарды бірге тағайындамаса болмайтын сүйек-буын инфекциялары себепті қолданғанда бұлшықеттердің жағымсыз құбылыстарына мұқият клиникалық мониторинг ерекше ұсынылады

(«Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Туберкулезге қарсы препараттар

Бедаквилин (бір рет) (лопинавир/ ритонавир 400/100 мг 2 рет/тәулік, бірнеше доза)

Бедаквилин:

AUC: ↑22%

Cmax: ↔

Бедаквилинді

лопинавирмен/ ритонавирмен ұзақ уақыт бірге тағайындағанда плазмалық экспозициясына әсері айқынырақ.

Лопинавир/ ритонавир әсерімен CYP3A4 тежелуі ықтимал.

Бедаквилинге байланысты жағымсыз құбылыстар қаупіне байланысты, бедаквилин және лопинавир/ ритонавир біріктірілімінен аулақ болу керек. Егер пайдасы қаупінен астам болған жағдай болса, бедаквилинді лопинавирмен/ ритонавирмен бірге тағайындауды сақтықпен жасау керек. Электрокардиограмманы және трансаминазаларға жиірек бақылау ұсынылады («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз және бедаквилин қолдану бойынша нұсқаулық).

Рифабутин, 150 мг 1 рет/тәулік

Рифабутин (бастапқы дәрілік зат және оның белсенді метаболиті 25-O-дезацетил):

AUC: ↑ 5,7 ретке дейін

Cmax: ↑ 3,5 ретке дейін

Калетра препаратымен тағайындағанда рифабутиннің ұсынылатын дозасы белгіленген күндері (мысалы, дүйсенбі – сәрсенбі – жұма) аптасына 3 рет 150 мг құрайды.

Рифабутин экспозициясын жоғарылатқанда күтілетін, нейтропенияны және увеитті қоса, рифабутинге байланысты жағымсыз құбылыстарға мұқият бақылау керек.

Аптасына үш рет рифабутиннің 150 мг дозасының жағымдылығы нашар пациенттерде дозаны аптасына 2 ретке дейін одан әрі қарай төмендету ұсынылады (белгіленген күндері). Аптасына екі рет 150 мг доза рифабутиннің оңтайлы экспозициясын қамтамасыз ете алмауы мүмкіндігін ескеру керек, бұл рифабутинге төзімділік дамуы қаупіне және ем сәтсіз болуына әкеледі.

Калетра препараты үшін доза түзету талап етілмейді.

Рифампицин

Лопинавир:

Лопинавир концентрациясының елеулі төмендеуі

рифампицинмен CYP3A индукциясына байланысты бақылануы мүмкін.

Калетра препаратын

рифампицинмен бірге қолдану ұсынылмайды,

өйткені лопинавир концентрациясын төмендету

лопинавирдің емдік әсерін елеулі азайтуы мүмкін.

Калетра препаратының дозасын 400/400 мг дейін (яғни Калетра 400/100 мг + ритонавир 300 мг) 2 рет/тәулік түзету рифампициннің CYP3A4 индукциялайтын әсерін

компенсациялауға мүмкіндік берді. Алайда дозаны бұлай ұлғайту АЛТ/АСТ деңгейінің жоғарылауымен және асқазан-ішек бұзылуларымен қатар жүруі мүмкін.

Егер ол өте қажет болмаса, бірге қолданудан аулақ болу керек.

Егер бірге қолданбаса болмайтын жағдай болса, онда Калетра препаратының жоғары дозасын 400/400 мг 2 рет/тәулік рифампицинмен қауіпсіздігін мұқият бақылаумен қолдануға болады. Калетра препаратының дозасын жоғарылату

рифампицинмен ем басталғаннан кейін ғана жүруі тиіс («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Психозға қарсы препараттар

Кветиапин

Лопинавирмен/ ритонавирмен CYP3A тежелуіне байланысты кветиапин концентрациясы ұлғаюы күтіледі.

Калетра препаратын және кветиапинді бірге тағайындау қарсы көрсетілімде, өйткені ол

кветиапинге байланысты уыттылық даму ықтималдығын ұлғайтуы мүмкін.

Бензодиазепиндер

Мидазолам

Мидазолам,ішу арқылы қабылданатын:

AUC: ↑ 13 рет

Мидазолам, парентеральді:

AUC: ↑ 4 рет

Калетра препаратымен CYP3A тежелуіне байланысты.

Калетра препараты

мидазоламның ішу арқылы қабылданатын түрімен бірге тағайындалмауы тиіс («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Калетра препаратын және мидазоламның парентеральді түрін бірге тағайындауда сақ болу керек. Егер Калетра мидазоламның парентеральді түрімен бірге тағайындалса, бұл жағдайдағы емді қарқынды емдеу бөлімшесінде немесе соған ұқсас жағдайда жүргізу керек, бұл мұқият клиникалық бақылауды және тыныс алуы бәсеңдеген жағдайда және/немесе ұзақ тыныштандыратын әсерде қажетті медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін керек.

Мидазолам дозасын түзету мүмкіндігін қарастыру керек, әсіресе егер мидазоламның бір дозасынан астамы қолданылса.

Бета2-адренорецепторлар агонистері (ұзақ әсер ететін)

Сальметерол

Сальметерол:

Лопинавирмен/ ритонавирмен CYP3A тежелуіне байланысты концентрация артуы күтіледі.

Бұл біріктірілім сальметеролға байланысты QT аралығының ұзаруын, жүрек қағуын сезіну және синустық тахикардияны қоса, жүрек-қантамырларының жағымсыз құбылыстарының ұлғаюы қаупіне әкелуі мүмкін.

Калетра препаратын салметеролмен бірге тағайындау

ұсынылмайды («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Кальций өзекшелерінің блокаторлары

Фелодипин, нифедипин және никардипин

Фелодипин, нифедипин, никардипин:

Калетра препаратымен CYP3A тежелуіне байланысты концентрация артуы мүмкін.

Бұл препараттар Калетра препаратымен бірге тағайындалған жағдайларда

емдік және жағымсыз әсерлеріне

клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады.

Кортикостероидтар

Дексаметазон

Лопинавир:

Дексаметазонмен CYP3A индукциялануына байланысты концентрациясы төмендеуі мүмкін.

Бұл препараттар Калетра препаратымен бірге тағайындалған жағдайларда

вирусқа қарсы тиімділігіне клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады.

Флутиказон пропионаты, 50 мкг интраназальді 4 рет/тәулік (100 мг ритонавир 2 рет/тәулік)

Флутиказон пропионаты:

Плазмалық концентрациясы↑

Кортизол деңгейі ↓86%

Күштірек әсерін

флутиказон пропионатының ингаляциясында күтуге болады.

Ритонавирді және ингаляция немесе флутиказон пропионатын интраназальді енгізілетін науқастарда

Кушинг синдромын және бүйрек үсті бездері функциясы бәсеңдеуін қоса, кортикостероидтардың жүйелі әсері дамығаны туралы хабарланды; бұндай құбылыстар

P450 3A жолымен метаболизденетін басқа да кортикостероидтарды, мысалы будесонид пайдаланғанда бақылануы мүмкін. Сондықтан егер тек емнің потенциалды пайдасы жүйелік кортикостероидтық әсерінің қаупінен асып түспесе

Калетра препаратын және бұл глюкокортикоидтарды үйлестіріп қолдану ұсынылмайды

(«Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз). Жергілікті және жүйелік әсерлерін мұқият бақылаумен глюкокортикоид дозасын төмендетуді немесе

CYP3A4 субстраты емес глюкокортикоидтарға ауысуды (мысалы, беклометазон) қарастыру керек. Бұдан басқа, глюкокортикоидтарды тоқтатқан жағдайда ұзағырақ кезең бойына дозаны біртіндеп төмендету талап етілуі мүмкін.

Фосфодиэстераза тежегіштері (PDE5)

Аванафил

(ритонавир 600 мг 2 рет/тәулік)

Аванафил:

AUC: ↑13-есе

Лопинавирмен/ ритонавирмен CYP3A тежелуіне байланысты.

Аванафилді Калетра препаратымен бірге қолдану қарсы көрсетілімде

(«Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Тадалафил

Тадалафил:

AUC: ↑2 рет

Лопинавирмен/ ритонавирмен CYP3A тежелуіне байланысты.

Өкпе гипертензиясын емдеу үшін:

Калетра препаратын силденафилмен бірге тағайындау қарсы көрсетілімде

(«Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Калетра препаратын тадалафилмен

бірге тағайындау

ұсынылмайды.

Эректильді дисфункцияны емдеу үшін:

Гипотензияны, естен тануды, көзбен көруге болатын өзгерістерді және ұзақ эрекцияны қоса, Калетра препаратын

қабылдайтын пациенттерге

силденафил немесе тадалафил тағайындағанда

жағымсыз құбылыстарға

мониторингті күшейте отырып, ерекше назар аудару керек («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз). Калетра препаратымен бірге тағайындағанда силденафил дозасы 48 сағатта 25 мг аспауы тиіс, ал тадалафил дозасы әр 72 сағат сайын 10 мг аспауы тиіс.

Силденафил

Силденафил:

AUC: ↑ 11 есе

Лопинавирмен/ ритонавирмен CYP3A тежелуіне байланысты.

Варденафил

Варденафил:

AUC: ↑ 49 рет

Калетра препаратымен CYP3A тежелуіне байланысты.

Варденафилді Калетра препаратымен бірге қолдану қарсы көрсетілімде («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

С гепатиті вирусы протеаза тежегіштері (СГВ)

Боцепревир 800 мг

3 рет/тәулік

Боцепревир:

AUC: ↓45%

Cmax: ↓50%

Cmin: ↓57%

Лопинавир:

AUC: ↓34%

Cmax: ↓30%

Cmin: ↓43%

Калетра препаратын және боцепревирді бірге тағайындау ұсынылмайды.

Симепревир 200 мг 1 рет/тәулік (ритонавир 100 мг 2 рет/тәулік)

Симепревир:

AUC: ↑в7,2 рет

Cmax: ↑ 4,7 рет

Cmin: ↑14,4 рет

Калетра препаратын және симепревирді бірге тағайындау ұсынылмайды.

Телапревир 750 мг 3 рет/тәулік

Телапревир:

AUC: ↓54%

Cmax: ↓53%

Сmin: ↓52%

Лопинавир: ↔

Калетра препаратын және телапревирді бірге тағайындау ұсынылмайды.

Өсімдік текті препараттар

Шайқурай

(Hypericum perforatum)

Лопинавир:

Концентрациялары құрамында шайқурай бар өсімдік препараттарымен CYP3A индукциялануына байланысты төмендеуі мүмкін.

Құрамында шайқурай бар өсімдік текті препараттардың

лопинавирмен және ритонавирмен біріктірілімі ұсынылмайды. Егер пациент осыған дейін шайқурай препараттарын қабылдап жүрсе, бұл препараттарды тоқтату керек, және егер мүмкін болса вирустық жүктеме деңгейін тексеру керек.

Шайқурай препараттарын тоқтатқанда лопинавир және ритонавир деңгейі жоғарылауы мүмкін.

Калетра препаратының дозасын түзету талап етілуі мүмкін. Индукциялайтын әсері шайқурай препараттарымен емді тоқтатқаннан кейін ең кемі 2 апта сақталуы мүмкін

(«Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Сондықтан, Калетра препаратымен емді

шайқурай препараттарымен емді тоқтатқаннан кейін

2 аптадан соң қауіпсіз бастауға болады.

Иммунодепрессанттар

Циклоспорин, сиролимус (рапамицин) және такролимус

Циклоспорин, сиролимус (рапамицин), такролимус:

Калетра препаратымен CYP3A тежелуіне байланысты концентрациялары жоғарылауы мүмкін.

Бұл препараттардың плазмалық деңгейі тепе-теңдік жай-күйге келгенше

емдік концентрацияларына жиірек мониторинг ұсынылады.

Липидтер деңгейін төмендететін препараттар

Ловастатин және симвастатин

Ловастатин, симвастатин:

Калетра препаратымен CYP3A тежелуіне байланысты

плазмалық концентрациясы елеулі жоғарылайды

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерінің жоғары концентрациясы миопатия туындататын болғандықтан

рабдомиолизді қоса, Калетра препаратымен бұл препараттардың

біріктірілімі

қарсы көрсетілімде («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Аторвастатин

Аторвастатин:

AUC: ↑ 5,9 есе

Cmax: ↑ 4,7 есе

Калетра препаратымен CYP3A тежелуіне байланысты.

Калетра препаратының аторвастатинмен

біріктірілімі

ұсынылмайды. Егер аторвастатин қолдану қатаң көрсетілімде саналса,

қауіпсіздігін мұқият мониторингтей отырып, аторвастатиннің ең төмен мүмкін болатын дозасын тағайындау керек , («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Розувастатин, 20 мг 1 рет/тәулік

Розувастатин:

AUC: ↑ 2 есе

Cmax: ↑ 5 есе

Бұл арада розувастатин CYP3A4 елеусіз метаболизденеді, оның плазмалық концентрациясы артқаны бақыланды. Бұл өзара әрекеттесулердің механизміне тасымалдаушы протеиндер тежелуі қызмет етуі мүмкін.

Калетра розувастатинмен бірге тағайындалған жағдайда, сақ болу керек және төмен доза тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Флувастатин немесе правастатин

Флувастатин, правастатин:

Клиникалық елеулі өзара әрекеттесулер күтілмейді.

Правастатин CYP450 метаболизденбейді. Флувастатин ішінара CYP450 метаболизденеді.

Егер пациентке

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін қолданумен ем көрсетілсе, флувастатин немесе правастатин қолдану ұсынылады.

Апиындар

Бупренорфин, 16 мг 1 рет/тәулік

Бупренорфин: ↔

Доза түзету талап етілмейді.

Метадон

Метадон: ↓

Метадонның плазмалық концентрациясына мониторинг жүргізу ұсынылады.

Ішу арқылы қабылданатын контрацептивтер

Этинилэстрадиол

Этинилэстрадиол: ↓

Калетра препараты құрамында этинилэстрадиол бар (дәрілік түріне байланыссыз, мысалы ішу арқылы қабылданатын түрі немесе жергілікті қолдануға арналған түрі), контрацептивтермен бірге тағайындалған жағдайда , контрацепцияның қосымша әдістерін пайдалану керек.

Никотинге тәуелділікке қарсы препараттар

Бупропион

Бупропион және оның белсенді метаболиті, гидроксибупропион:

AUC және Cmax ↓~50%

Бұл әсер бупропион метаболизмі индукциясы салдарынан дамуы мүмкін.

Егер лопинавир/ ритонавирді бупропионмен бірге тағайындамау мүмкіндігі болмаса, байқалған индукцияға қарамастан, осы ұсынылған дозаны арттырмай, бупропион тиімділігіне мұқият клиникалық мониторинг жүргізілуі арқылы қолданылады.

Тамыр кеңейтетін дәрілік заттар

Бозентан

Лопинавир/ ритонавир:

Лопинавир/ ритонавирдің плзамалық коонцентрациясы бозентанмен

CYP3A4 индукциялануына байланысты төмендеуі мүмкін.

Бозентан:

AUC: ↑ 5 рет

Cmax: ↑ 6 рет

Ем басында, Cmin Бозентан: ↑ шамамен 48 рет.

CYP3A4 тежелуіне байланысты лопинавирмен/ ритонавирмен.

Калетра препаратын бозентанмен бірге тағайындағанда сақ болу керек. Калетра бозентанмен бірге тағайындалған жағдайларда АИТВ емінің тиімділігіне мониторинг жүргізу керек және бозентан уыттылығын анықтау мақсатында, әсіресе бірге қолданудың бірінші аптасы ішінде пациенттерді мұқият бақылау керек.

Басқа да дәрілік препараттар

Белгілі метаболизмдік бейіндер негізінде Калетра препараты мен флувастатин, дапсон, триметоприм/сульфаметоксазол, азитромицин немесе флуконазол арасында клиникалық елеулі өзара әрекеттесулер күтілмейді.

Айрықша нұсқаулар

Қатарлас аурулары бар пациенттер

Бауыр аурулары.

Калетра препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі бауыр функциясының қатарлас ауыр бұзылулары бар науқастарда анықталған жоқ. Калетра препаратын бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Созылмалы В немесе С гепатиті бар пациенттерді антиретровирустық препараттарды біріктіріп емдеген кезде бауыр тарапынан ауыр және өмірге қауіптілігі зор жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары. В немесе С гепатитін қатарлас вирусқа қарсы емдеген жағдайда осы дәрілік заттарды қолдану жөніндегі нұсқаулыққа жүгіну қажет.

Созылмалы гепатитті қоса, бауырдың бұрын бұзылуы болған пациенттерде вирусқа қарсы үйлестірілген ем кезінде бауыр сынамаларының функциялық бұзылуының жоғары жиілігі бақыланды, бұл қабылданған стандартты тәжірибеге сәйкес бақылануы тиіс.

Бауыр ауруының нашарлау симптомдары пайда болғанда емді тоқтату немесе үзілісі туралы мәселені қарастыру керек.

АИТВ-1 моно жұқтырған пациенттерде және қатынастан кейін профилактика жүргізілген адамдарда басқа да антиретровирустық препараттармен үйлесімде лопинавирмен/ ритонавирмен емді бастағаннан кейін 7 күннен кейін билирубин деңгейінің жоғарылауымен немесе онсыз трансаминазалар деңгейінің жоғарылағаны туралы хабарламалар алынған. Кейбір жағдайларда бауыр дисфункциясы ауыр сипат алған.

Тиісті зертханалық зерттеулер лопинавир/ритонавирмен емді бастағанға дейін жүргізілуі тиіс, емдеу барысында мұқият мониторинг жүргізу керек.

Бүйрек аурулары.

Лопинавир мен ритонавирдің бүйректік клиренсі елеусіз, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде қан плазмасындағы концентрациясының артуы күтілмейді. Лопинавир мен ритонавирдің жоғары ақуыз байланыстырушы қабілеті болғандықтан, олардың концентрациясының гемодиализ немесе перитонеальді диализ көмегімен елеулі төмендеу ықтималдығы аз.

Гемофилия

Протеаза тежегіштерімен емделген А және В гемофилиясы бар пациенттерде өздігінен болатын тері гематомалары және гемартроздарын қоса, жоғары қанағыштық туралы хабарламалар болған. Кейбір пациенттерге қосымша VIII фактор тағайындаған. Көрсетілген жағдайлардың көпшілігінде егер ол тоқтатылған болса, протеаза тежегіштерімен емдеу жалғастырылған немесе қайта жаңғыртылған. Әсер ету механизмі түсіндірілмесе де себеп-салдарлы байланыс анықталды. Сондықтан гемофилиясы бар пациенттерге жоғары қанағыштық мүмкіндігі туралы хабарлануы тиіс.

Панкреатит

Гипертриглицеридемия дамыған пациенттерді қоса, Калетраны қабылдаған пациенттерде панкреатит жағдайлары туралы хабарламалар болған. Көп жағдайларда пациенттерде анамнезінде панкреатит болғаны және/немесе панкреатитке байланысты басқа препараттармен бір мезгілде ем анықталды. Триглицеридтер деңгейінің айқын жоғарылауы панкреатиттің даму қаупінің факторы болып табылады. Үдемелі АИТВ-инфекциясы бар адамдарда триглицеридтер концентрациясының арту қаупі мен панкреатиттің дамуы жоғарылауы мүмкін. Жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы сияқты симптомдар дамыған немесе сарысулық липазалар немесе амилазалар деңгейінің жоғарылауы сияқты зертханалық тестілер бойынша ауытқулар болған жағдайда панкреатит даму мүмкіндігін қарастыру керек. Бұндай симптомдар пайда болған пациенттерді тексеру керек, ал егер панкреатит диагнозы анықталса, Калетра препаратымен емдеу тоқтатылуы керек («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз).

Иммундық қайта белсенділену синдромы

Иммун тапшылығы ауыр АИТВ жұқтырған пациенттерде біріктірілген антиретровирустық емнен өту барысында (БАРЕ) шартты-патогенді микроорганизмдерге қабыну реакциясы туындауы мүмкін. Әдетте, мұндай реакциялар біріктірілген антиретровирустық ем басталғаннан кейін алғашқы апталар/айлар ішінде бақыланған. Мұның мысалдары цитомегаловирусты ретинит, жайылған және/немесе ошақтық микобактериялық инфекциялар, сондай-ақ пневмоцистік пневмония бола алады. Қабынудың бүкіл симптомдарын бағалап, ал қажет болғанда – тиісінше ем тағайындау қажет.

Иммундық қайта белсенуі жағдайындағы аутоиммундық ауруларға (Грейвс ауруы сияқты) қатысты хабарламалар да алынған. Дегенмен олардың көрініс беру уақыты әртүрлі және олар лопинавир/ритонавирмен емдеу басталғаннан кейін көп айлар өткен соң пайда болуы мүмкін.

Остеонекроз

Остеонекроз этиологиясы көп факторлы болса да (кортикостероидтар қабылдауды, алкогольді шамадан тыс пайдалануды, ауыр иммуносупрессияны, дене салмағының жоғары индексін қоса), оның жағдайлары үдемелі АИТВ-инфекциясы және/немесе ұзақ мерзімді біріктірілген вирусқа қарсы емдегі (CART) пациенттерде бақыланды. Егер науқас буындарының ауыруын, қозғалған кезде қиналыс сезінсе, дәрігерге қаралу ұсынылады.

PR аралығының ұзаруы

Лопинавир/ритонавир кейбір дені сау ересек сынақтағыларда PR аралығының орташа асимптоматикалық ұзаруын туғызған|. Анамнезінде жүрек аурулары, өткізгіштіктің бұзылуы болған науқастарда және PR | аралығын ұзартатын препараттар (мысалы, верапамил| немесе атазанавир|) алған пациенттерде лопинавир/ ритонавирді бір мезгілде қолдану кезіндегі 2-ші, 3-ші дәрежелі атриовентрикулярлы блокада туралы сирек хабарламалар бар. Калетра препаратын мұндай пациенттерге абайлап тағайындаған жөн.

Дене салмағы және метаболизм параметрлері

Вирусқа қарсы ем кезінде дене салмағының артуы және қандағы липидтер деңгейі жоғарылауы дамуы мүмкін. Бұндай өзгерістер ішінара ауру барысын және өмір салтын бақылауға байланысты болуы мүмкін. Липидтерге қатысты кейбір жағдайларда емге байланысты дәлелдер бар, сонымен бірге дене салмағы артуы үшін қандай да бір нақты емге байланысты бұндай дәлелдер жоқ. Липидтер деңгейін бақылауға қатысты АИТВ емдеу бойынша қолданыстағы нұсқаулыққа қарау керек. Липидтік бұзылуларды клиникалық практикаға сәйкес емдеу керек.

Дәрілермен өзара әрекеттесулері

Қолдануға болмайтын жағдайлар

ЭКГ жиірек бақылау және трансаминазаларға бақылау ұсынылады («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз және бедаквилин қолдану бойынша нұсқаулықты қараңыз).

Калетра препаратын, әсіресе бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде колхицинмен бір мезгілге тағайындауға болмайды («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Калетра препаратын төмендегілермен үйлестіру:

  • өкпе артериялық гипертензиясын емдеу үшін көрсетілген, тадалафилмен ұсынылмайды («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз);

  • фузидий қышқылымен сүйек-буын инфекцияларында ұсынылмайды («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз);

  • салметеролмен ұсынылмайды («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз);

  • ривароксабанмен ұсынылмайды («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Калетра препаратын аторвастатинмен үйлестіру ұсынылмайды. Егер аторвастатинді пайдалану аса қажет болса, қауіпсіздігіне мұқият бақылау жағдайында аторвастатиннің ең аз болжамды дозасын қолдану керек. Калетра препаратын розувастатинмен бір мезгілде пайдаланғанда сақ болу керек және доза азайту мүмкіндігін ескеру керек. Егер ГМГ-CoA-редуктаза тежегіштерімен ем көрсетілсе, онда правастатин және флувастатин ұсынылады («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

PDE5фосфодиэстераза тежегіштері

Калетра препаратын қолданатын пациенттерде эректильді дисфункцияны емдеу үшін силденафил немесе тадалафилді сақтықпен қолдану керек. Бұл дәрілік заттарды Калетра препаратымен бірге қолданудың олардың қан плазмасындағы концентрациясын едәуір арттыруы және артериялық гипотензия, естен тану, көрудің бұзылуы, әсері ұзартылған эрекция сияқты жағымсыз реакциялар туындатуы күтіледі («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз). Аванафилді немесе варденафилді лопинавирмен/ритонавирмен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімде («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз). Өкпе артериялық гипертензиясы бар пациенттерде силденафилді және Калетра препаратын бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімде. Лопинавир/ритонавирді варденафилмен бір мезгілде қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Калетра препаратын және QT аралығын ұзартуға қабілетті ретінде белгілі препараттарды: хлорфенирамин, хиницин, эритромицин, кларитромицин сияқты дәрілік заттарды тағайындағанда аса сақтық танытқан жөн.

Калетра препараты бірге қабылдағанда олардың концентрациясын арттыруы және олардың жүрекке жағымсыз әсерін күшейтуі мүмкін.

Клиникаға дейінгі зерттеулерде Калетра препаратын қолданғанда жүрек тарапынан жағымсыз құбылыстар болғаны туралы хабарланды; сондықтан қазіргі уақытта жүрекке әсерін Калетра препаратымен күшейту мүмкіндігін толық жоққа шығаруға болмайды («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз).

Калетра препаратын рифампицинмен үйлесімде тағайындау ұсынылмайды. Рифампицин Калетра препаратымен үйлесімде лопинавир концентрациясының елеулі төмендеуін туындатады, бұл өз кезегінде оның емдік әсерін елеулі азайтуы мүмкін. Лопинавир/ ритонавирдің адекватты экспозициясына Калетра препаратының жоғарырақ дозаларын пайдаланумен қол жеткізуге болады, бірақ бұл бауырға және асқазан-ішек жолдарына уытты әсерінің жоғарырақ қаупімен байланысты.

Осылайша егер ол аса қажет болмайтын болса, бұлай үйлестіріп қолданудан аулақ болу керек («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Калетра препаратын және флутиказонды немесе басқа да CYP3A әсерімен метаболизденетін (будесонид сияқты) глюкокортикоидтарды, Кушинг синдромын және бүйрек үсті бездерінің функциясы бәсеңдетілуін қоса, егер емнің потенциалды пайдасы жүйелі кортикостероидтардың әсері қаупінен астам болмаса бір мезгілде қолдану ұсынылмайды («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Басқа да жайттар

Калетра препаратын ішу арқылы қабылдауға арналған ерітіндіні қабылдайтын, әсіресе, бүйрек функциясы бұзылған немесе пропиленгликоль метаболизінің қабілеті төмендеген пациенттер (мысалы, азиялық тектес тұлғалар) пропиленгликольдің уытты әсерінен болатын жағымсыз реакциялардың (мысалы, құрысулар, мелшиіп қалу, тахикардия, гиперосмолярлық, лактатацидоз, нефроуыттылық, гемолиз) даму мүмкіндігіне байланысты қатаң қадағалануы тиіс («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Калетра АИТВ-инфекциясынан немесе ЖИТС-тен айықтырмайды. Вирустарды вирусқа қарсы препараттармен тиімді бәсеңдетудің жыныс жолдары арқылы берілетін қауіпті елеулі төмендететіні көрсетілсе де, қалдық қауіп толық жоққа шығарылмайды. Жыныс жолдары арқылы инфекция берілуіне қарсы сақтық шараларын ұлттық нұсқауларға сәйкес қолдану керек. Калетра препаратын қабылдайтын адамдар АИТВ-пен астасқан аурулар мен ЖИТС даму қаупіне ұшырауға да бейім.

Пропиленгликольден басқа, Калетра құрамында бауыр аурулары, алкоголизм, эпилепсия, ми жарақаттанулары мен аурулары бар адамдар үшін, сондай-ақ жүкті әйелдер мен балалар үшін аса қауіпті этанол (42 көлемі %) бар. Ол өзге дәрілік заттар әсерін өзгертуі немесе күшейтуі мүмкін. Калетрада тиісінше қолданылғанда бір дозада 0,8 г дейін болатын фруктоза бар, ол туа біткен фруктоза көтере алмаушылығы бар адамдарға сай келмейді. Калетрада бір дозада 0,3 г дейін болатын глицерин бар, ол артық дозаланғанда ғана бас ауыруы мен асқазан-ішек бұзылыстарын туғыза алады. Сонымен қатар, Калетра препаратының ерітіндісінде полиоксол 40 гидрогенделген майсана майы мен калий бар, сондықтан препараттың үлкен дозаларын тұтынғанда асқазан-ішек бұзылыстары болуы мүмкін. Калий мөлшері төмен диета ұстанатын пациенттерге препаратта калий бар екенін ескерту керек.

Ішу арқылы қабылдауға арналған Калетра препараты ерітіндісінің ерекше уыттылық қаупі дәрілік зат құрамында этанол мен пропиленгликоль болуымен байланысты.

Медицина қызметкерлері ішу арқылы қолданылатын Калетра ерітіндісінің

концентрациясы жоғары және құрамында 42,4 көлемдік % этанол және 15,3% (көлемге шаққандағы салмағы) пропиленгликоль бар екенін білуі тиіс. Әр 1 мл ерітіндіде 356,3 мг спирт пен 152,7 мг пропиленгликоль бар. Дәрілік қателіктер мен артық дозалану тұрғысынан болатын қатерді жоққа тән азайту үшін Калетра препараты дозасын есептеуге, рецепт беруге, дозалау бойынша нұсқаулар мен ақпараттың таралуына ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бұл кішкентай балалар үшін ерекше маңызды.

Сәбиге тағайындалған дәрілердің бәріндегі этанол мен пропиленгликоль мөлшері осы қосымша заттармен уыттануды болдырмау үшін назарға алынуы тиіс. Балаларда ішу арқылы қабылдауға арналған Калетра ерітіндісімен байланысты уыттылықты, соның ішінде: сүт қышқылды ацидозбен немесе онсыз гиперосмолярлық, бүйректік уыттану, орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі (соның ішінде мелшию, кома және апноэ), құрысулар, гипотония, жүрек ырғағының бұзылуы және ЭКГ өзгерістері, гемолизді ұқыпты қадағалау қажет.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Балаларда қолданылуы 6 айдан 18 жасқа дейінгі жастағы балаларда АИТВ жұқтырған балалар қатыстырылған клиникалық зерттеулерде жағымсыз әсерлерінің бейіні ересектердегі осындаймен ұқсас болды.Калетра препараты күніне бір рет режимінде балаларда қолданылмауы тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Әдетте, жүкті әйелдердегі АИТВ–инфекциясын емдеу үшін әрі, соған сәйкес, жаңа туған нәрестеге тікелей АИТВ берілу қатерін төмендету үшін антиретровирустық препараттар пайдалану туралы шешім қабылдағанда шаранаға төнетін қауіпсіздігін сипаттау үшін жануарларға жүргізілген зерттеулер деректеріне, сондай-ақ жүкті әйелдердегі клиникалық тәжірибеге сүйену керек.

Лопинавир/ ритонавир әсері бірінші триместр уақытындағы 1000-нан астам әйелді қоса, жүктілік кезінде 3000-нан астам әйелде зерттелді.

1989 жылдың қаңтарында негізін қалаған Жүкті әйелдердің Антиретровирустық Тізілімінің постмаркетингтік бақылауларында жүктіліктің алғашқы триместрінде лопинавир/ритонавир қабылдаған 600-ден астам әйелдер арасында туа біткен ақаулар қаупінің жоғарылауы хабарланбаған. Жүктіліктің кез келген триместрінде лопинавир қолдану кезінде туа біткен ақаулардың таралуын жалпы қауымдағы туа біткен ақаулардың таралуымен салыстыруға болады. Жалпы этиологияны көрсететін туа біткен ақаулар байқалмаған. Жоғарыда аталған деректер негізінде адамдағы мальформативті қауіп ықтималдығы аз. Клиникалық көрсетілімдерде лопинавир жүктілік кезінде пайдаланылуы мүмкін.

Лактаця кезеңі

Тышқандарға жүргізілген зерттеулер лопинавирдің сүтпен бөлінетіндігін көрсетті. Бұл дәрілік заттың әйел сүтімен бөлінетіндігі белгісіз. Жалпы қағида ретінде АИТВ берілуін болдырмас үшін АИТВ жұқтырған аналардың ешбір жағдайда баласына емшек емізбеуі ұсынылады.

Фертильділігі

Бұл зерттеулер жануарлардың фертильдігіне әсерін көрсеткен жоқ. Лопинавир/ритонавирдің адамдағы фертильдікке әсері туралы деректер жоқ.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралдарын және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі бойынша зерттеулер жүргізілмеген. Пациенттерді Калетра препаратын қабылдау кезінде жүрек айнуы бақыланған туралы хабардар ету керек («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз).

Калетра препаратының ішке қабылдауға арналған ерітіндісі құрамында шамамен 42 көл.% спирт бар.

Артық дозалануы

Симптомдары: сілекейдің ағуы, құсу, диарея, атаксия, кахексия, дегидратация, тремор.

Емі: тіршілік үшін маңызды функцияларды және науқастың клиникалық жай-күйін бақылау аясында жалпы емдеу. Лопинавир/ритонавир үшін арнайы антидоты жоқ. Мүмкіндігінше, құстыру немесе асқазанды шаю арқылы сіңбеген препарат қалдықтарын асқазаннан шығарған жөн. Препарат қалдықтарын оңай шығару үшін белсендірілген көмір пайдалануға болады. Лопинавир/ритонавир плазма ақуыздарымен белсенді байланысатындықтан, диализ жүргізу препараттың организмнен көбірек шығарылуына әкелмейді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

60 мл препараттан балалардың құтыны ашып алуын кедергілейтін тетігі болатын бұралатын полипропилен қалпақшасы бар янтарь түсті полиэтилентерефталды пластик құтыда.

5 құтыдан 0.1 мл бағалау бөлігі бар 5 дозаторымен (5 мл) медициналық қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

2ºС-ден 8ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек. Ерітіндіні ашқаннан кейін тоңазытқыштан тыс жерде 42 күн бойы 25ºС-ден аспайтын температурада сақтауға болады, одан соң қалдығы жойылады. Тоңазытқыштан тыс жерде сақтау басталған күнді қаптамасында көрсету ұсынылады. Жылу әсерінен қорғау керек!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Аесика Квинборо Лтд, Ұлыбритания

Тіркеу куәлігінің иесі

Эббви Биофармасьютикалс ГмбХ, Швейцария /

AbbVie Biopharmaceuticals GmbH, Switzerland.

Мекенжайы: Neuhofstrasse 23, 6341 Baar, Switzerland.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

AbbVie Biopharmaceuticals GmbH компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі: Алматы қ., 050044, Сатпаев к-сі 30A/1, «Тенгиз Тауэрс» ЖК, 97 кеңсе, тел. +7 727 222 14 18, факс. +7 727 398 94 88, эл.поштасы: kz_ppd_pv@abbvie.com

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың қауіпсіздігіне тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы:

AbbVie Biopharmaceuticals GmbH компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі: Алматы қ., 050044, Сатпаев к-сі 30A/1, «Тенгиз Тауэрс» ЖК, 97 кеңсе, тел.: +7 727 222 14 18, факс: +7 727 398 94 88, эл. поштасы: kz_ppd_pv@abbvie.com

Прикрепленные файлы

456972181477976511_ru.doc 95.53 кб
566464881477977688_kz.doc 340 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники