Йод (раствор спиртовой 5%, Шаншаров-Фарм ТОО)

МНН: Йод
Производитель: ТОО Шаншаров-Фарм
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Iodine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009525
Информация о регистрации в РК: 14.07.2021 - 14.07.2031
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Йод

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

5 % 10 мл, 20 мл, 25 мл және 30 мл спиртті ерітінді

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: 5,0 г йод, 2,0 г калий йодиді

қосымша зат: 50 % этил спирті

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар, қызғылт-қоңыр түсті, мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Йод препараттары.

ATХ коды D08AG03

Фармакологиялық қасиеттері

Антисептикалық дәрі. Негізгі әсер ететін зат молекулярлық йод болып табылады, антисептикалық қасиеті бар. Терінің көлемді үстіңгі қабатына жаққанда йод резорбциялық әсер етеді: қалқанша без функциясына әсер етеді. Жергілікті әсері элементтік йодтың тін ақуыздарын шөктіру қабілетіне байланысты туындайды. Элементтік йодты бөліп шығаратын препараттың айқын тітіркендіргіш әсері едәуір аз. Препараттың зат алмасуына әсер етуі диссимиляция үдерісінің күшеюімен айқындалады.

Қолданылуы

Сырқа қолдануға арналған

- терінің инфекциялық – қабынған зақымдануында

- сыдырылуда

- тілікте

- жарақатта

- жарада

- миозитте

Хирургиялық іс-тәжірибеде және күйікте жергілікті қолдану үшін зақымдалған беткейге қойылған дәкеден жасалған сүрткіні қажеттілігі бойынша ылғалдандырады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа, терінің зақымдалған аймақтарын өңдейді. Жергілікті: операция жасайтын аумақты өңдеу кезінде ерітіндіде ылғалдандырылған, стерильді дәкеден жасалған тампонмен теріні екі рет сүртеді. Жалпы өңдеу уақыты – 4-6 минут.

Жағымсыз әсері

Сыртқа қолданғанда: сирек – терінің тітіркенуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- йодқа жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Эфир майларымен, аммиак ерітінділерімен, ақ түсті шөгінді сынаппен (қопарғыш қоспа пайда болады) фармацевтикалық түрде үйлесімсіз. Сілтілік немесе қышқылдық орта, майдың, іріңнің, қанның болуы антисептикалық белсенділігін әлсіретеді.

Айрықша нұсқаулар

Сары сынап жақпамайымен бірге қолданғанда күйдіргіш әсері бар сынап йодидінің түзілуі мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препарат 10 мл, 20 мл, 25 мл, 30 мл-ден бұрандалы қақпағы және полиэтилен тығынмен тығындалған бұрандалы мойны бар қызыл-сары шыныдан жасалған құтыларда. Құтыларды қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе орама қағазбен қапталған бумаларға мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

“Шаншаров-Фарм” ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. Б.Бұлқұшев к-сі, 4е

Тіркеу куәлігінің иесі

“Шаншаров-Фарм” ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. Б.Бұлқұшев к-сі, 4е

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

“Шаншаров-Фарм” ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. Б.Бұлқұшев к-сі, 4е

Тел./факс +7 727 233-27-58

Электронды пошта: farm-4@mail.ru

 

 

Прикрепленные файлы

012344061477976215_ru.doc 40.5 кб
953131021477977477_kz.doc 46.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники