Календулы настойка (20 мл, Ромат ФК)

МНН: Календулы лекарственной цветки
Производитель: Ромат ФК, ЗМП ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антисептики и дезинфицирующие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014268
Период регистрации: 15.05.2014 - 15.05.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Тырнақгүл тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

20 мл, 40 мл, 50 мл тұндырма

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат: 10.0 г тырнақгүл гүлдері

қосымша зат: 70% этанол 100 мл.

Сипаттамасы

Сарғыш-қоңыр түсті, өзіне тән иісі, ащы дәмі бар мөлдір сұйықтық. Сақтау үдерісінде аздаған табиғи шөгінділердің түзілуіне жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және басқа да зарарсыздандыратын препараттар

АТХ коды D 08 AX

Фармакологиялық қасиеттері

Тырнақгүл гүлдерінің құрамындағы биологиялық-белсенді заттар (флавоноидты және каротиноидты гликозидтер, сапониндер, иіткіш заттар, эфир майлары, органикалық қышқылдар) микробқа қарсы, қабынуға қарсы және орташа өт айдайтын қасиеттерге ие. Жалпы және жергілікті әсер етеді.

Қолданылуы

  • жұқпаланған (іріңді) жарада, кесілгенде, тері күйгенде

  • жатыр мойнының эрозиясында, трихомонадты кольпитте (кешенді ем құрамында)

  • ауыз қуысы, қызыл иек шырышты қабығының қабынуы – стоматитте, гингивитте, бадамша без қабынуы - баспада, фарингитте

  • өт шығару жолдары дискинезиясында, холангитте, холециститте (кешенді ем құрамында).

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Күніне 3-4 рет шаю және сулау, 2-3 рет бүрку үшін 1 шай қасығын бір стақан суға араластырады. Емдеу курсы 5-7 күн.

Өт айдағыш дәрі ретінде бір қабылдауға 10-20 тамшыдан тамақтану арасында күніне 2-3 рет. Емдеу курсы 15-20 күн.

Жұқпаланған жараларда тұндырмаға малынған стерильді дәке тампонмен өңдейді.

Жағымсыз әсерлері

- препаратқа жеке жоғары сезімталдық

- аллергиялық реакциялар (терінің қызаруы, бөрту, қышыну)

Ішке қабылдағанда: ауыздың ащы дәм татуы, эпигастральді аймақта күйдіруді сезіну, іштегі ауырудың күшеюі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 12 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік, лактация кезеңі

- жедел гастрит, өршу кезеңіндегі ойық жара ауруы

- калькулезді холецистит

- созылмалы маскүнемдік

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа да қабынуға қарсы және өт айдағыш дәрілердің (көбінесе, түймедақ пен мыңжапырақ негізіндегі препараттардың) әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Бауыр аурулары, маскүнемдік, ми аурулары кезінде сақтықпен тағайындаған жөн.

Ерітіндідегі бұлыңғырлану мен шөгінділердің болуы оның тиімділігіне әсер етпейді.

Пайдаланар алдында бөтелкені мұқият сілку керек.

Препарат құрамында этил спирті бар, сондықтан ішке ұзақ уақыт бойы пайдалану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезеңінде автокөлікті және зейіннің жоғары шоғырлануын және жылдам психомоторлық реакцияны талап ететін қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақ болу керек.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Пластмасса қақпағы немесе алюминий қалпақшасы бар полимер тығынмен тығындалған, мойны бұрандалы шынымассадан жасалған құтыларда 20 мл, 40 мл және 50 мл препараттан.

Құтылар мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі сәйкес нұсқаулық санымен бірге тұғырға орналастырылып, қызуды шығармайтын үлбірмен қапталады немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндiрушi

«Ромат» Фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан, Семей қ-сы, тел (7222) 340867, факс (7222) 347559,

e-mail: zmp@romat.kz

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ромат» Фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Ромат» Фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан, Семей қ-сы, тел (7222) 340867, факс (7222) 347559,

e-mail: zmp@romat.kz

Прикрепленные файлы

293464731477976713_ru.doc 43.5 кб
520756301477977857_kz.doc 53 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники