Календулы настойка (25 мл)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Қырмызыгүл тұндырмасы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
25 мл, 30 мл, 50 мл тұндырма
Құрамы
1000 мл препараттың құрамында
белсенді зат – 100,0 г қырмызыгүл гүлдері
қосымша зат - 70% 1000 мл этил спирті
Сипаттамасы
Дәмі ащы, өзіне тән иісі бар сарғыш – қоңыр түсті мөлдір сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Басқа антисептикалық және зарарсыздандыратын дәрілер
АТЖ коды D 08 AX
Фармакологиялық қасиеттері
Қырмызыгүл гүлдерінің құрамындағы биологиялық белсенді заттар
(флавоноидтар және каротиноид гликозидтері, сапониндер, иіткіш заттар, эфир майлары, органикалық қышқылдар) микробқа қарсы, қабынуға қарсы және орташа өт айдайтын әсері бар. Жергілікті және жалпы әсер етеді.
Қолданылуы
-
жұқпа түскен (іріңді) жарада, кесілгенде, тері күйгенде
-
жатыр мойнының эрозиясы, трихомонозды кольпитте (кешенді ем құрамында)
-
проктит, парапроктитте
-
ауыз қуысының шырышты қабығы қабынуында, қызыл иек қабынуы – стоматитте, гингивитте, жұтқыншақ қабынуында, миндалин қабынуы – баспада, фарингитте
-
өт шығу жолдары дискинезиясында, холангитте, холециститте (кешенді ем құрамында)
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа. 1 шай қасығын бір стақан суға араластырады, күніне 3-4 рет шаю және сулау, 2-3 рет бүркіп шаю үшін.
Клизмалар. 1 шай қасығын 1/2 стақан суға күніне 1-2 рет.
Ішке. 1 шай қасығын стақан суға араластырып, тамақтанудың арасында 1/2 - 1/3 стақаннан ішеді.
Өт айдағыш ретінде 10-20 тамшыдан, күніне 2-3 рет тамақтанудың арасында ішеді.
Жағымсыз әсері
- аллергиялық реакциялар (терінің қызаруы, бөрту, қышу)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдықта
- 12 жасқа дейінгі балаларға
- жүктілікте, лактация кезеңінде
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа да қабынуға қарсы және өт айдағыш заттардың әсерін күшейтеді (соның ішінде, түймедағы мен мыңжапырақ негізіндегі препараттар).
Айрықша нұсқаулар
Препарат құрамында этил спиртінің болуына байланысты тұнбаны ішке ұзақ уақыт бойы пайдалануға болмайды.
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
25 мл, 30 және 50 мл-ден полиэтилен тығындармен тығындалған және бұралатын қақпақтары бар бұрандалы мойнымен қызғылт-сары шыны құтыларда. Құтыларды қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған қораптарға немесе орама қағазбен қапталған бумаларға салады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндiрушi
«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Алматы қ., Б.Бұлқышев к-сі, 4е
Тіркеу куәлігінің иесі
«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы
ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Алматы қ., Б.Бұлқышев к-сі, 4е,
тел/факс +7 727 233-27-58,
электрондық пошта farm-4@mail.ru