Йомоги

Производитель: Ардейфарм ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Сахаромицеты Boulardii
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016488

Инструкция

Саудалық атауы

Йомоги

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар, 250.0 мг

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат – Saccharomyces boulardii лиофилизацияланған ашытқылар (Saccharomyces cerevisiae Hansen CBS 5926 синонимі) 250.0 мг,

қосымша заттар: сусыз лактоза, магний стеараты,

капсуланың құрамы: хлорофиллин мыс жиынтығы (Е 141), титанның қостотығы (Е 171), темірдің (III) сары тотығы (Е 172), желатин.

Сипаттамасы

Сопақша, жылтыр, қақпағы сары түсті және корпусы ашық-жасыл түсті қатты, мөлдір емес желатинді капсулалар.

Капсуланың ішінде - өзіне тән иісі бар және сұрғылт-сарғыш реңді охра түсті түйіршіктелген ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Диареяға қарсы препараттар. Диареяға қарсы микроорганизмдер. Сахаромицеттер Boulardii.

АТХ коды A07FА02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Йомогиді ішке қабылдағаннан кейін тоқ ішекте Saccharomyces boulardii жоғары концентрациясына жылдам жетеді, ол 24 сағат бойы демеп тұрады. Saccharomyces boulardii жүйелі қан ағысына және мезентериальді лимфалық түйінге өтпейді. Емдеуді аяқтағаннан кейін Saccharomyces boulardii нәжіс арқылы 3–5 күн бойы толығымен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Йомоги ішектің қалыпты микрофлорасын қалпына келтіруге ықпал етеді және айқын этиопатогенетикалық диареяға қарсы әсер етеді. АІЖ арқылы (асқазан-ішек жолы) өту кезінде Saccharomyces boulardii қалыпты ішек микрофлорасына қатысты биологиялық қорғаушы әсер етеді. Saccharomyces boulardii, ол ішектің микробиоценоздарын бұзатын мынадай: Clostridium difficile, Clostridium pneumoniae, Staphilococcus aureus, Pseudomonas aeruginosa, Candida krusei, Candida pseudotropical, Salmonella typhi, Escherichia coli, Shigella dysenteriae, Proteus, Enthamoeba hystolitica, Lambliae патогенді және шартты патогенді микроорганизмнің және зеңдердің өсуін бәсеңдетеді.

Йомоги токсинді және токсин байланысатын энтероцит рецепторын ыдырататын протеазалардың өндірілуіне байланысты (әсіресе Clostridium dificile А цитотоксиніне қатысты) уыттануға қарсы және энтероциттерде цАМФ түзілуін төмендету арқылы жүзеге асатын секрецияға қарсы (ішек саңылауында су мен тұз секрециясын азайтады) әсер етеді.

Йомоги секрециялық IgA өнімін жоғарылатуы салдарынан спецификалық емес иммунитетті қорғауды күшейтеді, жіңішке ішектегі дисахаридазалардың (лактаза, сахараза, мальтаза) ферментативті белсенділігін жоғарылатады. Йомоги сперминнің және спермидиннің босап шығуы салдарынан жіңішке ішек шырышты қабығының трофикасын жақсартады. Антибиотиктер әсеріне Saccharomyces boulardii генетикалық шартталған төзімділігі ас қорыту жолының қалыпты микробиоценозын қорғау үшін оларды антибиотиктермен бір мезгілде қолдану мүмкіндігін негіздейді.

Қолданылуы

- жедел және созылмалы бактериялық диареяда

- антибиотик қабылдаудан туындаған колит және диареяның профилактикасында және емдеуде

- жалған жарғақшалы колит және Clostridium difficile негізделген ауруларда

- тітіркенген тоқ ішек синдромында

- ұзақ энтеральді қоректенуден туындаған диареяда

Қолдану тәсілі және дозалары

Капсуланы тамақтануға дейін 1 сағат бұрын қолданған жөн, бүтіндігін бұзбай және жеткілікті мөлшердегі жылы сұйықтықпен, дұрысы бір стақан сумен ішіп, жұтып жіберу қажет.

6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға: 1 капсуладан күніне 1-2 рет.

Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға: 1-2 капсуладан күніне 2 рет.

Ұсынылатын емдеу курсы

- жедел диарея - 3-5 тәулік;

- жедел және созылмалы бактериялық диареяны, тітіркенген тоқ ішек синдромы - 10-14 тәулік;

- антибиотик-астасқан диарея және жалған жарғақшалы колиттің профилактикасы және емдеу - антибиотиктер қолданудың бүкіл курсына антибиотиктермен біріктіріп 2 капсула дозасын тәулігіне 2 рет.

Ұзақ энтеральді қоректену кезінде диареяны емдеу үшін –қоректендіруші сұйықтықтың 1.5 литріне күніне 3 капсула.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

  • ауруханада жатқан орталық көктамыр катетерімен пациенттердегі фунгемияда

Өте сирек

- метеоризм

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдыққа байланысты қышыну, есекжем түріндегі аллергиялық реакция

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- орталық көктамыр катетерімен пациенттер

- галактоземия, лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы

- 6 жасқа дейінгі балаларға (дәрілік түрмен байланысты)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Зеңге қарсы дәрілерді оларды пероральді немесе парентеральді тағайындағанда препараттарды бір мезгілде қабылдауға болмайды - Йомоги клиникалық тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Қант диабетімен ауыратын науқастарға мәлімет: Йомогидің 1 капсуласы 0.01 НБ сәйкес келеді.

Saccharomyces boulardii белсенділігін төмендетпеу үшін, өте ыстық немесе суық тамақпен немесе сусынмен бір мезгілде қолданбау керек. Алкогольмен қабылдауға болмайды.

Егер 2 күн ішінде диарея тоқтамаса, препаратты одан әрі қолдану жөнінде дәрігермен кеңескен жөн. Су-тұз теңгерімін қалпына келтіруге арналған ерітінділерді қолдану қажет. Регидратациялық ерітіндінің көлемі жоғалтқан көлеміне баламалы болуы тиіс, яғни дене салмағының кг үшін 50-100 мл. Жедел және созылмалы диарея, құсу немесе тамақтан тартыну жағдайында су теңгерімін қалпына келтіру – пероральді немесе парентеральді тәсілін таңдау қажет.

Капсулалар тұтастығы бұзылған кезде орталық көктамырлық катетермен науқастар қолданған жағдайда соңғысының колонизациясы нәтижесінде фунгемия қауіпсіздігі туындайды. Орталық көктамырлық катетермен науқастарда гематогенді зеңдік инфекция туралы хабарлар болған (мұндай жағдайда Saccharomyces boulardii қолданылмаған). Осының салдары көбіне гипертермия болып табылады, қан сынамасында Saccharomyces бар екендігі анықталады. Бұл симптомдар зеңге қарсы емнен және катетерді алғаннан кейін қайтады.

Жағымсыз реакциялар пайда болған кезде емдеуді тоқтатып, дәрігерге көріну керек.

Егер Йомогимен емдеу кезеңінде немесе емнен кейін аз уақыт өткен соң нәжіске микробиологиялық тексеріс жүргізілсе, ол туралы зертхананы хабардар ету керек, әйтпесе жалғаноң нәтиже алуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Егер ана үшін күтілген пайда ұрық немесе балаға төнетін қауіптен асып түскен жағдайда ғана жүктілік және лактация кезеңінде Йомоги препаратының қолданылуы ақталуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайы байқалмаған.

Артық дозалануы туындаған жағдайда қандай болсын іс-шаралар қажет етілмейді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан поливинилхлоридтен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босату шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Ардейфарм ГмбХ, 58313 Хердеке, Германия

тел.: (+0 23 30) 977 677, факс (+0 23 30) 977 697

Тіркеу куәлігінің иесі

Ардейфарм ГмбХ, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«AVITA (АВИТА)» ЖШС, 050040, Алматы қ., Сейфуллин көшесі, 458-460/95, 315 кеңсе,

телефон/факс 8/727/2794732

Прикрепленные файлы

931539771477976212_ru.doc 56.5 кб
123655821477977450_kz.doc 67 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники