Йод (раствор спиртовой 5%)

МНН: Йод
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Iodine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003153
Период регистрации: 30.10.2015 - 30.10.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 49.44 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Йод

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Спиртті ерітінді 5 %

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат – йод 5.0 г

қосымша заттар – калий йодиді, этил спирті 95 %, 100 мл дейін тазартылған су

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар қызыл-қоңыр түсті мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және залалсыздандырғыш препараттар. Йод препараттары

АТХ коды D08AG03

Фармакологиялық қасиеттері

Антисептикалық зат. Негізгі әсер етуші заты антисептикалық қасиетке ие молекулярлы йод болып табылады. Терінің көлемді беткейіне жаққан кезде йод резорбциялы әсер етеді: қалқанша без функциясына әсер етеді. Жергілікті әсері элементарлы йодтың тін ақуыздарын шөктіру қабілетіне негізделген. Элементарлы йодты ыдыратып жіберетін препараттың тітіркендіретін әсері едәуір аз білінеді. Препараттың зат алмасуға әсері диссимиляция үдерістерінің күшеюімен білінеді.

Қолданылуы

- хирургиялық тәжірибеде жергілікті қолдану үшін

- сыдырылуды, тілікті, шағын жараларды өңдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа, терінің зақымдалған бөліктерін өңдейді. Жергілікті: операциялық аумақты өңдеу кезінде теріні ерітіндіге малынған стерильді дәке тампонмен екі рет сүртеді. Жалпы өңдеу уақыты – 4-6 минут. Жергілікті қолдану үшін дәке сүрткіні алдын ала йод ерітіндісіне сулап алып, терінің зақымданған беткейіне кем дегенде 2 минут бойы қояды.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

  • йодқа аллергиялық реакция (терінің қышынуы, гиперемия, есекжем, терінің тітіркенуі)

  • Квинке ісінуі, терішілік геморрагиялар, пурпура

  • қызба, артралгия, лимфоаденопатия, эозинофилия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- йодқа жоғары сезімталдық

- қалқанша без аурулары

- литий препаратымен бір мезгілде қолдану

- герпес пішінді дерматит

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Йодты қолдану қалқанша бездің функционалдық тестілері нәтижелеріне әсер етеді. Эфир майларымен, ферменттермен фармацевтикалық үйлесімсіз. Ортаның сілтілігі немесе қышқылдығы, майдың, іріңнің, қанның болуы препараттың антисептикалық белсенділігін әлсіретеді.

Айрықша нұсқаулар

Ұзақ пайдалануға болмайды.

Тек сыртқа қолдануға арналған.

Теріге жағылған йод ерітінділерін окклюзиялық таңғыштармен жабуға болмайды.

Үлкен, ашық жараларға пайдалануға болмайды.

Сары сынапты жақпамаймен бірге қолданған кезде күйдіргіш әсері бар сынап йодиді пайда болуы мүмкін.

Педиатрияда қолданылуы

Дәрігердің тағайындауы бойынша препаратты қолдануға болады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Дәрігердің тағайындауы бойынша препаратты қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Ішке қолдануға болмайды! Байқаусызда ішке қолданған жағдайда.

Симптомдары: ауызда жағымсыз темір татуы, құсу, іштің ауыруы, диарея, шөлдеу, бас ауыруы. Йодтың өлімге соқтыратын дозасы 2-3 г құрайды. Емі: аллергиялық реакцияларды симптоматикалық емдеу, жедел уланғанда сүтті және өсімдік крахмалын, белсендірілген көмірді молынан қолдану, 1% немесе 5% натрий тиосульфаты ерітіндісін қолдану ұсынылады. Электролиттер мен су жеткіліксіздігінің орны толықтырылуы тиіс. Петидин немесе морфин сульфатын, тек қана дәрігердің бақылауымен, ауыруды басу үшін қолданылуы мүмкін. Қажет болғанда - трахеотомия.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 және 20 мл-ден полиэтилен тығынмен және бұрандалы қақпақпен немесе нығыздағыш элементі бар полиэтилен қақпақпен тығындалған мойны бұралатын шыны массадан жасалған құтыда немесе дәрілік заттарға арналған мойны бұралатын полиэтилен құтыда.

Құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың сәйкес мөлшерімен бірге орау қағазынан жасалған бумаға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстайтын полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.,

Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.,

Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019,

Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел./факс.: 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

800645101477976363_ru.doc 45 кб
474578771477977570_kz.doc 53 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники