Йод (раствор спиртовой 5%; 10 мл, 25 мл; Фармацевтическая компания Ромат)

МНН: Йод
Производитель: Фармацевтическая компания Ромат , завод медицинских препаратов ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Iodine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010650
Информация о регистрации в РК: 02.05.2013 - 02.05.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Йод

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

5 %, 10 мл, 25 мл спиртті ерітінді

Құрамы

100 мл препараттың құрамында:

белсенді зат - 5.0 г йод

қосымша заттар: 2.0 г калий йодиді, 96 % этанол және 100 мл-ге дейін тазартылған су (1:1) .

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар қызыл-қоңыр түсті мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және зарарсыздандырғыш препараттар. Йод препараттары. Йод

АТХ коды D08AG03

Фармакологиялық қасиеттері

Антисептикалық зат. Негізгі әсер етуші заты антисептикалық қасиетке ие молекулярлы йод болып табылады. Терінің көлемді беткейіне жаққан кезде йод резорбтивті әсер етеді: қалқанша бездің қызметіне әсер етеді. Жергілікті әсері элементарлы йодтың тін ақуыздарын шөктіру қабілетіне негізделген. Элементарлы йодты ыдыратып жіберетін препараттың тітіркендіретін әсері едәуір аз білінеді. Препараттың зат алмасуға әсері диссимиляция үдерістерінің күшеюімен білінеді.

Қолданылуы

Сыртқа қолдануға арналған:

-терінің жұқпалы-қабыну зақымданулары

-сыдырылулар

-тіліктер

-жарақаттар

-жаралар

-миозит

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа, терінің зақымдалған жерлерін өңдейді. Жергілікті: операциялық аумақты өңдеу кезінде теріні ерітіндіге батырылған стерильді дәке тампонмен екі рет сүртеді. Жалпы өңдеу уақыты – 4-6 минут.

Жағымсыз әсерлері

Сыртқа қолданған кезде: сирек – терінің тітіркенуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- йодқа жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фармацевтикалық жағынан эфир майларымен, аммиак ерітінділерімен, ақ шөгінді сынаппен (жарылғыш қоспа пайда болады) үйлеспейді. Ортаның сілтілігі немесе қышқылдығы, майдың, іріңнің, қанның болуы антисептикалық белсенділігін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Сары сынап жақпамайымен бірге қолданған кезде күйдіргіш әсері бар сынап йодиді пайда болуы мүмкін.

Жүктілік, лактация кезеңі

Дәрігердің тағайындауы бойынша препаратты қолдануға болады.

Балалар

Дәрігердің тағайындауы бойынша препаратты қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталған жоқ

Шығарылу түрі және қаптамасы

10, 25 мл-ден пластмасса қақпағы немесе алюминий қалпақшасы бар полимер тығынмен тығындалған шыны массадан жасалған құтыда немесе мойны бұрандалы шыныдан жасалған құтыда.

Құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік, орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен картонға салынады және орауыш қағазға орайды немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.

Сақтау шарттары

Қараңғы, 8 С-ден 15 С-ге дейінгі салқын жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан, Семей қ., тел (7222)340867, факс (7222)347559, e-mail: zmp@romat.kz

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан, Семей қ., тел (7222) 340867, факс (7222) 347559, e-mail: zmp@romat.kz

Прикрепленные файлы

998640111477976956_ru.doc 43 кб
749627551477978127_kz.doc 48.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники