Йод (раствор спиртовой, 5%, 25 мл, Химфарм АО)

МНН: Йод
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Iodine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013865
Информация о регистрации в РК: 19.03.2014 - 19.03.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Йод

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Спиртті ерітінді 5 % 25 мл

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында:

белсенді зат - йод 5.0 г

калий йодиді 2.0 г,қосымша заттар: 95 % этанол, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар қызыл-қоңыр түсті мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және зарарсыздандырғыш препараттар. Йод препараттары

АТХ коды D08AG03

Фармакологиялық қасиеттері

Антисептикалық зат. Негізгі әсер етуші заты антисептикалық қасиетке ие молекулярлы йод болып табылады. Терінің көлемді беткейіне жаққан кезде йод резорбциялы әсер етеді: қалқанша без функциясына әсер етеді. Жергілікті әсері элементарлы йодтың тін ақуыздарын шөктіру қабілетіне негізделген. Элементарлы йодты ыдыратып жіберетін препараттың тітіркендіретін әсері едәуір аз білінеді. Препараттың зат алмасуға әсері диссимиляция үдерістерінің күшеюімен білінеді.

Қолданылуы

- хирургиялық тәжірибеде жергілікті қолдану үшін

- сыдырылуды, тілікті, шағын жараларды өңдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты сыртқа қолданады, терінің зақымдалған бөліктерін өңдейді. Операциялық аумақты өңдеу кезінде теріні ерітіндіге малынған стерильді дәке тампонмен екі рет сүртеді. Жалпы өңдеу уақыты – 4-6 минут.

Жергілікті қолдану үшін дәке сүрткіні алдын ала йод ерітіндісіне сулап алып, терінің зақымданған беткейіне кем дегенде 2 минут бойы қояды.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

  • йодқа аллергиялық реакция (терінің қышынуы, гиперемия, есекжем, терінің тітіркенуі)

  • Квинке ісінуі, терішілік геморрагиялар, пурпура

  • қызба, артралгия, лимфоаденопатия, эозинофилия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- йодқа жоғары сезімталдық

- қалқанша без аурулары

- литий препаратымен бір мезгілде қолдану

- герпес пішінді дерматит

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Йодты қолдану қалқанша бездің функционалдық тестілері нәтижелеріне әсер етеді. Эфир майларымен, ферменттермен фармацевтикалық үйлесімсіз.

Ортаның сілтілігі немесе қышқылдығы, майдың, іріңнің, қанның болуы препараттың антисептикалық белсенділігін әлсіретеді.

Айрықша нұсқаулар

Ұзақ пайдалануға болмайды.

Тек сыртқа қолдануға арналған.

Теріге жағылған йод ерітінділерін окклюзиялық таңғыштармен жабуға болмайды.

Үлкен, ашық жараларға пайдалануға болмайды.

Сары сынапты жақпамаймен бірге қолданған кезде күйдіргіш әсері бар сынап йодиді пайда болуы мүмкін.

Педиатрияда қолданылуы

Дәрігердің тағайындауы бойынша препаратты қолдануға болады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Дәрігердің тағайындауы бойынша препаратты қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Ішке қолдануға болмайды! Байқаусызда ішке қолданған жағдайда.

Симптомдары: ауыздың жағымсыз темір татуы, құсу, іштің ауыруы, диарея, шөлдеу, бас ауыруы. Йодтың өлімге соқтыратын дозасы 2-3 г құрайды.

Емі: аллергиялық реакцияларды симптоматикалық емдеу, жедел уланғанда сүтті және өсімдік крахмалын, белсендірілген көмірді молынан қолдану, натрий тиосульфаты 1% немесе 5% ерітіндісін қолдану ұсынылады. Электролиттер мен су жеткіліксіздігінің орны толықтырылуы тиіс. Петидин немесе морфин сульфатын, тек қана дәрігердің бақылауымен, ауыруды басу үшін қолданылуы мүмкін. Қажет болғанда - трахеотомия.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 мл препараттан тығынмен және бұрандалы полимер қақпақпен тығындалған шыны массадан жасалған тамшылатқыш құтыларға құйылған.

Әрбір құтыға заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңба жапсырылады.

Құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге картоннан жасалған қораптарға салынған. Медицинада қолданылуы жөніндегі бекітілген нұсқаулықтар саны құтылар саны бойынша топтық қаптамаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 8 С-ден 18 С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81, т/ф: 560882

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Рашидов к-сі, 81, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz

 

Прикрепленные файлы

322011021477976756_ru.doc 63.5 кб
975049871477977923_kz.doc 54 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники