Ихтиол (200 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Ихтиол
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ректальді суппозиторийлер, 200 мг
Құрамы
1 суппозиторийдің құрамында
белсенді зат – ихтаммол (ихтиол) – 200 мг,
қосымша заттар: тазартылған су, эмульгатор Т-2, суппозиторийге арналған негіз – қатты май (Витепсол (H 15, W 35 маркалары), Суппосир (NA 15, NAS 50 маркалары)) – 1.23 г суппозиторий массасы алынғанша.
Сипаттамасы
Ихтиол иісі бар торпедо тәрізді түрдегі қара-қоңырдан күңгірт-қоңыр түске дейінгі суппозиторийлер. Суппозиторийдің бетінде ақ дақтары пайда болуына жол беріледі
Фармакотерапиялық тобы
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар
АТХ коды G02СХ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Әлсіз резорбциялық әсері бар (шырышты қабықтардан іс жүзінде сіңірілмейді).
Фармакодинамикасы
Қабынуға қарсы зат, жергілікті жансыздандыратын, антисептикалық әсері бар. Қабынуға қарсы әсері қабыну медиаторларының босап шығуының тежелуімен байланысты. Ихтиол препаратын ректальді енгізген кезде тік ішектің шырышты қабығына тітіркендіргіш әсер етеді, соның салдарынан кіші жамбас ағзаларының қан айналымы рефлекторлы түрде күшейеді, зат алмасу жақсарады, ол еркектердің қуықасты безіндегі, әйелдердің жатырындағы, жатырдың түтігінде, аналық безінде қабынудың жойылуына ықпал етеді.
Қолданылуы
-
сальпингоофоритте, эндометритте
-
простатитте
Қолдану тәсілі және дозалары
Ректальді. Тазарту клизмасынан немесе өздігінен жүретін ішектің босауынан кейін күніне 1-2 рет 1 суппозиторийден. Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.
Жағымсыз әсерлері
- жергілікті аллергиялық реакциялар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
-
18 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезеңінде сақтықпен қолдану керек.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқарғанда әсер етпейді.
Артық дозалануы
Осы уақытқа дейін препаратпен артық дозалану анықталмаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Полиэтиленмен ламинацияланған, поливинилхлоридті үлбірден немесе екі қабатты алюминийлі/полиэтиленді үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 суппозиторийден.
2 пішінді қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 20°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
603950, Нижний Новгород қ.,
ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7
тел.: (831) 278-80-88
факс: (831) 430-72-28
веб сайт: http://www.nizhpharm.ru
Тіркеу куәлігінің иесі
«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Нижфарм» АҚ ҚР Өкілдігі
050043, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б
тел.: (727) 2222-100
факс: (727) 398-64-95
e–mail: almaty@stada.kz