Йод (5%)

МНН: Йод
Производитель: ТОО "Компания "Shingiskhan"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Iodine
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023222
Информация о регистрации в РК: 08.09.2017 - 08.09.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Спиртті ерітінді 5 %, 10 мл, 25 мл

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат – йод 5.0 г

қосымша заттар: калий йодиді 2.0 г, этанол 96 % және тазартылған су (1:1) 100 мл дейін

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар, қызыл-қоңыр түсті мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Йод препараттары. Йод

ATХ коды D08AG 03

Фармакологиялық қасиеттері

Антисептикалық дәрі. Негізгі әсер ететін зат молекулярлық йод болып табылады, антисептикалық қасиеті бар. Терінің көлемді үстіңгі қабатына жаққанда йод резорбциялық әсер етеді: қалқанша без функциясына әсер етеді. Жергілікті әсері элементтік йодтың тін ақуыздарын шөктіру қабілетіне байланысты туындайды. Элементтік йодты бөліп шығаратын препараттың айқын тітіркендіргіш әсері едәуір аз. Препараттың зат алмасуына әсер етуі диссимиляция үдерісінің күшеюімен айқындалады.

Қолданылуы

Сырқа қолдануға арналған:

- сыдырылуда;

- тілікте;

- жарада.

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа, терінің зақымдалған аймақтарын өңдейді.

Жергілікті: операция жасайтын аумақты өңдеу кезінде ерітіндіде ылғалдандырылған, стерильді дәкеден жасалған тампонмен теріні екі рет сүртеді. Жалпы өңдеу уақыты – 4-6 минут.

Дәке сүрткілерді жергілікті қолдану үшін алдын ала йод ерітіндісімен ылғалдап алып, терінің зақымданған беткейіне кем дегенде 2 минут бойы басып қояды.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- йодқа аллергиялық реакция (терінің қышынуы, гиперемия, есекжем,

терінің тітіркенуі)

- Квинке ісінуі, терішілік геморрагия, пурпура

- қызба, артралгия, лимфоаденопатия, эозинофилия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- йодқа жоғары сезімталдық

- литий препаратымен бір мезгілде қолдану

- герпетиформалы дерматит

- қалқанша бездің аурулары

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Йодты қолдану қалқанша бездің функционалдық тестілерінің нәтижелеріне әсер етеді. Эфир майларымен, аммиак ерітінділерімен, ақ түсті шөгінді сынаппен (қопарғыш қоспа пайда болады) фармацевтикалық түрде үйлесімсіз. Сілтілік немесе қышқылдық орта, майдың, іріңнің, қанның болуы антисептикалық белсенділігін әлсіретеді.

Айрықша нұсқаулар

Тек сыртқа қолдануға арналған.

Ішке қабылдауға болмайды.

Теріге жағылған йод ерітінділерін окклюзиялық таңғыштармен жабудың қажеті жоқ.

Ауқымды, ашық жараларға пайдалануға болмайды.

Сары сынап жақпамайымен бірге қолданғанда күйдіргіш әсері бар сынап йодидінің түзілуі мүмкін.

Ұзақ пайдаланудан аулақ болыңыз.

Жүктілік, лактация

Дәрігердің тағайындауымен қолдануға болады.

Балалар

Дәрігердің тағайындауымен қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Абайсыз ішке қолданған жағдайда.

Симптомдары: ауыздың жағымсыз темір татуы, құсу, іштің ауыруы, диарея, шөлдеу, бас ауыру. Йодтың өлімге соқтыратын дозасы 2-3 г құрайды.

Емі: аллергиялық реакциялар симптоматикалық емі, жедел улануда сүтті көп ішу және өсімдік крахмалы, белсендірілген көмір, 1% немесе 5% натрий тиосульфатын қолдануға болады. Электролиттер мен су жеткіліксіздігінің орны толтырылуы тиіс. Ауыруды басу үшін петидин немесе морфин сульфатын дәрігердің бақылауымен қолдануға болады. Қажет болғанда – трахеотомия.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл, 25 мл препараттан алюминий қақпақпен немесе полимер және бұрандалы пластмасса қақпақпен жабылған шынымассадан жасалған мойны бұрандалы құтыларда.

Құтылар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен және құтылар саны көрсетілген қаптама парағы гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 8ºС-ден 15 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Компания «Shingiskhan» ЖШС, Қазақстан, Семей қ., Сеченов к-сі 9, тел (7222)531985, e-mail: FK- Shingiskhan @mail.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Компания «Shingiskhan» ЖШС, Қазақстан, Семей қ., Сеченов к-сі 9, тел (7222)531985, e-mail: FK- Shingiskhan @mail.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы «Компания «Shingiskhan» ЖШС, Қазақстан, Семей қ., Сеченов к-сі 9, тел (7222)531985, e-mail: FK- Shingiskhan @mail.ru

Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Компания «Shingiskhan» ЖШС, Қазақстан, Семей қ., Сеченов к-сі 9, тел (7222)531985, e-mail: FK- Shingiskhan @mail.ru

Прикрепленные файлы

Йод_5%_каз.doc 0.05 кб
Йод_5%_рус.doc 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту