Календулы настойка (25 мл, Фармация 2010)

МНН: Календулы лекарственной цветки
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антисептики и дезинфицирующие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003152
Период регистрации: 30.12.2015 - 30.12.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Қырмызыгүл тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Тұндырма 25 және 50 мл

Құрамы

1 л препараттың құрамында

белсенді зат: 100 г қырмызыгүл гүлдері

қосымша зат: 70% этил спирті 1 л-ге дейін

Сипаттамасы

Сарғыш-қоңыр түсті, өзіне тән иісі, ащы дәмі бар мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және басқа да зарарсыздандыратын препараттар

АТХ коды D08AX

Фармакологиялық қасиеттері

Қырмызыгүл гүлдерінің құрамындағы биологиялық-белсенді заттар (флавоноидты және каротиноидты гликозидтер, сапониндер, иіткіш заттар, эфир майлары, органикалық қышқылдар) микробқа қарсы, қабынуға қарсы және орташа өт айдайтын қасиеттерге ие. Жалпы және жергілікті әсер етеді.

Қолданылуы

  • жұқпаланған (іріңді) жарада, кесілгенде, тері күйгенде

  • жатыр мойнының эрозиясында, трихомонадты кольпитте (кешенді ем құрамында)

  • ауыз қуысы, қызыл иек шырышты қабығының қабынуы – стоматитте, гингивитте, жұтқыншақтың бадамша без қабынуында - баспада, фарингитте

  • өт шығару жолдары дискинезиясында, холангитте, холециститте (кешенді ем құрамында).

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Күніне 3-4 рет шаю және сулау, 2-3 рет бүрку үшін 1 шай қасығын бір стақан суға араластырады.

Өт айдағыш дәрі ретінде бір қабылдауға 10-20 тамшыдан тамақтану арасында күніне 2-3 рет.

Жағымсыз әсерлері

- препаратқа жеке жоғары сезімталдық

- аллергиялық реакциялар (оның ішінде терінің қышынуы)

Ішке қабылдағанда: ауыздың ащы дәм татуы, қыжыл, іштегі ауыру

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттері кез келгенінің жекелей жақпушылығы

- 18 жасқа дейінгі балалар (ішке қабылдағанда)

- жүктілік және лактация кезеңі

- жедел гастрит, өршу кезеңіндегі ойық жара ауруы

- калькулезді холецистит

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа да қабынуға қарсы және өт айдағыш дәрілердің (көбінесе, түймедақ пен мыңжапырақ негізіндегі препараттардың) әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Бауыр аурулары, алкоголизм, ми аурулары кезінде сақтықпен тағайындаған жөн.

Препарат құрамында этил спирті бар, сондықтан ішке ұзақ уақыт бойы пайдалану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 және 50 мл-ден полиэтилен тығынмен және бұрандалы қақпақ немесе нығыздағыш элементі бар полиэтилен қақпақпен тығындалған бұрандалы мойнымен шынымассадан жасалған құтыда немесе дәрілік заттарға арналған мойны бұралатын қақпағы бар полиэтилен құтыда. Құтылар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел./факс.: 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

Прикрепленные файлы

727702411477976296_ru.doc 41 кб
839177951477977543_kz.doc 51 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники