Календулы цветки

МНН: Календулы лекарственной цветки
Производитель: Зерде-Фито ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антисептики и дезинфицирующие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017079
Информация о регистрации в РК: 26.12.2019 - 26.12.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Қырмызыгүл гүлдері

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

30 г, 50 г гүлдер

Құрамы

Бір қорапшаның ішіндебелсенді зат – 30 г, 50 г қырмызыгүл гүлдері

Сипаттамасы

Диаметрі 5 см дейін, тілшік гүлдері қызғылт сары, қызғылт сары-қызыл, қызғылт сары-сары немесе сары түсті, ортаңғы гүлдері түтікше тәрізді, қызғылт сары-сары себеттер. Орауышы жартылай шар тәрізді жасылдау-сұр түсті жапырақшалардан тұрады. Иісі әлсіз, хош иісті, дәмі тұздылау-ащы.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және зарарсыздандыратын басқа да препараттар

АТХ коды D08 АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Антисептикалық, қабынуға қарсы, спазмолитикалық, өт айдайтын, бактерицидтік, жараны жазатын, тыныштандыратын дәрі. Қырмызыгүл гүлдерінде болатын биологиялық белсенді заттардың (флавоноидтар, алкалоидтар, С витамині, ащы заттар, фитонцидтер, каротин, шырыштар, сапониндер, иіткіш заттар, эфир майы, органикалық қышқылдар) микробқа қарсы, қабынуға қарсы және орташа өт айдағыш әсері бар.

Эфир майы микробқа қарсы, спазмолитикалық, қабынуға қарсы әсер етеді.

Ащы заттар секреторлы белсенділікті қоздырады, ол бауырда өттің түзілуін және өт бөлінуінің күшеюіне және асқазанның секреторлы белсенділігінің жоғарылауына ықпал етеді.

Фитонцидтер – микробқа қарсы айқын әсері бар ұшқыш органикалық заттар.

Сапониндер – ісінуге қарсы, артериялық қысымды төмендететін және тыныштандыратын әсері бар органикалық заттар.

Шырыштардың бүркегіш және жұмсартқыш қасиеттері бар.

Каротин күшті антиоксидант (жасушалық жарғақшалар тотығуын бөгейді) және иммунитетті түрлендіруші болып табылады.

Флавоноидтардың ішкі ағзалардың тегіс бұлшықетті құрылымын босаңсыту қабілеті бар.

Органикалық қышқылдар зат алмасуға белсенді түрде қатысады.

Қолданылуы

Кешенді емдеуде:

  • жұқпа жұққан жараларда, күйіктерде, тіліктерде

  • гингивитте, стоматитте, тонзиллитте, баспада, фарингитте

  • жатыр мойнының эрозиясын және трихомонадты кольпиттерді емдеуде

  • өт шығу жолдары дискинезиясында, холангиттерде, холециститтерде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қабылдауға арналған

20 г (2 ас қасық) гүлдерді эмальді ыдысқа салып, үстіне 200 мл (1 стақан) қайнаған ыстық су құяды, қақпағын жауып, қайнап жатқан су моншасында 15 минут қыздырады, бөлме температурасында 45 минут бойы салқындатады, сүзеді, сығады, үстіне 200 мл-ге дейін қайнаған су құяды. Дайын тұнбаны салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтайды. Тамақтанудан соң жылы күйінде 1-2 ас қасықтан күніне 2-3 рет қабылдайды.

Емделу курсын дәрігер әр науқасқа жекелей тағайындайды. Сыртқа қолдану үшін

2 стақан қайнаған суға 4 ас қасық дайын тұнбаны қосып, араластырады. Дайын ерітіндіні ауыз қуысын шаю, жараларды шайып тазалау үшін қолданады. Гинекологиялық іс-тәжірибеде қынапқа бүркіп шаю түрінде күніне 2-3 рет қолдану керек. Емделу курсы 5-7 күн.

Жағымсыз әсерлері

- үлкен дозаларда ұйқышылдықты тудырады және артериялық қысымды төмендетеді

- аллергиялық реакциялар (терінің қызаруы, бөртпелер, қышыну)

- ауыздағы ащы дәм, эпигастрий аумағында күюді сезіну, іштің ауыруының күшеюі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- қырмызыгүл гүлдеріне жекелей жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- гипотония

- 5 жасқа дейінгі балалар

- жедел гастрит, өршу кезеңіндегі ойық жара ауруы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қырмызыгүлді барбитураттармен және тыныштандырғыш әсері бар басқа да дәрілермен біріктірмейді.

Айрықша нұсқаулар

Асқазанның ойық жара ауруында және қышқылдылығы жоғары гастритте антацидтермен және спазмолитиктермен бірге қолданады.

Көлік құралдарын басқару немесе қауіптілігі зор құралдармен қызмет көрсету қабілетіне әсер етуі

Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г және 50 г препараттан полиэтилен немесе полимер және біріктірілген материал немесе полипропиленнен жасалған пакеттер картон қорапшаға салынған, оған медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қысқаша аннотация жазылады.

Қорапшалар полиэтилен немесе полипропилен үлбірімен қапталады, содан соң медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың сәйкес санымен бірге қораптық картоннан жасалған топтық тасымалдау ыдысына салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысы,

Шымкент қ., Химфармзауыт ы/а, 2/1

Тіркеу куәлігінің иесі

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы «Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысы,

Шымкент қ., Химфармзауыт ы/а, 2/1.,

тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27,

е-mail: kontakt@ zerdеfito.kz

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

374477071477976647_ru.doc 49 кб
175420781477977799_kz.doc 55.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники